Барлық дәрілік препараттар сияқты, препарат жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін, бірақ олар барлығында бола бермейді. Цефтриаксонды қолдану кезінде жиі байқалған жағымсыз реакциялар: эозинофилия, лейкопения, тромбоцитопения, диарея, бөртпе және бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы. Цефтриаксонға жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі клиникалық зерттеулердің деректері бойынша анықталды.
Құбылыстар жиілігі бойынша келесідей жіктеледі:
өте жиі (≥ 1/10);
жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін);
жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін);
сирек (≥ 1/10000-ден <1/1000 дейін);
өте сирек (<1/10000);
жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Жиі
• Эозинофилия, лейкопения, тромбоцитопения
• Диарея, сұйық нәжіс
• Бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы
• Бөртпе
Жиі емес
• Генитальді зеңдік инфекциялар
• Гранулоцитопения, анемия, коагуляцияның бұзылуы
• Бас ауыруы, бас айналуы
• Қышыну
• Жүрек айнуы, құсу
• Флебит, инъекция орнындағы реакциялар, қызба
• Қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы
Сирек
• Жалған жарғақшалы колит
• Энцефалопатия
• Бронх түйілуі
• Есекжем
• Гематурия, глюкозурия
• Ісіну, қалтырау
Жиілігі белгісіз a
• Суперинфекция
• Гемолиздік анемия, агранулоцитоз
• Анафилаксиялық шок, анафилаксиялық реакциялар, анафилактоидтық реакциялар, аса жоғары сезімталдық реакциялары, Яриш-Герксгеймер реакциясы (JHR)
• Аллергияға байланысты туындаған, жүрек ұстамасының симптомы болуы мүмкін аллергиялық реакциялар кезіндегі кеудедегі ауырсыну (Кунис синдромы)
• Құрысулар
• Вертиго
• Панкреатит, стоматит, глоссит
• Өт қабындағы преципитаттар, ядролық сарғаю, гепатитb, холестаздық гепатитb
• Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, мультиформалы эритема, жедел жайылған экзантематозды пустулез, эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен (DRESS) препаратқа реакциялар
• Олигурия, бүйректе преципитаттардың түзілуі (қайтымды)
• Кумбс тестінің жалған-оң нәтижелері, галактоземия талдауының жалған-оң нәтижелері, глюкозаны ферментті емес анықтау әдістерінің жалған-оң нәтижелері.
aПостмаркетингтік есептер негізінде. Бұл реакциялар туралы ақпарат тұрғындардан өз еркімен белгісіз мөлшерде келетіндіктен, олардың жиілігін сенімді бағалау мүмкін емес, осыған байланысты ол белгісіз болып сипатталады.
b Әдетте цефтриаксон қабылдауды тоқтатқан кезде қайтымды болады
Инфекциялар мен инвазиялар.
Цефтриаксонды қолданғаннан кейінгі диарея жағдайлары Clostridium difficile-мен байланысты болуы мүмкін. Сұйықтық пен электролиттердің тиісті мөлшерін тағайындау керек.
Цефтриаксон кальций тұзының преципитаттары.
Цефтриаксон және кальций препараттары вена ішіне енгізілген, шала туған және мерзімі жетіп туған нәрестелерде (<28 күндік) кейде өліммен аяқталатын, ауыр жағымсыз реакциялардың сирек жағдайлары тіркелді. Аутопсия кезінде өкпеде және бүйректе цефтриаксонның кальций тұзы преципитаттары анықталды. Нәрестелерде преципитаттардың түзілу қаупі қан көлемінің аздығы салдары және ересектерге қарағанда цефтриаксонның жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығы болып табылады. Несеп шығару жолдарында преципитаттардың пайда болу жағдайлары тіркелген, негізінен балаларда препараттың тәуліктік үлкен дозалары (мысалы, ≥ тәулігіне 80 мг/кг) немесе жалпы дозалары 10 г-нан асады, сондай-ақ қосымша қауіп факторлары болды (мысалы, сұйықтықты шектеулі қабылдау немесе төсек режимі). Преципитаттар симптомдармен қатар жүруі немесе симптомсыз болуы, бүйрек жеткіліксіздігіне және анурияға әкелуі мүмкін және цефтриаксон қолдануды тоқтатқаннан кейін жоғалады. Өт қабында цефтриаксонның кальций тұзы преципитаттарының түзілу жағдайлары, көбінесе препаратты стандартты ұсынылғаннан асатын дозаларда енгізген пациенттерде тіркелген. Балаларда проспективті зерттеулердің деректері бойынша препаратты вена ішіне енгізу кезінде преципитаттардың түзілу жиілігі әр түрлі, кейбір зерттеулерде 30 % астам болды. Препаратты баяу енгізген кезде (2030 минут ішінде) преципитаттардың түзілу жиілігі төмен. Преципитаттардың түзілуі әдетте симптомдармен қатар жүрмейді, бірақ сирек жағдайларда ауырсыну, жүрек айнуы және құсу сияқты клиникалық симптомдар туындады. Мұндай жағдайларда симптоматикалық емдеу ұсынылады. Цефтриаксон қолдануды тоқтатқаннан кейін, әдетте, преципитаттар жоғалады.
Инъекция орнындағы реакциялар
Цефтриаксонды вена ішіне енгізгенде ауыртады. Инъекция орнындағы басқа реакцияларға мыналар жатады: эритема, экстравазация, ісіну, бөртпе, қышу, қабыну, тығыздалу және гематома. Инъекция орнындағы инфекция және абсцесс сияқты асқынулар сирек хабарланды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz