Жиі
• бұлшықетішілік инъекция орнындағы ауырсыну, кейде тығызданумен
Жиі емес
• ауыз қуысының кандидозы (ұзақ қолданған кезде)
• құрысулар §
• экзантема, эритема, мультиформалы экссудативті эритема, есекжем, қантамырлардың, шырышты қабықтардың немесе буындардың қайтымды жергілікті өткізгіштігі, (ангионевроздық ісіну), дәрілік қызба, интерстициялық пневмония немесе пневмонит
• флебит, тромбофлебит
Сирек
• вагинит, генитальді кандидоз
• лейкоцитоз, гранулоцитоз, моноцитоз, лимфоцитопения, базофилия, эозинофилия, гранулоцитопения, нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения (бұл әсерлер қайтымды)
• қандағы глюкоза концентрациясының жоғарылауы немесе төмендеуі
• бас айналуы, дімкәстік, шаршағыштық
• плеврит, ентігу немесе респираторлық дистресс, жөтел, ринит
• диарея, жүрек айнуы, құсу, тәбеттің жоғалуы, іштің кебуі, іштің ауыруы#
• АСТ, АЛТ, гамма-ГТ, билирубин және/немесе ЛДГ және сілтілі фосфатаза сарысулық концентрацияларының өтпелі жоғарылауы, өтпелі гепатит, өтпелі холестаздық сарғаю
• Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы)
• қандағы мочевина азоты (ҚМА) деңгейінің өтпелі жоғарылауы, протеинурия, интерстициялық нефрит, нақтыланбаған нефропатиялар, нефроуыттылық$
• кеуденің ауыруы
Өте сирек
• қан ұюының бұзылуы және, соның салдары ретінде, қан кетулер*
• анафилаксиялық шок (беттің ісінуі, тілдің домбығуы, тыныс жолдарының тарылуымен көмейдің ісінуі, жүрек соғуының жиілеуі, ентігу, артериялық қысымның төмендеуі)
• анустың қышынуы, жыныстық мүшелердің қышынуы
Белгісіз
• жалған жарғақшалы колит +
* Қауіп тобында К дәруменінің тапшылығына әкелетін, қан ұюының бұзылуын туғызуға қабілетті қауіп факторлары (жасанды тамақтандыру, толыққанды тамақтанбау, бауыр және бүйрек функциясының бұзылуы, тромбоцитопения) бар пациенттер, сондай-ақ қан кетуді тудыруы немесе нашарлатуы мүмкін аурулары (мысалы, гемофилия, асқазанның және он екі елі ішектің ойықжарасы) бар пациенттер.
** Тиісінше дереу шұғыл шаралар қабылдау талап етілуі мүмкін.
§ Әсіресе бүйрек жеткіліксіздігінде артық дозалану жағдайында немесе дозасы реттелмегенде.
# Көптеген жағдайларда симптомдар жеңіл сипатта болады, олар көбіне уақытында, болмаса ем тоқтатылғаннан кейін жойылады.
+ Цефазолинмен ем кезінде немесе емнен кейін ауыр және ұзақ диарея болған жағдайда дәрігерге жүгіну керек, өйткені бұл дереу емдеуді талап ететін күрделі аурудың (жалғанжарғақшалы колит) белгісі болуы мүмкін. Пациент өзін өзі перистальтиканы бәсеңдететін препараттармен кез келген емдеумен айналысудан бой тартуы тиіс.
$ Негізінен бірнеше дәрі қабылдайтын ауыр аурулары бар пациенттерде.
Сирек жағдайларда кейбір цефалоспориндерді қолдану кезінде келесі жағымсыз әсерлер тіркелген: гемоглобин және/немесе гематокрит деңгейінің төмендеуі, анемия, агранулоцитоз, аплазиялық анемия, панцитопения, гемолиздік анемия.
Сондай-ақ кейбір цефалоспориндермен емдеу кезінде келесі жағдайлар тіркелген: түнгі қорқынышты түстер, бас айналу, гипербелсенділік, күйгелектік немесе үрей, ұйқысыздық, ұйқышылдық, әлсіздік, ысынулар, түсті көрудің бұзылуы, сананың шатасуы, эпилептогендік белсенділік.