Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Саудалық атауы
Церебролизин® НЕЙРО
Әсер етуші зат
Препараты для лечения заболеваний нервной системы другие
Мақсаты
Альцгеймер типті сенильді деменцияда және қантамырлар деменциясында
Өндіруші
ЭВЕР Фарма Йена ГмбХ
Ел
Германия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір мл су ерітіндісінің құрамында:
белсенді зат – церебролизин концентраты (шошқа миының ақуызынан алынған протеолитикалық пептидті фракциясы) 215,2 мг,
қосымша зат - инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Янтарь-сары түсті мөлдір ерітінді
Цереброваскулярлық бұзылуларды демеуші емдеу үшін, әсіресе келесі көрсеткіштер үшін:
- Альцгеймер типті сенильді деменцияда және қантамырлар деменциясында
- инсульттен кейінгі асқынуларда
- бассүйекішілік-ми жарақаттары (соғып алулары мен мидың шайқалуы)
Церебролизин® НЕЙРО ересектер мен егде жастағы (>65 жас) пациенттерде қолданылады.
Церебролизин НЕЙРО инсульттен және мидың жарақаттан зақымдануынан кейінгі регенерацияны демейді, сондықтан бұдан кейінгі зақымдануларды барынша азайтуға көмектеседі. Инсульті бар пациенттер әсіресе алғашқы бірнеше аптада жылдам қалпына келеді. Бассүйек-ми жарақаты бар пациенттерде Церебролизин НЕЙРО препараты сана мен жады және зейін қою деңгейінің жақсаруына әкеп соғады. Деменцияны емдегенде Церебролизин НЕЙРО препараты үдемелі нейродегенеративтік өзгерістерге қарсы әсер етеді, когнитивтік қабілеттердің симптоматикалық жақсаруына қол жеткізуге болады. Аурудың ерте және кеш сатыларында жалпы клиникалық жақсаруына қол жеткізілген.
Деменция немесе бассүйек-ми жарақаты сияқты когнитивті бұзылулары бар жануарларға жасалған үлгілерде Церебролизин НЕЙРО препараты бір мезгілде жануарлардың үйренуін жақсарта отырып, синапстық үйлесімге оң әсер етеді. Церебральді ишемия үлгілерінде Церебролизин НЕЙРО препараты инфаркт мөлшерін азайтады, ісінулер пайда болуын төмендетеді, микроциркуляцияны тұрақтандырады және пост-ишемиялық неврологиялық тапшылықты қалыпқа келтіреді. Нейрондарға тікелей әсерінен басқа, Церебролизин НЕЙРО препараты сонымен қатар гематоэнцефалдық бөгетте глюкоза тасымалдаушылар санын едәуір арттырады, осылайша қуаттың патологиялық тапшылығын қалыпқа келтіреді. Гипоксиялық жағдайларға жоғары төзімділік және церебральді лактатының концентрациясы төмендеуі сияқты патологиялық тотығу метаболизміне Церебролизин НЕЙРО препаратының оң әсерлері байқалады.
Мынадай дозалар қолданылады:
Күнделікті ұсынылатын доза — Емнің ұзақтығы
Альцгеймер типті сенильді деменция және қантамырлар деменциясы — 10 -30 мл — 4 апта
Ишемиялық инсульт — 20-50 мл — 10-21 күн
Геморрагиялық инсульт — 30-50 мл — 10-21 күн
Бассүйекішілік-ми жарақаттары — 20-50 мл — 7-30 күн
Емнің тиімділігін арттыру үшін емнің оң нәтижелерін алғанға дейін әр 2 ай сайын бірнеше рет қайталау курстары жүргізілуі мүмкін. Емдеудің екінші циклынан бастап күнделікті қолдануды аптасына 2-3 рет препаратты қабылдауға ауыстыруға болады.
Бір емдеу курсы 4 апталық емдеу ұзақтығына сәйкес келеді (аптасына 5 инъекция).
Церебролизин® НЕЙРО препаратын инъекция түрінде қолданылады: бұлшықет ішіне (5 мл дейін) және вена ішіне (10 мл дейін). 10 мл-ден жоғары дозаларды ұсынылған стандартты ерітінділермен сұйылтқаннан кейін баяу вена ішіне инфузия арқылы енгізу ұсынылады. Инфузияның ұзақтығы 15-тен 60 минутқа дейін болуы керек.
Церебролизин® НЕЙРО препаратының инфузияға арналған мынадай стандартты ерітінділермен үйлесімділігі тексерілді және расталды (препарат бөлме температурасында, жарықтан қорғалмаған жерде сақтау кезінде кемінде 24 сағат бойы физикалық және химиялық тұрақты):
- 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі (9 мг NaCl/мл)
- Рингер ерітіндісі (Na+ 153,98 ммоль/ л, Ca2+ 2,74 ммоль/л, K+ 4,02 ммоль/л, Cl-163,48 ммоль/л)
- глюкозаның 5% ерітіндісі
Церебролизин® НЕЙРО препаратын дәрумендер және жүрек қан айналымын жақсартатын препараттармен бір мезгілде тағайындауға болады, алайда бұл препараттарды Церебролизин® НЕЙРО препаратымен
бір шприцте араластыруға болмайды.
Егер Церебролизин® НЕЙРО препараты ұзақ уақыт құюға арналған катетер арқылы енгізілетін болса, катетерді қолданғанға дейін және кейін жүйе натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісімен шайылуы тиіс.
Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған канюляларды пайдаланған кезде, Церебролизин® НЕЙРО препараты енгізілгенге дейін және одан кейін натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісімен жуып шаю керек.
Тек бір рет қолдануға арналған.
Тек янтарь түсті мөлдір ерітінділерді пайдаланыңыз.
Пайдаланылмаған ерітінділерді жергілікті талаптарға сәйкес дереу утилизациялау керек.
- белсенді затқа немесе басқа қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
- эпилепсиялық статус
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
Сирек
- тәбеттің жоғалуы
- сирек жағдайларда күтілетін белсенділену әсері қозумен қатар жүруі мүмкін (озбыр мінез-құлық, сананың шатасуы, ұйқысыздық)
- шамадан тыс жылдам енгізгенде бас айналуы мүмкін
- шамадан тыс жылдам енгізгенде сирек жағдайларда ысынуды сезіну, тершеңдік болу мүмкін
- қышыну
Өте сирек
- жеке сезімталдықтың жоғарылауы немесе шаншу, тері реакциялары, терінің қызаруы, бас ауыруы, мойын және аяқ-қолдың ауыруы, қызба, арқаның аздап ауыруы, ентігу, қалтырау, коллапстық жай-күй сияқты аллергиялық реакциялар
- кейбір жағдайларда - үлкен эпилепсиялық ұстамалар және құрысу дамуының бір жағдайы
- шамадан тыс жылдам енгізгенде жиіленген жүрек соғуы, аритмия орын алуы мүмкін
- диспепсия, диарея, іш қату, құсу, жүрек айнуы
- енгізу аумағындағы жергілікті реакциялар терінің қызаруы, қышыну және ашыту сияқты жекелеген жағдайларда байқалды.
Зерттеулердің нәтижелері бойынша гипервентиляция, артериялық гипертензия, артериялық гипотензия, шаршау, тремор, депрессия, апатия және/немесе ұйқышылдық, тұмау тәрізді симптомдардың (суық тию, жөтел, тыныс алу жолдарының инфекциясында) өте сирек жағдайлары туралы хабарланған.
Церебролизин® НЕЙРО препараты егде жастағы адамдарды емдеу үшін пайдаланылатындықтан жоғарыда көрсетілген жағымсыз әсерлер осы жас тобына тән және препаратты қолданбай-ақ жиі пайда болады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Осы күнге дейін артық дозалану және уыттану жағдайлары белгіленген жоқ. Арнайы антидоттар жоқ. Қажет болғанда симптоматикалық ем.
Препарат аллергиялық диатездерде, эпилепсиялық сипаттағы ауруларда, сондай-ақ ұстамалар жиілігінің ықтимал ұлғаюына байланысты үлкен құрысу ұстамаларда сақтықпен тағайындалады.
Белгілі қасиеттері бар қосымша зат туралы ақпарат:
1 мл Церебролизин® НЕЙРО препаратының құрамында бір мл-ге 1 ммольден (шамамен 23 мг) аз натрий бар.
Арнайы ескертулер
Церебролизин® НЕЙРО препараты рН мәнін өзгертетін ерітінділермен (5,0–8,0), сондай-ақ құрамында липид бар ерітінділермен үйлесімді емес.
Церебролизин® НЕЙРО препаратын дәрумендермен және жүрек-қантамыр препараттарымен бір мезгілде тағайындауға жол беріледі, алайда бұл препараттарды Церебролизин® НЕЙРО препаратымен бір шприцте араластыруға болмайды.
Педиатрияда қолдану
Деректер жеткіліксіз болуының салдарынан балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді емдеу ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жүргізілген клиникалық сынақтар реакцияға уақыттың ұлғаюын көрсетпейді, алайда механизмдерді басқару немесе автокөлік жүргізу қабілетінің біршама төмендеуі мүмкін. Мұндай әрекеттерден аулақ болу ұсынылады.
Зерттеулердің нәтижелері ұрпақ өрбіту уыттылыққа қатысты тікелей немесе тікелей емес зиянды әсерлердің белгілерін көрсеткен жоқ.
Церебролизин® НЕЙРО препаратымен емдеу клиникалық жай-күйдің салдарынан талап етілген жағдайларда болмаса, препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Бала емізуді тоқтату немесе Церебролизин® НЕЙРО препаратымен емдеуді тоқтату/тоқтата тұру туралы шешім қабылдау керек. Сондай-ақ осы шешімді қабылдау кезінде нәресте үшін емшек емудің оң әсері мен бала емізетін әйел үшін препаратты қабылдаудың оң әсерінің арақатысын ескеру керек.
Церебролизин® НЕЙРО препаратының фармакологиялық бейінін ескере отырып, антидепрессанттармен немесе МАО тежегіштерімен бірге тағайындаған кезде мүмкін болатын аддитивті әсерлерге ерекше назар аудару керек. Мұндай жағдайларда антидепрессанттың дозасын азайту ұсынылады.
Церебролизин® НЕЙРО препаратының 30-40 мл дозада МАО тежегіштерінің жоғары дозаларымен бірге қолдану артериялық қысымның жоғарылауын туындатуы мүмкін.
Церебролизин® НЕЙРО препараты мен аминқышқылдарының теңгерілген ерітінділерін инфузия үшін бір ерітіндіде араластыруға болмайды.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Қараңғы жерде, дайындаушының қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Тоңазытқышта сақтауға болмайды және мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.