ЖР туындаған жағдайлардың жиілігін сипаттау үшін келесі санаттар пайдаланылады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 - <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 - <1/100 дейін), сирек (≥1/10 000 -<1/1000 дейін), өте сирек (<1/10
000) және белгісіз (жиілігін қолда бар деректердің негізінде есептеп шығару мүмкін емес).
Цефтриаксон лидокаинсыз немесе лидокаинмен (бұлшықет ішіне енгізуге арналған еріткіштің құрамында бар).
Цефтриаксонға жиілігі көбірек жағымсыз реакциялар эозинофилия, лейкопения, тромбоцитопения, сұйық нәжіс, бөртпе және бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы болып табылады.
Цефтриаксон лидокаинсыз немесе лидокаинмен (бұлшықет ішіне енгізуге арналған еріткіштің құрамында бар)
Цеф III® емдеу кезінде мынадай жағымсыз реакциялар байқалды, олар өздігінен басылды немесе препаратты тоқтатқаннан кейін басылды.
Өте жиі
• өт қалтасында цефтриаксон-кальций преципитаттарының симптомати-
тикалық түзілуі, балалардағы қайтымды өттас ауруы. Бұл ауру ересектерде сирек кездеседі.
Жиі
• эозинофилия, лейкопения, тромбоцитопения, протромбин уақытының ұзаруы
• диарея, сұйық нәжіс
• бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы (АЛТ, АСТ, сілтілік фосфатаза)
• бөртпе, ісіну
Жиі емес
• жыныс мүшелерінің микоздары
• гранулоцитопения, анемия, коагулопатия, қан сарысуындағы креатинин деңгейінің жоғарылауы
• бас ауыруы, бас айналуы
• жүрек айнуы, құсу
• прурит
• флебит, енгізген жердегі реакциялар (мысалы, енгізген жердегі ауыру, эритема, ашыту, қызару, флебит, ісіну, бөртпе, қышыну, қабыну, қатаю, гематома, инфекция, абсцесс), қызба
Сирек
• жалған жарғақшалы колит
• энцефалопатия
• бронх түйілуі
• ядролық сарғаю
• есекжем
• олигурия, гематурия, глюкозурия
Негізінен, препараттың жоғары дозаларын (мысалы, тәулігіне ≥80 мг/кг немесе 10 г асатын, жинақталатын дозаларын) қабылдаған, сондай-ақ, қосымша қауіп факторлары (мысалы, сусыздану, төсек тартып жату режимі) болған балаларда несеп шығару жолдарында цефтриаксон преципитаттары түзілген жағдайлар туралы хабарланды. Бұл құбылыс симптомсыз жүруі немесе клиникалық тұрғыдан көрініс беруі және несепағардың обструкциясы мен бүйректің постренальді жедел жеткіліксіздігіне алып келуі мүмкін, бірақ әдетте, Цеф ІІІ препаратын қолдануды тоқтатқаннан кейін қайтымды сипатқа ие.
• ісіну, қалтырау, анафилаксиялық немесе анафилактоидтық реакция
Өте сирек
• жалған жарғақшалы энтероколит
Белгісіз
• панкреатит*, стоматит, глоссит
* өт шығатын жолдардың бітелуіне байланысты болуы мүмкін. Пациенттердің көпшілігінде тексеру кезінде өт іркілуінің және билиарлық сладждың қауіп факторлары анықталды, мысалы, алдында болған ауқымды ем, ауыр аурулар және толық парентералдық тамақтану. Препараттың әсерінен өт жолдарында преципитаттардың пайда болуының триггерлік немесе қатарлас факторын жоққа шығаруға болмайды.
• сезімтал емес қоздырғыштардан болатын асқын инфекция
• құрысулар
• терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCAR): Стивенс Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, жүйелі симптомдармен дәріге байланысты эозинофилия (DRESS-синдром), Яриш-Герксгеймер реакциясы (JНR), мультиформалы эритема және жедел жайылған экзантематоздық пустулез (AGEP)
• агранулоцитоз (<500/мм³), көпшілік жағдайлары 20 г және одан көп жиынтық дозаларын тағайындағаннан кейін дамыған
• Коунис синдромы
Протромбиндік уақыттың елеусіз ұзаруы туралы хабарланды. Постмаркетингтік кезеңде бақыланған жағымсыз реакциялар
Белгісіз: терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCAR): Стивенс Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, жүйелі симптомдармен дәріге байланысты эозинофилия (DRESS-синдром), Яриш-Герксгеймер реакциясы (JНR), мультиформалы эритема және жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP)
Кальциймен өзара әрекеттесу
Цефтриаксон мен кальцийдің арасындағы өзара әрекеттесуін зерттеу үшін екі in vitro зерттеу жүргізілді, біреуі - ересектердің плазмасын қолданды, екіншісі - жаңа туған нәрестенің кіндік қан плазмасын қолданды.
Цефтриаксонның 1 мМ-ге дейінгі концентрациясы (30 минут ішінде 2 г цефтриаксон инфузиясынан кейін in vivo қол жеткізілген концентрациядан асатын) кальцийдің 12 мМ-ге дейінгі концентрациясымен (48 мг/дл) үйлесімде қолданылды. Цефтриаксонның плазмадан шығарылуы кальций концентрациясы ересектер плазмасында 6 мМ (24 мг/дл) немесе одан жоғары және жаңа туған нәрестенің плазмасында 4 мМ (16 мг/дл) немесе одан жоғары болған кезде төмендеді, бұл кальций-цефтриаксон преципитаттарының түзілуін көрсетуі мүмкін.
Цефтриаксон және құрамында кальций бар ерітінділер қабылдаған жаңа туған нәрестелерде өліммен аяқталған бірнеше жағдайы тіркелді, бұл ретте аутопсия кезінде өкпе мен бүйректе преципитаттар табылды.
Осы жағдайлардың кейбірінде цефтриаксон және құрамында кальций бар ерітінділерді енгізу үшін бір ғана инфузиялық желі қолданылды, ал басқа жағдайларда инфузиялық желіде тұнба табылды. Цефтриаксон және құрамында кальций бар ерітінділер әртүрлі уақытта және әртүрлі инфузиялық желілер арқылы енгізілгенде, кем дегенде бір неонатальді өліммен аяқталған жағдайы туралы хабарланды; аутопсия кезінде преципитаттар табылған жоқ.
Жаңа туған нәрестелерден басқа, пациенттердің басқа жас санаттарына қатысты мұндай хабарламалар болған жоқ.
Лидокаин
Жиі
• күйгелектік, үрейлену, эйфория, сананың шатасуы
• бас айналуы, парестезия, ұйқышылдық, түйсік сезімталдығы, тремор, дизартрия, құрысулар, естен тану
• көрудің нашарлауы, диплопия
• құлақтағы шуыл
• брадикардия, артериялық гипотензия, артериялық гипертензия
• тыныс алу бәсеңдеуі, тыныс алу жеткіліксіздігі
• жүрек айнуы, құсу
• бұлшықет тартылулары
• ісіну, суықты және/немесе қатты ысынуды сезіну
Жиі емес
• гиперакузия
Сирек
• анафилаксиялық реакциялар
• нейропатия
• аритмия, кардиоваскулярлық коллапс, жүректің тоқтап қалуы
Белгісіз
• терінің зақымдануы, есекжем
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz