Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Мазь для наружного применения
Дозасы
5 %
Саудалық атауы
Хондроксид Артра®
Әсер етуші зат
Хондроитина сульфат
Мақсаты
Буындар мен омыртқа бағанының дегенеративті-дистрофиялық ауруларында: ірі буындардың басым зақымдануымен остеоартроз, омыртқааралық остеохондроз
Өндіруші
АО "Нижфарм"
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г жақпамайдың құрамында
белсенді зат – хондроитин натрий сульфаты, 50 мг,
қосымша заттар: диметилсульфоксид, ланолин, вазелин, дистиляцияланған моноглицеридтер, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар ашық-сары түсті жақпамай.
Хондроксид Артра® 18 жастан асқан ересектерде қолдануға көрсетілген.
Буындар мен омыртқа бағанының дегенеративті-дистрофиялық ауруларында:
• ірі буындардың басым зақымдануымен остеоартроз
• омыртқааралық остеохондроз
Препараттың әсер етуші заты болып саналатын хондроитин сульфаты – сүйек тіндері резорбциясын баяулататын және кальцийдің жоғалуын төмендететін жоғары молекулалы мукополисахарид. Хондроитин сульфаты шеміршек тініндегі фосфор-кальций алмасуын жақсартады, сүйек тінінің қалпына келу үдерісін жеделдетеді, шеміршек тіндері дегенерациясы (бұзылу) үдерістерін іркілтеді. Байланыс тіндері коллапсына кедергі келтіреді, шеміршек тіні зақымдануын туындататын ферменттерді тежейді, глюкозаминогликандар синтезін көтермелейді, буын қабы мен буынның шеміршек беткейлері регенерациясына (қалпына келуіне) ықпал етеді, буынішілік сұйықтығының өнімін арттырады. Остеоартроз бен остеохондроздың өршуін баяулатады, гиалин тініндегі зат алмасуды қалыпқа түсіреді, ауырғанды басатын және қабынуға қарсы әсері бар. Зақымданған буындар қозғалмалылығын арттыруға әкеледі.
Жақпамай құрамына кіретін диметилсульфоксидтің қабынуға қарсы, ауыруды басатын және фибринолитикалық әсері бар, хондроитин сульфатының жасуша жарғақшалары арқылы жақсы өтуіне ықпал етеді.
Дозалану режимі
Хондроксид Артра® жақпамайын зақымдану ошағының үстіндегі теріге күніне 2-3 рет және 2-3 минут бойы толық сіңгенше ысқылап жағады. Емдеу курсы – 2-3 аптадан 2-3 айға дейін. Қажет болғанда – емдеу курсы қайталанады.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер Сізде осы препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерге немесе медбикеге кеңес алу үшін жүгініңіз.
Дәрілік препараттың стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Жағымсыз дәрілік реакциялардың туындау жиілігі ДДҰ жіктеуіне сәйкес анықталған: өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, ≤1/10), жиі емес (>1/1000, ≤1/100), сирек (>1/10000, ≤1/1000), өте сирек (1/10000-ден аз), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде жиілігін анықтау мүмкін емес).
Жиілігі белгісіз:
• аллергиялық реакциялар
Егер Сізде аллергиялық реакция пайда болса, препаратты қолдануды тоқтатыңыз.
Егер жоғарыда көрсетілген жағымсыз әсерлердің кез келгені асқынса немесе Сіз нұсқаулықта көрсетілмеген басқа жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, бұл туралы дәрігерге хабарлаңыз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттар тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• препарат жаққан аумақтағы тері жабындарының зақымдануы
• 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
• жүктілік және бала емізу кезеңі
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Хондроксид Артра® жақпамайы препаратының артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.
Препаратты шырышты қабыққа және ашық жараларға түсірмеуге тырысу керек.
Арнайы сақтандырулар
Препараттың құрамына кіретін диметилсульфоксид теріні тітіркендіруі мүмкін, ланолин (жүн шайыры) жергілікті тері реакцияларын тудыруы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит).
Педиатрияда қолдану
Балалық жаста Хондроксид Артра® қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды, өйткені тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденбеген.
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі немесе үйлесімсіздік жағдайлары сипатталмаған.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.