Цефтриаксон
Цефтриаксонды пайдаланған кезде жиі кездесетін жағымсыз реакциялар эозинофилия, лейкопения, тромбоцитопения, диарея, бөртпе және бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы болып табылады.
Цефтриаксонның жағымсыз реакцияларының туындау жиілігі клиникалық сынақтардың деректері негізінде анықталған.
Инфекциялық және паразиттік аурулар: жиі емес - гениталий зеңдік инфекциясы; сирек - жалған жарғақшалы колитb; белгісіз - суперинфекцияb.
Қан және лимфа жүйесі тарапынан: жиі - эозинофилия, лейкопения, тромбоцитопения; жиі емес - гранулоцитопения, анемия, коагулопатия; белгісіз - гемолиздік анемияb, агранулоцитоз.
Иммундық жүйе тарапынан: белгісіз - анафилаксиялық шок, анафилаксиялық реакция, анафилактоидты реакция, аса жоғары сезімталдықb, Яриш-Герксгеймер реакциясыb.
Жүйке жүйесі тарапынан: жиі емес - бас ауыруы, бас айналу; сирек - энцефалопатия; белгісіз - құрысулар.
Есту мүшесі тарапынан және лабиринттік бұзылулар: белгісіз - вертиго.
Жүрек тарапынан: белгісіз - Коунис синдромы.
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан: сирек - бронхтың түйілуі.
Асқазан-ішек жолы тарапынан: жиі - диареяb, сұйық нәжіс; жиі емес - жүрек айну, құсу; белгісіз - панкреатитb, стоматит, глоссит.
Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан: жиі - бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы; белгісіз - өт қабында преципитаттардың түзілуіb, ядролық сарғаю, гепатитс, холестаздық гепатитb,c.
Тері мен тері астындағы тіндер тарапынан: жиі - бөртпе; жиі емес - қышыну; сирек - есекжем; белгісіз - Стивенс-Джонсон синдромыb, уытты эпидермалық некролизb, көп пішінді эритема, жедел жайылған экзантематозды пустулез, эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS)b.
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан: сирек - гематурия, глюкозурия; белгісіз - олигурия, бүйректе преципитаттардың түзілуі (қайтымды).
Енгізу орнындағы жалпы бұзылыстар мен бұзылулар: жиі - ісінулер, салқынды және/немесе ысынуды сезіну; жиі емес - флебит, инъекция орнындағы реакциялар, қызба; сирек - ісіну, қалтырау.
Зертханалық және құралмен тексеру деректері: жиі емес - қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы; белгісіз - Кумбс сынамасының жалған оң нәтижесіb, галактоземия тестінің жалған оң нәтижесіb, ферментті емес әдістермен несептегі глюкозаны анықтаған кездегі жалған оң нәтижелерb.
a Постмаркетингтік зерттеулердің деректері негізінде. Бұл жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар белгісіз өлшемдегі қауымнан өз бетінше келетіндіктен, олардың туындау жиілігін дұрыс көрсету мүмкін емес, сондықтан олар «белгісіз» деп жіктеледі.
b «Арнайы ескертулер» бөлімді қараңыз.
c Әдетте цефтриаксонды қолдануды тоқтатқаннан кейін қайтымды болады.
Жекелеген жағымсыз реакциялар сипаттамасы
Инфекциялар мен паразиттік инвазиялар
Цефтриаксонмен емдеуден кейінгі диарея туралы хабарламалар Clostridium difficile шамадан тыс өсуімен байланысты болуы мүмкін. Емдеу тактикасы су-электролиттік теңгерімнің бұзылуын тиісінше түзетуді қамтуы тиіс.
Цефтриаксонның кальций тұзы преципитаттарының түзілуі
Цефтриаксон мен кальций препараттарын вена ішіне қабылдаған шала туған және мерзіміне жетіп туған нәрестелерде (<28 күндік жаста) сирек, ауыр және бірнеше жағдайда өлімге әкелетін жағымсыз реакциялар байқалды. Аутопсия кезінде өкпе мен бүйректе цефтриаксон кальций тұзының преципитаттары анықталды. Жаңа туған нәрестелерде преципитат түзілуінің жоғары қаупі қан көлемінің аздығы және ересектерге қарағанда цефтриаксонның жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығы салдары болып табылады.
