Дозалау режимі
Доза қоздырғыштың сезімталдығына, инфекцияның ауырлығына, бүйрек функциясына және пациенттің жалпы жағдайына байланысты.
Ересектер мен балалар үшін ұсынылатын дозалар және енгізу тәсілдері келесі №1 кестеде келтірілген
Инфекция типі — Доза — Препаратты енгізу жиілігі — Ұзақтығы2 (күндер)
Ересектер мен 16 жастан асқан балалар (дене салмағы 40 кг-ден асатын)
S. pneumoniae*, P. aeruginosa1, K. pneumoniae немесе Enterobacter түрлерінен туындаған орташа және ауыр пневмония — 1-2 г в/і — Әр 12 сағат сайын — 10
Фебрильді нейтропения — 2 г в/і — Әр 8 сағат сайын — 7**
Несеп шығару жолдарының ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа асқынбаған немесе асқынған инфекциялары, E. coli, K. pneumoniae немесе P. Mirabilis-тен туындаған пиелонефритті қоса*. — 0.5–1 г в/і, б/і *** — Әр 12 сағат сайын — 7-10
Несеп шығару жолдарының ауыр асқынбаған немесе асқынған инфекциялары, E. Coli немесе K. Pneumoniae-ден туындаған пиелонефритті қоса * — 2 г в/і — Әр 12 сағат сайын — 10
S. aureus немесе S. Pyogenes-тен туындаған терінің және жұмсақ тіндердің орташа ауырлық дәрежесіндегі және ауыр асқынбаған инфекциялары — 2 г в/і — Әр 12 сағат сайын — 10
Ішек таяқшасынан, viridans, P. aeruginosa, K. pneumoniae, Enterobacter species немесе B. fragilis тобындағы стрептококктардан туындаған асқынған құрсақішілік инфекциялар (метронидазолмен біріктірілімде). — 2 г в/і — Әр 12 сағат сайын — 7-10
2 айдан 16 жасқа дейінгі балалар (дене салмағы ≤40 кг)
Ауыр инфекциялар: Пневмония Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары (пиелонефритті қоса), терінің және жұмсақ тіндердің асқынбаған инфекциялары) — Дене салмағына 50 мг/кг — Әр 12 сағат сайын — 10
Өте ауыр инфекциялар: сепсис бактериялық менингит фебрильді нейтропения көріністерін эмпириялық емдеу — Дене салмағына 50 мг/кг — Әр 8 сағат сайын — 7-10
* қатарлас бактеремиямен байланысты жағдайларды қоса
** немесе нейтропения емделгенге дейін. Қызбасы басылған, бірақ нейтропения 7 күннен артық сақталған пациенттерде препаратты енгізу жиілігін қайта қарау қажет.
***бұлшықет ішіне енгізу тәсілі ішек таяқшасы тудырған жеңіл және орташа ауыр асқынбаған немесе асқынған несеп шығару жолдарының инфекцияларында ғана қолданылады, бұл кезде бұлшықет ішіне енгізу тәсілі препаратты енгізудің неғұрлым қолайлы тәсілі деп саналады.
1P. аeruginosa тудырған пневмонияны емдеуде: әр 8 сағат сайын в/і 2 г енгізіледі.
Пациенттердің ерекше топтары
2 нәрестелерде және 16 жасқа дейінгі балаларда
Балалардағы ең жоғары доза ересектер үшін ұсынылған дозадан аспауы керек. Асқынбаған және асқынған несеп шығару жолдарының инфекцияларында (пиелонефритті қоса), терінің және жұмсақ тіндердің асқынбаған инфекцияларында, пневмонияда салмағы 40 кг дейінгі балаларға арналған әдеттегі ұсынылатын доза әр 12 сағат сайын енгізілетін дозада кг-ге 50 мг (фебрильді нейтропениямен ауыратын пациенттер үшін әр 8 сағат сайын дозада кг-ге 50 мг) құрайды, жоғарыда көрсетілген уқыт ішінде.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозасын түзету қажет емес.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Креатинин клиренсі 60 мл/мин аз немесе оған тең пациенттерде цефепим гидрохлоридінің дозасы препараттың бүйрекпен шығарылуының баяу жылдамдығын ескере отырып түзетілуі тиіс.
Цефепим гидрохлоридінің ұсынылатын бастапқы дозасы, гемодиализдегі пациенттерді қоспағанда, бүйрек функциясы қалыпты пациенттердегімен бірдей болуы тиіс.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін цефепим гидрохлоридінің ұсынылатын дозалары төмендегі кестеде келтірілген
Егер тек сарысу креатинині бар болса, креатинин клиренсін бағалау үшін келесі формуланы қолдануға болады (Кокрофт және Голт теңдеуі)3. Сарысу креатинині бүйрек функциясының тұрақты жай-күйін көрсетуі тиіс:
Еркектер: Креатинин клиренсі (мл/мин) = салмағы (кг) x (140 - жасы)/72 × сарысу креатинині (мг/дл).
Әйелдер: жоғарыда берілген мән × 0,85.
№2 кесте: Ересек пациенттер үшін (бүйрек функциясы қалыпты, бүйрек жеткіліксіздігі және гемодиализбен) цефепим гидрохлоридінің ұсынылатын дозалау режимі
Креатинин клиренсі (мл/мин) — Препараттың дозасы
>60 — 500 мг әр 12 сағат сайын — 1 г әр 12 сағат сайын — 2 г әр 12 сағат сайын — 2 г әр 8 сағат сайын
30-60 — 500 мг әр 24 сағат сайын — 1 г әр 24 сағат сайын — 2 г әр 24 сағат сайын — 2 г әр 12 сағат сайын
11-29 — 500 мг әр 24 сағат сайын — 500 мг әр 24 сағат сайын — 1 г әр 24 сағат сайын — 2 г әр 24 сағат сайын
11-ден аз — 250 мг әр 24 сағат сайын — 250 мг әр 24 сағат сайын — 500 мг әр 24 сағат сайын — 1 г әр 24 сағат сайын
Үздіксіз амбулаториялық перитонеальді диализ — 500 мг әр 48 сағат сайын — 1 г әр 48 сағат сайын — 2 г әр 48 сағат сайын — 2 г әр 48 сағат сайын
Гемодиализ* — 1 г 1-күні, содан кейін 500 мг әр 24 сағат сайын — 1 г әр 24 сағат сайын
* гемодиализ күндері цефепимді гемодиализден кейін тағайындау керек. Бұл мүмкін болған кезде, цефепимді күн сайын бір уақытта енгізу керек.
Үздіксіз амбулаториялық перитонеальді диализде жүрген пациенттерге цефепим гидрохлоридін әр 48 сағат сайын қабылдау арасындағы аралықпен әдеттегі ұсынылатын дозаларда тағайындауға болады.
Гемодиализдегі пациенттерде 3 сағат емшара ішінде организмнен цефепимнің жалпы мөлшерінің шамамен 68 %-ы шығарылады. Гемодиализдегі пациенттер үшін цефепим гидрохлоридінің дозалануы бірінші күні 1 г, содан кейін, дозалануы әр 24 сағат сайын 1 г құрайтын фебрильді нейтропенияны қоспағанда, барлық инфекцияларды емдеу үшін 24 сағат сайын 500 мг құрайды.
Цефепим гидрохлоридін гемодиализ аяқталғаннан кейін және гемодиализ күндерінде күн сайын бір уақытта енгізу керек.
Бүйрек функциясы бұзылған балаларға арналған педиатриялық тәжірибеде дозаны түзету туралы деректер жоқ. Алайда, ересек пациенттер мен балалардағы цефепим фармакокинетикасының ұқсастығын ескере отырып, бүйрек функциясы бұзылған балаларда ересектерде қолданылатындарға пропорционалды дозалау режимін өзгерту ұсынылады.
