Жиі
- тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы, құсу;
- бұлшықет ішіне енгізу орнындағы ауырсыну, кейде түйін пайда болады.
Жиі емес
- оральді кандидоз (ұзақ уақыт қолданғанда);
- эритема, экссудативті (полиморфты) эритема, тері бөртпесі, есекжем, қайтымды жергілікті қан тамырлары, буындар немесе шырышты жарғақшалар өткізгіштігінің жоғарылауы (ангионевроздық ісіну), дәрілік қызба және интерстициальді пневмония немесе пневмонит;
- құрысулар (бауыр функциясы бұзылған пациенттерде, жоғары дозаларды тағайындағанда);
- вена ішіне енгізгенде – тромбофлебит.
Сирек
- гениталий кандидозы (монолиоз), вагинит;
- қандағы глюкоза концентрациясы деңгейінің жоғарылауы немесе төмендеуі (гипергликемия немесе гипогликемия), лейкопения, гранулоцитопения, нейтропения, тромбоцитопения, лейкоцитоз, гранулоцитоз, моноцитоз, лимфоцитопения, базофилия және эозинофилия;
- уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы), Стивенс-Джонсон синдромы;
- бас айналуы, дімкәстік, шаршау, түнде қорқынышты түстер көру, вертиго, гиперактивтілік, күйгелектік немесе мазасыздық сезімі, ұйқысыздық, ұйқышылдық, әлсіздік, қызу, түс қабылдаудың бұзылуы, сананың шатасуы және эпилептоидтық белсенділік;
- плевра экссудаты, кеуденің ауыруы, ентігу, жөтел, ринит, жедел дистресс синдромының дамуы;
- бауыр ферменттерінің аспартаттрансаминаза (АСТ), аланинтрансаминаза (АЛТ), гамма-глутамилтрансфераза (гамма-ГТФ), билирубин және /немесе лактатдегидрогеназа (ЛДГ) және қан сарысуындағы сілтілік фосфатаза деңгейінің уақытша жоғарылауы, транзиторлы гепатит, холестаздық сарғаю;
- тері бөртпесі, есекжем, терінің қышуы, уытты эпидермальді некролиз;
- нефроуыттылық, интерстициальді нефрит, анықталмаған нефропатия, протеинурия, бүйрек жеткіліксіздігі, қандағы мочевина (АМК) және креатинин концентрациясының уақытша жоғарылауы, креатининнің жоғарылауы, бұл негізінен осы ДЗ басқа ықтимал нефроуытты дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданатын ауыр пациенттерде байқалады;
- Кумбстың оң реакциясы, «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, гиперкреатининемия, сілтілік фосфатаза, гамма-глутамилтрансфераза, билирубин және/немесе сарысудағы лактатдегидрогеназа концентрациясының жоғарылауы, протромбин уақытының жоғарылауы, гипергликемия, гипогликемия.
Өте сирек
- коагуляцияның бұзылуы (қан ұюы) және нәтижесінде қан кетудің жоғарылауы; гемоглобиннің және/немесе гематокриттің төмендеуі, анемия, агранулоцитоз, апластикалық анемия, панцитопения және гемолитикалық анемия;
- анафилаксиялық шок, тыныс алу жолдарының тарылуымен көмейдің ісінуі, жүрек қағу жиілігінің жоғарылауы, ентігу, артериялық қысымның төмендеуі, тілдің ісінуі, анальді қышыну, генитальді қышыну, беттің ісінуі;
- жалған жарғақшалы колит. Бұл жағдай емдеуді дереу бастауды талап етеді.
Жиілігі белгісіз
- бас ауыруы, парестезия, миоклония;
- метеоризм, асқазанның құрысуы, эпигастрийдегі ауырсыну, қыжыл, стоматит;
- бүйрек жеткіліксіздігі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz