Жиілігі көбірек жағымсыз әсерлері: лейкопения, тромбоцитопения, диарея, бөртпе, бауыр ферменттерінің ұлғаюы.
жиі
- эозинофилия, лейкопения, тромбоцитопения, қан ұюының бұзылуы
- диареяb, сұйық нәжіс
- бауыр ферменттерінің ұлғаюы
- тері бөртпесі
жиі емес
- гениталийдің зеңдік инфекциясы
- гранулоцитопения
- анемия
- коагулопатия
- бас ауыруы
- бас айналуы
- терінің қышынуы
- флебит
- инъекция орнының ауыруы
- гипертермия
- қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы
- жүрек айнуы, құсу
сирек
- жалған жарғақшалы колитb
- есекжем
- бас ауыруы, бас айналуы, вертиго
- гематурия, глюкозурия
- энцефалопатия
- бронх түйілуі
- ісіну, қалтырау
өте сирек
- қанның ұю жүйесінің бұзылыстары
белгісізa
- суперинфекцияb
- гемолиздік анемияb
- агранулоцитоз (<500 / мм)
- аса жоғары сезімталдықb
- құрысулар
- бас айналу (вертиго)b
- панкреатитb
- стоматит
- глоссит
- өт қалтасындағы шөгіндіb
- керниктерус
- Стивенс-Джонсонb синдромы, Лайелл синдромы (уытты эпидермалық некролизb), мультиформалы эритема, жедел жайылған экзантематозды пустулез, эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен жүретін дәрілік реакция (DRESS - синдромы)
- инъекция орнындағы ауыру
- олигурия
- бүйректегі шөгінді (қайтымды)
- коагуляция уақытының ұзаруы
- энзиматикалық емес әдістермен глюкозаны анықтаудың жалған оң нәтижелері b
- Кумбсb тесті мен галактоземияға тестінің жалған оң нәтижелері
- Яриш-Герксгеймер (JНR) реакциясы
- гепатитс, холестаздық гепатитb,с
- анафилаксиялық шок, анафилаксиялық реакциялар, анафилактоидты реакциялар (мысалы, қызба, ісіну)
- қайтымды өт-тас ауруы
- Кунис синдромы
a Маркетингтен кейінгі есептерге негізделген. Бұл реакциялар белгісіз мөлшердегі популяциядан өз еркімен хабарланғандықтан, олардың жиілігін сенімді түрде бағалау мүмкін емес, сондықтан белгісіз деп жіктеледі.
b Дәрілік препаратты қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі бөлімін қараңыз
с Әдетте қайтымды цефтриаксонды тоқтатқаннан кейін
Жеке жағымсыз реакциялардың сипаттамасы.
Цефтриаксонмен емдеу, әсіресе бүйрек немесе жүйке жүйесінің ауыр ауруы бар егде жастағы пациенттерде сирек сананың төмендеуіне, қалыптан тыс қозғалыстарға, қозу мен құрысуларға әкелуі мүмкін.
Инфекциялар мен инвазиялар
Цефтриаксонды енгізгеннен кейін диарея жағдайлары тіркелген, олар Clostridium difficile-мен байланысты болуы мүмкін, организмдегі сұйықтық пен электролит деңгейін бақылау қажет.
Цефтриаксонның кальций тұздарының шөгуі
Ауыр жағымсыз әсерлердің сирек жағдайлары, ал кейбір жағдайларда вена ішіне цефтриаксон мен кальций енгізілген шала туған және мерзіміне жетіп туған (<28 күндік жастағы) нәрестелерде өліммен аяқталу тіркелген. Өлгеннен кейін ашып тексергенде өкпе мен бүйректе цефтриаксонның кальций тұзының ерімеген қоспалары табылған. Шөгінділер түзілуінің ең жоғары қаупіне, ересек пациенттермен салыстырғанда, жаңа туған нәрестелер бейім, бұл шағын қан көлеміне және цефтриаксонның ұзағырақ созылатын жартылай ыдырау кезеңіне байланысты.
Негізінен цефтриаксонның жоғары тәуліктік дозалары (мысалы, >80 мг/кг/тәулік) немесе 10 грамнан асып кететін жиынтық дозалары енгізілген 3 жастан үлкен балаларда және басқа қауіп факторлары (мысалы, сұйықтықты шектеу, төсек режимі және т.б.) болғанда бүйректе цефтриаксонның кальций тұзының шөгінді түзуінің өте сирек жағдайлары тіркелген, шөгінді түзілу қаупі төсек тартып жатқан немесе сусызданған пациенттерде артады. Бұл жағымсыз әсер симптоммен немесе симптомсыз өтіп, бүйрек жеткіліксіздігі мен анурияның пайда болуына әкелуі мүмкін, бірақ цефтриаксонмен емді тоқтатудан кейін қайтымды болады.
Негізінен Цефтриаксон Сандоз® препаратының ұсынылатын стандартты дозасынан асып кететін дозалар алған пациенттерде өт қалтасында цефтриаксонның кальций тұзының шөгіндісі түзілген жағдайлар тіркелген. Балалардағы проспективті зерттеулер препаратты вена ішіне қолданудан кейін шөгінді түзілу жиілігінің ауыспалы, ал кейбір зерттеулерде 30%-дан астам екенін көрсетті. Баяу инфузиялық енгізу кезінде (20-30 минут бойы) осы жағымсыз әсер жағдайларының жиілігі төмендеуі ықтимал. Бұл жағымсыз әсер, әдетте, симптомсыз өтеді, бірақ сирек жағдайларда шөгінділердің түзілуі ауыру, жүрек айну және құсу сияқты клиникалық симптомдармен қатар жүрген. Осы жағдайларда симптоматикалық ем жүргізу ұсынылады. Шөгінділердің түзілуі, әдетте, цефтриаксонмен емделуден кейін басылатын қайтымды құбылыс.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz