Жағымсыз реакциялар абсолютті жиіліктің кему ретімен тізбеленген. Жиілігі былайша берілген: өте жиі (1/10); жиі (1/100 бастап < 1/10 дейін); сирек (1/1000 бастап < 1/100 дейін); сирек (1/10 000 бастап < 1/1000 дейін); өте сирек (< 1/10 000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Монтелукаст
Өте жиі
- жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары
Жиі
- диарея, жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, панкреатит
- бөртпе
- қан плазмасындағы бауыр трансаминазалары (АЛТ, АСТ) деңгейінің жоғарылауы
- қызба
Жиі емес
- мұрыннан қан кету
- ұйқының бұзылуы (түнгі қорқынышты түстер, ұйқысыздық, сомнамбулизм), психомоторлық белсенділік (ашушаңдық, мазасыздық және тремор), қозу( озбыр мінез-құлықты немесе өшпенділікті қоса), мазасыздық, депрессия, бағдарсыздық, бас айналу, ұйқышылдық, парестезия / гипестезия, эпилепсиялық ұстама, тик
- эпистаксис
- ауыздың құрғауы, диспепсия
- анафилаксия, есекжем, қышыну түріндегі аллергиялық реакциялар
- гематомалар
- астения, шаршау, дімкәстік, ісіну
- артралгия, миалгия, бұлшықет құрысулары
Сирек
- зейін қоюдың бұзылуы, есте сақтаудың бұзылуы
- жүрек қағуының жиілеуі
- Квинке ісіну
- қанауға бейімділік, мұрыннан қан кету
- тромбоцитопения
- тремор
Өте сирек
- өкпе эозинофилиясы
- бауыр паренхимасының эозинофильді инфильтрациясы
- гепатит (холестатикалық, гепатоцеллюлярлық және бауырдың аралас зақымдануларын қоса)
- түйінді эритема, көп формалы эритема
- елестеулер, суицидке бейімділік
-Чарга-Стросс синдромы
- құрысулар
Левоцетиризин
Өте жиі
- ұйқышылдық
Жиі
- ауыздың құрғауы
- бас ауыруы, қажу
Жиі емес
- астения
- іштің ауыруы
Өте сирек
- аса жоғары сезімталдық, оның ішінде анафилаксия
- озбырлық, қозу
- құрысулар
- көрудің бұзылуы
- ауыр гипотензия
- жүрек соғуының жиілеуі, тахикардия
- ентігу, диспноэ
- жүрек айнуы, тәбеттің артуы, құсу
- гепатит, холестаз
- Квинке ісінуі, қышыну, бөртпе, есекжем
- жедел жайылған экзантематозды пустулез (ЖЖЭП)
- экстрапирамидтік симптомдар, миоклонус
- миалгия
- салмақтың артуы
- дизурия, несептің іркілуі, гломерулонефрит
Постмаркетингтік бақылауларда мынадай жағымсыз реакциялардың өте сирек жағдайлары тіркелген:
- бауырдың функционалдық сынамаларының өзгеруі
- диарея.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz