Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для наружного применения
Дозасы
0.05%
Саудалық атауы
Хлоргексидин биглюконаты
Әсер етуші зат
Хлоргексидин
Мақсаты
Дәрілік препарат ЛОР және стоматология бөлімшелерінде науқастардың операциядан кейінгі күтімінде, іріңді жарақаттарда, инфекция жұқтырған күйіктерде, стоматологияда терінің және…
Өндіруші
ТОО "DOSFARM"
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір мл препараттың құрамында:
белсенді зат – хлоргексидин диглюконаты 20 % ерітіндісі, 0.0025 мл,
қосымша зат – тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сәл бозаңданатын, иісі жоқ сұйықтық.
Дәрілік препарат ЛОР және стоматология бөлімшелерінде науқастардың операциядан кейінгі күтімінде, іріңді жарақаттарда, инфекция жұқтырған күйіктерде, стоматологияда терінің және шырышты қабықтың бактериялық және зеңдік ауруларында (гингивит, стоматит, афта, пародонтит, альвеолит), хирургияда, урологияда, акушерияда және гинекологияда инфекциялардың профилактикасында, жынысты жолмен берілетін инфекциялардың профилактикасында (хламидиоз, уреаплазмоз, трихомониаз, соз, мерез, гениталий герпесі), тері жабындарын (үйкелістерін, сызаттарын) зарарсыздандыруда, қоғамдық орындарға (хауыздар, сауналар) барғаннан кейін бактериялық, зеңдік аурулардың жеке профилактикасында қолданылады.
Әсер ету механизмі
Хлоргексидин диглюконаты – бұл антисептикалық және дезинфекциялық дәрі құрамында дихлор бар бигуанид туындысы бола тұра, жасушалық ақуыздардың амин тобын тежейді. Бактериялық жасушалардың жасушаішілік жарғақшасына өтеді, цитоплазмада шөгеді және оттегінің қолданылуына кедергі келтіре отырып, жарғақшалық функцияға енеді, бұл жасушалық АТФ деңгейінің төмендеуіне және жасушаның қырылуына әкеледі. ДНҚ ыдыратады және микроорганизмдерде ДНҚ синтезін бұзады.
+22оС температурада және 1 минут бойы әсер еткенде бактерицидтік әсер етеді. +22оС температурада және 10 минут бойы әсер еткенде фунгицидтік және вирулицидтік әсер етеді.
Препарат грамоң және грамотеріс бактериялардың вегетативті түрлеріне, антибиотиктерге полирезистенттілігі бар госпитальді штаммдарды қоса, монокультура және микробты ассоциация ретінде аэробты және анаэробты бактерияларға қатысты белсенді. Венерологиялық аурулардың қоздырғыштары: трепанема, гонококктарға, трихомонадаға, хламидияға, герпеске қатысты тиімді:Бактериялардың спораларына тек қана жоғары температурада әсер етеді. Бактериялардың қышқылға төзімді түрлеріне әсер етпейді.
Аскомицеттерге, ашытқы зеңдерге, дерматофиттерге зеңге қарсы әсер етеді.
Қан, ірің, түрлі сөлініс және органикалық заттар бар болса белсенділігін (алайда аздап төмен) сақтайды.
Дозалау режимі
Хлоргексидин биглюконаты, 0,05% ерітіндіні ересектер мен 3 жастан асқан балаларға профилактикалық және емдік дәрі ретінде сыртқа және бүркіп шаю, шаю және аппликация (5-10 мл терінің немесе шырышты қабаттың зақымданған беткейіне жағады) түрінде жергілікті қолданады:
• ЛОР және стоматология бөлімшелерінде науқастардың операциядан кейінгі күтімінде Хлоргексидин биглюконатын тәулігіне 2-3 рет шаю түрінде тағайындайды
• уретриттер мен уретропростатиттерді кешенді емдеу кезінде Хлоргексидин биглюконатын күніне 1-2 рет 2-3 мл-ден уретраға бүркиді, емдеу курсы – 10 күн, емшараны күнара тағайындайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Препаратты қолдану тәсіліне қатысты күмән пайда болған жағдайда емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
• аллергиялық реакцияларға бейімділік
• дерматит
• хлоргексидинді жеке көтере алмаушылық
• 3 жасқа дейінгі балалар
Жиі
қол терісінің 3-5 минут бойы жабысқақтығы
Сирек
терінің құрғауы және қышынуы
дерматит
тістердің боялуы
тіс тасының түзілуі
дәмнің бұзылуы (гингивиттерді емдеу кезінде)
Өте сирек
аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі)
фотосенсибилизация
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз,
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: препаратпен артық дозалану туралы деректер жоқ.
Емі: кездейсоқ ішке түскен кезде Хлоргексидин биглюконаты сіңірілмейді, мұндай жағдайда симптоматикалық ем жүргізу қажет.
Ашық бассүйек-ми жарақаты, жұлынның зақымдануы, дабыл жарғағының тесілуі бар пациенттерде препараттың мидың, ми қабығының және дабыл қуысының беткейіне түсуінен аулақ болған жөн.
Хлоргексидин биглюконатты басқа дәрілік препараттармен араластыруға болмайды.
Препаратты сыртқа қолданған кезде сабынның қалдықтарын мұқият жуып, таза құрғақ теріге жағу ұсынылады.
Хлоргексидин биглюконатын конъюнктиваны өңдеу үшін және дене қуыстарын шаю, терең жарақаттарды және күйіктерді өңдеу үшін пайдаланбаған жөн.
Препаратпен жанасқан киімді оларда қоңыр дақтардың пайда болу ықтималдығына байланысты гипохлориттің және белсенді хлор бөлетін басқа қосылыстардың әсеріне ұшыратуға болмайды.
Көздің шырышты қабаттарына түскен жағдайда оларды сумен жылдам және мұқият жуу қажет.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Хлоргексидин биглюконаты сабынмен, сондай-ақ құрамында анион тобы бар детергенттермен (сапониндер, натрий лаурилсульфаты, натрий карбоксиметилцеллюлозасы) үйлесімсіз. Құрамында катион тобы бар препараттармен (бензалконий хлориді, цетримоний бромиді) үйлесімді.
24 сағат өткеннен кейін қиын еритін шөгінді түзе отырып, карбонаттармен, хлоридтермен, цитраттармен, фосфаттармен, сульфаттармен үйлесімсіз.
Бактериялардың хлорамфениколға, канамицинге, неомицинге, цефалоспориндерге сезімталдығын арттырады.
Этанол препараттың антисептикалық белсенділігін күшейтеді.
Йод препараттарымен бір уақытта қолданған кезде дерматиттер дамуы мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.