Жиі
• инъекция жасалған жердің ауыруы (б/і енгізуде).
Жиі емес
• лейкопения, эозинофилия, тромбоцитопения;
• боррелиозді емдеген кезде Яриш-Герксхаймер реакциясы. Боррелиозді бірнеше апта емдегеннен кейін бір немесе бірнеше симптомдардың пайда болғаны жөнінде мәлімдемелер бар: тері бөртпесі, қышыну, қызба, лейкопения, «бауыр» ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, тыныстың тарылуы, буындар аймағында жайсыздық;
• құрысулар;
• диарея;
• бауыр ферменттері (аланинаминотрансфераза [АЛТ], аспартатаминотрансфераза [ACT], лактатдегидрогеназа [ЛДГ], гаммаглутамилтрансфераза [гамма-ГТ], сілтілік фосфатаза [СФ]) және/немесе билирубин деңгейінің жоғарылауы**;
• бөртпе, қышыну, есекжем;
• бүйрек функциясының төмендеуі/креатинин концентрациясының артуы (әсіресе аминогликозид ер мен қуатты диуретиктерді бір мезгілде енгізуде);
• қызба, енгізген жерде қабыну реакциялары, флебит/тромбофлебит.
Белгісіз
• суперинфекциялар. Басқа антибиотиктерді тағайындаған кездегідей, цефотаксимді қолдану, әсіресе ұзақ, сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкеп соғуы мүмкін;
• сүйек кемігінің қан түзу функциясының жеткіліксіздігі, панцитопения, нейтропения, агранулоцитоз, әсіресе ұзақ емделгенде, гемолиздік анемия;
• анафилаксиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну, бронхтің түйілуі, анафилаксиялық шок;
• энцефалопатия* (мысалы, сананың бұзылуы, қимыл белсенділігінің бұзылуы), бас ауыру, бас айналу;
• аритмиялар (орталық веналық катетер арқылы тез болюстік енгізу салдарынан);
• жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, жалған жарғақшалы колит;
• бауыр зақымдануы (кейде сарғаюмен);
• мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, жайылған жедел экзантематозды пустулез, дәрілік затқа эозинофилиясы және жүйелік симптомдары бар (DRESS) реакция;
• бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит;
• вена қабынуы, бұлшықет ішіне енгізген кезде, егер еріткіш ретінде лидокаин қолданылса, әсіресе препарат вена ішіне әдейі емес енгізілген, жоғары васкуляризацияланған тіндерге инъекция жасалған жағдайларда немесе артық дозаланғанда, лидокаинмен байланысты жүйелік реакциялар дамуы мүмкін.
Емдеу курсының ұзақтығы 10 күннен артық болған жағдайда, лейкоциттер мөлшерін бақылау керек және, нейтропения жағдайында, емдеуді тоқтату керек.
*Бета-лактамдар, соның ішінде цефотаксим, энцефалопатияның даму қаупін тудырады (бұл құрысуларды, сананың шатасуын, сананың өзгеруін немесе қозғалыс үйлестірудің бұзылуын қамтуы мүмкін), әсіресе артық дозаланғанда немесе бүйрек жеткіліксіздігінде.
**Гепатобилиарлық жүйе тарапынан бұзылулар:
Бауыр ферменттерінің (АЛТ, АСТ, ЛДГ, гамма-ГТ және/немесе сілтілік фосфатаза) және/немесе билирубин деңгейінің жоғарылауы бақыланды.
Бұл бұзылулар сирек жағдайларда қалыпты мәндер диапазонының жоғарғы шекарасынан екі есе астам болуы мүмкін және бауырдың әдетте тегі холестаздық, көбінесе симптомсыз жүретін зақымдануын көрсетуі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz