Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Порошок для приготовления раствора для внутривенного и внутримышечного введения
Дозасы
1 г
Саудалық атауы
ЦЕФАЗОЛИН-АКОС
Әсер етуші зат
Цефазолин
Мақсаты
S. pneumoniae, клебсиелла, H. influenzae, алтын түстес стафилакокк (пенициллинге сезімтал және пенициллинге төзімді) және А тобының бета-гемолитикалық стрептококктардан туындаған…
Өндіруші
Синтез
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір құтының ішінде:
белсенді зат – натрий цефазолині (цефазолинге шаққанда) 1 г.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе сарғыш реңкті ақ түсті ұнтақ.
Цефазолин-АКОС цефазолинге сезімтал қоздырғыштардан туындаған ересектер мен 1 айдан асқан балалардағы ауыр инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:
• S. pneumoniae, клебсиелла, H. influenzae, алтын түстес стафилакокк (пенициллинге сезімтал және пенициллинге төзімді) және А тобының бета-гемолитикалық стрептококктардан туындаған тыныс алу жолдарының инфекциялары;
• E. coli, Proteus mirabilis және клебсиелладан туындаған несеп шығару және жыныс жолдарының инфекциялары;
• E. coli, стрептококктардың әртүрлі штамдары, P. mirabilis, клебсиелла және алтын түстес стафилококктан туындаған өт жолдарының инфекциялары;
• алтын түстес стафилококк (пенициллинге сезімтал және пенициллинге төзімді), А тобындағы бета-гемолитикалық стрептококктардан және стрептококктың басқа штамдарынан туындаған тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары;
• алтын түстес стафилококктан туындаған сүйек пен буын инфекциялары;
• S. pneumoniae, Staphylococcus aureus (пенициллинге сезімтал және пенициллинге төзімді), P. mirabilis, E. coli және клебсиелладан туындаған сепсис;
• алтын түстес стафилококк (пенициллинге сезімтал және пенициллинге төзімді) және А тобындағы бета-гемолитикалық стрептококктан туындаған эндокардит;
• периоперациялық профилактика: инфекциялық немесе ықтимал инфекциялық деп жіктелген операциядан кейінгі пациенттерде операциядан кейінгі белгілі бір инфекциялардың жиілігін төмендетуге бағытталған операция алдындағы, интраоперациялық және операциядан кейінгі профилактика.
Бактерияға қарсы препараттарды дұрыс қолдану мен тағайындауға қатысты ресми ұсыныстарды ескеру қажет.
ATХ коды: J01DВ04
Әсер ету механизмі
Цефазолиннің әсер ету механизмі транспептидазалар сияқты пенициллин байланыстырушы ақуыздарды (PBPs) бөгеу арқылы бактериялық жасуша қабырғасының синтезін (өсу фазасында) тежеуге негізделген. Бұл бактерицидтік әсерге әкеледі.
Фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы арасындағы байланыс
Цефазолиннің тиімділігі негізінен белсенді заттың концентрациясы қоздырғыштың ең төменгі тежегіш концентрацияларынан (ЕТТК) асатын уақытқа байланысты.
Резистенттілік механизмдері
Цефазолинге резистенттілік келесі механизмдерге байланысты болуы мүмкін:
• Бета-лактамазалармен белсенділік жойылуы: цефазолин грам-оң бактериялардың пенициллиназаларына жоғары төзімділікке ие, бірақ ол әсер ету ауқымы кеңейтілген бета-лактамазалар (ESBLs – extended spectrum beta-lactamases) немесе АmpС типті хромосомалық-кодталған бета-лактамазалар сияқты көптеген плазмид-кодталған бета-лактамазаларға төзімділігі әлсіз;
• Цефазолинге PBPs афинділіктің төмендеуі: Пневмококктарда және басқа стрептококктарда пайда болған резистенттілік мутация нәтижесінде бұрыннан бар PBPs модификациясы салдарынан туындайды. Метициллин-(оксациллин)-резистентті стафилококктар жағдайында резистенттілік цефазолинге жақындығы төмендеген қосымша PBPs түзілуіне байланысты;
• Цефазолиннің сыртқы жасуша қабырғасы арқылы жеткіліксіз енуі грам теріс бактерияларда PBP тежелуіне әкелуі мүмкін;
• Эффлюкстік помпалар арқылы цефазолиннің жасушадан белсенді тасымалдануы.
Цефазолиннің басқа цефалоспориндермен және пенициллиндермен ішінара немесе толық айқаспалы резистенттілігі бар.
Шекті мәндер
Цефазолинді тестілеу бірқатар стандартты сұйылтуды қолдану арқылы жүргізіледі. Сезімтал және резистентті микроорганизмдер үшін келесі ең төменгі тежегіш концентрациялар (ЕТТК) анықталды:
EUCAST бойынша шекті мәндер (микробқа қарсы препараттарға сезімталдықты тестілеу бойынша Еуропалық комитет)
Сезімтал — Резистентті
Viridans тобының стрептококктары — ≤ 0,5 мг/л — > 0,5 мг/л
Спецификалық емес шекті мәндер* (Staphylococcus spp1 қоспағанда.) — ≤ 1 мг/л — > 2 мг/л
* Қан сарысуындағы фармакокинетикаға негізделген.
1 Staphylococcus spp. үшін оксациллинге немесе цефокситинге тест нәтижелері релевантты деп саналады. Бағалау әдісі келесідей: метициллин-(оксациллин) - резистентті стафилококктар тест нәтижелеріне қарамастан цефалоспориндерге резистентті болып саналады.
Жүре пайда болған резистенттіліктің таралуы
Жекелеген түрлердің пайда болған резистенттілігінің таралушылығы аймақ пен уақытқа байланысты ауытқуы мүмкін. Сондықтан ауыр инфекцияларды талапқа сай емдеу үшін резистенттілік жағдайы туралы жергілікті ақпарат қажет. Егер цефазолиннің тиімділігі резистенттілікпен жергілікті жағдайға байланысты күмәнді болса, сарапшылардан кеңес алу керек. Ауыр инфекциялар немесе сәтсіз емдеу жағдайында қоздырғышты сәйкестендіріп, оның цефазолинге сезімталдығын анықтай отырып, микробиологиялық диагностика жүргізу ұсынылады.
Әдетте сезімтал түрлері
Аэробты грамоң микроорганизмдер
Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал)
Staphylococcus saprophyticus1
Streptococcus agalactiae1
Streptococcus pneumoniae1
Streptococcus pyogenes1
Емдеу кезінде жүре пайда болған төзімділік проблема болуы мүмкін түрлер
Аэробты грамоң микроорганизмдер
Staphylococcus aureus2
Staphylococcus epidermidis3
Staphylococcus haemolyticus3
Staphylococcus hominis3
Streptococcus pneumoniae (пенициллин-аралық)
Аэробты грамтеріс микроорганизмдер
Escherichia coli
Haemophilus inflenzae 4
Klebsiella oxytoca
Klebsiella pneumoniae
Proteus mirabilis
Табиғи төзімділігі бар микроорганизмдер
Аэробты грамоң микроорганизмдер
Enterococcus spp.
Staphylococcus aureus (метициллин-резистентті)
Streprtococcus pneumoniae (пенициллин-резистентті)
Аэробты грамтеріс микроорганизмдер
Acinetobacter spp.
Citrobacter freundii
Enterobacter spp.
Legionella spp.
Morganella morganii
Moraxella catarrhalis
Proteus vulgaris
Pseudomonas aeruginosa
Serratia marcescens
Stenotrophomonas maltophilia
Анаэробты микроорганизмдер
Bacteroides fragilis
Басқа микроорганизмдер
Chlamydia spp.
Chlamydophila spp.
Mycoplasma spp.
1Кестені жариялау кезінде өзекті деректер болған жоқ. Бастапқы әдебиетте, стандартты дереккөздерде және емдеу бойынша нұсқауларда сезімталдық қабылданады.
2Амбулаториялық тәжірибеде резистенттілік деңгейі 10%-дан аз.
3Кем дегенде бір аймақта резистенттілік деңгейі 50%-дан асты.
4 Көптеген изоляттардың табиғи сезімталдығы аралық диапазонда болып табылады.
• Фармакокинетикалық қасиеттері
Абсорбциясы
3,5 мг цефазолин/кг (250 мг жуық) бір сағаттық вена ішіне енгізу және 1,5 мг цефазолин/кг (100 мг жуық) кейінгі екі сағаттық вена ішіне енгізу үшінші сағат ішінде қан сарысуындағы цефазолиннің шамамен 28 мкг/мл деңгейіне әкелді.
Перитонеальді диализдегі (2 л/сағ) пациенттерде 50 мг/л немесе 150 мг/л ерітіндіні 24 сағат енгізгеннен кейін қан сарысуындағы орташа концентрация тиісінше 10 мгк/мл және 30 мкг/мл құрады. 50 мг/л енгізу кезінде орташа ең жоғары концентрация 29 мкг/мл (3 пациент), 150 мг/л енгізу кезінде – 72 мкг/мл құрады.
Бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін сарысудағы концентрация (мкг/мл)
Доза — 30 мин. — 1 сағ. — 2 сағ. — 4 сағ. — 6 сағ. — 8 сағ.
250 мг — 15,5 — 17 — 13 — 5,1 — 2,5
500 мг — 36,2 — 36,8 — 37,9 — 15,5 — 6,3 — 3
1 г* — 60,1 — 63,8 — 54,3 — 29,3 — 13,2 — 7,1
* екі зерттеу нәтижелері бойынша орташа балл
Вена ішіне енгізгеннен кейін сарысудағы концентрация (мкг/мл)
Доза — 5 мин кейін — 15 мин кейін — 30 мин кейін — 1 сағаттан кейін — 2 сағаттан кейін — Кейін 4 сағат
1 г — 188,4 — 135,8 — 106,8 — 73,7 — 45,6 — 16,5
Вена ішіне енгізгенде жартылай шығарылу кезеңі шамамен бір жарым сағатты құрайды.
Таралуы
Плазма ақуыздарымен байланысуы 65-тен 92%-ға дейін, таралу көлемі шамамен 11 л/1,73 м2 құрайды.
Өт жолдарының окклюзиясы жоқ пациенттерге цефазолин енгізген кезде өт қабы мен өт сұйықтығының тініндегі концентрация қан сарысуындағы концентрациядан едәуір асып түседі. Алайда, өт жолдарының обструкциясы болғанда өт сұйықтығындағы антибиотиктің концентрациясы сарысудағыға қарағанда едәуір төмен.
Жұлын-ми сұйықтығына (соның ішінде менингит кезінде) және көз камераларының сулы ылғалдылығына диффузия жеткіліксіз.
Цефазолин қабынған синовиальді қабық арқылы өтеді және антибиотиктің буын кеңістігіндегі концентрациясы қан сарысуындағы деңгеймен салыстырмалы болды.
Цефазолин плаценталық бөгет арқылы өтіп, кіндік қаны мен қағанақ суына енеді, сондай-ақ емшек сүтінде өте төмен концентрацияларда болады.
Биотрансформациясы және элиминациясы
Цефазолин несеппен өзгеріссіз, негізінен шумақтық сүзіліс есебінен және аз дәрежеде өзекшелік секреция арқылы шығарылады. Бұлшықет ішіне 500 мг инъекциядан кейін енгізілген дозаның 56%-дан 89%-на дейінгісі алты сағат ішінде және 80%-дан 100%-ға дейінгісі 24 сағат ішінде бүйрекпен шығарылады.
Несептегі цефазолиннің ең жоғары концентрациясы шамамен 1000 және 4000 мкг/мл-ге жетеді, тиісінше 500 мг және 1 г цефазолинді бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін қол жеткізіледі.
Цефазолин диализге жауап береді (гемо- және перитонеальді диализ). 6 сағаттық диализ кезінде шығарылу 23 % құрайды.
• Клиникаға дейінгі қауіпсіздік деректері
Фармакологиялық қауіпсіздікті, көп реттік енгізу кезіндегі уыттылықты, геноуыттылықты, канцерогендік әлеует пен ұрпақ өрбіту және онтогенетикалық уыттылықты стандартты зерттеу нәтижелері бойынша алынған клиникаға дейінгі деректерде адам үшін ерекше зиян анықталған жоқ.
• ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Дозалау режимі
Дозасы, енгізу әдісі және дозалау аралығы инфекцияның ауырлығына, анықталған қоздырғыштардың сезімталдығына және пациенттің жағдайына (мысалы, бүйрек функциясы) байланысты.
Бүйрек функциясы бұзылмаған ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер
Жоғары сезімтал қоздырғыштардан туындаған инфекциялар
Ересектерге арналған әдеттегі доза күніне 1 г-нан 2 г-ға дейінді құрайды, жиілігі – екі немесе үш теңдей доза (әр 8-12 сағат сайын бір дозадан).
Сезімталдығы азырақ қоздырғыштардан туындаған инфекциялар
Әдеттегі доза күніне 3-тен 4 г-ға дейінді құрайды, жиілігі – үш немесе төрт теңдей доза (әр 6-8 сағат сайын бір дозадан).
Ауыр және өмірге қауіп төндіретін инфекциялар кезінде
Дозасы күніне 6-дан 12 г-ға дейін, жиілігі үш немесе төрт теңдей дозаны құрайды (әр 6-8 сағат сайын бір дозадан).
Операция алдындағы профилактика үшін ересектер мен жасөспірімдерге келесі дозалар ұсынылады:
А) операция басталғанға дейін 30-60 минут бұрын вена ішіне немесе бұлшықет ішіне 1 г;
Б) ұзақтау операциялық араласулар үшін (мысалы, 2 сағат немесе одан да көп) операция кезінде вена ішіне немесе бұлшықет ішіне 0,5-тен 1 г-ға дейін (енгізу операцияның ұзақтығына байланысты өзгереді);
В) операциядан кейін 24 сағат ішінде 6-8 сағат сайын вена ішіне немесе бұлшықет ішіне 0,5-тен 1 г-ға дейін, немесе инфекцияның пайда болуы ерекше қауіп төндіретін хирургиялық араласулар кезінде 3-5 күн бойы.
Операция алдындағы кезеңде дозаны енгізу сарысу мен тіндердегі антибиотиктердің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін операция басталғанға дейін 30-60 минут бұрын уақтылы жүргізілуі маңызды, одан өзге инфекция қаупі болған жағдайда сарысу мен тіндерде цефазолиннің талапқа сай мөлшерін қамтамасыз ету үшін препаратты операция кезінде тиісті аралықпен енгізу керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек функциясы бұзылған ересек пациенттер
Бүйрек функциясы бұзылған ересектерге кумуляцияны болдырмау үшін дозаны түзету қажет. Дозаны төмендету қандағы препарат деңгейін анықтауға негізделуі мүмкін. Егер бұл мүмкін болмаса, доза креатинин клиренсінің мәніне қарай есептеледі.
Бүйрек функциясы бұзылған жағдайда тиісті бастапқы дозаны тағайындау керек. Кейінгі дозалануы бүйрек функциясының бұзылу дәрежесіне, инфекцияның ауырлығына және қоздырғыштың сезімталдығына байланысты болуы керек.
Гемодиализдегі пациенттерде емдеу режимі диализ жағдайларына байланысты.
Креатинин клиренсі (мл/мин) — Сарысудағы креатинин (мг/100 мл) — Доза — Жиілігі
≥ 55 — ≤ 1,5 — Стандартты доза — Қалыпты жиілік
35–54 — 1,6–3,0 — Стандартты доза — 8 сағат сайын немесе одан да көп
11–34 — 3,1–4,5 — Стандартты дозаның жартысы — 12 сағат сайын
≤ 10 — ≥ 4,6 — Стандартты дозаның жартысы — 18-24 сағат сайын
Сәбилер (1 айдан асқан) және балалар
3-4 қабылдауға тең бөлінген 25-50 мг/кг жалпы тәуліктік доза ауырлық дәрежесі орташа инфекцияларда тиімді. Ауыр инфекциялар кезінде жалпы тәуліктік дозаны 100 мг/кг дейін арттыруға болады.
Бүйрек функциясы бұзылған балалар
Бүйрек функциясы бұзылған балаларға (ересектер сияқты) дозаны түзету қажет болуы мүмкін. Дозаны төмендету қандағы антибиотик деңгейін анықтауға негізделуі мүмкін. Егер бұл мүмкін болмаса, дозаны келесі нұсқауларға сәйкес креатинин клиренсін есептеу негізінде анықтауға болады. Бүйрек функциясы бұзылған жағдайда тиісті бастапқы дозаны тағайындау керек. Кейінгі дозалануы бүйрек функциясының бұзылу дәрежесіне, инфекцияның ауырлығына және қоздырғыштың сезімталдығына байланысты болуы керек.
Креатинин клиренсі (мл/мин) — Тәуліктік доза
70–40 — Тәуліктік дозаның 60%-ы
40–20 — Тәуліктік дозаның 25%-ы
20–5 — Тәуліктік дозаның 10%-ы
Шала туылған нәрестелер мен 1 айға дейінгі сәбилер
Шала туылған нәрестелер мен 1 айға дейінгі сәбилерде қолдану қауіпсіздігі анықталмаған, бұл пациенттерде цефазолинді қолдану ұсынылмайды.
Егде жастағы пациенттер
Бүйрек функциясы қалыпты егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес.
Енгізу жолы және тәсілі
Вена ішіне (сорғалатып және тамшылатып), бұлшықет ішіне. Бір бұлшықет ішіне енгізу үшін 500 мг-нан аспайтын цефазолинді қолдану керек. Құрамында анестетик бар цефазолин ерітінділерін ешқандай жағдайда вена ішіне енгізуге болмайды.
Дәрілік препарат ерітінділерін дайындау
Бұлшықет ішіне енгізу үшін 1 г препаратты натрий хлоридінің изотониялық 4–5 мл ерітіндісінде немесе инъекцияға арналған суда ерітеді. Алынған ерітіндіні бұлшықетке терең етіп енгізеді.
Вена ішіне сорғалатып енгізу үшін препараттың бір реттік дозасын
0,9 % натрий хлоридінің изотониялық 10 мл ерітіндісінде сұйылтып 3–5 минут бойы баяу енгізеді.
Вена ішіне препаратты тамшылатып енгізген кезде 0.9 % натрий хлоридінің изотониялық 100–250 мл ерітіндісінде немесе 5 % декстроза ерітіндісінде сұйылтып, 20–30 мин бойы енгізеді (енгізу жылдамдығы 1 минутта 60–80 тамшы).
Құты ішіндегісін сұйылтқан кезде толық ерігенге дейін жақсылап сілку қажет.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Енгізу жиілігі - тәулігіне 2–4 рет.
Емдеу ұзақтығы
Емдеудің орташа ұзақтығы 7–10 күн.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алған кезде қажетті шаралар
Сипатталған жоқ.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуына нұсқау
Сипатталған жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге немесе дәріхана қызметкеріне хабарласыңыз.
• цефалоспориндер тобының препараттарына және басқа беталактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық;
• жүктілік және лактация кезеңі;
• жаңа туған нәрестелер (1 айға дейін);
• жүрек блокадасы.
Цефазолинді бұлшықет ішіне енгізер алдында лидокаинге қарсы көрсетілімдер алынып тасталуы тиіс. Балаларда еріткіш ретінде тек 1% лидокаинді қолданыңыз.
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Жиі
• аллергиялық тері реакциялары (эритема, есекжем, қышыну);
• диарея, жүрек айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі, іштің кебуі, іштің ауыруы4.
Жиі емес
• тромбоцитопения, нейтропения, лейкопения, эозинофилия, агранулоцитоз, гемолиздік анемия;
• аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары (ангионевроздық ісіну, дәрілік қызба);
• АСТ, АЛТ, сілтілік фосфатаза деңгейінің уақытша елеусіз жоғарылауы;
• флебит, тромбофлебит.
Сирек
• қан ұюының бұзылуы, қан кету1;
• интерстициялық нефрит және басқа бүйрек аурулары6.
Өте сирек
• өмірге қауіп төндіретін анафилаксиялық шок2;
• қайтымды гепатит, холестаздық сарғаю.
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
• ұзақ мерзімді емдеу немесе қайта қолдану суперинфекцияға немесе төзімді бактериялармен немесе ашытқы зеңдерімен (мысалы, ауыз қуысы кандидозы, қынаптық кандидоз) колонизацияға әкелуі мүмкін;
• бас ауыруы, бас айналуы, парестезия, орталық жүйке жүйесінің қозуы, миоклония, құрысулар3;
• жалған жарғақшалы колит5.
1Қауіп тобында К дәруменінің тапшылығына әкелетін немесе қан ұюының басқа механизмдеріне әсер ететін қауіп факторлары бар пациенттер, сондай-ақ қан кетуді тудыруы немесе күшейтуі мүмкін аурулары бар пациенттер.
2Бұл жағдайларда шұғыл көмекке қажет болуы мүмкін.
3 Әсіресе бүйрек жеткіліксіздігінде артық дозалану немесе дұрыс емес дозалау жағдайында.
4Көп жағдайда симптомдар жеңіл болады және емдеу кезінде немесе көбіне оны тоқтатқаннан кейін басылады.
5Цефазолинмен емдеу кезінде немесе одан кейін ауыр және ұзаққа созылған диарея кезінде дәрігермен кеңесу керек, себебі бұл жедел емдеуді қажет ететін күрделі аурудың - жалған жарғақшалы колиттің белгісі болуы мүмкін. Пациент ішек перистальтикасын бәсеңдететін препараттармен өзін-өзі емдеуден аулақ болу керек.
6Көбінесе бірнеше дәрілік препарат қабылдаған ауыр науқастанған пациенттерде байқалады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: ұйқышылдық, парестезия, бас ауыруы, ұстамалар болуы мүмкін, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде. Артық дозаланғанда зертханалық көрсеткіштердің өзгеруі: қан сарысуындағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, функционалдық бауыр тесттерінің өзгеруі, Кумбстың оң сынамасы, тромбоцитоз, тромбоцитопения, эозинофилия, лейкопения, протромбин уақытының ұзаруы.
Емі – симптоматикалық ем. Ауыр дозалану жағдайында, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда гемодиализ және гемосорбция қолданылады.
Сақтықпен: бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі; ішек аурулары (оның ішінде анамнездегі колит); балалар жасы (1 жасқа дейін); бронх демікпесі бар пациенттер, анамнезінде бөртулер немесе есекжем көріністері болғанда; тамақтанудың жеткіліксіздігі немесе бұзылуы жағдайларында, парентеральді тамақтану жүргізілгенде немесе күшін айқын жоғалтқан пациенттерге (бұл пациенттер К дәрумені тапшылығымен зардап шегуі мүмкін, оларға мұқият мониторинг жүргізу қажет).
Егде жастағы пациенттерге сақтықпен пайдаланып, дозаларға және дозаларды енгізу арасындағы аралықтарға айрықша көңіл аудару керек. Физиологиялық функциялары төмендеуіне байланысты егде пациенттерде К дәрумені тапшылығы туындататын әлеуетті қан кету сияқты жағымсыз құбылыстардың пайда болуы ықтимал.
Арнайы ескертулер
Аса жоғары сезімталдық реакциялары
Басқа бета-лактамды бактерияға қарсы дәрілер жағдайындағыдай, Цефазолинге ауыр және кенеттен өлімге әкелетін аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарламалар бар. Аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары дамыған жағдайда Цефазолинмен емдеуді дереу тоқтату және талапқа сай емдік іс-шараларды жүргізуді бастау керек. Емдеуді бастар алдында пациентте анамнезінде Цефазолинге, басқа цефалоспориндерге немесе басқа бета-лактамдарға ауыр аса жоғары сезімталдық реакциялары бар-жоғын анықтау керек. Анамнезінде басқа да бета-лактамды препараттарға ауыр емес аса жоғары сезімталдық реакциялары бар пациенттерге цефазолинді сақтықпен қолдану керек.
Анамнезінде басқа бета-лактамды препараттарға ауыр емес аса жоғары сезімталдық реакциялары бар пациенттерге Цефазолинді сақтықпен қолданған жөн.
Анамнезінде аллергиялық реакциялардың (бронх демікпесі, аллергиялық ринит) кез келген түрі болған пациенттерде Цефазолинді қолданған кезде сақ болу қажет.
Бактерияға қарсы препараттармен емдеу, әсіресе егде жастағы адамдарда ауыр ауруларда, сондай-ақ әлсіз пациенттерде, балаларда антибиотикпен астасқан диареяның, колиттердің, оның ішінде жалған жарғақшалы колиттің пайда болуына әкелуі мүмкін. Сондықтан, Цефазолинмен емдеу кезінде немесе одан кейін диарея туындаған кезде осы диагноздарды, оның ішінде жалған жарғақшалы колитті жоққа шығару керек. Цефазолин қолдануды ауыр және/немесе қан аралас іш өту жағдайында тоқтату және тиісті ем жүргізу қажет.
Цефазолинді ұзақ қолдану микроорганизмдердің сезімталсыздығының (резистенттілік) дамуына әкелуі мүмкін. Пациентті мұқият клиникалық бақылау өте қажет.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде жоғары дозаларды мақсатқа сай емес тағайындағанда құрысу туындауы мүмкін.
Бүйрек функциясы төмендеген науқастарда бүйректің функционалдық зақымдануының ауырлығына байланысты Цефазолин енгізулері арасындағы дозалар мен аралықтарды дұрыс таңдау қажет. Бүйрек тұрақсыз жұмыс істеген жағдайда қан сарысуындағы Цефазолин деңгейін тұрақты бақылау препаратты қолдану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 55 мл/мин-ден төмен шумақтық сүзіліс жылдамдығымен бүйрек функциясының ауыр бұзылуы кезінде цефазолиннің жинақталуын күтуге болады, сондықтан дозаны тиісті түрде азайту немесе дозалау аралығын арттыру керек («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Цефалоспориндер протромбин белсенділігінің төмендеуін тудыруы мүмкін. Қауіп тобына бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар немесе алиментарлық статусы нашар пациенттер, сондай-ақ бактерияға қарсы емнің ұзақ курсынан өткен пациенттер және бұрын антикоагулянттық емге тұрақтанған пациенттер кіреді. Қауіп тобындағы пациенттерде протромбин уақытын немесе ХҚҚ бақылау қажет. Қажет болса, К дәруменін енгізу керек (аптасына 10 мг).
Цефазолин жұлын сұйықтығының нашар өткізгіштігіне байланысты менингитті емдеуге жарамайды.
Егер олар Бенедикт ерітіндісін, Фелинг ерітіндісін немесе Клинитест таблеткаларын пайдалана отырып жүргізілсе, несептегі қант құрамына зертханалық талдаулардың жалған оң нәтижелері байқалуы мүмкін. Сонымен қатар, Цефазолин ферменттік әдістер арқылы өндірілген несептегі қанттың мөлшеріне талдау нәтижелеріне әсер етпейді. Одан өзге, Кумбстың тікелей және тікелей емес тестінің жалған оң нәтижелері байқалуы мүмкін, мысалы, анаcы Цефазолинмен емделген нәрестелерде.
Цефазолиннің 1000 мг бір құтысында 2,1 ммоль/л (немесе 48 мг) натрий бар. Бұл деректерді құрамында аз мөлшерде натрий бар диетадағы пациенттер үшін назарға алу қажет.
Педиатрияда қолдану
Шала туған нәрестелерде және жаңа туған нәрестелерде пайдалану қауіпсіздігі анықталмағанына байланысты, осы пациенттерге препаратты қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Цефазолин-АКОС препаратын қолданғанда мыналар туындауы мүмкін: бас айналуы, құрысу, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, осыған байланысты емдеу кезінде көлік құралын немесе ықтимал қауіпті механизмдерді басқарудан бас тарту керек.
Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.
Антибиотиктер
Цефазолинді бактериостатикалық әсері бар антибиотиктермен (мысалы, тетрациклиндермен, сульфаниламидтермен, эритромицинмен, хлорамфениколмен) бір мезгілде тағайындауға болмайды, өйткені in vitro антагонистік әсерлері байқалды.
Антикоагулянттар
Цефалоспориндер сирек жағдайларда коагуляцияның бұзылыстарына және қан кетуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан антикоагулянттар (мысалы, варфарин немесе гепарин) енгізілген кезде коагуляция көрсеткіштерін бақылау керек.
К дәрумені
Цефамандол, цефазолин және цефотетан сияқты кейбір цефалоспориндер К1 дәруменінің алмасуын, әсіресе К1 дәруменінің тапшылығы жағдайында бұзады. Бұл К1 дәруменімен орын басу терапиясын қажет етуі мүмкін.
Пробенецид
Пробенецидті бір мезгілде қабылдаған кезде цефазолиннің бүйректік клиренсі төмендейді.
Нефроуытты препараттар
Антибиотиктердің (мысалы, аминогликозидтер, колистин, полимиксин В) және диуретиктердің (мысалы, фуросемид) нефроуытты әсерін жоққа шығаруға болмайды.
Цефазолинмен бірге қолданған жағдайда бүйрек көрсеткіштерін мұқият бақылау қажет.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.