Цефтриаксон
Цефтриаксонды пайдаланған кезде жиі кездесетін жағымсыз реакциялар эозинофилия, лейкопения, тромбоцитопения, диарея, бөртпе және бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы болып табылады.
Цефтриаксонның жағымсыз реакцияларының пайда болу жиілігі клиникалық сынақтардың деректері негізінде анықталған.
Жағымсыз реакциялар жиілігінің параметрлері былайша анықталады: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100, < 1/10 дейін); жиі емес (≥ 1/1000, < 1/100 дейін); сирек (≥ 1/10000, < 1/1000 дейін); өте сирек (< 1/10000); жиілігі белгісіза (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).
Инфекциялық және паразиттік аурулар: жиі емес - гениталий зеңдік инфекциясы; сирек - жалған жарғақшалы колитb; жиілігі белгісіз - суперинфекцияb.
Қан және лимфа жүйесі тарапынан: жиі - эозинофилия, лейкопения, тромбоцитопения; жиі емес - гранулоцитопения, анемия, коагулопатия; жиілігі белгісіз - гемолиздік анемияb, агранулоцитоз.
Иммундық жүйе тарапынан: жиілігі белгісіз - анафилаксиялық шок, анафилаксиялық реакция, анафилактоидты реакция, аса жоғары сезімталдықb, Яриш-Герксгеймер реакциясыb.
Жүйке жүйесі тарапынан: жиі емес - бас ауыруы, бас айналу; сирек - энцефалопатия; жиілігі белгісіз - құрысулар.
Есту мүшесі тарапынан және лабиринттік бұзылулар: жиілігі белгісіз - вертиго.
Жүрек тарапынан: жиілігі белгісіз - Коунис синдромы.
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан: сирек - бронх түйілуі.
Асқазан-ішек жолы тарапынан: жиі - диареяb, сұйық нәжіс; жиі емес - жүрек айну, құсу; жиілігі белгісіз - панкреатитb, стоматит, глоссит.
Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан: жиі - бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы; жиілігі белгісіз - өт қабында преципитаттардың түзілуіb, ядролық сарғаю, гепатитс, холестаздық гепатитb,с.
Тері мен тері астындағы тіндер тарапынан: жиі - бөртпе; жиі емес -қышыну; сирек - есекжем; жиілігі белгісіз - Стивенс-Джонсон синдромыb, уытты эпидермалық некролизb, көп формалы эритема, жедел жайылған экзантематозды пустулез, эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS)b.
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан: сирек - гематурия, глюкозурия; жиілігі белгісіз - олигурия, бүйректе преципитаттардың түзілуі (қайтымды).
Енгізу орнындағы жалпы бұзылыстар мен бұзылулар: жиі емес - флебит, инъекция орнындағы реакциялар, қызба; сирек - ісіну, қалтырау.
Зертханалық және құралмен тексеру деректері: жиі емес - қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы; жиілігі белгісіз - Кумбс сынамасының жалған оң нәтижесі b, галактоземия тестінің жалған оң нәтижесі b, ферментті емес әдістермен несептегі глюкозаны анықтаған кездегі жалған оң нәтижелерb.
a Постмаркетингтік зерттеулердің деректері негізінде. Бұл жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар белгісіз өлшемдегі популяциядан өз бетінше келетіндіктен, олардың туындау жиілігін дұрыс көрсету мүмкін емес, сондықтан олар "жиілігі белгісіз" деп жіктеледі.
b Арнайы ескертулер бөлімін қараңыз.
c Әдетте цефтриаксонды қолдануды тоқтатқаннан кейін қайтымды болады.
Жекелеген жағымсыз реакциялар сипаттамасы
Инфекциялар мен паразиттік инвазиялар
Цефтриаксонмен емдеуден кейінгі диарея туралы хабарламалар Clostridium difficile шамадан тыс өсуімен байланысты болуы мүмкін. Емдеу тактикасы су-электролиттік теңгерімнің бұзылуын тиісінше түзетуді қамтуы тиіс.
Цефтриаксонның кальций тұзы преципитаттарының түзілуі
Цефтриаксон мен кальций препараттарын вена ішіне қабылдаған шала туған және мерзіміне жетіп туған нәрестелерде (<28 күндік жаста) сирек, ауыр және бірнеше жағдайда өлімге әкелетін жағымсыз реакциялар байқалды. Аутопсия кезінде өкпе мен бүйректе цефтриаксон кальций тұзының преципитаттары табылды. Жаңа туған нәрестелерде преципитат түзілуінің жоғары қаупі қан көлемінің аздығы және ересектерге қарағанда цефтриаксонның жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығы салдары болып табылады.
