Клиникалық зерттеулер
Шолу
Клиникалық зерттеулер цетиризиннің ұсынылатын дозасы ұйқышылдық, шаршау, бас айналу және бас ауыруды қоса алғанда, ОЖЖ-не елеусіз жағымсыз әсер ететінін көрсетті. Кейбір жағдайларда ОЖЖ парадоксалды көтермелеу байқалды.
Цетиризин шеткері H1 рецепторларының селективті антагонисті болғанымен және антихолинергиялық әсерден салыстырмалы түрде бос болғанымен, несеп шығару қиындықтарының, көз аккомодациясы бұзылуының (жалған алыстан көрмеушілік) және ауыздың құрғауының бірлі-жарым жағдайлары байқалды.
Сондай-ақ, бауыр ферменттерінің деңгейі жоғарылауымен, билирубин жоғарылауымен бауыр функциясының бұзылу жағдайлары байқалды. Бұл әдетте цетиризинді дигидрохлоридпен емдеуді тоқтатқаннан кейін басылады.
Жағымсыз реакциялар тізімі
Цетиризинді ұсынылған дозада (күніне 10 мг) плацебомен немесе басқа антигистаминді препараттармен салыстыратын салыстырмалы жасырын, бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілді, оған сәйкес қауіпсіздіктің сандық деректері цетиризин қабылдаған 3200-ден астам пациентті қамтиды.
Осы мөлшерден 10 мг цетиризин үшін плацебо бақыланатын зерттеулерде келесі жағымсыз реакциялар 1,0% немесе одан жоғары жиілікте тіркелді:
Жағымсыз реакциялар (ДДҰ жағымсыз реакциялар терминологиясы) — Цетиризин 10 мг (n= 3260) — Плацебо (n = 3061)
Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар - Шаршау — 1.63 % — 0.95 %
Орталық және шеткері жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар - Бас айналу - Бас ауыруы — 1.10 % 7.42 % — 0.98 % 8.07 %
Асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар - Іштің ауыруы - Ауыздың құрғауы - Жүрек айнуы — 0.98 % 2.09% 1.07% — 1.08 % 0.82 % 1.14%
Психикалық бұзылыстар - Ұйқышылдық — 9.63 % — 5.00 %
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар - Фарингит (жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуы және шырышты қабықта орналасқан лимфоидты тіндердің құрылымы) — 1.29 % — 1.34 %
Плацебо тобымен салыстырғанда статистикалық жоғары жиілікке қарамастан, көп жағдайда ұйқышылдық жеңілден орташа айқын дәрежеге дейін болды.
Басқа зерттеулерде көрсетілгендей, объективті тесттер дені сау жас еріктілерде препаратты ұсынылған тәуліктік дозада қабылдаған кезде әдеттегі күнделікті әрекеттер өзгермейтінін көрсетеді.
Балалар популяциясы
Плацебо - бақыланатын клиникалық зерттеулерге енгізілген 6 айдан 12 жасқа дейінгі балаларда 1% және одан жоғары жиіліктегі жағымсыз реакцияларға мыналар жатады:
Жағымсыз реакциялар (ДДҰ жағымсыз реакциялар терминологиясы) — Цетиризин (n=1656) — Плацебо (n =1294)
Асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар - Диарея (сұйық нәжіс) — 1.0 % — 0.6 %
Психикалық бұзылыстар - Ұйқышылдық — 1.8 % — 1. 4 %
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар - Ринит (мұрын шырышты қабығының қабынуы) — 1.4 % — 1.1 %
Орталық және шеткері жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар - Шаршау — 1,0% — 0,3%
Жиі емес (≥1/1000-ден <1/100-ге дейін)
- қозу, парестезия (аяқ-қолдарда дамитын жалған тактильді сезімдердің жиынтығы), шаршау (астения), дімкәстік, диарея (сұйық нәжіс)
- бөртпе, қышыну
Сирек (≥1/10000 - <1/1000)
- сезімталдықтың жоғарылауы, есекжем, ісінулер, салмақтың жоғарылауы
- жүректің жиі соғуы (тахикардия)
- бауыр функциясының бұзылуы (трансаминазалар, гамма-GT, сілтілі фосфатаза, билирубин белсенділігінің жоғарылауы)
- озбырлық, сананың шатасуы, депрессия, елестер, ұйқысыздық, құрысулар
Өте сирек (<1/10000)
- аллергиялық (ангионевроздық) ісіну, тұрақты дәрілік бөртпе, кенеттен, ауыр аллергиялық реакция (анафилаксиялық шок)
- несеп шығарудың бұзылуы (дизурия), несепті ұстамау (энурез)
- қандағы тромбоциттер санының азаюы (тромбоцитопения)
- дәм сезу қабілетінің бұзылуы (дисгевзия), естен тану, дірілдеу (тремор), бұлшықеттің спастикалық жиырылуы (дистония), кенеттен еріксіз қозғалыстар (дискинезия), бет, бас, иық бұлшықеттерінің еріксіз жүйкелік тартқылауы және т. б. (тартулар)
- анық көрмеу, көз алмасы қозғалысының бұзылуы (окулогирлік криз), жалған алыстан көрмеу (аккомодацияның бұзылуы)
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- тәбеттің жоғарылауы, суицидтік ойлар, түнгі қорқынышты түстер, есте сақтау қабілетінің толық немесе ішінара жоғалуы (амнезия), есте сақтау қабілетінің бұзылуы, несеп шығарудың іркілуі, бас айналу (вертиго), гепатит (бауырдың қабынуы), буынның ауыруы (артралгия), байламдардағы, бұлшықеттердегі, сіңірлердегі (миалгия) жергілікті жедел немесе созылмалы ауырсыну
- аллергиядан шыққан жайылған іріңді бөртпелер (жедел жайылған экзантематозды пустулез).
Жеке жағымсыз реакциялардың сипаттамасы: цетиризинді қолдануды тоқтатқаннан кейін қышыну (қатты қышыну) және/немесе есекжем байқалды («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz