Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
400 мг
Саудалық атауы
Цефидант
Әсер етуші зат
Цефиксим
Мақсаты
Жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары (фарингит, тонзиллит)
Өндіруші
"ФармаВижн Санайи ве Тиджарет А. Ш."
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - цефиксим тригидраты 447.6 мг (400.0 мг цефиксимге баламалы),
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, кальций гидрофосфаты дигидраты, желатинделген крахмал, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы,
үлбірлі қабықтың құрамы: Oпадри® ақ 03F180011 (гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), макрогол), тазартылған су*.
* - соңғы өнімде жоқ
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сопақша пішінді, екі жақ беті дөңес, ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында бөлу сызығы бар таблеткалар.
Цефидант препараты цефиксимге сезімтал микроорганизмдер туындататын инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген:
• жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары (фарингит, тонзиллит)
• ЛОР-ағзалардың инфекциялары (ортаңғы отит және т. б.)
• төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары (пневмония, бронхит)
• бүйрек және несеп шығару жолдарының инфекциялары
Әсер ету механизмі
Цефиксим – бактерицидтік белсенділіктің кең ауқымымен және бета-лактамазалардың гидролитикалық белсенділігіне жоғары төзімділігімен сипатталатын пероральді цефалоспорин.
Цефиксимнің бактерицидтік белсенділігі бактериялардың жасуша жақтауы синтезінің тежелуіне байланысты. Ол клиникалық маңызды грамоң және грамтеріс патогендердің кең ауқымына қарсы in vitro белсенді. Цефиксим әсіресе келесі түрлерге қатысты белсенді: Streptococcus ( Enterococcus қоспағанда), Haemophilus, Branhamella, Neisseria, Escherichia, Klebsiella, Proteus, Enterobacter, Pasteurella, Providencia, Salmonella, Shigella, Citrobacter, Serratia.
Pseudomonas spp., Staphylococcus spp., Listeria monocytogenes, Bacteroides fragilisжәне Clostridium spp. негізінен цефиксимге төзімді.
Дозалау режимі
Цефидант препаратын тамақ ішуге қарамастан қабылдауға болады.
Ересектер
Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 400 мг құрайды. Клиникалық зерттеулердің деректеріне сүйене отырып, инфекциялардың көбін емдеу үшін 7 күндік цефиксиммен емді жеткілікті екендігі анықталды. Алайда, ауыр жағдайларда курс 14 күнге дейін ұзартылуы мүмкін.
Пациенттердің ерекше топтары
Амбулаториялық перитонеальді диализдегі немесе гемодиализдегі, креатинин клиренсі < 20 мл/мин болатын пациенттерде ұсынылатын ең жоғары доза тәулігіне бір рет 200 мг құрайды. Әдетте, креатинин клиренсі > 20 мл/мин болатын пациенттерде, егде жастағы пациенттерде және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес.
Бұл препаратты қолдану тек ересектерге арналған, Цефидант препаратты бұл дәрілік түріндегі қолдану балаларға ұсынылмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған. Таблетканы тұтастай жұту керек.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.
• әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• пенициллиндер мен цефалоспориндерге аса жоғары сезімталдық
• балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Цефалоспориндерді қолданған кезде негізінен асқазан-ішектің бұзылуы байқалады; кейде аса жоғары сезімталдық реакциялары байқалады.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары бұрын аса жоғары сезімталдық реакциялары байқалған пациенттерде және анамнезінде аллергия, пішен қызбасы, есекжем, аллергиялық компоненті бар демікпе бар пациенттерде жиі кездеседі.
Цефиксиммен жүргізілетін ем кезінде келесі реакциялар туралы сирек хабарланған:
Инфекциялық және паразиттік аурулар: патогендерге резистенттілік, жалған жарғақшалық колит.
Қан мен лимфа жүйесі тарапынан: өтпелі нейтропения, гранулоцитопения, тромбоцитопения және эозинофилия. Цефалоспориндермен емдеуден кейін гемолиздік анемия жағдайлары тіркелді.
Иммундық жүйе тарапынан: сарысу құю ауруына ұқсас реакциялар, анафилаксия, артралгия және шығу тегі дәрілік қызба.
Жүйке жүйесі тарапынан: бас ауыру, бас айналу.
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірекорта тарапынан бұзылулар: ентігу.
Асқазан-ішек жолы тарапынан: глоссит, жүрек айнуы, құсу, қыжыл, іштің ауыруы, диарея, диспепсия. 200 мг препаратты тәулігіне 2 рет қабылдауға ауысу диареяны жеңілдетуі мүмкін. Ауыр және ұзаққа созылған диарея антибиотиктердің кейбір кластарын қабылдаумен байланысты. Егер колоноскопиялық зерттеу диагнозды растайтын болса, антибиотикті қолдануды дереу тоқтатып, ванкомицинді пероральді қабылдау тағайындалуы керек. Перистальтиканы төмендететін дәрілерді қолдану қарсы көрсетілімді.
Гепатобилиарлы жүйе тарапынан: сарғаю.
Тері мен теріасты тіндері тарапынан: есекжем, бөртпе, қышыну, мультиформды эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS).
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан: бүйректің жедел жеткіліксіздігі, оның ішінде негізгі патологиялық жағдай ретінде тубулоинтерстициальді нефрит.
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар: пирексия, беттің ісінуі.
Зертханалық көрсеткіштер: сарысулық трансаминазалар (аспартатаминотрансфераза, аланинаминотрансфераза), сілтілі фосфатаза және жалпы билирубин деңгейінің өтпелі жоғарылауы, сарысудағы мочевина мен креатинин азотының өтпелі жоғарылауы.
Басқа тіркелген реакциялар: анорексия, кандидозды вагинит.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Спецификалық антидот жоқ. Демеуші ем ұсынылады. Цефиксим диализ арқылы елеулі мөлшерде шығарылмайды.
Арнайы ескертулер
Тері тарапынан елеулі жағымсыз реакциялар
Цефиксиммен ем алған кейбір пациенттерде тері тарапынан елеулі жағымсыз реакциялар байқалды, мысалы, уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы және эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS). Пациентте бөртпе туындағанда, оны мұқият бақылап, зақымданулар үдегенде емдеуді тоқтату керек. Тері тарапынан елеулі жағымсыз реакциялар туындаған кезде цефиксим қабылдауды тоқтатып, тиісті емді және/немесе басқа да қажетті шараларды жүргізу қажет.
Аса жоғары сезімталдық
Цефидант препаратын қабылдағанға дейін анамнезде цефалоспориндерге, пенициллиндерге немесе басқа дәрілік заттарға аса жоғары сезімталдық реакциялардың болуын мұқият анықтау қажет.
Цефидант препаратын пенициллинге аллергиясы бар пациенттерде сақтықпен қабылдау керек. Пенициллин мен цефалоспориндер арасындағы ішінара айқаспалы реактивтілік in vivo (адамдарда), сондай-ақ in vitro анықталған және сирек жағдайларда, әсіресе парентеральды енгізуден кейін анафилаксиялық типті реакциялар туралы хабарланды.
Антибиотиктерді анамнезінде әсіресе дәрілік заттарға аллергиялық реакциялары бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Аллергиялық реакция туындағанда препаратты қолдануды тоқтату керек.
Ішек микрофлорасының өзгеруі
Бактерияға қарсы препараттарды ұзақ уақыт бойы қолданғанда сезімтал емес микроорганизмдердің дамуы және жуан ішектің қалыпты микрофлорасының өзгеруі орын алуы мүмкін, бұл клостридиялардың шамадан тыс көбеюіне және жалған жарғақшалық колиттің дамуына әкеп соғуы мүмкін. Жалған жарғақшалық колиттің жеңіл жағдайлары емдеуді тоқтатқан кезде регрессияға ұшырауы мүмкін. Егер емдеуді тоқтатқан кезде колит регрессияға ұшырамаса, жалған жарғақшалық колитті емдеу кезінде таңдаулы антибиотик болып табылатын ванкомицинді пероральді қабылдау ұсынылады.
Жалған жарғақшалық колиттің орташа және ауыр түрлерінде емдеуге электролиттер мен ақуыздардың ерітінділерін қосады.
Перистальтиканы төмендететін препараттарды бір мезгілде қабылдау жоққа шығарылуы тиіс.
Анамнезінде асқазан-ішек аурулары, әсіресе колиті бар пациенттерге әсер ету ауқымы кең антибиотиктерді сақтықпен тағайындау керек.
Зертханалық тесттер
Цефиксимді қолданған кезде кейде бауыр, бүйрек және қан функциясын сипаттайтын параметрлердің (тромбоцитопения, лейкопения, эозинофилия) орташа және қайтымды өзгерістері байқалған.
Бүйректің жедел жеткіліксіздігі
Басқа цефалоспориндер сияқты, цефиксим негізгі патологиялық жағдай ретінде тубулоинтерстициальді нефритті қоса алғанда, бүйректің жедел жеткіліксіздігін туындатуы мүмкін. Бүйректің жедел жеткіліксіздігі туындағанда цефиксимді қабылдауды тоқтатып, тиісті емді және/немесе басқа да қажетті шараларды жүргізу керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде және гемодиализде немесе перитонеальді диализде жүрген пациенттерде препараттың дозасы төмендетілуі тиіс.
Бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттердегі құрысулар
Көптеген цефалоспориндер құрысулардың дамуын ушықтыруы мүмкін, әсіресе бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде, егер доза төмендетілмесе. Құрысулар туындағанда цефиксимді қабылдауды тоқтатып, тиісті емді және/немесе басқа да қажетті шараларды жүргізу керек.
Микробқа қарсы резистенттілік
Цефиксиммен емдеу айқын клиникалық суперинфекциямен немесе онсыз бактериялық резистенттіліктің даму қаупін арттыруы мүмкін.
Суперинфекция
Басқа антибиотиктерді қолдану кезіндегідей, ұзақ уақыт бойы қабылдау сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін. Суперинфекция дамыған кезде тиісті емді тағайындау керек.
Анемия
Цефалоспориндермен ем алған пациенттерде гемолиздік анемияның (соның ішінде өліммен аяқталатын) даму жағдайлары сипатталған. Цефиксимді қоса, цефалоспориндерді қабылдау кезінде бұрын гемолиздік анемиямен ауырған пациенттерде гемолиздік анемияның қайталанатын көріністері тіркелген.
Педиатрияда қолдану
Таблетка түріндегі Цефидант препараты тек ересектерде қолдануға арналған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Цефиксим көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік
Цефидант препаратын жүктілік және лактация кезеңінде қолдану аса қажет болған жағдайда, дәрігердің бақылауымен жүргізілуі мүмкін. Препаратты жүктіліктің бірінші триместрінде сақтандыру шарасы ретінде қолдануға болмайды.
Лактация
Емшек сүтіне цефиксимнің бөлінуі туралы деректер жоқ.
Кумариндік антикоагулянттар
Цефиксимді варфарин сияқты кумариндік антикоагулянттарды қабылдайтын пациенттер сақтықпен қабылдауы керек. Цефиксим антикоагулянттардың әсерін күшейте алатындықтан, қан кетудің дамуымен немесе онсыз протромбиндік уақыттың ұлғаюы орын алуы мүмкін.
Өзара әрекеттесудің басқа түрлері
Цефиксим сияқты цефалоспориндерді қабылдау кейбір зертханалық тесттердің нәтижелеріне әсер етуі мүмкін, бұл Бенедикт, Фелинг немесе Клинитест ерітінділерін (энзимді әдістерден басқа) қолдана отырып, глюкозурия болуының жалған оң реакцияларын туындатады. Глюкозооксидаза ферментативті реакцияларына негізделген глюкоза тесттерін қолдану ұсынылады. Цефалоспориндерді қабылдау Кумбстың оң (кейде жалған) реакциясын туындатуы мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.