Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы мягкие
Дозасы
400 мг
Саудалық атауы
Цереглиа
Әсер етуші зат
Холин альфосцераты
Мақсаты
Дегенеративті-инволюциялық мидың психоорганикалық синдромдары немесе цереброваскулярлық жеткіліксіздіктің қайталама салдары, яғни есте сақтаудың бұзылуымен, сананың шатасуымен…
Өндіруші
АО «КИЕВСКИЙ ВИТАМИННЫЙ ЗАВОД»
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат - холин альфосцераты 400 мг,
қосымша заттар: тазартылған су, глицерин,
капсула қабығы: желатин, ішінара дегидратталған сұйық сорбитол, глицерин, титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172), натрий метилпарагидроксибензоаты (Е 219), натрий пропилпарагидроксибензоат (Е 217).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ашық сары-қоңыр түсті, мөлдір емес, жиекті, сопақша пішінді желатинді жұмсақ капсулалар.
Капсула ішіндегісі – мөлдір түссіз немесе аздап сарғыштау тұтқыр сұйықтық.
- дегенеративті-инволюциялық мидың психоорганикалық синдромдары немесе цереброваскулярлық жеткіліксіздіктің қайталама салдары, яғни есте сақтаудың бұзылуымен, сананың шатасуымен, бағдардан адасумен, мотивацияның және бастамашылықтың төмендеуімен, зейін қою қабілетінің төмендеуімен сипатталатын егде жастағы адамдарда ақыл-ой белсенділігінің бастапқы және салдарлы бұзылуы;
- эмоциялық және мінез-құлыққа қатысты өзгерістер: эмоциялық тұрақсыздық, ашушаңдық, қоршаған ортаға немқұрайлылық;
- егде жастағы адамдардағы псевдодепрессия.
ATХ коды N07AX02
Әсер ету механизмі
Холин альфосцераты холиннің транспорттық түрі және фосфатидилхолиннің ізашары болып табылады, ол холинергиялық синапстық трансмиссияның төмендеуімен және нейрон жарғақшаларының фосфолипидтік құрамының зақымдалуымен сипатталатын психоорганикалық инволюциялық синдром патогенезінің факторларының бірі ретінде жарғақшалардың зақымдануын болдырмауға қабілетті. Холин альфосцератының химиялық құрылымы (құрамында 40,5% холин бар) және онымен байланысты молекуланың физика-химиялық қасиеттері холиннің бір бөлігінің гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтуін қамтамасыз етеді.
Фармакодинамикалық әсерлері: Клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің нәтижелері холин альфосцератының негізінен когнитивті-мнестикалық функцияларға, сондай-ақ мидың инволюциялық патологиясында бұзылған эмоциоялық және мінез-құлық белсенділігіне әсер ету қабілетін растайды.
Дозалау режимі
Дәрілік зат тек ересектерге қолданылады.
Тәулігіне 2 немесе 3 рет 1 капсуладан қабылдау керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша нұсқаулар
Препаратты қолданар алдында емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
- дәрілік затқа немесе оның компоненттеріне белгілі аса жоғары сезімталдық
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы
- жүктілік немесе бала емізу кезеңі
Әдетте, дәрілік затты ұзақ уақыт қолданғанда да көтерімділігі жақсы болды.
Жүрек айнуы мүмкін (бұл негізінен қайталама допаминергиялық белсенудің салдары болып табылады), дозаны төмендету қажет болуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Жүрек айнуымен көрінуі мүмкін Цереглиа дәрілік затымен артық дозаланғанда препараттың дозасын азайту керек.
Бұл дәрілік заттың құрамында бір капсулаға 72 мг сорбит бар. Құрамында сорбит (немесе фруктоза) бар дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдаудың және сорбитті (немесе фруктозаны) тамақпен күнделікті қабылдаудың аддитивті әсерін ескеру қажет. Пероральді қолдануға арналған дәрілік препараттардағы сорбитолдың мөлшері бір мезгілде енгізілетін басқа пероральді қолдануға арналған дәрілік препараттардың биожетімділігін өзгертуі мүмкін. Сорбит орташа іш жүргізетін әсер көрсетуі мүмкін.
Бұл дәрілік препараттың құрамында аллергиялық реакциялар (оның ішінде кешеуілдеген реакциялар) тудыруы мүмкін натрий метилпарагидроксибензоаты және натрий пропилпарагидроксибензоаты бар.
Бұл дәрілік препараттың бір капсуласында 1 ммольден (23 мг) аз натрий бар, сондықтан іс жүзінде оның құрамында натрий жоқ.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Балаларда дәрілік препаратты қолдану тәжірибесі жоқ.
Дәрілік затты жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Дегенмен, мақсатты зерттеулер препараттың эмбриоуытты немесе тератогендік әсері жоқ екенін көрсетті.
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік зат автокөлікті басқаруға және басқа механизмдермен жұмыс істеуге әсер етпейді.
Препараттың басқа дәрілік заттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі анықталмаған.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.