Несеп шығару жолдарында цефтриаксонның шөгу жағдайлары, негізінен жоғары доза қабылдаған (мысалы, тәулігіне ≥ 80 мг/кг немесе жалпы дозасы 10 г-нан асатын) және басқа қауіп факторлары (мысалы, сусыздану, төсек режимі) бар балаларда байқалды. Преципитаттардың түзілуі симптомдармен қатар жүруі немесе симптомсыз болуы мүмкін және уретраның обструкциясына және постренальді жедел бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін, бірақ әдетте цефтриаксон қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтымды болады.
Өт қабында цефтриаксон кальций тұзы преципитаттарының түзілуі байқалды, ең алдымен стандартты ұсынылған дозадан асатын дозалар қабылдайтын пациенттерде. Балаларда проспективті зерттеулер вена ішіне енгізген кезде преципитаттардың әртүрлі түзілу жиілігін көрсетеді - кейбір зерттеулерде 30% - дан астам. Баяу инфузия (20-30 минут) кезінде преципитаттардың пайда болу жиілігі төмендеді. Преципитаттардың түзілуі әдетте симптомсыз өтеді, бірақ сирек жағдайларда ауырсыну, жүрек айну және құсу сияқты клиникалық симптомдар туындады. Мұндай жағдайларда симптоматикалық емдеу ұсынылады. Цефтриаксонмен емдеуді тоқтатқаннан кейін преципитаттардың түзілуі әдетте қайтымды болады.
Енгізу орнындағы реакциялар
Бұлшықет ішіне инъекция клиникалық тұрғыдан ауыртады. Инъекция орнындағы басқа реакцияларға инъекция орнындағы эритема, инъекция орнындағы экстравазация, инъекция орнындағы ісіну, инъекция орнындағы бөртпе, инъекция орнындағы қышыну, инъекция орнындағы қабыну, инъекция орнындағы қатаю және инъекция орнындағы гематома жатады. Асқынулар, соның ішінде инъекция орнындағы инфекция және инъекция орнындағы абсцесс сирек хабарланды.
Лидокаин
Төменде келтірілген мәліметтер лидокаинді қолдану кезінде байқалған жағымсыз реакцияларды сипаттайды. Цефтриаксон мен лидокаинді біріктіріп қолдану туралы спецификалық деректер жоқ.
Лидокаинге жағымсыз реакциялар, әдетте, кездейсоқ тамыр ішіне енгізу, дозаны арттыру немесе көп қанмен қамтамасыз етілген жерлерден тез сіңу салдарынан немесе аса жоғары сезімталдық, идиосинкразия немесе препараттың пациентке жағымдылығының төмендеуі салдарынан қан плазмасында оның концентрациясының жоғарылауының нәтижесі болып табылады. Жүйелік уыттылық реакциялары негізінен орталық жүйке жүйесі тарапынан және / немесе жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан көрініс береді.
Иммундық жүйе тарапынан: сирек - аса жоғары сезімталдық реакциялары (аллергиялық немесе анафилактоидты реакциялар және анафилаксиялық шок).
Психика тарапынан: жиілігі белгісіз - күйгелектік.
Жүйке жүйесі тарапынан: жиілігі белгісіз - бас айналу немесе естен тану алдындағы жай-күй, діріл, ауыз маңындағы парестезия, тілдің ұюы, ұйқышылдық, құрысулар, кома.
Көру мүшесі тарапынан: жиілігі белгісіз - анық көрмеу, диплопия, өтпелі амавроз.
Есту мүшелері тарапынан және лабиринттік бұзылулар: жиілігі белгісіз - құлақтың шуылдауы, гиперакузия.
Жүрек тарапынан: жиілігі белгісіз - брадикардия, миокардтың бәсеңдеуі, жүрек аритмиясы, жүректің тоқтап қалуы.
Тамырлар тарапынан: жиілігі белгісіз - гипотензия, тамыр коллапсы.
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан: жиілігі белгісіз - ентігу, бронх түйілуі, тыныс алудың бәсеңдеуі.
Асқазан-ішек жолы тарапынан: жиілігі белгісіз - жүрек айнуы, құсу.
Тері мен тері астындағы тіндер тарапынан: жиілігі белгісіз - бөртпе, есекжем, ісіну (ангионевроздық ісіну мен беттің ісінуін қоса).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz