Қолданар алдында шайқау керек.
Дозалау режимі
Суспензияны (250 мг/5 мл) қолдану кезінде жас шамасына байланысты шектеулер жоқ. Келесі тәуліктік дозалар әртүрлі көрсеткіштер үшін ұсынылады:
Әртүрлі көрсетілімдер кезінде келесі тәуліктік доза ұсынылады:
Өт қабындағы холестериндік тастарды еріту үшін
Күніне дене салмағының әр кг шамамен 10 мг УДХҚ сәйкес келеді:
Дене салмағы — Өлшейтін стақан* — мл сәйкестік
5-тен 7 кг дейін — ¼ — 1,25
8-ден 12 кг дейін — ½ — 2,50
13-тен 18 кг дейін — ¾ (=¼+½) — 3,75
19-дан 25 кг дейін — 1 — 5,00
26-дан 35 кг дейін — 1½ — 7,50
36-дан 50 кг дейін — 2 — 10,00
51-ден 65 кг дейін — 2½ — 12,50
66-дан 80 кг дейін — 3 — 15,00
81-ден 100 кг дейін — 4 — 20,00
100 кг астам — 5 — 25,00
* 1 өлшейтін стақанда (5 мл ішуге арналған суспензия) 250 мг УДХҚ бар.
Препаратты дозалау үшін өлшейтін стақан пайдаланылады, ол бір жағынан 2,5 мл, 5 мл, 7,5 мл, 10 мл, 15 мл және 20 мл, екінші жағынан 1,25 мл, 6,25 мл, 8,75 мл, 11,25 мл, 13,75 мл және 16,25 мл болып градуирленген.
Холудексан 250 мг/5 мл суспензия препаратын кешке ұйықтар алдында қабылдау керек. Препаратты үнемі қабылдау қажет.
Өт қабы тастарын еріту процесі әдетте 6-дан 24 айға дейін созылады. Егер өт қабы тастарының өлшемі 12 айдан кейін кішіреймесе, емді жалғастыруға болмайды.
Емдеу нәтижесі болуын әр 6 ай сайын УДЗ немесе рентгенография арқылы тексеру керек. Қайта тексеру кезінде осы уақыт ішінде тастардың кальцийленуіне назар аудару керек. Бұл жағдайда емдеуді тоқтату керек.
Бастапқы билиарлы циррозды емдеу үшін
Тәуліктік доза дене салмағына байланысты және дене салмағының әр кг-на шамамен 14 ± 2 мг УДХҚ құрайды.
Емдеудің алғашқы 3 айында Холудексан 250 мг/5 мл суспензия препаратын күні бойы қабылдау керек. Бауыр көрсеткіштері жақсарған кезде тәуліктік дозаны тәулігіне 1 рет кешке қабылдауға болады:
Дене салмағы (кг) — Холудексан 250 мг / 5 мл суспензия препаратының өшейтін стақаны*
алғашқы 3 ай — келесі
таң — күн — кеш — кеш (бір қабылдау)
8 - 11 — - — ¼ — ¼ — ½
12 - 15 — ¼ — ¼ — ¼ — ¾
16 - 19 — ½ — - — ½ — 1
20 - 23 — ¼ — ½ — ½ — 1¼
24 - 27 — ½ — ½ — ½ — 1½
28 - 31 — ¼ — ½ — 1 — 1¾
32 - 39 — ½ — ½ — 1 — 2
40 - 47 — ½ — 1 — 1 — 2½
48 - 62 — 1 — 1 — 1 — 3
63 - 80 — 1 — 1 — 2 — 4
81 - 95 — 1 — 2 — 2 — 5
96 - 115 — 2 — 2 — 2 — 6
115-тен астам — 2 — 2 — 3 — 7
* Түрлендіру кестесі:
Ішке қабылдауға арналған суспензия көлемі (мл) — УДХҚ (мг)
1 өлшейтін стақан — 5 мл — 250 мг
¾ өлшейтін стақан — 3,75 мл — 187,5 мг
½ өлшейтін стақан — 2,5 мл — 125 мг
¼ өлшейтін стақан — 1,25 мл — 62,5 мг
Суспензияны жоғарыда көрсетілген дозалау режиміне сәйкес қолдану керек. Ішке үнемі қабылдау керек.
Холудексан 250 мг/5 мл суспензия препаратын қолдану бастапқы билиарлы цирроз кезінде уақытпен шектелмейді.
Сирек жағдайларда, емдеудің басында бастапқы билиарлы циррозы бар пациенттерде клиникалық симптомдардың нашарлауы ықтимал, мысалы, қышынудың күшеюі мүмкін. Мұндай жағдайда емді алдымен Холудексан 250 мг/5 мл суспензия препаратының азайтылған тәуліктік дозасымен жалғастыру керек. Осыдан кейін дозаны дозалау сызбасында көрсетілген ұсынылған дозаға қайтадан жеткенше біртіндеп арттырған жөн (тәуліктік дозаның апта сайынғы өсуі) .
