Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Дозасы
100 МЕ/мл
Саудалық атауы
Хумодар Р 100Р
Әсер етуші зат
Адам инсулині
Мақсаты
Қандағы қанттың қалыпты деңгейін демеу үшін инсулинді қажет ететін қант диабетімен ауыратын науқастарды емдеу үшін
Өндіруші
«ИНДАР»
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - адамның рекомбинантты инсулині, 100 ХБ
қосымша заттар - м-крезол, натрий дигидрофосфаты дигидраты, глицерин, натрий гидроксиді, натрий хлориді, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық.
Қандағы қанттың қалыпты деңгейін демеу үшін инсулинді қажет ететін қант диабетімен ауыратын науқастарды емдеу үшін.
ATX коды А10АС01
Әсер ету механизмі
Инсулин глулизинді қоса алғанда, инсулин мен инсулин аналогтарының ең маңызды әсері глюкоза алмасуын реттеу болып табылады. Инсулин қандағы глюкоза концентрациясын шеткері тіндерге, әсіресе қаңқа бұлшықеттері мен май тініне глюкозаның сіңуін стимуляциялау, сондай-ақ бауырда глюкозаның түзілуін тежеу арқылы төмендетеді. Инсулин адипоциттердегі липолизді тежейді, протеолизді тежейжі және ақуыз синтезін арттырады.
Басқа гормондар сияқты, инсулин ақуыз-рецептор арқылы әрекет етеді.
Инсулин рецепторы - бұл екі суббірліктен (а және b) тұратын жасуша жарғақшасының күрделі интегралды ақуызы (үлкен трансжарғақшалық гликопротеин), олардың әрқайсысы екі полипептидтік тізбектен түзілген. Суббірліктер дисульфидті байланыстармен өзара байланысқан.
Жоғары спецификалылығы бар инсулин рецепторлардың а-суббірлігімен байланысады және танылады, ол гормон қосылған кезде оның конформациясын өзгертеді. Бұл b суббірлігіндегі тирозин киназалық белсенділікті туындатады, бұл рецепторлардың автофосфорлануынан басталатын ферменттерді белсендіру реакцияларының тармақталған тізбегін бастайды.
Фармакодинамикалық әсерлері
Инсулин барлық дерлік ағзалар мен тіндерге әсер ету арқылы метаболизм мен энергияға күрделі және көп қырлы әсер етеді. Инсулин әсерінің негізгі нысанасы - бауыр, бұлшықет және май тіні.
Эндогендік инсулин – көмірсулар алмасуының маңызды реттегіші, экзогендік – ерекше қант түсіретін агент. Инсулиннің көмірсулар алмасуына әсері келесі механизмдерді жүзеге асырумен байланысты:
•глюкозаның жасушаларға сіңуінің күшеюі (инсулин глюкозаның жасуша жарғақшасы арқылы тасымалдануын және оны тіндер арқылы утилизациялануын күшейтеді); глюкозаның жасушаға түсуінің күшеюі инсулин делдалдарының жасуша жарғақшасына құрамында глюкозаның GLUT4 тасымалдаушы-ақуызы бар цитоплазмалық везикулалардың қосылуына белсендіруші әсерімен байланысты;
•негізгі гликолиз ферменттерін белсендіру;
•гликоген синтезінің қарқындылығын арттыру –инсулин бауыр мен бұлшықет жасушаларының глюкозаны гликогенге полимерлеу арқылы қорға жиналуын тездетеді;
•глюконеогенез қарқындылығының төмендеуі – бауырдағы глюкоза синтезінің көмірсутекті емес көздерден (мысалы, амин қышқылдарынан, май қышқылдарынан) төмендеуі;
•гликогенолизді тежеу есебінен глюкозаның эндогендік өнімін бәсеңдету (гликогеннің глюкозаға дейін ыдырауы).
Гипогликемиялықтан басқа инсулиннің басқа бірқатар басқа әсерлері бар, атап айтқанда:
•жасуша амин қышқылдарының сіңуін күшейтеді;
•амин қышқылдарынан ақуыз синтезін арттырады;
•амин қышқылдарының кетоқышқылдарға айналуын тежейді
•калий иондарының, сондай-ақ магний иондары мен фосфат иондарының жасушаға тасымалдануын күшейтеді;
•ДНҚ репликациясын және ақуыз биосинтезін күшейтеді;
•май қышқылдарының синтезін және олардың кейінгі этерификациясын күшейтеді: май тінінде және бауырда инсулин глюкозаның триглицеридтерге айналуына әсер етеді; инсулин жетіспеген кезде кері процес жүреді – майлардың мобилизациясы;
•триглицеридтердің түзілуін және жинақталуын белсендіреді;
•май қышқылдарының кетоқышқылдарға айналуын тежейді;
•ақуыздардың гидролизін басады –ақуыздардың дегидрадациясын азайтады;
•липолизді азайтады – жасушаішілік липазаны бәсеңдетіп, қанға май қышқылдарының түсуін төмендетеді.
Балалар
Қол жетімді деректер жоқ.
Дозалау режимі
Дозасын, енгізу кестесін және инъекция санын дәрігер нақты қажеттіліктерге және сәйкесінше әрбір нақты жағдайға сүйене отырып анықтайды. Хумодар Р 100Р тері астына инъекция арқылы енгізіледі, бірақ оны бұлшықет ішіне енгізу арқылы да енгізуге болады, дегенмен мұндай енгізу әдісі ұсынылмайды. Хумодар Р 100Р вена ішіне енгізуге болады. Тері астына инъекцияны иыққа, жамбасқа, бөксеге немесе ішке жасайды. Инъекция орнын бір жерге инъекцияларды айына бір реттен жиі жасамау үшін өзгертіп тұру қажет. Хумодар Р 100Р дәрілік затын енгізген кезде инені қантамырға енгізбеген жөн. Препаратты енгізгеннен кейін инъекция орнын сүртуге болмайды. Пациенттерге инъекцияны жасау әдістемесіне қатысты егжей-тегжейлі нұсқама жүргізу керек. Хумодар Р 100Р Хумодар Б 100Р дәрілік затымен біріктірілімде қолдануға болады. Инсулинге деген қажеттілік бүйрек немесе бауыр функциясының жеткіліксіздігі кезінде айтарлықтай өзгереді.
Енгізу әдісі мен жолы
Картридждер. Шприц-қаламды қолданар алдында қолды жуып, картридждің резеңке жарғақшасын дезинфекциялау керек. Картридж тек шприц-қаламдарда пайдалануға арналған. Картриджді шприц-қаламға орнатқан кезде шприц-қалам өндірушінің нұсқаулығын сақтаған жөн. Егер картриджде ауа көпіршіктері болса, шприц-қаламды инесін жоғары ұстап, картридждің қабырғасын тарсылдатып, көпіршіктерді бетіне шығару керек. Шприц-қаламды тік қалыпта ұстай отырып, ине арқылы 2 бірлік инсулинді шығару керек. Ауа картриджден шыққанша және иненің соңында препараттың тамшысы пайда болғанша процедураны қайталау керек. Өте ұсақ ауа көпіршіктерінің болуына жол беріледі, алайда көпіршіктердің көп мөлшері енгізген кезде инсулин дозасының дәлдігіне әсер етуі мүмкін. Инсулинді енгізер алдында инъекция орнында теріні мұқият сүрту керек. Инені венаға тиіп кетпеу үшін тері астындағы қабатқа қажетті тереңдікке енгізеді. Инъекция орнын уқалауға болмайды. Инъекциядан кейін инені шприц-қаламнан дереу алу керек. Бұл стерильділікті қамтамасыз етеді және инсулиннің ағып кетуіне жол бермейді. Әрбір инъекция алдында иненің ұшында тамшы болуын қадағалау керек. Егер картридждегі препарат аяқталса және плунжердің жетекші шеті түрлі-түсті сызықта болса немесе оған жетпесе – оны пайдаланбаңыз.
Инъекция алдында сіз қолданатын инсулиннің атауы мен тағайындалуы Сізге тағайындалған дәрігердің сәйкес келетініне көз жеткізу үшін картридждің таңбалануын әрдайым тексеріп отыру керек.
