Инсулин лизпро – адамнан алынған, қандағы глюкоза деңгейін төмендету үшін пайдаланылатын, жылдам әсер ететін инсулиннің аналогы. Патогендік емес зертханалық Escherichia coli штамын пайдалана отырып, ДНҚ-рекомбинантты технология әдісімен алынады. Инсулин лизпро адамнан алынған инсулиннен B28 позициясындағы аминқышқылы пролиннің орнын лизин басатындығымен, ал B29 позициядағы лизиннің орнын пролин басатындығымен өзгешеленеді. Химиялық құрылымы жағынан, инсулин лизпро адамнан алынған, эмпирикалық формуласы C257H383N65O77S6 және молекулалық салмағы 5808 кДа инсулин Lys(B28), Pro(B29) аналогы болып табылады, сонымен қатар, формуласы да, молекулалық салмағы да адамнан алынған инсулинге сәйкес.
Инсулин лизпроның келесі бастапқы құрылымы бар:
Инъекцияға арналған Хумалог (инсулин лизпро) - тері астына немесе вена ішіне қолдануға арналған стерильді, мөлдір және түссіз ерітінді болып табылады.
Хумалог препаратының әрбір мл құрамында 100 бірлік инсулин лизпро және қосымша заттар бар: екі негізді натрий фосфаты (1,0 мг), глицерин (16 мг), метакрезол (3,15 мг), фенол іздері, мырыш тотығы (мөлшері 0,0197 мг мырыш иондарын қамтамасыз ету үшін түзетілген) және инъекцияға арналған су, ФАҚШ.
Хумалог 7,0-ден 7,8-ге дейінгі рН иеленген.
рН реттеу үшін 10% тұз қышқылы және/немесе 10% натрий гидроксиді қосылады.
Әсер ету механизмі
Инсулиндер мен инсулин аналогтарының, соның ішінде, инсулин лизпроның негізгі әсері, глюкоза метаболизмінің реттелуіне негізделеді. Инсулиндер қандағы глюкоза деңгейін төмендетіп, глюкозаның бұлшықет және май тіндері жасушаларына шеткері сіңірілуін стимуляциялайды және бауырдан глюкозаның өндірілуін тежейді. Инсулиндер липолиз бен протеолизді тежейді және протеиндер синтезін арттырады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Хумалогтың тиімділігі молярлық негізде, адамнан алынған инсулинмен бірдей екендігі анықталды. Хумалогтың бір бірлігі адамнан алынған қарапайым инсулиннің бір бірлігі сияқты гипогликемиялық әсерге ие. Дені сау еріктілер мен қант диабеті бар пациенттердің қатысуымен зерттеулер, тері астына енгізген кезде Хумалогтың әсері ертерек басталатынын және адамнан алынған қарапайым инсулиндікіне қарағанда аз уақытқа созылатынын көрсетті.
Инсулин және Хумалог сияқты инсулин аналогтары әсерінің басталуы мен ұзақтығы әр түрлі адамдарда және бір адамда айтарлықтай ауытқып тұруы мүмкін. Хумалог белсенділігінің 1 суретте келтірілген параметрлерін (әсері басталғанға дейінгі уақытты, ең жоғарғы әсеріне жету уақыты мен әрекеттің ұзақтығын), тек жалпы нұсқаулар ретінде ғана ескеру керек. Инсулиннің сіңірілу жылдамдығы және сәйкесінше, әсерінің басталуы инъекция орнына, дене белсенділігіне және басқа айнымалыларға тәуелді екендігі белгілі (4.4 бөлімді қараңыз).
1 сурет: 1 типті қант диабеті бар 10 пациенте көмірсуларға бай тамақ ішердің тура алдында адамнан алынған, ерігіш инсулиннің немесе Хумалогтың (0,2 ӘБ/кг) теріастылық инъекциясынан кейінгі қандағы глюкоза деңгейлеріа
a Инсулиннің бастапқы концентрациясын адамнан алынған инсулиннің 0,2 ӘБ/мин/кг инфузиясы арқылы демеп отырған.
Хумалогты вена ішіне енгізу - Хумалогты вена ішіне енгізудің гипогликемиялық әсері 1 типті қант диабеті бар 21 пациентте зерттелді. Зерттеу жүргізу үшін пациенттерге инсулиннің әдеттегі дозалары сақталды және, кіріспе фазасының 1-3 сағаты ішінде қандағы глюкоза концентрацияларының тұрақты ауқымдағы 200-260 мг/дл шегіндегі мәндерге жетуі күтілді. Кіріспе фазасынан соң 6 сағаттық бағалау фазасы жүргізілді. Бағалау фазасы кезінде пациенттерге Хумалог сағатына 0,5 ӘБ бастапқы енгізу жылдамдығымен вена ішіне енгізілген. Қандағы глюкозаның 100-160 мг/дл концентрациясына жету және оны демеп отыру үшін, Хумалогты енгізу жылдамдығын белгілі бір уақыт аралықтары сайын өзгертіп отыруға болады.
Хумалогты қабылдаған пациенттерде бағалау фазасы кезіндегі қандағы глюкозаның орташа деңгейлері төменде 4 кестеде келтірілген. Пациенттердің барлығында 6 сағаттық бағалау мерзімі ішінде белгілі бір уақыт сәтінде глюкозаның мақсатты деңгейлеріне қол жеткізуге мүмкіндік болған. Ақырғы нүктесіне жеткен кезде, қандағы глюкоза деңгейі Хумалогты қабылдаған 20 пациенттің 17-сінде берілген ауқымында (100-160 мг/дл) болды. Хумалогты қабылдаған пациенттерде қандағы глюкозаның нормасына жуық деңгейге жетуіне дейінгі орташа уақыт (±SE) 129 ± 14 минутты құрады.
4 кесте: Хумалогтың венаішілік инфузиялары кезінде қандағы глюкозаның орташа концентрациялары (мг/дл) U-100
Инфузия басталғаннан бергі уақыт (минут) — Қандағы вена ішіне глюкозаның орташа концентрациясы (мг/дл)a
0 — 224 ± 16
30 — 205 ± 21
60 — 195 ± 20
120 — 165 ± 26
180 — 140 ± 26
240 — 123 ± 20
300 — 120 ± 27
360 — 122 ± 25
a - Нәтижелері ± СО орташа мәндері түрінде келтірілген
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Хумалогтың қауіпсіздігі мен тиімділігі 1 типті қант диабеті бар педиатриялық мен ересек пациенттерде (n=789) және 2 типті қант диабеті бар ересек пациенттерде (n=722) зерттелді.
1 типті қант диабеті – Ересектер мен 12 жастан асқан педиатриялық пациенттер Хумалог препаратының (n=81) Хумулин Регуляр препаратымен (адамнан алынған ерігіш инсулин (100 ХБ/мл)) салыстырғандағы (n=86) қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау үшін, 1 типті қант диабеті бар пациенттерде параллель топтарда белсенді бақылау препаратымен 12 айлық рандомизацияланған ашық зерттеу жүргізілді. Хумалог тура ас ішер алдында теріастылық инъекция жолымен енгізілген, ал Хумулин Регуляр тамаққа дейін 30-45 минут бұрын енгізілген. Адамнан алынған инсулин (рекомбинантты ДНҚ негізіндегі мырыш суспензиясы) базальді инсулин сияқты, тәулігіне бір немесе екі рет енгізілген. Рандомизациялаудың алдында Хумулин Регуляр мен адамнан алынған инсулин (мырыш суспензиясы) үшін 2-4 аптаға созылған кіріспе кезең жүргізілген. Еуропалық нәсіл өкілдері пациенттердің көп бөлігін (97%) құрады. Пациенттердің 47%-ы ерлер болды. Пациенттердің орташа жасы 31 жас (12 жастан 70 жасқа дейін) болды. Гликемия бақылануы, Хумалог пен Хумулин Регулярдың жалпы тәуліктік дозалары және ауыр гипогликемия көріністерінің жиілігі (пациент өздігінен еңсере алмаған құбылстардың санын бағалау бойынша) емдеудің екі тобында ұқсас болды. Топтардың бірде-біреуінде диабеттік кетоацидоздың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.
