Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы
Дозасы
250 мг
Саудалық атауы
Хиконцил
Әсер етуші зат
Амоксициллин
Мақсаты
Амоксициллинге сезімтал микроорганизмдерден болған инфекцияларда: тыныс жолдарының жоғарғы бөлімдерінің инфекцияларында (ортаңғы құлақ отиті, синусит, фарингит, тонзиллит)
Өндіруші
КРКА, д.д., Ново Место
Ел
Словения
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат - 286,95 мг немесе 573,90 мг амоксициллин тригидраты(250 мг немесе 500 мг амоксициллинге баламалы)
қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты
капсула қабығының құрамы:
желатин, титанның қостотығы (Е171), темірдің (III) сары тотығы (Е172), темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), азорубин (кармоизин) (Е122), индигокармин (Е132)
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қатты, мөлдір емес, өлшемі №2 (250 мг доза үшін) немесе №0 (500 мг доза үшін) желатинді капсулалар. Капсуланың корпусы – сұрдан қызғылт түске дейін, қақпағы – қоңырдан қою күрең қызылға дейін. Капсуланың ішіндегісі – ақ түстен сәл сарғыш түске дейінгі түйіршіктелген ұнтақ.
Препарат ересектерде қолданылады.
Амоксициллинге сезімтал микроорганизмдерден болған инфекцияларда:
• тыныс жолдарының жоғарғы бөлімдерінің инфекцияларында (ортаңғы құлақ отиті, синусит, фарингит, тонзиллит)
• тыныс жолдарының төменгі бөлімдерінің инфекцияларында (жедел бактериялық бронхит, созылмалы бактериялық бронхиттің өршуі, пневмония)
• несеп-жыныс жолдарының инфекцияларында (уретрит, цистит, пиелонефрит, пиелит)
• асқазан-ішек жолының инфекцияларында (сальмонеллез, Salmonella typhi амоксициллинге сезімтал болғанда)
• асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасында Helicobacter pylori эрадикациялауға
• Лайм ауруында (боррелиоз)
• ауыз қуысында және жоғарғы тыныс жолдарындағы хирургиялық араласуларда бактериялық эндокардиттің профилактикасы
Амоксициллиннің бактериялық жасушаларға әсер етуі
Хиконцил бактериялық жасушалық қабырғаның маңызды компоненті болып табылатын пептодогликан синтезіне қатысатын ферменттер – транспептидазаның әсерін тежеу арқылы бактериялардың жасушалық қабырғасы түзілуінің соңғы сатысын басады. Бактериялар пенициллинмен байланысатын ақуыздардың (ПБА) бірнеше түрін түзеді. Пенициллинді антибиотиктер транспептидазаның бір немесе бірнешеуінің әсерін төмендетеді. Пептигликан синтезінің бұзылуы жасуша қабырғасында ақаудың пайда болуына әкеледі, ол осмостық тұрғыдан тұрақты болмайды және бактериялық жасушалардың жойылуына әкеледі. Пенициллиндер, жасушалардың бөлінуімен астасатын фермент – муреингидролаза тежегішінің әсерін төмендету арқылы қатысуы ықтимал. Осылайша, амоксициллин бактерицидті антибиотик болып табылады. Антибиотик концентрациясы ең төмен бәсеңдеткіш концентрацияға (Т>ЕТБК) жететін уақыт бактериялық инфекцияларды бета-лактамды антибиотиктердің жәрдемімен ойдағыдай емдеу үшін өте маңызды фактор болып табылады. Дозаланған уақыты 40%-ға жеткен кезде амоксициллиннің ең жоғары клиникалық әсері пайда болуы мүмкін.
Бактерияларға қарсы әсер ету ауқымы
Амоксициллин грамоң және біршама грамтеріс микроорганизмдерге қатысты тиімді. Пенициллинмен салыстырғанда, амоксициллин Streptococcus pyogenes, Streptococcus pneumoniae және Streptococcus agalactiae қатысты тиімділігі аз, алайда пенициллинге қарағанда энтерококктарға және Listeria monocytogenes қатысты тиімділігі көбірек. Амоксициллиннің грамоң анаэробты бактерияларға және Neisseria түрлеріне әсері пенициллиндегідей.
Бета-лактамазалар амоксициллинді бұзатын болғандықтан, олар бета-лактамазаны түзетін штаммдарға қатысты тиімді емес және, демек, стафилококктардың көптеген штаммдарына әсер етпейді.
Бета-лактамазаны түзбейтін Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae, E. coli, Salmonella және Shigella түрлерінің штаммдары амоксициллинге сезімтал. Басқа грамтеріс бактериялардың көбісі амоксициллинге резистентті.
1 кесте. Амоксициллинге сезімтал бактериялар*:
Грамоң бактериялар — Грамтеріс бактериялар
Streptococcus pneumoniae — Haemophilus influenzae
Streptococcus pyogenes pyogenes — Escherichia coli
Streptococcus viridans — Proteus mirabilis
Streptococcus agalactiae — Salmonella spp.
Staphylococcus aureus — Shigella spp.
Enterococcus faecalis — Neisseria spp.
Bacillus anthracis — Bordetella pertussis
Listeria monocytogenes — Brucella spp.
Corynebacterium spp. — Vibrio cholerae
Clostridium spp. — Pasteurella septica
Helicobacter pylori
* Бета-лактамаза түзбейтін штаммдар.
Бактериялардың амоксициллинге сезімталдығын анықтау үшін сұйылту әдісін қолдануға болады.
Барлық бактериялар үшін Streptococcus pneumonia қоспағанда, сезімталдықты бағалау үдерісінде амоксициллин ұнтағын қолдану міндетті болып табылатын барлық бактериялар үшін, ампициллин ұнтағы пайдаланылады.
2 кесте. Бактериялардың амоксициллинге сезімталдығына баға беру нәтижелерінің интерпретациясы.
Бактерия — ЕТБК (мкг / мл) Сезімтал — ЕТБК (мкг / мл) Аралық — ЕТБК (мкг / мл) Тұрақты
Enterococcus spp. — ≤4 — ≥8
Staphylococcus spp. — ≤0,25 — ≥0,5
Streptococcus spp. (except for S. pneumoniae) — ≤0,25 — 0,5-тен 4 дейін — ≥8
Streptococcus pneumoniae — ≤0,5 — 1 — ≥2
Enterobacteriaceae — ≤8 — ≥8
Haemophilus influenzae — ≤1 — ≥1
* Метициллин-төзімді стафилококктар да амоксициллинге төзімді.
Бактериялардың амоксициллинге төзімділігі
Төзімділіктің пайда болуы
Бактериялардың кейбір антибиотиктерге резистенттілігі мутациялар немесе плазмидтердің берілуі нәтижесінде жүре пайда болуы мүмкін. Бактериялар төзімділігінің пайда болу механизмі, негізінен, мынадай:
• антибиотиктердің бета-лактамазалармен гидролизі
• антибиотиктердің ПБА жетуге қабілетсіздігі
• ПБА-ның пенициллиндермен байланысуға жарамсыз болу дәрежесіне дейін өзгеруі.
Бета-лактамазалар пенициллиндердің бета-лактамды сақинасының циклдік амидтік байланысын гидролиздейді. Өзіндік бета-лактамды антибиотиктермен байланысу қабілеті және амин қышқылдарының мөлшері бойынша бірнеше топтарға бөлінетін көптеген бета-лактамазалар бар. Грамоң бактерияларда бета-лактамазалар қоршаған ортаға бөлініп шығады, сол кезде грамтеріс бактериялардағы сияқты, бета-лактамазалар периплазмалық кеңістікке орнығады. Бактериялардың бета-лактамазаны түзу қабілеті бір бактериялық жасушадан басқа бактериялық жасушаға оңай өтетін плазмидтермен өте жиі байланысты және, осылайша, төзімділікті бактериялардың бір түрінен басқа түріне беріліп отырады.
Пневмококктардың бета-лактамды антибиотиктерге резистенттілігі пайда болу механизмі бір немесе бірнеше ақуыздардың өзгеруі болып табылады, олармен антибиотик басқа тәсілмен байланысады. Өзгерген ақуыз тек пенициллинмен ғана емес, бірнеше антибиотиктермен байланысу қабілетін жоғалтады. Егер бірнеше ақуыздар өзгерсе, штаммдар өте төзімді деп есептеледі. Тиісті дозаларда, амоксициллин пероральді түрде қолданылғанда, аралық және төзімді пневмококктар әсерінен туындаған инвазивтік емес инфекцияларды емдеу үшін өте тиімді бета-лактамды антибиотик болып табылады.
Дозалау режимі
Хиконцилді ас қорытуға байланыссыз қабылдауға болады. Капсулаларды аздаған су мөлшерімен ішіп, тұтастай жұтқан жөн. Хиконцилмен емделу кезінде пациенттер сұйықтықты әдеттегіден көбірек ішуі керек.
Дозаны, қабылдау жиілігін және емдеу ұзақтығын ауруға және пациенттің хал-жағдайына байланысты түзеткен жөн.
Ересектерге
Әдеттегі доза тәулігіне үш рет 250 мг-нан 500 мг-ға дейінгі немесе күніне екі рет 500 мг-нан 1000 мг-ға дейінгі Хиконцилді құрайды. Ауыр инфекцияларда (синуситте, пневмонияда және басқа да ауыр инфекцияларда) - тәулігіне үш рет 500 мг-нан 1000 мг-ға дейін. Тәуліктік дозасы арттырылуы мүмкін, бірақ 6 г-нан асырмау керек.
Жедел цистит кезінде: күніне екі рет 3 г-нан, курсы 1 күн.
Боррелиоз (Лайм ауруы): тәулігіне 3 рет 500-1000 мг. Ең жоғары тәуліктік доза 4 г / тәул. аспайды. Орташа емдеу курсы 14 күн (10-нан 21 күнге дейін).
Кейінгі сатысы (жүйелі түрде зақымданғанда): әр 8 сағат сайын 500 мг-нан 2 г дейін. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы тәулігіне 6 г аспайды. Емдеу курсы 10-30 күн.
Helicobacter pylori эрадикациялау үшін: Хиконцилді басқа дәрілік заттармен біріктіріп, протондық сорғы тежегішімен, Хиконцил 1000 мг тәулігіне 2 рет қолдану керек, емдеу курсы 7 күн.
Эндокардиттің профилактикасы үшін: хирургиялық араласымнан 1 сағат бұрын 2 г Хиконцил қолданылады.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Хиконцилді бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болады. Бүйректің ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі <10 мл/мин және/немесе 0,16 мл/с) дозалар арасындағы аралықты 12 сағаттан 24 сағатқа дейін арттыру керек.
Шумақтық сүзіліс деңгейі, мл/мин — Дозасы
> 30 — дозасын түзету қажет емес
10–30 — ең көбі тәулігіне 2 рет 500 мг
< 10 — ең көбі тәулігіне 1 рет 500 мг
Бауыр жеткіліксіздігі
Препаратты сақтықпен қолдану және бауыр функциясын жүйелі түрде бақылап отыру қажет.
Енгізу жолы және тәсілі
Ішке қабылдауға арналған.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Дозаны және препаратты қабылдау жиілігін емдеуші дәрігердің ұсынымдарына сәйкес ұстану керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алған кезде емдеуші дәрігерге кеңес алу үшін жүгініңіз.
Тоқтату симптомдарының болу қаупіне нұсқау
Қатысты емес.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Сұрақтар туындаған кезде емдеуші дәрігерге кеңес алу үшін жүгіну керек.
• амоксициллинге, пенициллин қатарының басқа да антибиотиктеріне немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
• аллергиялық реакциялардың анамнезде болуы, поллиноз, бронх демікпесі
• инфекциялы мононуклеозы және лимфалық бездердің қатерлі аурулары (лимфосаркома, лимфоцитарлы лейкоз) бар пациенттер
• 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
• фенилкетонурия (Феллинг ауруы)
• анамнезде асқазан-ішек жолының аурулары (әсіресе антибиотиктерді қолдануға байланысты болатын колит)
Жиі
- диарея және жүректің айнуы
- тері бөртпесі
Сирек
- құсу
- есекжем және қышыну
Өте сирек
- тері және шырышты қабықтың кандидозы
- қайтымды лейкопения (агранулоцитоз немесе ауыр нейтропения, қайтымды гемолиздік анемия және тромбоцитопения, қан кету уақыты мен протромбин уақытының ұлғаюын қоса
- ангионевроздық ісінуді қоса, ауыр аллергиялық реакциялар, анафилаксия, сарысу ауруы және аллергиялық васкулит
- гиперкинезия, бас айналу, асептикалық менингит, құрысулар
• антибиотик-астасқан колит (жалған жарғақшалы колит және геморрагиялық колит, қара «түкті» тілді қоса
• гепатит және холестаздық сарғаю, АСТ және / немесе АЛТ орташа жоғарылауы
• мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, буллезді және эксфолиативті дерматит, жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP) және дәрілік заттарға аса жоғары сезімталдық синдромы (DRESS) сияқты тері реакциялары
• интерстициальді нефрит, кристаллурия
Белгісіз
- Яриш-Герксхаймер реакциясы
- Коунис синдромы
- дәрілік препарат индукциялаған энтероколит синдромы (Drug-induced enterocolitis syndrome - DIES): DIES негізінен амоксициллин қабылдаған балаларда тіркелген. Бұл қайталанатын құсудың жетекші симптомы бар аллергиялық реакцияның бір түрі (препаратты қолданғаннан кейін 1-4 сағаттан кейін). Қосымша белгілер іштің ауыруы, летаргия, диарея және төмен қан қысымын қамтуы мүмкін.
- жедел бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін несептегі кристалдар
- ортасында қыртыстары бар немесе інжу тізбегі түрінде орналасқан көпіршіктері бар тері бөртпесі (IgA тәуелді желілік дерматоз)
- ми мен жұлынды қоршап тұрған жарғақшалардың қабынуы (асептикалық менингит).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, диарея, орталық жүйке жүйесі қозғыштығының жоғарылауы, сананың шатасуы, құрысулар.
Кейбір жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін амоксициллинді кристаллуриясы байқалды.
Емі: симптоматикалық ем. Әдетте бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде сұйықтықтың мол мөлшерін пайдаланған жағдайда асқынулар туындамайды. Бүйрек жеткіліксіздігінде амоксициллинді шығару үшін гемодиализ ұсынылады.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Хиконцилді бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болады. Бүйректің ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі <10 мл/мин және/немесе 0,16 мл/с) дозалар арасындағы аралықты 12 сағаттан 24 сағатқа дейін арттыру керек.
Арнайы ескертулер
Пенициллиндерге, басқа да β-лактамды антибиотиктерге және цефалоспориндерге айқаспалы аса жоғары сезімталдық, осындай жағдай өте сирек байқалса да, пайда болуы ықтимал. Амоксициллинмен емдеу аллергиялық реакцияларға әкеп соққан жағдайда, антибиотик қабылдауды тоқтатқан және тиісті ем жүргізген жөн.
Пенициллинмен ем алған пациенттерде, кейде өліммен аяқталған (анафилактоидтық және терінің ауыр жағымсыз реакциясын қоса) аса жоғары сезімталдық елеулі реакцияның дамығаны жөнінде хабар болған. Аса жоғары сезімталдық реакциялары сондай-ақ Коунис синдромына, миокард инфарктісіне әкелуі мүмкін күрделі аллергиялық реакцияға дейін үдеуі мүмкін. Бұл реакциялар көбіне анамнезінде пенициллинге аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде, сондай-ақ атопиялық дерматиті бар пациенттерде пайда болады. Амоксициллинмен емдеуде аллергиялық реакциялар пайда болған кезде емдеуді тоқтатып, баламалы ем тағайындау керек.
