Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
200 мг
Саудалық атауы
Цефподо
Әсер етуші зат
Цефподоксим
Мақсаты
Жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы: синусит
Өндіруші
"ФармаВижн Сан. ве Тидж. А. Ш."
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 200 мг цефподоксим (260.88 мг цефподоксим проксетилі түрінде),
қосымша заттар: лактоза моногидраты, кальций кармеллозасы, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, гидроксипропиллцеллюлоза,
үлбірлі қабықтың құрамы: Опадри® ақ Y-1-7000 (гипромеллоза, полиэтиленгликоль, титанның қостотығы (Е 171)), тазартылған су**
**дайын өнімде жоқ
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында сызығы бар, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Цефподо препараты ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерде цефподоксимге сезімтал микроорганизмдердің штаммдарынан туындаған инфекцияларды пероральді емдеу үшін қолдануға арналған:
• жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы: синусит;
• респираторлық инфекциялар: созылмалы бронхиттің өршуі, бактериялық пневмония;
• несеп шығару жолдарының инфекциялары: жедел асқынбаған пиелонефрит;
• еркектердегі жедел асқынбаған создық уретрит және әйелдерде цервицит;
• тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары.
Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше пайдалану жөніндегі ресми нұсқаулықтарда қамтылған ақпаратты назарға алу қажет.
Әсер ету механизмі
Цефподоксим пенициллин байланыстыратын ақуыздармен өзара әрекеттесу есебінен бактериялардың жасуша қабырғасының синтезін тежейді және бактерицидтік әсер етеді (жасуша қабырғасы (пептидогликан) биосинтезінің бұзылуы нәтижесінде бактериялық жасушаның лизисі жүреді).
Фармакокинетика мен фармакодинамика арасындағы өзара байланыс
Цефалоспориндердің in vivo тиімділігін анықтайтын ең маңызды фактор қандағы ақуыздармен байланысы жоқ дәрілік зат плазмасының концентрациясы жеке микроорганизм үшін ең төменгі тежейтін концентрациядан (ЕТТК) асатын уақыт кезеңі болып табылатыны анықталды.
Микроорганизмдердің резистенттілік механизмдері
Микроорганизмдердің цефподоксимге резистенттілігі келесі механизмдерге байланысты болуы мүмкін:
• β-лактамазалармен инактивация: цефподоксимді кейбір β-лактамазалар, атап айтқанда Escherichia coli немесе Klebsiella pneumoniae штаммдарында кездесетін әсерт ету ауқымы кең β-лактамазалар немесе мысалы, Enterobacter cloacae-да табылған AmpC типті конститутивті синтезделген β-лактамазалар гидролиздеуі мүмкін. AmpC типті β-лактамаза индукцияланған және цефподоксимге in vitro сезімталдығы бар бактериялар тудырған инфекцияларда ем кезінде AmpC типті β-лактамаза өндіретін (дерепрессияланған) мутанттардың таңдалу қаупі бар;
• пенициллинді байланыстыратын ақуыздың цефподоксимге ұқсастығының азаюы: пневмококктар мен басқа стрептококктардың жүре пайда болған резистенттілігі мутация нәтижесінде бар пенициллинмен байланысатын ақуыздардың модификациясына байланысты. Керісінше, цефподоксимге ұқсастығы төмендеген қосымша пенициллинмен байланысатын ақуыздың түзілуі метициллин (оксациллин)-резистентті стафилококктардың резистенттілігіне жауап береді;
• цефподоксимнің грамтеріс бактериялардың сыртқы жасуша қабырғасы арқылы жеткіліксіз енуі пенициллинмен байланысатын ақуыздардың жеткіліксіз тежелуіне әкелуі мүмкін;
• цефподоксимді эффлюкс сорғыларының көмегімен жасушадан белсенді түрде шығаруға болады.
Цефподоксимнің басқа цефалоспориндермен және пенициллиндермен ішінара немесе толық айқаспалы резистенттілігі бар.
Шекті концентрациялар
Анықтамалар: S - стандартты экспозиция кезіндегі сезімтал микроорганизм; I - жоғары экспозиция кезіндегі сезімтал микроорганизм; R - резистентті микроорганизм.
Цефподоксим стандартты сұйылту сериялары арқылы сыналады.
Бактерияға қарсы дәрілерге сезімталдықты анықтау жөніндегі Еуропалық комитеттің (EUCAST 10.0) деректеріне сәйкес сезімтал және резистентті микроорганизмдер үшін ЕТТК мынадай шекті мәндері белгіленді (10.0 нұсқа):
Патогенді микроорганизм — S — R
Enterobacteriaceae 1 — ≤ 1 мг / л — > 1 мг/л
Staphylococcus spp. 2 — - 2 — - 2
Streptococcus spp. (A, B, C, G топтары) 3 — - 3 — - 3
Streptococcus pneumoniae — ≤ 0,25 мг/л — > 0,5 мг/л
Haemophilus influenzae — ≤ 0,25 мг/л — > 0,25 мг/л
1 Несеп шығару жолдарының тек қана асқынбаған инфекциясы
2 Staphylococcus spp сезімталдығы оксациллинге немесе цефокситинге сезімталдықты зерттеу нәтижелері негізінде анықталған. Метициллин (оксациллин/цефокситин)-резистентті стафилококктар тест нәтижесіне байланыссыз резистентті болып саналады.
3 Streptococcus spp. (А, В, С, G топтары) үшін негіз етіп пенициллин G арналған тест нәтижесі алынады.
Жүре пайда болған резистенттіліктің Германиядағы таралуы
Бактериялардың жекелеген түрлерінде жүре пайда болған резистенттіліктің таралуы географиялық аймаққа байланысты және уақыт өте келе өзгеруі мүмкін. Осыған байланысты белгілі бір уақыт кезеңінде, әсіресе ауыр инфекцияларды дұрыс емдеу үшін нақты бір географиялық аймақтағы микроорганизмдердің резистенттілігі туралы ақпарат болуы қажет. Егер цефподоксим проксетилінің тиімділігі жергілікті резистенттілікке байланысты күмән тудырса, мамандардан кеңес алу керек. Ауыр инфекциялар немесе, атап айтқанда, емдеу тиімсіз болған жағдайда, қоздырғыштың болуын және оның цефподоксимге сезімталдығын растай отырып, микробиологиялық диагностика жүргізуге тырысқан жөн.
Соңғы 5 жылдағы ұлттық жобалар мен резистенттілік мониторингі бойынша зерттеулер деректері негізінде Германияда жүре пайда болған резистенттіліктің таралуы (2020 жылғы сәуірдегі жағдай бойынша):
Әдетте микроорганизмдердің сезімтал штамдары
Аэробты грамоң микроорганизмдер
Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал)
Staphylococcus saprophyticus
Streptococcus pneumoniae
Streptococcus pyogenes
Аэробты грамтеріс микроорганизмдер
Citrobacter koseri °
Haemophilus influenzae
Moraxella catarrhalis
Neisseria gonorrhoeae °
Proteus mirabilis %
Жүре пайда болған резистенттілік препаратты қолдану кезінде қиындық тудыруы мүмкін штамдар
Аэробты грамоң микроорганизмдер
Staphylococcus aureus ∋
Staphylococcus epidermidis +
Staphylococcus haemolyticus +
Staphylococcus hominis +
Пенициллиндерге (I санат) сезімталдығы төмендеген Streptococcus pneumoniae
Аэробты грамтеріс микроорганизмдер
Citrobacter freundii
Enterobacter cloacae
Escherichia coli %, &, ∋
Klebsiella pneumoniae %
Serratia marcescens
Табиғаты бойынша резистентті штамдар
Аэробты грамоң микроорганизмдер
Enterococcus spp.
Staphylococcus aureus (метициллин-резистентті)
Streptococcus pneumoniae (пенициллин-резистентті)
Аэробты грамтеріс микроорганизмдер
Legionella pneumophila
Morganella morganii
Pseudomonas aeruginosa
Басқа микроорганизмдер
Chlamydia spp.
Chlamydophila spp.
Mycoplasma spp.
° Жарияланған кезде нақты деректер болмады. Сезімталдық бастапқы әдебиетте, стандартты жұмыстарда және ем бойынша ұсынымдарда анықталады.
+ Бір аймақта кем дегенде резистенттілік деңгейі 50%-дан асады.
% Кеңейтілген спектрдің β-лактамазаларын өндіретін штамдар әрқашан резистентті.
& Асқынбаған циститпен ауыратын пациенттердің изоляттарында резистенттілік деңгейі < 10%, басқа жағдайларда > 10%.
∋ Амбулаториялық жағдайда резистенттілік деңгейі < 10% құрайды.
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер
Әр 12 сағат сайын 200 мг Цефподо препаратын 1 таблеткадан тағайындайды. Тәуліктік доза - 400 мг цефподоксим (төмендегі кестені қараңыз). Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде ерекшелік болады (төменнен қараңыз).
Еркектердегі жедел создық уретритті және әйелдердегі цервицитті емдеу
Цефподо препаратының 1 таблеткасын (200 мг цефподоксим) бір рет қабылдау тағайындалады. Емнің тиімділігін емдеу аяқталғаннан кейін 3-4 күннен соң өсірінділік әдіспен бақылау керек.
Кесте. Цефподо, 200 мг, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар препаратының дозалары
Инфекция түрі — Цефподо 200 мг, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалардың саны, тәулігіне — Тәуліктік доза, мг
Қабылдау аралығы: 12 сағат
Синусит — 1 таблеткадан 2 рет — 400 мг
Созылмалы бронхиттің өршуі — 1 таблеткадан 2 рет — 400 мг
Бактериялық пневмония — 1 таблеткадан 2 рет — 400 мг
Жедел асқынбаған пиелонефрит — 1 таблеткадан 2 рет — 400 мг
Еркектердегі жедел создық уретрит және әйелдердегі цервицит* — Бір реттік қабылдау, 1 таблетка — 200 мг
Тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары — 1 таблеткадан 2 рет — 400 мг
* Еркектердегі жедел асқынбаған создық уретрит пен әйелдердегі цервицит емінің тиімділігін өсірінділік әдіс көмегімен емдеу аяқталғаннан кейін 3-4 күннен соң бақылаған жөн.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
• креатинин клиренсі 40-тан 10 мл/мин/1,73 м2 дейінгі пациенттерде доза әр 24 сағат сайын 1 таблетканы (200 мг цефподоксим) құрайды;
• креатинин клиренсі 10 мл/мин/1,73 м2 төмен пациенттерде доза әр 48 сағат сайын 1 таблетканы (200 мг цефподоксим) құрайды;
• гемодиализдегі пациенттерде әр диализ процедурасынан кейін доза 1 таблетканы (200 мг цефподоксим) құрайды.
Создық уретрит/цервицитті емдеу үшін пациенттер бүйрек функциясының бұзылуына қарамастан бір рет 1 таблетка (200 мг цефподоксим) қабылдайды.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Егде жастағы пациенттер
Бүйрек функциясы қалыпты егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес.
Балалар
Цефподо препараты 12 жасқа дейінгі балаларда қолдануға арналмаған.
Енгізу әдісі мен жолы
Таблеткаларды ішке қабылдайды, оларды тамақ ішу кезінде қабылдау керек, өйткені бұл ретте дәрілік зат сіңуінің ең жоғары дәрежесі байқалады. Таблеткаларды сұйықтықтың көп мөлшерімен (мысалы, 1 стақан су) ішіп, тұтастай жұту керек.
Емдеу ұзақтығы
Еркектердегі жедел асқынбаған создық уретрит пен әйелдердегі цервицит емін (бір реттік қабылдау) қоспағанда, емнің ұзақтығы әдетте 5-10 күнді құрайды.
