Аса жоғары сезімталдық реакциялары
Басқа бета-лактамды антибиотиктерді (цефалоспориндер, карбапенемдер немесе монобактамдар) қолдану кезіндегі сияқты, аса жоғары сезімталдық реакциясының, оның ішінде өліммен аяқталатын ауыр реакциялары тіркелді. Аса жоғары сезімталдық реакциялары миокард инфарктісіне әкелуі мүмкін күрделі аллергиялық реакция - Коунис синдромына дейін өршуі мүмкін. Симптомдарға тыныс алудың немесе жұтудың қиындауымен қатар жүретін тамақтың немесе беттің кенеттен ісінуі, қол ұшының, аяқтың, тобықтың кенеттен ісінуі, кеуденің ауыруы, тез дамып келе жатқан бөртпе жатады. Аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциясы дамыған жағдайда, цефтриаксонмен емдеуді дереу тоқтату және тиісінше шұғыл көмек көрсету шараларын қолдану керек. Препаратпен емдеуді бастар алдында, пациентте бұрын цефтриаксонға, басқа цефалоспориндерге немесе басқа бета-лактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық реакциясының байқалған-байқалмағандығын біліп алу қажет. Анамнезінде басқа бета-лактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдықтың ауыр емес реакциялары бар пациенттерге цефтриаксонды тағайындағанда сақтық таныту қажет.
Терінің ауыр жағымсыз реакциялары (Стивенс Джонсон синдромы немесе Лайелл синдромы / уытты эпидермалық некролиз), сондай-ақ өмірге қауіпті болуы немесе өлімге әкелуі мүмкін эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен (DRESS) дәрілік реакциясы туралы хабарланған; алайда осындай реакциялардың даму жиілігі белгісіз.
Құрамында кальций бар өнімдермен өзара әрекеттесу
1 айға толмаған жастағы шала туған және мерзіміне жетіп туған нәрестелердің өкпесі мен бүйректеріндегі кальций-цефтриаксон преципитаттарымен өлімге әкелетін реакциялар сипатталған. Кем дегенде, олардың біреуі цефтриаксон мен кальцийді әртүрлі уақытта және түрлі венаішілік желілер арқылы қабылдаған. Қолда бар ғылыми деректерде цефтриаксон мен құрамында кальций бар ерітінділерді немесе кез келген басқа құрамында кальций бар өнімдерді қабылдаған жаңа туған нәрестелерден басқа, пациенттерде расталған тамырішілік шөгінділер туралы хабарламалар жоқ. In vitro зерттеулері жаңа туған нәрестелердің басқа жас топтарымен салыстырғанда цефтриаксон-кальций шөгу қаупі жоғары екенін көрсетті.
Кез келген жастағы пациенттерде цефтриаксонды кез келген кальций бар венаішілік ерітінділермен бір уақытта, тіпті әртүрлі инфузиялық желілер арқылы немесе әртүрлі енгізу орындарында араластыруға немесе енгізуге болмайды. Егер әр түрлі венаға енгізу жолдары бар инфузиялық жүйелер пайдаланылса немесе шөгінді түсуінің алдын алу үшін физиологиялық тұзды ерітіндімен инфузиялар арасында мұқият жуылып шайылса немесе инфузиялық жүйелерді алмастырып отырса, 28 күннен асқан пациенттерге цефтриаксон және құрамында кальций бар ерітінділерді бірінен соң бірін енгізуге болады.
Жалпы парентеральді тамақтану (ЖПТ) үшін кальций бар ерітінділерді үздіксіз инфузиялауды қажет ететін пациенттерде медицина мамандары тұнба тұну қаупіне ұқсас емес баламалы бактерияға қарсы препараттарды қолдануды қарастыруы мүмкін. Егер үздіксіз тамақтануды қажет ететін пациенттерде цефтриаксонды қолдану қажет деп саналса, ЖПТ және цефтриаксон ерітінділерін бір уақытта әртүрлі жерлерде әртүрлі инфузиялық желілер арқылы ғана енгізуге болады. Цефтриаксон инфузиясы кезінде ЖПТ ерітіндісінің инфузиясын тоқтатуға және ерітінділерді енгізу арасындағы инфузиялық желілерді шаюға болады.
