Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для приема внутрь
Дозасы
10 г/100 мл
Саудалық атауы
Цераксон®
Әсер етуші зат
Цитиколин
Мақсаты
Инсульт және оның салдарларында, бассүйек-ми жарақатында және оның салдарларында
Өндіруші
Феррер Интернасьональ, С.А.
Ел
Испания
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
100 мл препараттың құрамында
белсенді зат: цитиколин натрийі 10.450 мг (10.000 мг цитиколинге баламалы),
қосымша заттар: сорбитол 70%, глицерин, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий цитраты, натрий сахаринаты, құлпынай эссенциясы 1487-S, калий сорбаты, сусыз лимон қышқылы (50% ерітінді), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссізден ашық-сары түске дейінгі мөлдір сұйықтық.
• инсульт және оның салдарларында
• бассүйек-ми жарақатында және оның салдарларында
• мидың дегенерациялық және қан тамырлық бұзылуларынан туындаған когнитивтік, сезімталдық және қозғалыстық неврологиялық бұзылыстарда
ATХ коды: N06BX06
Әсер ету механизмі
Цитиколин нейрондар жарғақшаларының құрылымдық фосфолипидтер биосинтезін стимуляциялайды, бұл магнитті-резонансты спектроскопия қолданылатын зерттеулерде расталған. Бұл әсер арқылы цитиколин сорғының ион алмасу жұмыстары және рецепторларда әрекет ететін жүйке дабылдарының берілісінде қажет болып табылатын модуляция сияқты жарғақша функциясын жақсартады. Жарғақшаны тұрақтандыруға ықпалдылығымен цитиколин ми ісінуінің реабсорбциясына ықпал етеді.
Эксперименттік зерттеулерде бос радикалдар түзілуін азайтумен, жарғақша жүйесі бұзылуын болдырмай және антиоксидантты қорғаныс жүйесі, мысалы, глутатионды сақтай отырып, цитиколиннің кейбір фосфолипаздарының (A1, A2, C и D) белсенуін тежейтінін көрсетеді.
Цитиколин нейрональді энергетикалық резервті сақтайды, апоптозды тежейді және ацетилхолин синтезін стимуляциялайды.
Эксперименттеу жүзінде сондай-ақ цитиколиннің мидың фокальді ишемиялық модельдерінде нейропротекторлық профилактикалық әсері болатыны расталған.
Клиникалық зерттеулерде цитиколин пациенттердің ишемиялық инсульттан кейінгі функциясының қалпына келуін жақсартатыны расталған, бұл нейровизуализация тесттерінде мидың ишемиялық зақымдануының азаюымен өзара байланысты.
Бассүйек-ми жарақаты бар пациенттерде цитиколин қалпына келу үдерісін жеделдетеді және ұзақтығын, сондай-ақ жарақаттан кейінгі синдром айқындығын азайтады.
Цитиколин зейін қою және сана деңгейін жақсартады, сондай-ақ ми ишемиясына байланысты амнезияда, когнитивті және неврологиялық бұзылуларда оң әсер етеді.
Дозалау режимі
Препартты әркез өз емдеуші дәрігеріңіздің ұсыныстарына толық сәйкес қабылдаңыз. Күмән пайда болса, емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Ұсынылатын доза сіздің ауруыңыздың ауырлығына қарай тәулігіне 1000 мг-ден 2000 мг дейін құрайды (бұл 1-2 пакеттің ішіндегісі).
Пакеттегі препаратты қолдану бойынша ұсыныстар:
1. Пакетті тікесінен ұстап тұрып, оның шетін сақтықпен «Осы арадан ашу керек» белгісі бойынша жұлып ашыңыз.
2. Пакет ішіндегісін сұйылтпай ашылудан кейін дереу
немесе қабылдау алдында бөлме температурасындағы жарты стақан суда сұйылтып (120 мл) ішуге болады.
Сұйылтқан жағдайда дайын болған ерітіндіні сақтауға болмайды және дайындалғаннан кейін дереу қолданылуы керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын қабылдауды өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Препаратты қабылдауды ұмытып кетсеңіз еске түсірген бойда препараттың кезекті дозасын қабылдаңыз.
Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозасын қабылдамаңыз.
Сіздің емдеуші дәрігеріңіз сізге Цераксон® препаратын қандай уақыт ішінде қабылдау керегін хабарлайды.
Өз емдеуші дәрігеріңіздің кеңесін алмай препарат қабылдауды тоқтатпаңыз.
Препаратты қолдану бойынша сұрақтар болса, емдеуші дәрігерге хабарласыңыз.
- егер Сізде цитиколинге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне аллергия болса
- егер сізде ауыр жай-күймен айқындалатын, артериялық қысым төмендеуімен, тершеңдікпен, брадикардиямен және естен танумен бірге жүретін парасимпатикалық жүйке жүйесінің тонусы жоғары болса.
Барлық дәрілік препараттар сияқты Цераксон® препараты жағымсыз реакциялар туындатуы мүмкін, алайда олар барлығында бірдей бола бермейді.
Өте сирек (<1/10 000), дара мәліметтерді қоса:
Психикалық бұзылулар: елестеулер, қозу, ұйқысыздық
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: бас ауруы, бас айналуы
Қантамырлық бұзылулар: артериялық гипертензия, артериялық гипотензия
Респираторлық, торакальді және медиастинальді бұзылулар: ентігу
Асқазан-ішек бұзылулары: жүрек айнуы, құсу, мезгіл-мезгіл болатын диарея
Тері және тері асты шелі тарапынан бұзылулар: аллергиялық реакциялар, экзантема, терінің қышынуы, гиперемия, есекжем, бөртпе, пурпура, анафилаксиялық шок дамуы мүмкін
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар: қалтырау, ісіну
Күтілген дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе тікелей, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық мәліметтер базасына хабарласу керек
Егер сізде қандай да бір жағымсыз реакциялар туындаса, өз емдеуші дәрігермен кеңесіңіз. Осы нұсқау кез келген болуы мүмкін, оның ішінде қосымша парақта атап көрсетілмеген жағымсыз реакцияларға да қатысты болады. Сізге жағымсыз реакциялар жөнінде тікелей мәлімдеуге де болады (төменнен қараңыз). Жағымсыз реакциялар туралы хабарлай отырып, Сіз препарат қауіпсіздігі туралы көбірек мәлімет алуға көмектесесіз.
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
010000, Астана қ., Иманов көш., 13
Тел.: + 7 7172 235 135
Электрондық пошта: farm@dari.kz
Интернеттегі мекенжайы: http://www.ndda.kz
Егер сіз Цераксон® препаратын керектісінен көбірек қабылдап қойсаңыз бұл туралы емдеуші дәрігерге дереу хабарлаңыз.
Арнайы ескертулер
Цераксон® құрамында 70% сорбитол бар
Егер сізде фруктоза және кейбір қанттардың тұқым қуалайтын жақпаушылығы болса бұл дәрілік препаратты қабылдау алдында емдеуші дәрігерге қаралыңыз.
Цераксон® құрамында метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат бар
Бұл аллергиялық реакциялар туындатуы мүмкін (оның ішінде кейінге қалдырылған).
Педиатрияда қолдану
Балаларда қолдану тәжірибесінің шектеулі деректеріне байланысты Цераксон® препаратын емдеуші дәрігер қажет деп тапқан жағдайда ғана қолдану керек.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Цераксон® препаратының көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері бақыланбады.
Егер сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізіп жүрсеңіз, жүктімін деп ойласаңыз немесе бала көтеруді жоспарлап жүрсеңіз препаратты қолдануды бастар алдында емдеуші дәрігермен кеңесіңіз. Цераксон® препаратын жүктілік кезінде, жүктілікке болжам болғанда немесе бала емізу кезеңінде, егер сіздің емдеуші дәрігер оны қажет деп таппаса, қолдануға болмайды.
Өз емдеуші дәрігеріңізге қандай да бір басқа препаратты қабылдап жүргеніңізді, жуырда қабылдағаныңызды немесе қабылдап бастағаныңыз туралы мәлімдеңіз. Цераксон® L-дигидроксифенилаланин (L-ДОФА) әсерін күшейтеді. Егер сіз Цераксон® қабылдау алдында құрамында L-ДОФА бар препарат қабылдайтын болсаңыз, өз емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Құрамында L-ДОФА болатын дәрілік заттарды, әдетте Паркинсон ауруын емдегенде қолданады.
Цераксон® препаратын бір мезгілде ми қызметін стимуляциялайтын құрамында меклофеноксат бар перапарттармен қабылдауға болмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Препаратты кәріз құбырына немесе тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға болмайды. Бұдан былай қажет болмайтын препаратты не істеу керектігі туралы дәріхана қызметкерінен біліңіз. Бұл шаралар қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.