Несеп шығару жолдарында цефтриаксонның шөгу жағдайлары, негізінен жоғары доза қабылдаған (мысалы, ≥ 80 мг/кг/тәул. немесе жалпы дозасы 10 г-ден асатын) және басқа қауіп факторлары (мысалы, сусыздану, төсек режимі) бар балаларда байқалды. Преципитаттардың түзілуі симптомдармен қатар жүруі немесе симптомсыз болуы мүмкін және уретраның обструкциясына және постренальді жедел бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін, бірақ әдетте цефтриаксон қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтымды болады.
Ең алдымен стандартты ұсынылған дозадан асатын дозалар қабылдайтын пациенттердің өт қабында цефтриаксон кальций тұзы преципитаттарының түзілуі байқалды. Балаларда проспективті зерттеулер вена ішіне енгізген кезде преципитаттардың әртүрлі түзілу жиілігін кейбір зерттеулерде 30% - дан астам түзілу жиілігін көрсетеді. Баяу инфузия (20-30 минут) кезінде преципитаттардың пайда болу жиілігі төмендеді. Преципитаттардың түзілуі әдетте симптомсыз өтеді, бірақ сирек жағдайларда ауырсыну, жүрек айну және құсу сияқты клиникалық симптомдар туындады. Мұндай жағдайларда симптоматикалық емдеу ұсынылады. Цефтриаксонмен емдеуді тоқтатқаннан кейін преципитаттардың түзілуі әдетте қайтымды болады.
Енгізу орнындағы реакциялар
Бұлшықет ішіне инъекция клиникалық тұрғыдан ауыртады. Инъекция орнындағы басқа реакцияларға инъекция орнындағы эритема, инъекция орнындағы экстравазация, инъекция орнындағы ісіну, инъекция орнындағы бөртпе, инъекция орнындағы қышыну, инъекция орнындағы қабыну, инъекция орнындағы қатаю және инъекция орнындағы гематома жатады. Асқынулар, соның ішінде инъекция орнындағы инфекция және инъекция орнындағы абсцесс сирек хабарланды.
Лидокаин
Төменде келтірілген деректер лидокаинді қолдану кезінде байқалған жағымсыз реакцияларды сипаттайды. Цефтриаксон мен лидокаинді біріктіріп қолдану туралы спецификалық деректер жоқ.
Лидокаинге жағымсыз реакциялар, әдетте, кездейсоқ тамыр ішіне енгізу, дозаны арттыру немесе көп қанмен қамтамасыз етілген жерлерден тез сіңу салдарынан немесе аса жоғары сезімталдық, идиосинкразия немесе препараттың пациентке жағымдылығының төмендеуі салдарынан қан плазмасында оның концентрациясының жоғарылауының нәтижесі болып табылады. Жүйелік уыттылық реакциялары негізінен орталық жүйке жүйесі тарапынан және/немесе жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан көрініс береді.
Иммундық жүйе тарапынан: сирек - аса жоғары сезімталдық реакциялары (аллергиялық немесе анафилактоидты реакциялар және анафилаксиялық шок).
Психика тарапынан: белгісіз - күйгелектік, үрей, эйфория, сананың шатасуы.
Жүйке жүйесі тарапынан: белгісіз - бас айналу немесе естен тану алдындағы жай-күй, тремор, ауыз маңындағы парестезия, тілдің ұюы, ұйқышылдық, құрысулар, кома.
Көру мүшесі тарапынан: белгісіз - анық көрмеу, диплопия, өтпелі амавроз.
Есту мүшелері тарапынан және лабиринттік бұзылулар: белгісіз - құлақтың шуылдауы, гиперакузия.
Жүрек тарапынан: белгісіз - брадикардия, миокардтың бәсеңдеуі, жүрек аритмиясы, жүректің тоқтап қалуы.
Тамырлар тарапынан: белгісіз - гипотензия, тамыр коллапсы.
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан: белгісіз - ентігу, бронхтың түйілуі, тыныс алудың бәсеңдеуі.
Асқазан-ішек жолы тарапынан: белгісіз - жүрек айнуы, құсу.
Тері мен тері астындағы тіндер тарапынан: белгісіз - бөртпе, есекжем, ісіну (ангионевроздық ісіну мен беттің ісінуін қоса).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz