Өте жиі
• бұлшықет ішіне енгізу үшін: енгізген орындағы ауырсыну
Жиі
• лейкопения, эозинофилия, тромбоцитопения
• Яриш- Герксгеймер реакциясы *
• құрысулар
• диарея
• қандағы бауыр ферменттерінің (AЛТ, AСT, ЛДГ, гамма-ГТ және/немесе сілтілі фосфатаза) және/немесе билирубиннің деңгейінің жоғарылауы
• бөртпе, тері қышынуы, есекжем
• бүйрек функциясының төмендеуі/ креатининнің жоғарылауы (әсіресе аминогликозидтермен бір мезгілде қолданғанда)
• қызба, инъекция орнындағы қабыну реакциялары (флебитті, тромбофлебитті қоса)
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
• асқын инфекция
• сүйек кемігінің жеткіліксіздігі, панцитопения, нейтропения, агранулоцитоз, гемолиздік анемия
• анафилаксиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну, бронх түйілуі, анафилаксиялық шок
• бас ауыру, бас айналуы, энцефалопатия*
• орталық веналық катетер арқылы жылдам болюстік инфузиядан кейінгі аритмия
• жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, жалған жарғақшалы колит
• гепатит (кейде сарғаюмен) **
• мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, жедел жайылған экзантематоздық пустулез (AGEP), эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік реакция (DRESS)
• интерстициялық нефрит, бүйректің жедел жеткіліксіздігі
• бұлшықет ішіне енгізу үшін (еріткіш ретінде лидокаин пайдаланылған кезде): лидокаинге жүйелі реакциялар
* Бета-лактамдар, цефотаксимді қоса, әсіресе артық дозалану немесе бүйрек функциясының бұзылуы жағдайында пациентті энцефалопатияның даму қаупіне бейімдейді (ол құрысуларды, сананың шатасуын, сананың бұзылуын, қимыл-қозғалыс бұзылыстарын қамтуы мүмкін.
** постмаркетингтік тәжірибе:
Яриша- Герксгеймер реакциясы
Боррелиозды емдеу кезінде емдеудің алғашқы күндерінде Яриш-Герксгеймер реакциясы дамуы мүмкін.
Боррелиозды бірнеше апта емдегеннен кейін келесі симптомдардың біреуінің немесе бірнешеуінің пайда болуы туралы хабарланды: тері бөртпесі, қышыну, қызба, лейкопения, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, тыныс алудың қиындауы, буындардағы жайсыздық.
Гепатобилиарлық бұзылыстар
Бауыр ферменттері (АЛТ, АСТ, ЛДГ, гамма-ГТ және/немесе сілтілі фосфатаза) және/немесе билирубин деңгейінің жоғарылағаны туралы хабарланды. Бұл зертханалық ауытқулар сирек жағдайда қалыпты диапазонның жоғарғы шегінен екі есе асып кетуі және бауырдың әдетте холестаздық және көбінесе симптомсыз сипатта зақымдануын туындатуы мүмкін.
Асқын инфекция
Басқа антибиотиктер жағдайындағы сияқты, цефотаксимді қолдану, әсіресе ұзақ уақыт қолданғанда, сезімтал емес организмдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін. Пациенттің жай-күйін қайта бағалау қажет. Егер ем кезінде асқын инфекция пайда болса, тиісті шаралар қабылдау керек.
Бұлшықет ішіне енгізу үшін
Егер лидокаин еріткіш ретінде қолданылса, әсіресе абайсызда вена ішіне инъекция немесе тамырлары мол тіндерге инъекция жүргізгенде немесе артық дозалану жағдайында лидокаинге жүйелі реакциялар туындауы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер Дәрілік препарат құрамы Бір құтының ішінде
белсенді зат – натрий цефотаксимі (цефотаксимге шаққанда) 1.0 г
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе сәл сарғыш түсті ұнтақ. Гигроскопиялы.