Гемолиздік анемия
Басқа цефалоспориндерді қолданғандағыдай, цефтриаксонды қолданғанда аутоиммунды гемолиздік анемия дамуы мүмкін. Ересектер мен балаларда, оның ішінде өліммен аяқталған ауыр гемолиздік анемия жағдайлары тіркелген. Цефтриаксонмен емделіп жатқан пациентте анемия дамыған жағдайда цефалоспоринмен астасқан анемия диагнозын жоққа шығаруға болмайды және оның себебі анықталғанға дейін емдеуді тоқтату қажет.
Ұзақ мерзімді емдеу
Ұзақ мерзімді емдеу кезінде толық қан талдауы үнемі жүргізілуі керек.
Колит/суперинфекция
Көптеген басқа бактерияға қарсы препараттарды қолданғандағыдай, цефтриаксонмен емдеу кезінде Clostridium difficile туғызған әртүрлі ауырлықтағы: жеңіл диареядан өліммен аяқталған ауыр колитке дейін диареяның даму жағдайлары тіркелді. Антибиотикпен емдеу кезінде және одан кейін диарея бар барлық пациенттерде Clostridium difficile тудырған диареяның даму мүмкіндігін естен шығармау керек. Мұндай жағдайларда ішек перистальтикасын бәсеңдететін дәрілік заттарды қолдануға болмайды. Басқа бактерияға қарсы препараттармен емдегендегідей, цефтриаксонды қолданған кезде асқын инфекция дамуы мүмкін.
Бүйрек және бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
Бүйрек және бауырдың ауыр жеткіліксіздігі кезінде қауіпсіздік пен тиімділікке мұқият клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады.
Зертханалық зерттеулерге әсері
Кумбс тестілерінде ақаулар туындауы мүмкін, өйткені цефтриаксон тесттің жалған оң нәтижелеріне әкелуі мүмкін. Цефтриаксон сондай-ақ галактоземияға тесттің жалған оң нәтижелеріне әкелуі мүмкін.
Несептегі глюкозаны анықтаудың ферментативті емес әдістері жалған оң нәтиже беруі мүмкін. Цефтриаксинмен емдеу кезінде несептегі глюкозаны анықтауды ферментативті әдістермен жүргізу керек.
Цефтриаксонның болуы кейбір қандағы глюкозаны мониторингтеу жүйелерімен алынған қандағы глюкозаның өлшенген мәндерінің жалған төмендеуіне әкелуі мүмкін. Әр жүйеге арналған пайдалану нұсқауларын ескеру қажет. Қажет болса зерттеудің баламалы әдістерін пайдалану керек.
Натрий
ЦЕФТРИАКСОН-АКОС препаратының құрамында натрий бар. Препаратты тағайындау кезінде тұзсыз диетаны ұстанатын пациенттерге сақ болу керек. 1 г цефтриаксонда - шамамен 83 мг (3.6 ммоль) натрий.
Бактерияға қарсы спектр
Цефтриаксон бактерияға қарсы белсенділіктің шектеулі спектріне ие және патоген расталмаған болса, инфекциялардың кейбір түрлерін емдеуге арналған жалғыз дәрі ретінде пайдалануға жарамсыз болуы мүмкін. Полимикробты инфекциялар кезінде, болжамды қоздырғыштар цефтриаксонға төзімді микроорганизмдерді қамтыса, қосымша антибиотик енгізу мүмкіндігін қарастыру керек.
Лидокаинді қолдану
Егер лидокаин ерітіндісі еріткіш ретінде пайдаланылса, цефтриаксон ерітінділері тек бұлшықет ішіне енгізу үшін пайдаланылуы тиіс. Лидокаинге қарсы көрсетілімдер, ескертулер және басқа да тиісті ақпарат қолданар алдында қарастырылуы тиіс.
Лидокаин ерітіндісін ешқашан вена ішіне енгізуге болмайды.
