Дозалау режимі
Гарамицин®қосылған Целестодерм-В®, кремін жағдайдың ауырлығына қарай тәулігіне 2-3 рет жағу керек. Балаларда препарат тәулігіне 1 рет қолданылады. Жағдайы жақсарған кезде препаратты қолдану жиілігін азайтуға болады.
Қолдану тәсілі
Гарамицин® қосылған Целестодерм-В® кремін терінің зақымданған бөліктеріне жұқалап жағу керек. Өңделген бөліктері жалпы дене беткейі ауданының 10% аспауы тиіс.
Балаларға қысқа мерзім ішінде және терінің шағын бөліктеріне ғана қолдану керек. Балаларды құрамында кортикостероидтар бар препараттармен емдегенде аса сақ болған жөн, өйткені глюкортикостероидтардың бала терісі арқылы сіңуі ересектерге қарағанда қарқынды болады.
Бетаметазон валератының сіңірілу қаупіне байланысты препаратты окклюзиялық таңғыш астына қолдануға болмайды.
Препаратты енгізу тәсілі тері үрдісінің сипаты мен аурулар сатысын ескере отырып таңдалуы керек.
Гарамицин® қосылған Целестодерм-В® кремін майлы теріге, ылғалдануға, қышынуға, күйдіруге және себореялық ауруларға, жедел үрдісі сатысында, дене қатпарларына қолдану ұсынылады.
Құрғақ, қабыршақтанған және мүйізгектенген теріге Гарамицин қосылған Целестодерм-В жақпамайын қолдану ұсынылады.
Емдеу ұзақтығы
Гарамицин® қосылған Целестодерм-В®, крем, препаратымен емдеу ұзақтығы 7-10 күннен (балаларда 7 күн) аспауы тиіс, себебі оның құрамына гентамицин кіреді.
Емдеуді симптомдардың жоғалуы (мысалы, күшті әсер ететін глюкокортикостероид қолдануды қажет ететін дерматоз немесе гентамицинге сезімтал микроорганизмдер туындатқан суперинфекция) медициналық расталғаннан кейін құрамына тек қана глюкокортикостероид (әсері жеңілдеу болуы мүмкін) кіретін препаратпен немесе антибиотикпен жалғастыру керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер Гарамицин® қосылған Целестодерм - В® препаратын қабылдау бойынша сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігерге хабарласыңыз.
Дәрілік препараттың (ДП) стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялары сипаттамасы және осы жағдайда қабылданатын шаралар
Гарамицин® қосылған Целестодерм-В® препаратын қолданған кезде келесі жағымсыз реакциялардың дамуы туралы хабарланған:
- аса жоғары сезімталдық, бөртпе және тері пигментациясының бұзылуы.
Кортикостероидтарды жергілікті қолданғанда, әсіресе окклюзиялық таңғыштарды қолданғанда, келесі жағымсыз әсерлер дамуы мүмкін:
-күйдіру, терінің қышуы, тітіркену, құрғақтық, фолликулит, тері пигментациясының бұзылуы, стероидты безеулер, безеу тәрізді бөртпе, терінің ұсақ беткейлік қантамырларының кеңеюі, гипертрихоз, розацеа тәрізді (периоральді) дерматит, аллергиялық жанаспалы дерматит, қызару, тері мацерациясы, тері атрофиясы, салдарлы инфекция, жолақтар және тербөртпе.
Жалпы, Гарамицин® қосылған Целестодерм-В® препаратының науқастарға жағымдылығы жақсы. Өте сирек жағдайларда:
- гентамицинге жеке аса жоғары сезімталдықпен байланысты терінің тітіркенуі туындауы мүмкін.
Гарамицин® қосылған Целестодерм-В®, крем, препаратының құрамына хлорокрезол және цетилстеарил спирті кіреді. Хлорокрезол аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін. Препараттың компоненттеріне аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы сирек жағдайларда хабарланған. Мұндай жағдайларда Гарамицин® қосылған Целестодерм-В®крем, препаратымен емдеу тоқтатылуы керек.
Окклюзиялық таңғышты қолдану әсер етуші заттардың жүйелі сіңуін күшейтуі мүмкін.
Жергілікті глюкокортикостероидтарды қолданғанда бұлыңғыр көру туралы хабарланды.
Гентамицинді жергілікті қолдану жаралардың түйіршіктену үрдісін бұзуы мүмкін. Гентамицинді жергілікті қолданғанда:
- әсіресе гентамицинді ауқымды жараларға қайталап қолданғанда отоуыттылықты, вестибулярлық уыттылықты және нефроуыттылықты туындауы мүмкін.
Балалар
Ересектерге қарағанда балалар жергілікті глюкокортикостероидтарды қолдану кезінде гипоталамус-гипофизарлы-бүйрекүсті безі жүйесі функциясының тежелу қаупіне ұшырайды, бұл дене беткейі ауданының оның салмағына арақатынасының үлкен шамасына, әрі препарат сіңірілуінің жоғарылауына байланысты.
Гипоталамус-гипофизарлы-бүйрекүсті безі жүйесінің супрессиясы, Кушинг синдромы, бой өсуінің баяулауы, дене салмағын қосудың баяулауы және бассүйекішілік гипертензия топикалық глюкокортикостероидтармен емделген балаларда байқалды.
Балалардағы гипоталамус-гипофизарлы-бүйрекүсті безі жүйесі супрессиясының симптомдары плазмадағы кортизолдың төмен деңгейін және AКТГ (адренокортикотропты гормон) стимуляциясына жауап болмауын қамтиды. Бассүйекішілік қысымның жоғарылауы еңбегінің дүрдиіп шығып кетуімен, бастың ауыруымен, көру жүйкесінің екі жақты ісінуімен білінеді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz