Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы
Дозасы
4 мг
Саудалық атауы
Цефанорм
Әсер етуші зат
Другие препараты для лечения гинекологических заболеваний
Мақсаты
Етеккір оралымының бұзылуы, мастодиния, етеккір алдындағы синдром
Өндіруші
Цефак КГ
Ел
Германия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат - кәдімгі жатаған изен жемісінің құрғақ экстрактісі (7-13:1) 4.0 мг (экстрагент - 60% этанол),
қосымша заттар: глюкоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, лактоза моногидраты, магний стеараты, жүгері крахмалы, тальк,
капсула қабығының құрамы: желатин, натрий лаурилсульфаты, титанның қостотығы (Е171), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өлшемі №3, өзі де, қақпақшасы да ақ түсті қатты мөлдір емес желатинді капсулалар.
Капсула ішіндегісі – өзіне тән хош иісі мен сәл ащылау дәмі бар ашық –қоңыр түсті ұнтақ.
- етеккір оралымының бұзылуы
- мастодиния
- етеккір алдындағы синдром
Әсер ету механизмі
Цефанорм әйелдің жыныс гормондарының концентрациясына үйлестіруші әсер береді. Цефанорм дофаминергиялық әсер ете отырып, пролактиннің өндірілуін төмендетеді және гиперпролактинемияны басады. Цефанорм гипоталамустың дофаминді D2-рецепторларына әсер етуі арқылы пролактиннің босап шығуын тежейді. Етеккір оралымының бұзылуы, етеккір алдындағы синдром, циклдік масталгия, мастодиния және фиброзды-кистоздық мастопатия көбіне пролактин концентрациясы және жасырын гиперпролактенемия жоғарылауынан пайда болады. Пролактин концентрациясының жоғарылауы гонадотропиндер секрециясын төмендетеді, соның нәтижесінде фолликул жетілуі, овуляция кезінде және сары дененің функциялық сатысында бұзылулар туындауы мүмкін. Бұл ретте эстрадиол және прогестерон құрамы арасында туындайтын теңгерім болмауы етеккір оралымының әртүрлі бұзылуларына әкеледі. Цефанорм гонадотропты гормондардың арақатынасын қалпына келтіреді. Бір қалыпты өндірілуі және гонадотропты гормондар арақатынасының қалыпқа түсуі пролактиннің қалыпты деңгейі кезінде етеккір оралымының екінші фазасын ретке келтіреді. Эстрадиол мен прогестерон арасындағы теңгерім болмауы жойылады.
Пролактин, сондай-ақ дәнекер тіндердің түзілуін күшейте және сүт түтіктерінің кеңеюін туындата отырып, сүт безінің пролиферациялық үдерісіне тікелей көтермелегіш әсер етеді. Пролактин мөлшерінің төмендеуі сүт бездерінде патологиялық үдерістердің кері дамуына әкеледі және мастодиния кезінде ауыру синдромын басады. Жүйелі өндірілуі және гонадотропты гормондар арақатынасының қалыпқа түсуі етеккір оралымының екінші фазасын қалпына келтіреді.
Дозалану режимі
Ішке, таңертең тамақтану кезінде, шайнамай, судың аздаған мөлшерімен 1 капсуладан күніне 1 рет қабылдау керек. Капсулаларды күннің белгілі бір уақытында қабылдау ұсынылады.
Емдеу етеккір кезінде үзбестен, 3 ай бойы жүргізіледі.
Егер препаратты тоқтатқаннан кейін шағымдар қайтадан болатын болса, дәрігермен кеңесу қажет; ұсыным бойынша емдеуді жалғастыруға болады.
Пациенттердің ерекше тобы
Балалар
Препарат 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға арналмаған.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдауға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну керек.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі
- гипофиз ісігі
- сүт безі обыры
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Жиі емес (≥ 1/1000 - < 1/100 дейін)
- бас ауыруы
- жүрек айнуы, іштің ауыруы
- тері реакциялары (қышыну, экзантема, есекжем, беттің ісінуі)
- ентігу
- жұтынудың қиындауы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ұсынылған дозалау режимі сақталғанда Цефанорм препаратымен артық дозалану жағдайы сипатталмаған.
Артық дозалану жағдайларында төменде аталған жағымсыз әсерлері туындауы мүмкін. Алдағы уақытта қандай шаралар қабылдануы тиіс екендігін шешіп алу үшін дәрігермен кеңесу қажет.
Цефанорм препаратын қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.
Аллергиялық реакциялар жағдайында препаратты қабылдау тоқтатылуы тиіс және дәрігермен кеңесу қажет.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Препарат 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға арналмаған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Цефанорм препараты клиникалық деректердің жеткіліксіздігіне байланысты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану үшін ұсынылмаған.
Жануарларға жүргізілген тәжірибелерде жатаған изен (витекс) жемістерін енгізу кезінде сүт түзілуінің бұзылуы байқалды.
Қосымша заттар
Бұл дәрілік заттың құрамында глюкоза және лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы проблемалары бар пациенттер препаратты қабылдамауы тиіс.
Цефанорм құрамында бір реттік дозада натрий 1 ммольден аз (23 мг), яғни натрийден бос препарат болып саналады.
Цефанорм препаратының басқа да дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі осы уақытқа дейін белгісіз. Дофаминді рецепторлар антагонистерімен (домперидон, метоклопрамид) бір мезгілде қолданғанда өзара әсері әлсіреуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.