Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы
Дозасы
400 мг
Саудалық атауы
Церетон®
Әсер етуші зат
Холин альфосцераты
Мақсаты
Ми қанайналымының ишемиялық типі (жедел және қалпына келтіру кезеңдері) және геморрагиялық типі (қалпына келтіру кезеңі) бойынша бұзылуы
Өндіруші
ООО "Артлайф"
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында:
белсенді зат - 100 % затқа шаққанда холин альфосцераты – 400 мг;
қосымша заттар: глицерин, тазартылған су;
қабықтын құрамы: желатин, сорбит, глицерин, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы бояғышы (Е 172), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сопақша пішінді, сары немесе ашық-қоңыр реңкпен сары түсті, жұмсақ желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі - майлы, мөлдір, түссіз немесе сәл боялған сұйықтық.
Ми қанайналымының ишемиялық типі (жедел және қалпына келтіру кезеңдері) және геморрагиялық типі (қалпына келтіру кезеңі) бойынша бұзылуы.
Мидың инволюциялық және дегенеративті үдерістері аясында психоорганикалық синдром.
Жадтың бұзылуымен, сананың шатасуымен, бағдардан адасумен, ынталандыру мен бастамашылдық төмендеуімен, зейін қоюдың төмендеуімен сипатталатын, егде жастағы адамдардағы цереброваскулярлық жеткіліксіздіктің немесе бастапқы және салдарлы когнитивті бұзылулардың салдары.
Қартайған кездегі мінез-құлық пен аффективті саланың бұзылуы: эмоционалды тұрақсыздық, қатты ашулану, қызығушылықтың төмендеуі; қарттық жалған меланхолия.
Мультиинфарктты деменция.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дозалау режимі
Ересектер
Капсуланы тәулігіне 2 рет 400 мг (1 капсула) ішке қабылданады.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Әрқашан осы препаратты емдеуші дәрігердің ұсыныстарына сәйкес қолданыңыз. Кез келген күмән туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге хабарласыңыз.
Дәрілік препараттарды стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы керек шаралар
• Жүрек айнуы (допаминергиялық белсенділік салдарынан)
• Аллергиялық реакциялар.
Өте сирек
• Іштің ауыруы
• Сананың қысқа мерзімді шатасуы.
Препаратты ұзақ уақыт қолданғанда да жағымдылығы жақсы.
Кез келген жағымсыз реакциялар, соның ішінде Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілмегендер пайда болса, дәрігермен кеңесу керек.
Күтілген дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігін және осындай хабарламаны нұсқайтын алуан түрлі жолдарын қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
• Әсер етуші затқа немесе «Қосымша заттар» бөлімінде тізбеленген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• Жүктілік
• Бала емізу кезеңі
• 18 жасқа дейінгі балалар.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Симптомдары: жүрек айнуы.
Емі: аталған симптом пайда болғанда препарат дозасын төмендету керек.
Арнайы ескертулер
Бұл дәрілік препараттың құрамында аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін (соның ішінде баяу әсердегі реакциялар) метилпарагидроксибензоат пропилпарагидроксибензоат бар.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі туралы деректер жоқ.
Препаратты жүктілік және лактация кезінде қолдануға болмайды.
Басқа препараттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер анықталмаған.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.