Құтылар. Құтыдан инсулинді алғашқы іріктеуден бұрын препаратты қолданбағанын көрсететін пластмасса қақпағын алып тастау керек. Таңдалған дозаға сәйкес, шприцке ауа жинап, инсулин құтысына (сұйықтыққа емес) енгізу керек. Инсулин құтысын шприцпен бірге төңкеріп, инсулин ерітіндісінің тиісті мөлшерін алу керек. Шприцтен ауа көпіршіктерін шығару керек. Инъекция орнын дезинфекциялау, тері қатпарын жасау және инені тері астына енгізу керек. Содан кейін инсулинді баяу енгізу керек. Инъекциядан кейін инені теріден абайлап алу керек, инъекция орнын мақта тампонымен басып, бірнеше секунд ұстап тұру керек. Препарат әрдайым мөлдір және түссіз болып қалуы керек. Басқа инсулин препараттарынан ауысу тек дәрігердің бақылауымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі
Инъекциядан кейін 30 минут бойы тамақтану немесе көмірсулармен тамақтану ұсынылады, сонымен қатар қандағы глюкоза деңгейін үнемі өлшеу қажет (қандағы глюкоза деңгейін бақылау).
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Дәрігерге айтпастан емдеуді тоқтатуға болмайды. Ұсынылған дозадан төмен инсулин дозаларын қолдану, дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп жіберу немесе емдеуді тоқтату кейіннен шұғыл емдеуді талап ететін диабеттік кетоацидоздың дамуымен байқалатын гипергликемияның туындауына (қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауына) себеп болуы мүмкін.
Бұл жағдайда қандағы глюкоза деңгейін мүмкіндігінше ертерек өлшеу және несепте ацетонның бар-жоғына талдау жүргізу қажет. Сондай-ақ клиникалық жағдайын бағалау және инсулиннің келесі дозасының қажетті мөлшеріне қатысты шешім қабылдау мақсатында дереу дәрігермен кеңесу қажет.
Тоқтату синдромы қаупінің болуына көрсетілім
Әдетте, гипергликемияның алғашқы симптомдары біртіндеп, сағат ішінде немесе тіпті күндер бойы пайда болады және несеп көлемінің көбеюімен, шөлдеумен, тәбеттің жоғалуымен, жүрек айнумен, құсумен, ұйқышылдықпен, терінің құрғауымен, ауыз қуысының құрғауымен, тыныс алу кезінде ацетон иісінің шығуымен сипатталады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Инъекция алдында дәрігер тағайындаған инсулиннің түрін қолданып жатқаныңызға көз жеткізіңіз және инсулинді енгізу схемасына қатысты нұсқауларды мұқият орындаңыз.
Инъекцияны тері астына енгізу ұсынылады. Егер инсулин іш қуысының қабырғасына енгізілсе, әсері тезірек болады. Сондай-ақ, инъекцияны бөксеге, жамбасқа немесе қолдың жоғарғы бөлігіне енгізуге болады. Теріге шоғырланған реакцияларды болдырмау үшін инъекция орындарын алмастырып отыру қажет.
Бұлшықет ішіне инсулин тек дәрігердің тағайындауы бойынша енгізіледі.
Ерекше жағдайларда тек дәрігер инсулинді вена ішіне енгізе алады.
- гипогликемия
- десенсибилизациялайтын емді қолдану жағдайларын қоспағанда, Хумодар Р 100Р препаратына және препараттың кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық .
Жағымсыз реакциялар жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-нан < 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Зат алмасудың, метаболизмнің бұзылуы
Инсулиннің тым жоғары дозасын енгізген немесе тамақ ішуді өткізіп алған жағдайда, сондай-ақ шамадан тыс дене жүктемесі кезінде алкогольді тұтынған кезде гипогликемиялық реакция дамуы мүмкін. Гипогликемия қант деңгейінің 50 мг/дл төмендеуімен сипатталады.
Ауыр гипогликемия естен тануды туындатуы мүмкін, ал жекелеген жағдайларда - өлімге әкелуі мүмкін. Гипогликемия қант диабеті бар науқастарда инсулин емінің кең таралған жағымсыз әсері болып табылады. Гипогликемия эпизодтарының нақты жиілігін анықтау мүмкін емес, өйткені бұл инсулин дозасының да, басқа факторлардың да әсерінің нәтижесі.
Өте сирек, инсулинмен емдеудің алғашқы апталарында аяқтың ісінуі мүмкін, организмдегі сұйықтықтың іркілуіне байланысты инсулиндік ісіну өздігінен кетеді.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Инъекция орнындағы өзгерістерді қоса, жергілікті аллергиялық реакциялар жиі пайда болуы мүмкін: терінің қызаруы, ісіну, қышу. Олар әдетте бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін созылады. Кейде олар инсулинмен емес, басқа факторлармен байланысты, мысалы, теріні тазартуға арналған өнімдерде тітіркендіргіш заттардың болуы немесе қанағаттанарлықсыз инъекция жасау техникасы.
Жүйелі аллергиялық реакция өте сирек кездеседі, бірақ ықтимал елеулі жағымсыз әсері бар және инсулинге аллергияның жалпыланған түрі болып табылады.
Бұл дененің бүкіл бетіне бөртпелер шығуымен, шырышты қабықтың эрозиялы зақымдануымен, жүрек айнумен, қалтыраумен, ентігумен, қарлығып деп алумен, артериялық қысымның төмендеуімен, жиіленген пульспен, терлеудің жоғарылауы, анафилаксиялық шокпен және ангионевроздық ісінумен көрінуі мүмкін. Жайылған аллергияның ауыр жағдайлары өмірге қауіпті. Хумодар Р 100Р аллергияның ауыр түрінің кейбір ерекше жағдайларында дереу тиісті шараларды қабылдааған жөн. Инсулинді алмастыру немесе десенсибилизациялайтын ем қажет болуы мүмкін.
Тері мен тері астындағы шелмай тарапынан өзгерістер
Инъекция орнында май тінінің атрофиясы немесе гипертрофиясы (липодистрофия) дамуы мүмкін. Инъекция орнында липодистрофия жиі емес туындайды.
Өтпелі ісіну
Инъекция орнының үнемі өзгеруі бұл құбылыстарды азайтуға немесе одан әрі емдеу кезінде оларды болдырмауға мүмкіндік береді. Инсулинмен жүргізілетін емді қолданған кезде, атап айтқанда, алдыңғы қанағаттанарлықсыз метаболизмдік бақылау қарқынды инсулинмен емдеуді жүргізу арқылы жақсарған жағдайда ісіну пайда болған жағдайлар хабарланды.
Неврологиялық бұзылулар
Кері шеткері нейропатия.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозалануды туындатуы мүмкін: инсулинмен абсолютті артық дозалану, препаратты ауыстыру, тамақтануды өткізіп алу, құсу, диарея, физикалық белсенділік, инсулинге қажеттіліктің төмендеуін туындататын аурулар (бүйрек және бауыр аурулары, бүйрекүстібез қыртысының , гипофиз немесе қалқаншабез гипофункциясы) инъекция орнының өзгеруі (мысалы, іштің, білектің, жамбастың терісі), сондай-ақ инсулиннің қандағы қант деңгейінің күрт төмендеуін туындататын басқа дәрілермен өзара әрекеттесуі. Гипогликемияның көріністері - апатия, сананың шатасуы, жүрек соғу сезімі, бас ауыру, терлеу қарқындылығының жоғарылауы және құсу. Егер қант диабетімен ауыратын науқас өзінде гипогликемия белгілерін байқаса, ол глюкоза немесе қант қабылдау арқылы бұл жағдайдан сақ бола алады. Осы мақсатта өзінде үнемі кемінде 20 г глюкоза (жүзім қанты) болуы керек. Егер қант деңгейінің төмендеуін дереу жою мүмкін болмаса, шұғыл түрде дәрігерді шақыру керек. Бұл әсіресе ми қанайналымы бұзылған науқастар мен қант диабетінен басқа, жүректің айқын коронарлық ауруына шалдыққан науқастар үшін қауіпті.
Қандағы қант деңгейінің төмендеуіне байланысты неғұрлым ауыр жағдайларда дәрігер жүзеге асыратын глюкозаны вена ішіне енгізу немесе глюкагонды бұлшықет ішіне енгізу қажет. Егер науқас осыдан кейін қайтадан дербес әрекет жасауға болса, онда оған тамақтанған жөн.
Инсулиннің типін немесе таңбасын кез келген ауыстыру қатаң бақылауда жүргізілуі керек. Концентрациясының, таңбасының (өндірушінің), типінің (жылдам, орташа ұзақтығының, ұзақ әсерінің және т.б.), түрінің (жануарлардан алынатын инсулин, адам инсулині, адам инсулинінің аналогы) және / немесе өндіріс типінің (ДНҚ-рекомбинантты инсулин немесе жануарлардан алынатын инсулин) өзгеруі дозаны өзгертуді талап етуі мүмкін.
Адам инсулинімен емдегенде доза жануарлардан алынатын инсулиндерді қолданған кездегі дозадан өзгеше болуы мүмкін. Дозаны реттеу қажеттілігі бірінші дозадан немесе алғашқы бірнеше апта немесе ай ішінде пайда болуы мүмкін.
Жануарлар инсулинінен адам инсулиніне ауысқаннан кейін гипогликемиялық реакциялар дамыған кейбір пациенттерде гипогликемияның ерте симптомдары шамалы айқын немесе бұрын осы пациенттерде жануарлар инсулинімен емдеу кезінде байқалған симптомдардан өзгеше болды. Қандағы глюкоза деңгейі едәуір жақсарған пациенттерде (мысалы, инсулиндік емді күшейту арқасында) гипогликемияның кейбір ерте ескерту симптомдары бұдан әрі байқалмауы мүмкін, бұл туралы оларға хабарлаған жөн. Гипогликемияның ерте симптомдары спецификалық емес және шамалы айқын болуы мүмкін жағдайларға қант диабетінің ұзақ ағымы, қант диабеті кезінде байқалатын жүйке жүйесінің аурулары немесе бета-адреноблокаторлар сияқты дәрі-дәрмектерді қабылдау жатады.
Түзетілмеген гипогликемиялық немесе гипергликемиялық реакциялар естен тануды, команы туындатуы және өлімге әкелуі мүмкін.
Адам инсулинімен емдеу кезінде антиденелер өндірілуі мүмкін, бірақ жануарлардан алынған тазартылған инсулинді қолдануға қарағанда аз концентрацияда өндіріледі.
Инсулинге деген қажеттілік бүйрекүстібез, гипофиз, қалқаншабез аурулары кезінде және бүйрек немесе бауыр функциясының жеткіліксіздігі кезінде айтарлықтай өзгереді.
Инсулинге деген қажеттілік ауру кезінде немесе эмоциялық стресстің әсерінен де артуы мүмкін. Дозаны түзету қажеттілігі физикалық белсенділіктің қарқындылығы немесе әдеттегі тамақтану режимі өзгерген жағдайда пайда болуы мүмкін.
Пиоглитазонмен біріктіріп қолдану.
Пиоглитазонды инсулинмен біріктіріп қабылдағанда, әсіресе жүрек функциясы жеткіліксіздігінің даму қаупі факторлары болған пациенттерде жүрек функциясының жеткіліксіздігі жағдайлары хабарланды. Бұл ақпаратты инсулиннің пиоглитазонмен біріктірілімін тағайындағанда ескеру қажет. Осы біріктірілімді қолданған жағдайда жүрек функциясы жеткіліксіздігі симптомдарының дамуына, дене салмағының артуына және ісінудің пайда болуына қатысты пациенттің жай-күйін бақылау қажет. Пиоглитазонмен емдеуді жүрек симптомдары нашарлаған кезде тоқтату қажет.
Натрий мөлшері
Бұл дәрілік заттың құрамында дозасына кемінде 1 ммоль (23 мг) натрий бар, яғни натрийден іс жүзінде бос.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолданылуы
Қол жетімді деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Инсулин қабылдайтын пациенттердің зейін қою және жауап беру қабілеті гипогликемия нәтижесінде бұзылуы мүмкін. Бұл қабілеттер ерекше мәнге ие болған кезде (оның ішінде автокөлікті басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу кезінде) қауіп факторы болуы мүмкін.
Пациенттерді автомобильді басқару кезінде гипогликемияның алдын алу үшін қандай сақтандыру шараларын қабылдау қажет екендігі туралы хабардар ету керек. Бұл әсіресе гипогликемияның ескерту симптомдары төмендеген немесе жоқ немесе гипогликемия эпизодтары жиі кездесетін пациенттер үшін өте маңызды. Мұндай жағдайларда автомобильді басқарудың орындылығын бағалаған жөн.
Инсулин плаценталық кедергі арқылы өтпейді, сондықтан жүктілік кезеңінде қант диабетін емдеуде шектеулер жоқ.
Инсулинге тәуелді қант диабеті бар немесе инсулинмен ем алатын гестациялық диабеті бар пациенттерді жүктіліктің барлық кезеңінде мұқият бақылау қажет. Инсулинге деген қажеттілік әдетте жүктіліктің бірінші триместрінде төмендейді, содан кейін II және III триместрде артады. Қант диабеті бар пациенттер дәрігерге жүктіліктің басталғаны немесе жоспарланғаны туралы хабарлауы керек.
Жүктілік кезеңінде қант диабеті бар пациенттерге қандағы глюкоза деңгейін, сондай-ақ жалпы денсаулық жағдайын мұқият бақылау қажет.
Босанғаннан кейін бірден инсулинге деген қажеттілік күрт төмендейді, бұл гипогликемияның туындау мүмкіндігін арттырады. Бірақ содан кейін инсулинге деген қажеттілік бастапқы деңгейге тез оралады.
Қант диабеті бар пациенттерде емшек емізу кезеңінде инсулин дозаларын және / немесе тамақтану режимін түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.
Кез келген басқа дәрілік заттарды қосымша тағайындау инсулиннің қандағы қант деңгейіне әсерін күшейтуі немесе әлсіретуі мүмкін. Сондықтан оларды қолдану дәрігермен келісілген жағдайда ғана мүмкін болады.
Инсулинге деген қажеттілік пероральді контрацептивтер, кортикостероидтар, қалқаншабез гормондары және өсу гормоны, даназол, симпатомиметикалық дәрілер (мысалы, ритодрин, сальбутамол, тербуталин), диуретикалық дәрілер (салуретиктер) сияқты гипергликемиялық белсенділігі бар дәрілік препараттарды қолданған жағдайда артуы мүмкін. Инсулин әсерінің әлсіреуі хлорпротиксенмен, диазоксидпен, гепаринмен, изониазидпен, литий карбонатымен, никотин қышқылымен, фенолфталеинмен, фенотиазин туындыларымен, фенитоинмен, сондай-ақ трициклді антидепрессанттармен бір мезгілде тағайындалғанда мүмкін.
Инсулинге деген қажеттілік пероральді гипогликемиялық препараттар, салицилаттар (мысалы, ацетилсалицил қышқылы), сульфаниламидтер, кейбір антидепрессанттар (моноаминоксидаза тежегіштері), ферменттердің кейбір тежегіштері (каптоприл, эналаприл), ангиотензин II рецепторларының блокаторлары, селективті емес бета-блокаторлар немесе алкоголь сияқты гипогликемиялық белсенділігі бар дәрілік препараттарды қолданған жағдайда төмендеуі мүмкін. Инсулиннің әсері инсулинмен бір мезгілде анаболикалық стероидтарды, тетрациклиндерді, клофибратты, циклофосфамидті, фенфлураминді, құрамында этанол бар препараттарды қолданған жағдайда күшеюі мүмкін.
Соматостатиннің аналогтары (октреотид, ланреотид), клонидин, резерпин немесе салицилаттар инсулинге қажеттілікті күшейтуі де, әлсіретуі де мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 °C-ден 8 °C-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!
Жылу мен жарық тікелей түспейтін жағдайда (30 °С-ден аспайтын) бөлме температурасында қолданылып жүрген инсулин бар құтыны және картриджді 4 апта бойы сақтауға болады. Препарат әрдайым мөлдір және түссіз болып қалуы керек.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.