Streptococcus pyogenes бактериялық түрлерінен туындаған инфекцияларды емдеуде сақтық шарасы ретінде ревматизмдік қызба немесе ауыр бүйрек ауруы (гломерулонефрит) сияқты кеш асқынуларды болдырмау мақсатында емнің ұзақтығы кемінде 10 күн жалғасады.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алу үшін жүгіну керек.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• анамнезінде пенициллиндерді немесе басқа β-лактамды антибиотиктерді пайдаланумен байланысты жедел түрдегі аса жоғары сезімталдық реакциялары және/немесе аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары (мысалы, анафилаксия)
Инфекциялық және паразиттік аурулар: жиі - сезімтал емес микроорганизмдермен суперинфекция (мысалы, ашытқы зеңдер, Candida).
Қан және лимфа жүйесі тарапынан: жиі емес - тромбоцитоз (әдетте емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды); сирек - агранулоцитоз, гемолиздік анемия, эозинофилия, лимфоцитоз, анемия, лейкопения, нейтропения, лейкоцитоз, тромбоцитопения.
Иммундық жүйе тарапынан: сирек - барлық ауырлық дәрежесіндегі аса жоғары сезімталдық (мысалы, ангионевроздық ісіну, өмірге қауіп төндіретін шокқа дейінгі бронх түйілуі).
Зат алмасу және тамақтану тарапынан: жиі - тәбеттің болмауы.
Жүйке жүйесі тарапынан: жиі - бас ауыруы, парестезия, бас айналу.
Есту мүшесі және лабиринттік бұзылулар: жиі емес - құлақтың шуылдауы.
Асқазан-ішек жолы тарапынан: көбінесе - асқазандағы ауырлық сезімі, жүрек айну, құсу, метеоризм немесе диарея түріндегі бұзылыстар; сирек - жалған жарғақшалы энтероколит, жедел панкреатит.
Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан: сирек - бауыр ферменттерінің (трансаминазалар, сілтілі фосфатаза) және/немесе билирубин деңгейінің жоғарылауы, мысалы, бауыр жасушаларының холестаздық зақымдануының белгісі ретінде; сирек - жедел гепатит.
Тері мен тері астындағы тіндер тарапынан: жиі емес - қышумен және онсыз тері реакциялары (эритема, экзантема, есекжем, пурпура), қышыну; сирек - көп формалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, Лайел синдромы; белгісіз - жедел жайылған экзантематозды пустулез (ЖЖЭП), эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS).
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан: сирек - қан сарысуындағы креатинин мен мочевина деңгейінің жоғарылауы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі.
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы бұзылулар: жиі емес - астения, қажу және өзін нашар сезіну (дімкәстану) сияқты әлсіздік жағдайлары.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Белгілері мен симптомдары
β-лактамдық антибиотиктерді, оның ішінде цефподоксимді қолданғанда, әсіресе артық дозаланғанда немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде энцефалопатияның пайда болу қаупі бар. Артық дозалалану кезінде байқалған жағымсыз реакциялар цефподоксимді пайдалану кезінде ұсынылған дозаларда тіркелетін белгілі жағымсыз реакцияларға ұқсас болды.
Емі
Арнайы антидоты белгісіз. Цефподоксим артық дозаланған жағдайда симптоматикалық және демеуші ем жүргізу керек. Дәрілік зат организмнен диализ арқылы шығарылады.
Пенициллинге және басқа β-лактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдықтың кез келген түрі бар пациенттерде Цефподо препаратын қолданар алдында аса сақ болу керек, өйткені айқаспалы аллергия болуы мүмкін.
Цефподо препаратын әртүрлі сипаттағы аллергиялық реакцияларға (мысалы, аллергиялық ринит немесе бронх демікпесі) бейім пациенттерде де аса сақтықпен қолдану керек, өйткені бұл жағдайларда ауыр аса жоғары сезімталдық реакцияларының қаупі артады.
Арнайы ескертулер
Цефподоксимді қолданған кезде барлық ауырлық дәрежесіндегі аса жоғары сезімталдық реакциялары пайда болуы мүмкін (анафилаксиялық шокқа дейін).
Аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары туындаған жағдайда дәрілік препаратпен емдеуді дереу тоқтатып, тиісті шұғыл емдеу жүргізу керек.
Құсу және диареямен ауыр асқазан-ішек аурулары жағдайында цефподоксим таблеткаларын қабылдау дұрыс емес, өйткені асқазан-ішек жолынан талапқа сай сіңірілуіне кепілдік берілмейді.
Егер цефподоксиммен емдеу кезінде немесе одан кейін ауыр тұрақты диарея пайда болса, әдетте Clostridium difficile тудыратын жуан ішектің ауыр және өмірге қауіп төндіретін қабынуының (жалған жарғақшалық энтероколит) дамуына күдік болады. Бұл жағдайда препаратты қабылдауды дереу тоқтатып, дереу тиісті емдеуді бастау керек.
Перистальтиканы бәсеңдететін препараттарды қолдануға болмайды.
Цефподо препаратын қабылдау құсу мен диареяны тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда осы және/немесе басқа қабылданған препараттардың (мысалы, оральді контрацептивтер) тиімділігі төмендеуі мүмкін.
Цефподо препаратын ұзақ немесе қайталап қабылдау суперинфекцияға және резистентті микроорганизмдермен немесе ашытқы зеңдерімен колонизацияға әкелуі мүмкін (мысалы, стоматит, вагинит).
Мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы): егер мұндай симптомдар пайда болса, препарат қабылдауды тоқтату керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Егер креатинин клиренсі 40 мл/мин жоғары болса, дозаны түзету қажет емес. Креатинин клиренсі 40 мл/мин төмен болған кезде және гемодиализдегі пациенттерде дозаны түзету қажет болады.
Клиникалық және химиялық көрсеткіштерге әсері
Цефалоспориндермен емдеу кезінде Кумбс сынағы және несептегі глюкозаны анықтаудың ферментативті емес әдістері жалған-оң нәтиже беруі мүмкін.
Терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCARs)
Цефподоксимді қолдану кезінде терінің ауыр жағымсыз реакцияларының (SCARs) дамуы (жиілігі белгісіз) туралы хабарланды, соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы (СДС) уытты эпидермалық некролиз (УЭН), эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS) және жедел жайылған экзантематозды пустулез (ЖЖЭП), бұлар өмірге қауіп төндіруі немесе өлімге әкелуі мүмкін.
Препаратты тағайындау кезінде пациенттерге терінің ауыр реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы хабарлау және пациенттерде олардың дамуына мұқият бақылау жүргізу қажет.
Пациенттер цефподоксимді қабылдауды дереу тоқтатып, терінің ауыр жағымсыз реакцияларына (SCARs) тән келесі белгілер мен симптомдар пайда болса, балама емдеуді қарастыру үшін дереу дәрігерге қаралуы керек:
• таралған бөртпе, жоғары дене температурасы және лимфа түйіндерінің ісінуі (DRESS синдромы немесе дәрілік аса жоғары сезімталдық синдромы).
• температураның жоғарылауымен қатар жүретін тері астында көтеріңкі бөртпелер мен күлдіреуіктер бар қызыл, қабыршақты, таралған бөртпе. Симптомдар әдетте емдеудің басында (жедел жайылған экзантематозды пустулез) пайда болады.
Пациентте цефподоксимді қолданған кезде СДС, УЭН, DRESS немесе ЖЖЭП сияқты терінің ауыр жағымсыз реакциясы болған жағдайда, болашақта бұл пациентте цефподоксиммен емдеуді қайта жаңғырту мүмкін емес.
Қосымша заттар
Цефподо препараты құрамында лактоза бар, сондықтан галактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясымен сипатталатын сирек кездесетін тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге бұл препаратты қабылдауға болмайды.
Кұрамында лактозаның болуын ескере отырып, қант диабетімен ауыратын науқастарға сақтықпен тағайындау керек.
Цефподо препараты құрамында бір таблеткада 1 ммоль аздау (23 мг) натрий бар, яғни іс жүзінде «құрамында натрий жоқ».
Жүктілік
Цефподоксимді жүктілік кезінде әйелдерде қолдану туралы мәселені, қажет болған жағдайда, дәрілік затпен емнің елеулі артықшылықтары болған жағдайларда қарастыру керек. Цефподо препаратын жүктілік кезінде әйелдерге сақтықпен қолдану керек.
Лактация
Цефподоксим емшек сүтімен аз мөлшерде бөлінеді. Цефподо препаратын емшек емізу кезінде әйелдерге қолдануға болады. Балада диарея немесе шырышты қабықтардың зең инфекциясы байқалған жағдайларда емшек емізуді тоқтату туралы мәселені қарау керек; сенсибилизация қаупін ескеру қажет.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Қолда бар тәжірибеге сәйкес, цефподоксим ойды жинақтау және реакция қабілетіне әсер етпейді. Алайда, сирек жағдайларда артериялық қысымның төмендеуі немесе бас айналуы сияқты жағымсыз реакциялар аталған әрекеттерді орындау кезінде қауіпті болуы мүмкін.
Клиникалық зерттеулерде цефподоксимнің басқа дәрілік заттармен елеулі өзара әрекеттесуі туралы хабарланған жоқ.
Н2-гистаминді рецепторлардың блокаторларымен және антацидтермен бір мезгілде қолданғанда цефподоксимнің биожетімділігі төмендейді. Пробенецидпен бірге қолданғанда цефалоспориндерді организмнен шығару жылдамдығы төмендейді.
Парентеральді енгізілетін цефалоспориндердің жоғары дозаларымен емдеу және күшті салуретиктерді (мысалы, фуросемидті) немесе нефроуыттылығы зор препараттарды (мысалы, амингликозидті антибиотиктер) бір мезгілде қолдану жағдайында бүйрек функциясының бұзылуын жоққа шығаруға болмайды. Алайда, фармакологиялық деректер мен клиникалық тәжірибе цефподоксимді қолданған кезде бұның ықтималдылығы аз екенін көрсетеді, оны ұсынылған дозаларда пероральді қолдану керек.
Цефалоспориндермен бір мезгілде пайдаланған кезде кумариндер тобынан пероральді антикоагулянттардың әсері күшеюі және құрамында эстрогендер бар контрацептивтердің тиімділігі төмендеуі мүмкін.
Пероральді антикоагулянттар
Цефподоксиммен біріктірілген пайдалану кезінде варфариннің антикоагулянттық әсері күшеюі мүмкін. Цефалоспориндерді қоса, бактерияға қарсы дәрілермен ем қабылдаған пациенттерде пероральді антикоагулянттардың әсерінің күшеюі туралы көптеген хабарламалар бар (қауіп инфекция түріне, пациенттің жасына және жалпы жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін, сондықтан цефалоспориндердің халықаралық қалыптастырылған қатынас (ХҚҚ) көрсеткішіне әсер ету дәрежесін бағалау қиындық туғызады). Цефподоксиммен және пероральді антикоагулянттармен біріктірілген ем кезінде және одан кейінгі қысқа мерзім ішінде ХҚҚ көрсеткішіне жиі мониторинг жүргізу ұсынылады.
Н2-гистаминді рецепторлардың антацидтері мен блокаторлары
Клиникалық зерттеулерде асқазандағы ортаның рН мәнін арттыратын (тұз қышқылын бейтараптандыратын немесе оның секрециясын тежейтін) дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда цефподоксимнің биожетімділігі шамамен 30%-ға төмендейтіні анықталды. Сондықтан мұндай дәрілік заттарды, мысалы, антацидтер немесе Н2-гистаминді рецепторлардың (мысалы, ранитидин) блокаторларын цефподоксим қабылдағаннан кейін 2-3 сағаттан кейін қабылдау керек.
Бактериостатикалық антибиотиктер
Цефподоксимді бактериостатикалық антибиотиктермен (мысалы, хлорамфеникол, эритромицин, сульфаниламидтер немесе тетрациклиндер) бірге қолдануға болмайды, өйткені бұл ретте дәрілік заттың тиімділігі төмендеуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.