Өт жолдарының литиазы
Сонограммаларда көлеңкелерді анықтау кезінде цефтриаксонының- кальций шөгінділерге тұну мүмкіндігін ескеру керек. Өт қабындағы тастар ретінде қате қабылданған көлеңкелер, әдетте, стандартты ұсынылған дозадан асатын дозадан кейін өт қабының сонограммаларында анықталған. Бұл көлеңкелер, алайда, цефтриаксон кальций тұнбасы болып табылады, олар цефтриаксонмен емдеуді аяқтағаннан немесе тоқтатқаннан кейін жоғалады. Бұл нәтижелер сирек симптомдармен байланысты болды. Симптоматикалық жағдайларда консервативті хирургиялық емес емдеу ұсынылады және симптоматикалық жағдайларда цефтриаксонмен емдеуді тоқтату дәрігердің қарастыруы бойынша болуы тиіс.
Өттің іркілуі
Цефтриаксонмен емделген пациенттерде панкреатит, мүмкін болатын билиарлы бітелістің этиологиясы туралы хабарланды. Көптеген пациенттерде билиарлық іркіліс пен билиарлық шөгіндінің даму қаупінің факторлары болды, мысалы, алдыңғы негізгі терапия, күрделі ауру және жалпы парентеральді тамақтану. Цефтриаксонмен байланысты билиарлық шөгіндінің триггерлік немесе кофакторлық рөлін жоққа шығаруға болмайды.
Бүйректік литиаз
Цефтриаксонды қабылдау тоқтатылған кезде қайтымды болып табылатын бүйрек литиазының жағдайлары туралы хабарланған. Симптоматикалық жағдайларда сонография жүргізу керек. Анамнезінде ренальді литиаз немесе гиперкальциуриясы бар пациенттер үшін пайдасын артықшылық қаупін нақты бағалауға негізделген дәрігер қарастыруы тиіс.
Яриш-Герксгеймер реакциясы (JHR)
Цефтриаксонмен емделгеннен кейін көп ұзамай спирохеталардан туындаған инфекциялары бар кейбір пациенттерде Яриш-Герксгеймер (JHR) реакциясы туындауы мүмкін. Реакция әдетте өз бетінше өтеді немесе симптоматикалық еммен басылуы мүмкін. Реакция пайда болған жағдайда антибиотиктермен емдеуді тоқтатуға болмайды.
Энцефалопатия
Энцефалопатия цефтриаксонды қолдану кезінде, әсіресе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі немесе орталық жүйке жүйесінің бұзылыстары бар егде жастағы адамдарда хабарланған. Цефтриаксонмен астасқан энцефалопатияға (мысалы, сана деңгейінің төмендеуі, психикалық жағдайдың өзгеруі, миоклонус, құрысулар) күдік туған кезде цефтриаксонды қабылдауды тоқтату туралы мәселені қарау керек.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Зерттеулер цефтриаксон басқа да цефалоспориндер сияқты сарысулық альбуминнен билирубинді ығыстыра алатынын көрсетті.
ЦЕФТРИАКСОН-АКОС билирубин энцефалопатиясының даму қаупі бар шала туған және мерзіміне жетіп туған нәрестелерге қолдануға болмайды.
Егде пациенттер
Егде жастағы пациенттерде бүйрек және бауыр функциясы қанағаттанарлық болған жағдайда, препараттың ересек пациенттер үшін ұсынылатын дозаларын түзету қажет емес.
Бүйрек және бауыр функциясының бұзылуы
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге, бауыр функциясының бұзылуы болмаған жағдайда препараттың дозасын азайту қажет емес.
Цефтриаксон гемодиализ немесе перитонеальді диализ кезінде шығарылмайды. Диализдегі пациенттерге, диализ аяқталғаннан кейін препараттың қосымша дозасын енгізу қажет емес.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге, бүйрек функциясының бұзылуы болмаған жағдайда ЦЕФТРИАКСОН-АКОС препаратының дозасын азайту қажет емес.
Егер сізде бауыр немесе бүйрек аурулары болса, дәрі қабылдағанға дейін дәрігермен немесе фармацевтпен сөйлесіңіз.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Цефтриаксонмен емдеу кезінде жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін (мысалы, бас айналуы), бұл көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі мүмкін. Пациенттер көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу кезінде сақтық таныту керек.