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
1 айдан 18 жасқа дейінгі муковисцидозбен ауыратын балалар
2-3 бөлек қабылдауда тәулігіне 20 мг/кг, қажет болған жағдайда тәулігіне 30 мг/кг дейін ұлғайтуға болады.
Дене салмағы 10 кг дейінгі балалар өте сирек ауырады. Бұл жағдайда сатылымда бар бір реттік шприцтерді пайдаланған жөн.
Дене салмағы 10 кг дейінгі балаларға арналған бір реттік дозаларды шприцпен өлшеу керек, өйткені берілген өлшейтін стақан 1,25 мл-ден аз көлемге есептелмеген. 0,1 мл градациясымен бір реттік 2 миллилитрлік шприцті пайдаланыңыз. Ескерту: бір реттік шприцтер препарат бар қаптама жиынтығына кірмейді, бірақ оларды дәріханадан алуға болады.
Суспензияны қабылдау үшін бір реттік шприцті пайдалану жөніндегі нұсқаулық:
1. Құтыны ашпас бұрын оны шайқау керек.
2. Препараты бар қаптама жиынтығына кіретін өлшейтін стақанға аз мөлшерде суспензия құю керек.
3. Шприцке препарат көлемін қажет болғаннан сәл көбірек жинап алу керек.
4. Жинап алынған суспензиядан ауа көпіршіктерін кетіру үшін саусақтарыңызмен шприцті шертіңіз.
5. Шприцте суспензияның қажетті көлемі бар екеніне көз жеткізіңіз; қажет болғанда жинап алыңыз немесе артық көлемін шығарып тастаңыз.
6. Шприцтің ішіндегісін баланың аузына абайлап құю керек.
Шприцті тікелей құтыға салмаңыз. Пайдаланылмаған суспензияны шприцтен немесе өлшейтін стақаннан қайтадан құтыға құймаңыз.
Дене салмағы 10 кг дейін: урсодезоксихолий қышқылының дозасы - тәулігіне 20-25 мг/кг.
Өлшейтін құрылғы: бір реттік шприц
Дене салмағы (кг) — Холудексан 250 мг/5 мл суспензия (мл)
таң — кеш
4 — 0,8 — 0,8
4,5 — 0,9 — 0,9
5 — 1,0 — 1,0
5,5 — 1,1 — 1,1
6 — 1,2 — 1,2
6,5 — 1,3 — 1,3
7 — 1,4 — 1,4
7,5 — 1,5 — 1,5
8 — 1,6 — 1,6
8,5 — 1,7 — 1,7
9 — 1,8 — 1,8
9,5 — 1,9 — 1,9
10 — 2,0 — 2,0
Дене салмағы 10 кг астам: урсодезоксихолий қышқылының дозасы - тәулігіне 20-25 мг/кг.
Өлшейтін құрылғы: өлшейтін стақан
Дене салмағы (кг) — Урсодезоксихолий қышқылының тәуліктік дозасы (дене салмағының мг/ кг) — Холудексан 250 мг/5 мл суспензия препаратының өлшейтін стақаны*
таң — кеш
11 - 12 — 21-23 — ½ — ½
13 - 15 — 21-24 — ½ — ¾
16 - 18 — 21-23 — ¾ — ¾
19 - 21 — 21-23 — ¾ — 1
22 - 23 — 22-23 — 1 — 1
24 - 26 — 22-23 — 1 — 1¼
27 - 29 — 22-23 — 1¼ — 1¼
30 - 32 — 21-23 — 1¼ — 1½
33 - 35 — 21-23 — 1½ — 1½
36 - 38 — 21-23 — 1½ — 1¾
39 - 41 — 21-22 — 1¾ — 1¾
42 - 47 — 20-22 — 1¾ — 2
48 - 56 — 20-23 — 2¼ — 2¼
57 - 68 — 20-24 — 2¾ — 2¾
69 - 81 — 20-24 — 3¼ — 3¼
82 - 100 — 20-24 — 4 — 4
> 100 — 4½ — 4½
* Түрлендіру кестесі:
Ішке қабылдауға арналған суспензия көлемі (мл) — УДХҚ (мг)
1 өлшейтін стақан — 5 мл — 250 мг
¾ өлшейтін стақан — 3,75 мл — 187,5 мг
½ өлшейтін стақан — 2,5 мл — 125 мг
¼ өлшейтін стақан — 1,25 мл — 62,5 мг
Қолдану тәсілі
Ішуге арналған
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Осы препаратты қолдануға байланысты кез-келген қосымша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігерге хабарласыңыз.