Дәрілік-индукцияланған энтероколит синдромы (Drug-enuced enterocolitis syndrome-DIES) амоксициллин қабылдаған балаларда жиірек байқалды. DIES-аллергиялық тері немесе респираторлық симптомдары болмаған кезде ұзаққа созылған құсудың (препаратты қолданғаннан кейін 1-4 сағаттан кейін) жетекші симптомы бар аллергиялық реакция. Қосымша симптомдарға іштің ауыруы, диарея, гипотензия немесе нейтрофилиямен лейкоцитоз кіруі мүмкін. Шокқа дейін үдеуді қоса, ауыр жағдайлар байқалды.
Амоксициллинмен емдеу кезінде ішек флорасында өзгеріс болуы мүмкін. Бұл Clostridium difficile мөлшерінің артуына және жалған жарғақшалы колиттің пайда болуына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда амоксициллинді қолдануды тоқтату және тиісті ем жүргізу қажет. Сондай-ақ зеңдік микроорганизмдердің мөлшері, әсіресе қынапта, артып кетуі мүмкін. Инфекциялы мононуклеозы немесе лимфалық бездердің қатерлі аурулары бар пациенттерге Хиконцилді қолданғанда тері бөртпелері жиі пайда болады.
Бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттер сақтықпен қабылдағаны жөн. Бүйрек функциясы айқын бұзылғанда, дозалау арасындағы аралықты қолдану тәсілі жөніндегі нұсқаулықтағы ұсынымдарға сай арттыру керек.
Құрысулар
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде, препараттың жоғары дозаларын қабылдап жүрген және құрысулардың дамуына бейім факторлары бар (мысалы, анамнездегі құрысулар және/немесе эпилепсия, менингеальді зақымданулар) пациенттерде құрысулар дамуы мүмкін.
Тері реакциялары
Препаратпен емдеудің басында жайылған эритеманың, қызбаның, пустулалардың туындауы жедел жайылған экзантемалық пустулездің симптомы болуы мүмкін. Ол препаратты дереу тоқтатуды қажет етеді және оны қайтадан тағайындауға болмайды.
Яриш-Херксхаймер реакциясы
Лайм ауруын емдегенде тікелей амоксициллиннің қоздырғышқа бактерицидтік белсенділігінен (Borrelia burgdorferi спирохетасына) туындаған Яриш-Герксхаймер реакциясы пайда болуы мүмкін. Пациенттерге мұның Лайм ауруын бактерияға қарсы препараттармен емдеудің стандартты және әдетте, өздігінен шектелетін салдары екендігін ескерту қажет.
Ұзақ уақыт емдеу
Амоксициллинмен ұзақ уақыт емдеген кезде мезгіл-мезгіл бүйрек, бауыр, қан түзу жүйесі функцияларына баға беріп отыру ұсынылады, өйткені, амоксициллинді қолданғанда бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылағаны және қан көрсеткіштерінің өзгергендігі туралы хабарламалар бар.
Антикоагулянттар
Амоксициллинді қабылдаған пациенттерде протромбин уақытының ұзарғаны сирек жағдайлар туралы мәліметтер бар, сондықтан, антикоагулянттарды амоксициллинмен бір мезгілде қолданғанда, протромбиндік уақытқа жүргізу мониторинг қажет, сондай-ақ, антикоагулянттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Кристаллурия
Несеп бөлінуі азайған пациенттерде, аса сирек жағдайларда, әсіресе, парентеральді емдеу кезінде кристаллурия пайда болуы мүмкін. Амоксициллиннің жоғары дозаларын қабылдаған кезде кристаллурияның дамуы ықтималдығын азайту үшін, сұйықтықтың жеткілікті тұтынылуы мен несеп бөлінуін демеп отырған дұрыс. Қуығына катетер орнатылған пациенттерде, катетердің өткізгіштігін жүйелі түрде бақылап отыру қажет.
