Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Порошок для приготовления раствора для инъекций
Дозасы
500 мг
Саудалық атауы
Цефтазидим
Әсер етуші зат
Цефтазидим
Мақсаты
Ауруханаішілік пневмонияда, муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекцияларында, бактериялық менингитте
Өндіруші
АО Химфарм
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір құтының ішінде
Цефтазидим мен натрий карбонатының стерильді қоспасы, соның ішінде:
белсенді зат - 582.5мг, 1165.0 мг, 2330.0 мг цефтазидим пентагидраты
(500.0 мг, 1000.0 мг, 2000.0 мг цефтазидимге шаққанда)
қосымша зат - сусыз натрий карбонаты
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақтан крем түстеске дейінгі кристалл ұнтақ
Цефтазидим ересектердегі және жаңа туған нәрестелерді (туғаннан бастап) қоса, балалардағы цефтазидимге сезімтал қоздырғыштардан туындаған инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:
• ауруханаішілік пневмонияда
• муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекцияларында
• бактериялық менингитте
• созылмалы іріңді ортаңғы отитте
• некроздайтын (қатерлі) сыртқы отитте
• несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларында
• тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларында
• асқынған интраабдоминальді инфекцияларда
• сүйектер мен буындардың инфекцияларында
• тұрақты амбулаториялық перитонеальді диализбен (ТАПД/CAPD) байланысты перитонитте
• жоғарыда аталған инфекциялардың кез келгенімен байланысты бактериемияларда
• бактериялық инфекцияларға күдік туған кезде фебрильді нейтропениясы бар пациенттерді емдеу үшін
• қуықасты безіне жасалатын операциялар (трансуретральді резекция) кезіндегі инфекциялық асқынулардың профилактикасы үшін
• аэробты грамтеріс бактериялардан туындаған инфекцияларда
• егер болжамды бактериялар оның әсер ету ауқымына тура келмесе, бактерияға қарсы басқа препараттармен біріктірілімде
Әсер ету механизмі
Цефтазидим III буынды цефалоспориндік антибиотик болып табылады. Микроорга-низмдердің жасуша жақтауының синтезін бұза отырып, бактерицидті әсер етеді. Цефтазидимге гентамицинге және басқа аминогликозидтерге төзімді штаммдарды қоса, патогенді қоздырғыштардың ауқымды спектрі сезімтал. Грамоң және грамтеріс бактериялар -лактамазаларының көпшілігінің әсеріне төзімді.
Микробиологиялық сезімталдық
Цефтазидим in vitro келесі микроорганизмдерге қарсы белсенді:
Грамтеріс аэробтар
Citrobacter koseri
Haemophilus influenzae
Moraxella catarrhalis
Pasteurella multocida
Neisseria menigitidis
Proteus mirabilis
Proteus spp (басқалары)
Грамоң аэробтар
Streptococcus pyogenes
Streptococcus agalactiae
Цефтазидим белсенді болмауы мүмкін:
Грамтеріс аэробтар
Acinetobacter baumannii+
Burkholderia cepacia
Citrobacter freundii
Enterobacter aerogenes
Enterobacter cloacae
Klebsiella pneumoniae
Klebsiella spp (басқалары)
Pseudomonas aeruginosa
Serratia spp
Morganella morganii
Грамтеріс аэробтар
Fusobacterium spp.
Грамоң аэробтар
Staphylococcus aureus£
Staphylococcus pneumoniae££
Viridans group streptococcus
Грамоң анаэробтар
Clostridium perfringens
Peptostreptococcus spp.
Келесі микроорганизмдерге қатысты белсенді емес:
Грамоң аэробтар
Enterococcus spp., Enterococcus faecalis және Enterococcus faecium қоса
Listeria spp
Грамоң анаэробтар
Clostridium difficile
Грамтеріс анаэробтар
Bacteroides spp. (Bacteroides fragilis штаммдарының көпшілігі резистентті).
Басқа микроорганизмдер:
Chlamydia spp
Mycoplasma spp
Legionella spp
Метициллинге сезімтал S. ureus цефтазидимге сезімталдығы әлсіз деп шамаланады. Пенициллинге аралық сезімталдыққа ие немесе резистентті S.pneumoniae цефтазидимге сезімталдығы төмен болуы мүмкін.
Дозалану режимі
Препараттың дозасын және емдеу ұзақтығын ауру ағымының ауырлығына, қоздырғыштың орналасуына, түріне және оның препаратқа сезімталдығына, сондай-ақ пациенттің жасына және бүйрек функциясына байланысты жекелей белгілейді.
Ересектер мен > 40 кг балалар:
Инъекция түрінде:
Муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары – әр 8 сағ. сайын 100-ден 150 мг/кг/тәу дейін, ең жоғары тәуліктік дозасы – 9 г/күн1)
Фебрильді нейтропения, ауруханаішілік пневмония, бактериялық менингит, бактериемия* - әр 8 сағ. сайын 2 г.
Сүйектер мен буындардың инфекциялары, тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары – әр 8 сағ. сайын 1-2 г.
Асқынған интраабдоминальді инфекциялар және тұрақты амбулаториялық перитонеальді диализдегі (ТАПД) пациенттерде диализге байланысты перитонит – әр 8 сағ. сайын 1-2 г.
Несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларында әр 8 немесе 12 сағат сайын 1-2 г.
Қуықасты безіне жасалатын операциялар (трансуретральді резекция) кезіндегі инфекциялық асқынулардың профилактикасы үшін – кіріспе анестезияда 1 г., және екінші дозасы – катетерді алып тастау кезінде
Созылмалы іріңді ортаңғы отит және некроздайтын (қатерлі) сыртқы отит – әр 8 сағат сайын 1-2 г.
Үзіліссіз инфузия түрінде:
Фебрильді нейтропения, ауруханаішілік пневмония, муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары, бактериялық менингит, бактериемия, сүйек пен буындардың инфекциялары, тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары, асқынған интраабдоминальді инфекциялар және тұрақты амбулаториялық перитонеальді диализдегі (ТАПД) пациенттердегі диализге байланысты перитонит – жүктемелік дозасы 2 г., әрі қарай үзіліссіз инфузия түрінде әрбір 24 сағат сайын 4-тен 6 г дейін енгізіледі 1)
1) бүйрек функциясы қалыпты ересектерде тәулігіне 9 г доза жағымсыз реакциялар жоқ болған кезде пайдаланылды.
Пациенттердің ерекше топтары
<40 кг балалар және > 2 айлық балалар
Инъекция түрінде:
Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары – 100-150 мг/кг/тәулік үш мәрте енгізуге, ең жоғары тәуліктік дозасы 6 г.
Созылмалы іріңді ортаңғы отит, некроздайтын (қатерлі) сыртқы отит - тәулігіне үш мәрте енгізуге 100-150 мг / кг, ең жоғары тәуліктік доза 6 г. Нейтропениясы бар балалар, муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары, бактериялық менингит, бактериемия* - 150 мг/кг/тәулік үш мәрте енгізуге, ең жоғары тәуліктік дозасы 6 г.
Сүйектер мен буындардың инфекциялары, тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары, асқынған интраабдоминальді инфекциялар және тұрақты амбулаториялық перитонеальді диализдегі (ТАПД) пациенттердегі диализге байланысты перитонит - 100-150 мг/кг/тәулік үш мәрте енгізуге, ең жоғары тәуліктік дозасы 6 г.
Үзіліссіз инфузия түрінде:
Фебрильді нгейтропения, ауруханаішілік пневмония, муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары, бактериялық менингит, бактериемия*, сүйектер мен буындардың инфекциялары, тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары, асқынған интраабдоминальді инфекциялар және тұрақты амбулаториялық перитонеальді диализдегі (ТАПД) пациенттердегі диализге байланысты перитонит – жүктемелік дозасы 60-100 мг/кг әрі қарай үзіліссіз инфузия түрінде 100-200 мг/кг/тәулік енгізіледі. Ең жоғары тәуліктік доза - тәулігіне 6 г.
* «Қолданылуы» бөлімінде келтірілген инфекциялардың кез келгенінің нәтижесіндегі бактериемия немесе осы инфекцияларға күдік туған кезде.
Жаңа туған нәрестелер мен ≤ 2 айлық нәрестелер
Инъекция түрінде
Көптеген инфекцияларда – 25-60 мг/кг/күн екі мәрте енгізу (жаңа туған нәрестелер мен ≤ 2 айлық нәрестелерде цефтазидимнің қан сарысуындағы жартылай шығарылу кезеңі ересектерге қарағанда үш-төрт есе ұзағырақ болуы мүмкін).
Балалар
Цефтазидимнің жаңа туған нәрестелер мен ≤ 2 айлық нәрестелердегі үзіліссіз инфузия түріндегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Егде жастағы пациенттер
Егде адамдардағы бүйрек клиренсінің жасқа байланысты төмендеуін ескеріп, 80 жастан асқан пациенттерде ұсынылған доза <3 г/тәулік болуы тиіс.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Қолда бар деректер бойынша бауыр функциясы бұзылуының жеңіл немесе орташа дәрежесінде дозаны түзету қажеттілігі талап етілмейді, бауырдың айқын жеткіліксіздігі кезіндегі деректер жоқ. Емдеудің қауіпсіздігі мен тиімділігіне клиникалық бақылау жүргізу ұсынылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Цефтазидим өзгермеген күйде бүйрекпен шығарылады, сондықтан бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде доза азайтылуы тиіс. Препараттың бастапқы жүктемелік дозасы 1 г құрайды. Демеуші дозаны креатинин клиренсіне байланысты таңдап алады.
Бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі ұсынылатын демеуші дозалары
Инъекция түрінде енгізгенде
Ересектер мен > 40 кг балалар
Креатинин клиренсі (КК) мл/мин — Креатининнің сарысудағы концентрациясы, мкмоль/л (мг/дл) — Ұсынылатын бір реттік дозалар (г) — Препаратты енгізу жиілігі
50-31 — 150-200 (1.7-2.3) — 1.0 — Әр 12 сағ
30-16 — 200-350 (2.3-4.0) — 1.0 — Әр 24 сағ
15-6 — 350-500 (4.0-5.6) — 0.5 — Әр 24 сағ
<5 — >500 (>5.6) — 0.5 — Әр 48 сағ
Ауыр инфекциялары бар пациенттерге демеуші дозаны 50%-ға арттыруға немесе препаратты енгізу жиілігін көбейтуге болады. Балаларда креатинин клиренсінің көрсеткіштерін дене беткейінің ауданына немесе дененің бұлшықет массасына байланысты түзету керек.
< 40 кг балалар
Креа-тинин клиренсі (КК) мл/мин** — Креатининнің* сарысудағы концентрациясы, мкмоль/л (мг/дл) — Ұсынылатын бір реттік дозалар (мг/кг) — Препаратты енгізу жиілігі
50-31 — 150-200 (1.7-2.3) — 25 — Әр 12 сағ
30-16 — 200-350 (2.3-4.0) — 25 — Әр 24 сағ
15-6 — 350-500 (4.0-5.6) — 12.5 — Әр 24 сағ
<5 — >500 (>5.6) — 12.5 — Әр 48 сағ
*Сарысудағы креатинин мәндері бағдарлық мәндер болып табылады, олар бүйрек функциясы төмендеген барлық пациенттер үшін дозаны төмендетудің тура сол дәрежесін дәл көрсете алмайды.
**Дене беткейінің ауданына негізделген немесе өлшенген.
Емдеудің қауіпсіздігі мен тиімділігіне мұқият клиникалық бақылау жүргізу ұсынылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі ұсынылатын демеуші дозалары
Үзіліссіз инфузия түрінде енгізгенде
Ересектер және > 40 кг балалар
Креатинин клиренсі (КК) мл/мин — Креатининнің сарысудағы концентрациясы, мкмоль/л (мг/дл) — Препаратты енгізу жиілігі
50-31 — 150-200 (1.7-2.3) — Жүктемелік доза 2 г әрі қарай енгізу 1 г-ден 3 г дейін /24 сағат
30-16 — 200-350 (2.3-4.0) — Жүктемелік доза 2 г әрі қарай енгізу 1 г /24 сағат
<15 — >350 (> 4.0) — Бағалау жүргізілген жоқ
Дозаларды сақтықпен таңдау және қауіпсіздік пен тиімділікті мұқият клиникалық бақылау керек.
<40 кг балалар
Цефтазидимнің бүйрек жеткіліксіздігі бар <40 кг балалардағы үзіліссіз инфузия кезіндегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Қауіпсіздігі мен тиімділігін мұқият клиникалық бақылау ұсынылады.
Бүйрек функциясы бұзылған балаларға үзіліссіз инфузия кезінде креатинин клиренсін дене беткейінің ауданы мен дененің бұлшықет массасына байланысты түзету керек.
Гемодиализ
Сарысудағы цефтазидимнің гемодиализ кезінде жартылай шығарылу кезеңі 3-5 сағатты құрайды.
Гемодиализдің әрбір сеансынан кейін кестелерде көрсетілген ұсыныстарға сәйкес цефтазидимнің демеуші дозаларын қайталау керек.
Перитонеальді диализ
Цефтазидим перитонеальді диализде және тұрақты амбулаториялық перитонеальді диализде (ТАПД) пайдаланылуы мүмкін.
Цефтазидимді вена ішіне қолданудан бөлек диализдік ерітіндіге қосуға болады (әдетте 2 л диализдік ерітіндіге 125-250 мг).
Үзіліссіз артериялық-веналық гемодиализдегі немесе қарқынды ем бөлімшелеріндегі жоғары ағынды гемофильтрациядағы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін: 1 г/тәу, бір реттік доза түрінде немесе бірнеше қабылдауға. Төмен ағынды гемофильтрацияда бүйрек функциясының бұзылысы кезінде ұсынылған дозаларды тағайындау керек.
Вена-веналық гемофильтрациядағы және вена-веналық гемодиализдегі пациенттер үшін, төмендегі кестелерде көрсетілген дозалар ұсынылады.
Үзіліссіз вена-веналық гемофильтрация үшін ұсынылатын дозалары
Креатинин клиренсі (КК) мл/мин — Ультрафильтрация жылдамдығы (мл/мин)кезіндегі демеуші доза (мг) 1:
5 — 16.7 — 33.3 — 50
0 — 250 — 250 — 500 — 500
5 — 250 — 250 — 500 — 500
10 — 250 — 500 — 500 — 750
15 — 250 — 500 — 500 — 750
20 — 500 — 500 — 500 — 750
1 Демеуші доза әр 12 сағат сайын тағайындалады.
Үзіліссіз вена-веналық гемодиализ үшін ұсынылатын дозалары
Креатинин клиренсі (КК) мл/мин — Диализат ағыны жылдамдығы кезіндегі демеуші доза (мг)1:
1.0 л/сағ — 2 л/сағ
Ультрафильтрация жылдамдығы (л/сағ) — Ультрафильтрация жылдамдығы (л/сағ)
0.5 — 1.0 — 2.0 — 0.5 — 1.0 — 2.0
0 — 500 — 500 — 500 — 500 — 500 — 750
5 — 500 — 500 — 750 — 500 — 500 — 750
10 — 500 — 500 — 750 — 500 — 750 — 1000
15 — 500 — 750 — 750 — 750 — 750 — 1000
20 — 750 — 750 — 1000 — 750 — 750 — 1000
1 Демеуші доза әр 12 сағат сайын тағайындалады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Ұмытылған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
• цефтазидимге, кез келген басқа цефалоспориндерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• анамнезде басқа бета-лактамдық антибиотиктерге (пенициллиндер, монобактамдар және карбапенемдер) ауыр аса жоғары сезімталдықтың болуы (мысалы: анафилаксиялық реакция)
Сақтықпен: бүйрек жеткіліксіздігінде, жүктілікте, лактация кезеңінде, жаңа туған нәрестелерде
Жиі:
• эозинофилия, тромбоцитоз
• диарея
• флебит немесе тромбофлебит (вена ішіне енгізгенде)
• бір немесе одан көп бауыр ферменттері - AЛT, AСT, ЛДГ, ГГТ және сілтілік фосфатаза белсенділігінің өтпелі жоғарылауы,
• дақты-папулалық бөртпе немесе есекжем
• Кумбстың жалғаноң реакциясы (шамамен 5% пациентте дамиды, қан үйлесімділігі сынамасына әсер етуі мүмкін)
• инъекция орнының ауыруы және/немесе қабынуы (бұлшықет ішіне енгізуден кейін)
Жиі емес
• кандидоз (оның ішінде кандидоздық вагинит, стоматит)
• лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения
• бас ауыруы, бас айналуы
• антибиотикпен астасқан диарея және колит (Clostridium difficile-мен астасуы мүмкін және жалған жарғақшалы колит түрінде білінуі де мүмкін),
• абдоминальді ауырулар, жүрек айнуы, құсу
• қышыну
• қан сарысуындағы мочевина, мочевина азотының және/немесе креатинин деңгейінің өтпелі жоғарылауы
• қызба
Сирек
• интерстициальді нефрит, бүйректің жедел жеткіліксіздігі
Белгісіз
• лимфоцитоз, гемолиздік анемия, агранулоцитоз
• бронх түйілуін және/немесе гипотонияны қоса, анафилаксиялық реакциялар
• парестезия, тремор, миоклонияны, құрысуларды, энцефалопатияны және команы (бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттерде препараттың дозасы талапқа сай төмендетілмеген жағдайда) қоса, неврологиялық асқынулар
• дәм сезудің бұзылуы
• сарғаю
• ангионевроздық ісіну, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз
• DRESS-синдромы (эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен жүретін дәрілік бөртпе)
• жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: энцефалопатия, құрысулар және команың дамуымен неврологиялық асқынулар.
Артық дозалану симптомдары бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препараттың дозасы талапқа сай төмендетілмеген жағдайда дамуы мүмкін.
Емі: симптоматикалық және демеуші ем, ауыр артық дозалану жағдайында, консервативті ем нәтижесіз болса, қандағы препараттың концентрациясы гемодиализдің немесе перитонеальді диализдің көмегімен азайтылуы мүмкін.
Жоғары сезімталдық
Барлық бета-лактамдық антибиотиктер тәрізді, фатальді жағдайларды қоса, цефтазидимге маңызды аллергиялық реакциялар байқалған. Ауыр аллергиялық реакцияларда емдеуді дереу тоқтатып және талапқа сай аллергияға қарсы емді бастау керек.
Емдеуді бастар алдында пациенттің анамнезінде цефтазидимге, басқа цефалоспориндерге немесе басқа бета-лактамдық агенттерге, немесе басқа препараттарға ауыр аллергиялық реакциялар бар-жоғын нақтылау керек. Анамнезінде басқа бета-лактамдық антибиотиктерге ауыр емес аллергиялық реакциялар болған пациенттерге сақтықпен қолдану керек.
Пенициллиндерге және бета-лактамдық антибиотиктерге белгілі аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге препаратты қолданған кезде ерекше сақтық таныту керек.
Цефтазидиммен емдеу кезінде белгісіз жиілікпен Стивенс-Джонсон синдромы (SJS), уытты эпидермальді некролиз (TEN), эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS) және өмірге қауіп төндіретін немесе өлімге әкелетін жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP) сияқты терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCAR) туралы хабарланды.
Пациенттерге белгілер мен симптомдар туралы хабарлау керек және олар тері реакциялары тұрғысынан мұқият бақылауда болуы қажет.
Егер Сіз келесі симптомдардың қандай да бірін байқасаңыз, дереу медициналық көмекке жүгініңіз:
• денедегі нүктелі немесе дөңгелек даққа ұқсас қызғыш дақ, көбіне ортасында күлдіреуігі болатын, терісі қабыршақтануымен, ауыздағы, тамақтағы, мұрындағы, жыныс мүшелеріндегі және көздегі ойық жарасымен. Бұл күрделі тері бөртпелерінің алдында қызба және тұмауға ұқсас симптомдар (Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз) болуы мүмкін.
• Жайылған бөртпе, дененің температурасы жоғарылауы және лимфа
түйіндерінің ұлғаюы (DRESS синдромы немесе дәрілерге аса жоғары сезімталдық синдромы).
• Температура жоғарылауымен бірге жүретін, тері астындағы төмпешіктері мен күлдіреуіктері болатын, қызыл, қабыршақты жайылған бөртпе. Симптомдары әдетте емнің басында көрінеді (жедел жайылған экзантема-тозды пустулез).
Егер осы реакцияларды көрсететін белгілер мен симптомдар пайда болса, цефтазидимді дереу тоқтатып, баламалы емдеуді қарастыру керек.
Егер цефтазидимді қолдану кезінде пациентте SJS, TEN, DRESS немесе AGEP сияқты ауыр реакция дамыса, мұндай пациентте цефтазидиммен жүргізілетін емді ешбір жағдайда жалғастыруға болмайды
Әсер ету ауқымы
Цефтазидимнің бактерияға қарсы белсенділігінің ауқымы шектеулі және кейбір инфекция түрлерін монотерапия түрінде емдеуге жарамсыз, тек қана егер қоздырғышы құжатпен расталған, сезімтал болса, бұл қоздырғыш үшін цефтазидим ең жақсы таңдау болатынының ықтималдығы зор. Бұл әсіресе бактериемиямен пациенттерді емдегенде, бактериялық менингитте, тері мен жұмсақ тіндер инфекциясында, сүйектер мен буындар инфекциясында маңызды. Бұдан бөлек, цефтазидим кеңейтілген спектрдегі кейбір бета-лактамазалардың (ESBLs) гидролизіне сезімтал, цефтазидимді таңдаған кезде осы ақпаратты ескерген жөн.
Жалған жарғақшалы колит
Кейбір пациенттерде цефтазидимді қабылдау кезінде немесе қабылдағаннан кейін Clostridium difficile өндірген токсиндер туындатқан антибиотикпен астасқан колит және жалған жарғақшалы колит дамуы мүмкін (диареяның жеңіл дәрежесінен ауырына дейін). Бұл жағдайда емдеуді тоқтатады және тиісті ем жүргізеді. Ішек перистальтикасын бәсеңдететін препараттарды тағайындамау керек.
Бүйректің бұзылулары
Цефалоспориндердің және аминогликозидтер, күшті әсер ететін диуретиктер (мысалы, фуросемид) тәрізді нефроуытты дәрілік заттардың жоғары дозаларын бір мезгілде тағайындау бүйрек функциясына қолайсыз ықпал етуі мүмкін.
Цефтазидим бүйрек арқылы шығарылатын болғандықтан, оның дозасы бүйрек функциясының бұзылу дәрежесіне сәйкес төмендетілуі керек. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қауіпсіздігі мен тиімділігіне мұқият мониторинг жасалуы қажет. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препарат дозасын талапқа сай төмендетпеген кезде неврологиялық асқынулар байқалған.
Сезімтал емес организмдердің шектен тыс көбеюі
Цефтазидимді ұзақ уақыт қолдану резистентті микроорганизмдердің (энтерококктар, зеңдер) шектен тыс өсуіне әкелуі мүмкін, бұл емдеуді тоқтатуды және басқа тиісті шараларды талап етуі мүмкін. Пациенттің жай-күйіне қайта баға берудің маңызы зор.
Цефтазидим энзимдік тестілер көмегімен глюкозурияны анықтау тестілерінің нәтижелеріне ықпал етпейді, бірақ мысты қалпына келтіру әдістеріне (Бенедикт, Фехлинг, Клинитест әдістері) елеусіз (жалғаноң) ықпал етуі мүмкін.
Цефтазидимді қолдануға байланысты пациенттердің шамамен 5%-ында Кумбс оң реакциясының дамуы қан үйлесімділігі сынамасына ықпал етуі мүмкін.
Балалар
Емдеудің қауіпсіздігі мен тиімділігіне мұқият клиникалық бақылау жүргізу ұсынылады
Арнайы сақтандырулар
Цефтазидим препаратының құрамында натрий бар (500 мг бір құтыда 52.5 мг сусыз натрий карбонаты, 1000 мг бір құтыда - 105.0 мг сусыз натрий карбонаты, 2000 мг бір құтыда - 210.0 мг сусыз натрий карбонаты бар), бұл натрий-бақыланатын диетадағы пациенттер үшін ескерілуі керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жағымсыз әсерлер (мысалы: бас айналу) көлік құралдары мен машиналарды басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін.
Цефтазидимді жүкті әйелдерге тек, егер оны қолданудың пайдасы қаупінен асып түсетін болса ғана тағайындау керек.
Цефтазидим организмнен ана сүті арқылы аздаған мөлшерде шығарылады, бірақ емдік дозаларында цефтазидим емшек еметін балаға жағымсыз әсер етпейді, сондықтан емшек емізу кезінде пайдалануға болады.
Өзара әрекеттесуін зерттеулер тек пробенецидпен және фуросемидпен жүргізілді.
Цефтазидимнің жоғары дозаларын нефроуытты дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану бүйрек функциясына теріс ықпал етуі мүмкін .
Хлорамфеникол цефтазидимнің және басқа цефалоспориндердің антогонисі ретінде әсер етеді, аталған фактінің клиникалық мәні белгісіз, емдеу үшін препаратты таңдауда антагонизм мүмкіндігін ескеру қажет.
Келесі ерітінділермен фармацевтикалық тұрғыдан үйлесімді:
1-ден 40 мг/мл-ге дейінгі концентрациясында - 0,9% натрий хлориді ерітіндісі; натрий лактаты ерітіндісі;
Хартман ерітіндісі;
5 % және 10 % декстроза ерітіндісі;
0.225 % натрий хлориді ерітіндісі және 5 % декстроза ерітіндісі;
0,45% натрий хлориді ерітіндісі мен 5% декстроза ерітіндісі;
0.9 % натрий хлориді ерітіндісі мен 5 % декстроза ерітіндісі;
0.18 % натрий хлориді ерітіндісі мен 4 % декстроза ерітіндісі;
0.9 % натрий хлориді ерітіндісіндегі немесе 5 % декстроза ерітіндісіндегі 10 % Декстран 40 ерітіндісі;
0.9 % натрий хлориді ерітіндісіндегі немесе 5 % декстроза ерітіндісіндегі 6 % Декстран 70 ерітіндісі.
Цефтазидим ерітіндісі (инъекцияға арналған 1,5 мл суға 500 мг) мен метронидазолды (500 мг/100 мл) араластырғанда, екі компонент те өз белсенділіктерін сақтап қалады.
Еріткіш ретінде натрий гидрокарбонаты ерітіндісін пайдалануға болмайды.
Аминогликозидтермен, ванкомицинмен фармацевтикалық тұрғыдан үйлесімсіз.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.