5 кесте: 1 типті қант диабеті – Ересектер мен 12 жастағы және одан үлкен педиатриялық пациенттер
Емдеу ұзақтығы Біріктіріп қолданылуы: — 12 ай Адамнан алынған инсулин (мырыш суспензиясы)
Хумалог — Хумулин Регуляр
N — 81 — 86
HbA1c бастапқы деңгейі (%)a — 8,2 ± 1,4 — 8,3 ± 1,7
HbA1c бастапқы деңгейіне қатысты өзгеруі (%)a — -0,1 ± 0,9 — 0,1 ± 1,1
Емдеу топтары арасында HbA1c орташа деңгейіндегі айырмашылық (95%-дық сенімді аралық) — 0,4 (0,0, 0,8)
Әсері қысқа инсулиннің зерттеуде бастар алдындағы дозасы (тәулігіне ӘБ/кг) — 0,3 ± 0,1 — 0,3 ± 0,1
Әсері қысқа инсулиннің зерттеу соңындағы дозасы (тәулігіне ӘБ/кг.) — 0,3 ± 0,1 — 0,3 ± 0,1
Әсері қысқа инсулин дозасының бастапқысымен салыстырғанда өзгеруі (тәулігіне ӘБ/кг.) — 0,0 ± 0,1 — 0,0 ± 0,1
Бастапқы дене салмағы (кг) — 72 ± 12,7 — 71 ± 11,3
Салмақтың бастапқысына қарағанда өзгеруі (кг) — 1,4 ± 3,6 — 1,0 ± 2,6
Ауыр гипогликемиясы бар пациенттер (n, %)b — 14 (17%) — 18 (21%)
a - СО± орташа мәндері келтірілген
b - Пациенттер өздігінен еңсере алмайтын гипогликемия ауыр гипогликемия ретінде түсіндірілді
1 типті қант диабеті - Педиатриялық пациенттер
1 типті қант диабеті бар (n=463) 9 жас пен 19 жас аралығындағы педиатриялық пациенттерді қамтыған 8 айлық айқаспалы зерттеу жүргізілді, оның барысында, инсулиннің тәулігіне бірнеше дозасын тері астына енгізу көзделген емнің 2 режимі салыстырылды: Хумалог немесе Хумулин Регуляр базальді инсулин ретінде тағайындалған Хумулин НПХ-мен (адамнан алынған инсулин НПХ) бірге енгізілді. Хумалогты қабылдаған пациенттерде HbA1c деңгейін бағалау үшін Хумулин Регулярды қабылдаған пациенттердегі осындаймен салыстырымды гликемия бақылауына қол жеткізілді (6 кестені қараңыз), топтардағы гипогликемия көрсеткіштері салыстырымды болды. 1 типті қант диабеті бар, 3 жастан 11 жасқа дейінгі педиатриялық пациенттерді (n=60) 9 айлық айқаспалы зерттеуде Хумалогты тура ас ішер алдында қабылдаған пациенттер, Хумалогты ас ішкеннен кейін бірден қабылдаған пациенттер және Хумулин Регулярды тамаққа дейін 30 минут бұрын қабылдаған пациенттер топтарында гликемия бақылануының ұқсас көрсеткіштері (HbA1c деңгейін бағалаудан кейін) және гипогликемия жиілігінің тағайындалған емге байланыссыз көрсеткіштері байқалды.
6 кесте: 1 типті қант диабеті бар педиатриялық пациенттерге Хумалогты тері астына енгізу
Ақырғы нүктесі
Бастапқы деңгейі — Хумалог + НПХ — Хумулин Регуляр + НПХ
HbA1c (%)a — 8.6 ± 1.5 — 8.7 ± 1.5 — 8.7 ± 1.6
HbA1c бастапқы деңгейіне қарағанда өзгеруі (%)a — — — 0.1 ± 1.1 — 0.1 ± 1.3
Әсері қысқа инсулиннің дозасы (тәулігіне ӘБ/кг)а — 0.5 ± 0.2 — 0.5 ± 0.2 — 0.5 ± 0.2
Әсері қысқа инсулин дозасының бастапқысына (тәулігіне ӘБ/кг.) қарағанда өзгеруіа — — — 0.01 ± 0.1 — -0.01 ± 0.1
Дене салмағы (кг)a — 59.1 ± 13.1 — 61.1 ± 12.7 — 61.4 ± 12.9
Салмақтың бастапқысына қарағанда өзгеруі (кг)а — — — 2.0 ± 3.1 — 2.3 ± 3.0
Ауыр гипогликемиясы пациенттер (n, %)b — бар — — — 5 (1.1%) — 5 (1.1%)
Диабеттік кетоацидоз (n, %) — — — 11 (2.4%) — 9 (1.9%)
a - СО± орташа мәндері келтірілген
b – Басу үшін глюкагонды немесе глюкозаны енгізу қажет болған, немесе комаға алып келген гипогликемия ауыр гипогликемия ретінде түсіндірілді
1 типті қант диабеті - Инсулиннің ересектердегі үздіксіз теріастылық инфузиясы
Хумалогтың сыртқы инсулиндік помпалар арқылы қолданылуын бағалау үшін, 1 типті қант диабеті бар пациенттерде екі ашық айқаспалы зерттеу жүргізілді. Бір зерттеуге 24 апта бойы Хумалогты немесе адамнан алынған ерігіш инсулинді қабылдаған, 19-58 жас аралығындағы 39 пациент қатысты. 12 апта емдеуден соң Хумалогты қабылдаған пациенттерде HbA1c орташа көрсеткіштері 7,8%-дан 7,2%-ға дейін, ал адамнан алынған ерігіш инсулинді қабылдаған пациенттерде – 7,8%-дан 7,5%-ға дейін төмендеген. Басқа зерттеуге 15 жастан 58 жасқа дейінгі (орташа жас шамасы - 39 жас), 24 апта бойы не Хумалогты, не адамнан алынған буферлік ерітіндідегі ерігіш инсулинді қабылдаған 60 пациент қатысты. 12 апта емдеуден соң Хумалогты қабылдаған пациенттердегі HbA1c орташа мәндері, 7,7%-дан 7,4%-ға дейін төмендеген, ал адамнан алынған, буферлік ерітіндідегі инсулинді жүйелі түрде қабылдаған пациенттерде 7,7% көрсеткіш өзгермеді. Екі зерттеудегі топтарда гипогликемия жағдайларының жиілігі салыстырымды болды.
1 типті қант диабеті – Инсулиннің балалардағы үздіксіз теріастылық инфузиясы
1 типті қант диабеті бар (n=298) 4-18 жас аралығындағы педиатриялық пациенттерден құралған параллель топтарда жүргізілген рандомизацияланған 16 апталық ашық зерттеуде, сыртқы инсулиндік помпа арқылы енгізілген теріастылық инфузиялармен емдеудің екі кестесі арасында салыстыру жүргізілді: инсулин аспарт (n=198) немесе Хумалог (n=100). 16 апта емдеуден соң бұл екі топта HbA1c мәндерінің бастапқысына қарағанда салыстырымды өзгерістері және гипогликемия көріністерінің салыстырымды жиілігі байқалды (7 кестені қараңыз). Инфузия орнындағы реакциялардың туындау жиілігі екі топта ұқсас болды.
7 кесте: 1 типті қант диабеті бар педиатриялық пациенттерде инсулиндік помпаның қолданылуын зерттеулер (16 апта; n=298)
Хумалог — Инсулин аспарт
N — 100 — 198
HbA1c бастапқы деңгейі (%)a — 8.2 ± 0.8 — 8.0 ± 0.9
HbA1c бастапқы деңгейіне қарағанда өзгеруі (%) — -0.1 ± 0.7 — -0.1 ± 0.8
Емдеу топтары арасындағы HbA1c орташа деңгейінің айырмашылығы (95%-дық сенімді аралық) — 0.1 (-0.3, 0.1)
Инсулиннің бастапқы дозасы (ӘБ/кг/24 сағат)а — 0.9 ± 0.3 — 0.9 ± 0.3
Зерттеудің соңындағы инсулин дозасы (ӘБ/кг/24 сағат)а — 0.9 ± 0.2 — 0.9 ± 0.2
Ауыр гипогликемиясы бар пациенттер (n, %)b — 8 (8%) — 19 (10%)
Диабеттік кетоацидоз (n, %) — 0 (0) — 1 (0.5%)
Бастапқы дене салмағы (кг)a — 55.5 ± 19.0 — 54.1 ± 19.7
Салмақтың бастапқысына қарағанда өзгеруі (кг)а — 1.6 ± 2.1 — 1.6 ± 2.1
а – СО± орташа мәндері келтірілген
b – Орталық жүйке жүйесі тарапынан симптомдарымен астастқан және өзге араласымды немесе ауруханаға жатқызуды қажет еткен гипогликемия ауыр гипогликемия ретінде түсіндірілді
2 типті қант диабеті – Ересек пациенттер
2 типті қант диабеті бар, инсулинмен ем қабылдаған (n=722) пациенттерде Хумулин Регулярды 3 ай бойы қолданғаннан кейін Хумалогты 3 ай бойы немесе керісінше ретпен қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау мақсатында, белсенді салыстыру препаратымен 6 айлық рандомизацияланған айқаспалы ашық зерттеу жүргізілді. Хумалог тура ас ішер алдында теріастылық инъекция жолымен енгізілген, ал Хумулин Регуляр тамаққа дейін 30-45 минут бұрын енгізілген. Хумулин НПХ (адамнан алынған инсулин НПХ (рекомбинанттық ДНҚ негізінде әзірленген) изофан суспензиясы) немесе адамнан алынған инсулин (мырыш суспензиясы) базальді инсулин сияқты, тәулігіне бір немесе екі рет енгізілген. Пациенттердің барлығы Хумулин Регуляр мен Хумулин НПХ немесе адамнан алынған инсулин (мырыш суспензиясы) қолданылған 2-4 аптаға созылған кіріспе кезеңге қатысты. Еуропалық нәсіл өкілдері 88% пациентті құрады, әр топтағы ерлер мен әйелдер саны шамамен тең болды. Орташа жас шамасы 58,6 жасты құрады (23,8-ден 85 жасқа дейін). Дене салмағының орташа индексі (ДСИ) 28,2 кг/м2 құрады. Зерттеу кезінде пациенттердің көпшілігі, базальді инсулин сияқты адамнан алынған инсулинді (мырыш суспензиясын) қабылдаған 16% пациентпен салыстырғанда Хумулин НПХ (84%) қабылдады. HbA1c деңгейінің бастапқысымен салыстырғанда төмендеуі және ауыр гипогликемия көріністерінің жиілігі (пациенттер өздігінен еңсере алмайтын жағдайлар санын бағалау бойынша) біріктіріп емдеудің екі тобында ұқсас болды (8 кестені қараңыз).
8 кесте: 2 типті қант диабеті – Ересек пациенттер
Ақырғы нүктесі
Бастапқы деңгейі — Хумалог + базальді инсулин — Хумулин Регуляр + базальді инсулин
HbA1c (%)a — 8.9 ± 1.7 — 8.2 ± 1.3 — 8.2 ± 1.4
HbA1c бастапқы деңгейіне қарағанда өзгеруі (%)a — — — -0.7 ± 1.4 — -0.7 ± 1.3
Әсері қысқа инсулиннің дозасы (тәулігіне ӘБ/кг)а — 0.3 ± 0.2 — 0.3 ± 0.2 — 0.3 ± 0.2
Әсері қысқа инсулин дозасының бастапқысына (тәулігіне ӘБ/кг.) қарағанда өзгеруіа — — — 0.0 ± 0.1 — 0.0 ± 0.1
Дене салмағы (кг)a — 80 ± 15 — 81 ± 15 — 81 ± 15
Салмақтың бастапқысына қарағанда өзгеруі — — — 0.8 ± 2.7 — 0.9 ± 2.6
Ауыр гипогликемиясы бар пациенттер (n, %)b — — — 15 (2%) — 16 (2%)
a - СО± орташа мәндері келтірілген
b - Пациенттер өздігінен еңсере алмайтын гипогликемия ауыр гипогликемия ретінде түсіндірілді