Дозалану режимі
1-кесте. Ересектер және дене салмағы 40 кг балалар
Қолданылуы — Дозалануы
Ауруханадан тыс пневмония және созылмалы бронхиттің өршуі — Әрбір 8 сағат сайын 750 мг (вена ішіне немесе бұлшықет ішіне)
Жұмсақ тіндердің инфекциялары: целлюлит, тілме қабыну және жара инфекциялары.
Құрсақішілік инфекциялар
Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары, пиелонефритті қоса — Әрбір 8 сағат сайын 1500 мг (вена ішіне немесе бұлшықет ішіне)
Ауыр инфекциялар — Әрбір 6 сағат сайын 750 мг (вена ішіне) Әрбір 8 сағат сайын 1500 мг (вена ішіне)
Асқазан-ішек жолының операцияларында, гинекологиялық операцияларда (кесар тілігін қоса) және ортопедиялық операцияларда профилактика үшін. — Анестезия индукциясымен 1500 мг. 8 сағат және 16 сағаттан кейін 750 мг-ден екі дозамен (бұлшықет ішіне) толықтыруға болады
Жүрек-қантамыр операцияларында және өңешке операциялардың профилактикасында — Анестезия индукциясымен 1500 мг, кейіннен келесі 24 сағат ішінде әрбір 8 сағат сайын 750 мг бұлшықет ішіне енгізуге ұласады
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
2-кесте. Салмағы < 40 кг балалар
3 апталықтан асқан сәбилер мен балалар және салмағы < 40 кг балалар — Нәрестелер (туғаннан 3 апталыққа дейінгі)
Ауруханадан тыс пневмония — 3 немесе 4-ке бөлінген дозалар түрінде енгізілетін (вена ішіне) күніне 30-дан 100 мг/кг дейінгі доза; күніне 60 мг/кг доза көптеген инфекцияларға қолдануға жарамды — 2 немесе 3-ке бөлінген дозалар түрінде енгізілетін (вена ішіне) күніне 30-дан 100 мг/кг дейінгі доза
Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары, пиелонефритті қоса
Жұмсақ тіндердің инфекцииялары: целлюлит, тілме қабыну және жара инфекциялары
Құрсақішілік инфекциялар
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Цефуроксим организмнен негізінен бүйрек арқылы шығарылады. Демек, бүйрек функциясы айқын бұзылған пациенттерде Цефуроксим препаратының дозасын, оның өте баяу шығарылуының орнын толтыру үшін, төмендету ұсынылады.
3-кесте. Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде ұсынылатын Цефуроксим дозалары
Креатинин клиренсі — T1/2 (сағ) — Доза (мг)
> 20 мл/мин/1,73 м2 — 1,7-2,6 — Препараттың стандартты дозасын төмендетудің қажеттігі жоқ (тәулігіне 3 рет 750 мг-1500 мг)
10-20 мл/мин/1,73 м2 — 4,3-6,5 — Күніне екі рет 750 мг
< 10 мл/мин/1,73 м2 — 14,8-22,3 — Күніне бір рет 750 мг
Гемодиализдегі пациенттер — 3,75 — Әрбір диализ сеансының соңында вена ішіне немесе бұлшықет ішіне 750 мг-ге тең қосымша доза енгізу қажет; натрий цефуроксимін парентералды түрде енгізуге қосымша перитонеалдық диализге арналған ерітіндіні қосуға болады (әдетте диализге арналған әрбір 2 л ерітіндіге 250 мг).
Қарқынды емдеу бөлімінде үздіксіз артериовеналық гемодиализ (CAVH) немесе жылдамдығы жоғары гемофильтрация (HF) қабылдап жатқан, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер — 7,9–12,6 (CAVH) 1,6 (HF) — Күніне екі рет 750 мг; егер жылдамдығы төмен гемофильтрация пайдаланылса, онда бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін ұсынылатын доза қолданылады
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Цефуроксим ең алдымен бүйрек арқылы жойылатындықтан, бауыр дисфункциясының цефуроксимнің фармакокинетикасына ықпал етуі күтілмейді.
Енгізу әдісі және жолы
Цефуроксим венаға тікелей 3-5 минут ішінде венаішілік инъекция жолымен немесе 30-60 минут ішінде инфузиялық жүйеге, немесе бұлшықетішілік терең инъекция жолымен қолданылуы тиіс. Бұлшықетішілік инъекциялар салыстырмалы түрде ірі бұлшықет массасына және енгізілетін бір жерге 750 мг-ден асырмай жүргізілуі тиіс. 1500 мг-ден жоғары дозаларды вена ішіне енгізу қажет.
4-кесте. Ерітіндіні дайындау жөніндегі нұсқаулық
Доза — Енгізу тәсілі — Сұйылтқаннан кейінгі препарат — Инъекция үшін қосылған судың мөлшері (мл) — Цефуроксимнің шамамен алғандағы концентрация-сы (мг/мл) **
750 мг цефуроксим ұнтағы — бұлшықет ішіне — суспензия — 3 мл — 216
вена ішіне болюсті — ерітінді — 6 мл — 116
вена ішіне инфузиялы — ерітінді — 6 мл* — 116
1500 мг цефуроксим ұнтағы — бұлшықет ішіне — суспензия — 6 мл — 216
вена ішіне болюсті — ерітінді — 15 мл — 94
вена ішіне инфузиялы — ерітінді — 15 мл* — 94
* Қалпына келтірілген ерітінді 50 мл немесе 100 мл үйлесімді инфузиялық ерітіндіге қосылуы тиіс.
** Нәтижесінде цефуроксим ерітіндісінің қалпына келтірілген ортадағы көлемі дәрілік затты ығыстыру факторының есебінен артады, бұл көрсетілген мг/мл концентрацияларға әкеледі.
Үйлесімділік
Натрий цефуроксимінің (инъекцияға арналған 15 мл судағы 1500 мг) қалпына келтірілген ерітіндісін және метронидазолды (500 мг/100 мл) араластырғанда екі компонент те өзінің белсенділігін 25°С-ден аспайтын температурада 24 сағатқа дейін сақтайды.
1500 мг доза натрий цефуроксимі азлоциллин (15 мл-де 1 г немесе 50 мл-де 5 г) ерітіндісімен үйлеседі; екі компонент те өзінің белсенділігін 4°С-ге жуық температурада 24 сағатқа дейін немесе 25°С-ден аспайтын температурада 6 сағатқа дейін сақтайды.
5% немесе 10% ксилитол ерітіндісіндегі дәрілік заттың ерітіндісі (5 мг/мл) 25°С-ден аспайтын температурада 24 сағатқа дейін сақталуы мүмкін.
Натрий цефуроксимі құрамында 1%-ға дейін лидокаин гидрохлориді бар сулы ерітінділермен үйлеседі.
Натрий цефуроксимі келесі инфузиялық ерітінділермен үйлеседі және бөлме температурасында өзінің белсенділігін 24 сағат бойы сақтайды:
0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі,
инъекцияға арналған 5% декстроза ерітіндісі,
0,18% натрий хлоридінің ерітіндісі және инъекцияға арналған 4% декстроза ерітіндісі,
5% декстроза ерітіндісі және инъекцияға арналған 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі,
5% декстроза ерітіндісі және инъекцияға арналған 0,45% натрий хлоридінің ерітіндісі,
5% декстроза ерітіндісі және инъекцияға арналған 0,225% натрий хлоридінің ерітіндісі,
инъекцияға арналған 10% декстроза ерітіндісі,
инъекцияға арналған судағы 10% инвертті қант ерітіндісі,
Рингер ерітіндісі,
Рингер лактаты ерітіндісі,
М/6 натрий лактаты ерітіндісі
инъекцияға арналған натрий лактатының ерітіндісі (Хартман ерітіндісі).
0,9% натрий хлориді ерітіндісіндегі және 5% декстроза ерітіндісіндегі натрий цефуроксимінің тұрақтылығы натрий фосфаты гидрокортизонының қатысуымен бұзылмайды.
Натрий цефуроксимі венаішілік инфузия түрінде енгізгенде бөлме температурасында келесі ерітінділермен үйлеседі және 24 сағат бойы тұрақты болады:
инъекцияға арналған 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісіндегі гепарин (10 және 50 ӘБ/мл);
инъекцияға арналған 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісіндегі калий хлориді (10 мЭк/л және 40 мЭк/л).
Цефуроксим өте жиі пайдаланылатын венаішілік сұйықтықтармен және электролиттер ерітінділерімен үйлеседі.
Инъекцияға арналған 2,74% натрий бикарбонатының ерітіндісінің рН шамасы ерітіндінің түсіне едәуір ықпалын тигізеді және, демек, бұл ерітінді натрий цефуроксимін еріту үшін ұсынылмайды. Дегенмен, натрий бикарбонатымен инъекция қабылдап жүрген пациенттер үшін қажет болған жағдайда, цефуроксим венаішілік инфузия жолымен енгізілуі мүмкін.
Цефуроксимді бір шприцте аминогликозидтермен бірге араластыруға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну жөнінде нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолданбас бұрын кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.