3-кесте. 2 айдан 16 жасқа дейінгі балаларға арналған дозалар (дене салмағы ≤40)
Креатинин клиренсі (мл/мин) — Ауыр инфекциялар: Пневмония Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары — Өте ауыр инфекциялар: Сепсис Бактериялық менингит Фебрильді нейтропения көріністерін эмпириялық емдеу
>50 — 12 сағат сайын дене салмағына 50 мг/кг Дозаны реттеу міндетті емес — 8 сағат сайын дене салмағына 50 мг/кг Дозаны реттеу міндетті емес
30-50 — 24 сағат сайын дене салмағына 50 мг/кг — 12 сағат сайын дене салмағына 50 мг/кг
11-29 — 24 сағат сайын дене салмағына 25 мг/кг — 24 сағат сайын дене салмағына 50 мг/кг
≤10 — 24 сағат сайын дене салмағына 12,5 мг/кг — 24 сағат сайын дене салмағына 25 мг/кг
Балалардағы креатинин клиренсінің көрсеткіштерін есептеу
Креатинин клиренсі (мл/мин/1,73 м2) = 0,55×өсу (см)/қан плазмасының креатинині (мг/дл) немесе креатинин клиренсі (мл/мин/1,73 м2) = 0,52×өсу (см)/қан плазмасының креатинині (мг/дл) – 3,6.
Енгізу әдісі және жолы
Препарат бұлшықет ішіне немесе вена ішіне енгізіледі.
Цефепим гидрохлоридін вена ішіне шамамен 30 минут ішінде енгізу керек.
Ерітіндіні дайындау және енгізу ережесі
Вена ішіне енгізуге арналған ерітіндіні дайындау үшін құтыдағы инъекцияға арналған ұнтақты 5 мл немесе 10 мл инъекцияға арналған стерильді суда, 5% глюкоза ерітіндісінде немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде ерітеді.
Бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітіндіні дайындау үшін құтыдағы инъекцияға арналған ұнтақты лидокаин гидрохлоридінің 0.5% немесе 1% ерітіндісінде, инъекцияға арналған стерильді суда кестеде көрсетілгендей ерітеді.
Вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ — Сұйылту үшін ерітінді көлемі (мл) — Алынған ерітінді көлемі (мл) — Цеф IV® концентрациясы (мг/мл)
Б/і енгізу: 0,5 г/құты — 1,5 — 2,2 — 240
В/і енгізу: 0,5 г/құты — 5,0 — 5,7 — 90
Б/і енгізу: 1 г/құты — 3.0 — 4.4 — 240
В/і енгізу: 1 г/ құты — 10,0 — 11,4 — 90
Құрамында лидокаин бар ерітіндіні вена ішіне енгізуге болмайды!
Препаратты вена ішіне 3-5 мин ішінде сорғалатып, вена ішіне 30 минуттан кем емес тамшылатып енгізеді. Цефепимді басқа антибиотиктермен бір мезгілде бір шприцті, инфузияны немесе инъекция орнын пайдаланбаған жағдайда ғана енгізуге болады.
Басқа цефалоспориндер сияқты, қалпына келтірілген ерітінді өзінің белсенділігін жоғалтпай сары-янтарь түске боялады.
Визуалды бақылау
Парентеральді қолдануға арналған қалпына келтірілген ерітіндіде қатты бөлшектердің болмауына көз жеткізу үшін, енгізер алдында көзбен қарап тексеру қажет. Егер бөлшектер табылса, препаратты қолдануға болмайды.
Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды
2 емдеу ұзақтығы әдетте 7-ден 10 күнге дейін құрайды. Ең жоғары ұзақтығы жалпы алғанда – кемінде 7, бірақ 14 күннен аспайды. Фебрильді нейтропенияны эмпириялық емдеу ұзақтығы: 7 күннен бастап нейтропения жойылғанға дейін.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуына нұсқау
Қатысты емес.