Диагностикалық тестілер
Амоксициллиннің сарысу мен несептегі деңгейінің жоғарылауы, химиялық әдістерді пайдаланып зертханалық тестілерді жүргізгенде жалған оң нәтижелерге алып келуі мүмкін.
Амоксициллинмен емдеу кезінде несепте глюкозаның бар-жоқтығын анықтау қажет болса, ферментативтік глюкозооксидаза әдісін пайдалану ұсынылады.
Амоксициллинді қабылдау жүкті әйелдерде эстриол талдауы нәтижелерінің бұрмалануы да әкеп соқтыруы мүмкін.
Кейбір қосымша заттар туралы арнайы ақпарат
Хиконцил капсуласы құрамында азорубин (кармоизин) (Е122) бояғышы бар, ол аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін. Бұл балалардың белсенділігі мен назарына теріс әсер етуі мүмкін.
Бұл препараттың құрамында балаларға арналған дәрілік заттарда қолдануға тыйым салынған индигокармин бояғышы (Е132) бар, сондықтан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды.
Педиатрияда қолдану
Препарат 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға қарсы көрсетілімді.
Препараттың көлік құралын немесе басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Хиконцил көлік құралдарына басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпалын тигізбейді.
Дегенмен, автомобильді басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі мүмкін жағымсыз реакциялар (мысалы, аллергиялық реакциялар, бас айналу, құрысулар) пайда болуы мүмкін.
Амоксициллиннің шаранаға зиянды әсер етпейтіні анықталды. Бұл препаратты жүктілік кезінде қолдануға болады, бірақ бұл емдеудің мақсатқа сай болуын мұқият таразылау қажет.
Препараттың аздаған мөлшері емшек сүтіне өтеді, соның салдарынан емшек еметін балада диарея, шырышты қабықтардың зеңдік инфекциясы, бөртпелер пайда болуы мүмкін. Хиконцилді бала емізу кезеңінде дәрігер пайда/қауіп арақатынасын бағалағаннан кейін ғана сақтықпен қолдануға болады.
Бір мезгілде қолданғанда Хиконцил кейбір пероральді контрацептивтік дәрілердің тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Аллопуринолді амоксициллинмен бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде тері бөртпесі жиі пайда болады.
Клавулан қышқылымен бір мезгілде қолдану амоксициллиннің әсерін күшейтеді.
Амоксициллиннің басқа антибиотиктермен біріктірілімі
Амоксициллинді бактериостатикалық антибиотиктермен (макролидтер, тетрациклиндер) және басқа да бета-лактамды антибиотиктермен (цефалоспориндер, монобактамдар, пенемдер) біріктірмеу керек.
Бактериостатикалық әсері бар антибиотиктер амоксициллиннің тиімділігін төмендетеді.
Егер сіз метотрексат (қатерлі ісік пен ауыр псориазды емдеу үшін қолданылады) қабылдап жатсаңыз, пенициллиндер метотрексаттың шығарылуын азайтуы мүмкін, бұл жағымсыз әсерлердің күшеюіне әкелуі мүмкін.
Амоксициллинмен біріктіріп қолданғанда антикоагулянттардың әсері күшейеді, бұл қан кетуді туындатуы мүмкін.
Амоксициллинмен емдеу кезінде Кумбс реакциясында және несептегі глюкоза концентрациясын анықтауда жалған оң нәтижелер алынуы мүмкін.
Пробенецидті бір мезгілде қолдану өттегі амоксициллин деңгейін арттырады.
Пробенецидті (подагра кезінде пайдаланылатын) бір мезгілде қолдану амоксициллиннің шығарылуын төмендетуі мүмкін, сондықтан ұсынылмайды. Пробенецид бүйрек арқылы амоксициллиннің өзекшелік секрециясын төмендетеді. Пробенецидті бір мезгілде қолдану қандағы амоксициллин деңгейінің жоғарылауына, соның ішінде ұзаққа созылуына әкелуі мүмкін.
Амоксициллинді аминогликозидтермен біріктіруге болады. Біріктіру синергиялық әсер береді. Амоксициллинді сондай-ақ хинолондармен бір мезгілде қолдануға болады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.