Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Саудалық атауы
Циклодинон®
Әсер етуші зат
Другие препараты для лечения гинекологических заболеваний
Мақсаты
Етеккір оралымы бұзылуында, етеккір алдындағы синдромда, мастодиния
Өндіруші
Роттендорф Фарма ГмбХ
Ел
Германия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында
белсенді зат – кәдімгі изен жемістерінің нативті құрғақ экстрактісі (7–11:1) - 4 мг
қосымша заттар:
ядро: повидон 30, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, картоп крахмалы, лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты
қабығы: тальк, титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172), индигокармин (Е 132), макрогол-6000, метакрилді қышқылы және этилакрилат сополимері (эудрагит RL 30 D)
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, жасыл-көгілдір түсті, күңгірт беткейлі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
- етеккір оралымы бұзылуында
- етеккір алдындағы синдромда
- мастодиния
Пролактиннің жоғары деңгейі, эстрадиол мен прогестерон арасындағы дисбалансқа әкеп соғуы мүмкін және етеккір оралымы бұзылуын және мастодинияны туғызуы мүмкін.
Клиникаға дейін сынақтар Циклодинон препаратының құрамындағы Vitex agnus castus (VAC) сулы-спиртті экстрактісінде дофаминергиялық және пролактин-тежегіш белсенділікке ие компоненті бар екендігін көрсетті. Бициклді дитерпендер пролактин өндірілуі төмендеуіне бағытталған әрекеттерге ықпал ететін заттар тобы ретінде анықталды.
Одан басқа, соңғы клиникаға дейінгі зерттеулер VAC экстрактісінің маңызды спазмолитикалық және қабынуға қарсы әсерін байқатты. Етеккір кезінде қабыну медиаторларының босап шығуының жоғарылауы жатырдың ауырып түйілуі сияқты етеккір шағымдарына әкеп соғуы мүмкін.
Дофаминергиялық, спазмолитикалық және қабынуға қарсы әсерін құрамында Vitex agnus castus бар препараттардың етеккір оралымы бұзылғанда, етеккір циклі алдындағы шағымдарда және циклді мастодиния кезіндегі емдеудің оң нәтижесін түсіндіру үшін нақты негіздемесін береді.
Кейбір клиникалық зерттеулер кәдімгі изен экстрактісінің (Agnus castus) пролактиннің жоғары концентрацияларының жеңіл білінуі немесе стресс жағдайында пролактиннің жоғары босап шығуы бар (былайша айтқанда "латентті гиперпролактинемиясы бар") әйелдерге тағайындау пролактин деңгейінің төмендеуін көрсетті.
Дозалау режимі
Пациенттер — Бір реттік доза — Тәуліктік доза
18 жасқа дейінгі әйел жынысты жасөспірімдер мен ересектер — 1 үлбірлі қабықпен қапталған таблетка — 1 үлбірлі қабықпен қапталған таблетка
Бүйрек/бауыр функциясы бұзылған кезде көрсетілген доза туралы деректер жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді қолдану үшін.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларды күніне 1 рет 1 таблеткадан таңертең шайнамай, сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен (мысалы бір cтакан сумен) бірге қабылдайды.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу 3 ай бойы, етеккір кезендерінде үзіліссіз жүргізіледі.
Егер симптомдар үш ай бойы қабылдағаннан кейін сақталатын болса, дәрігерден кеңес алу қажет.
- әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза мен галактоза мальабсорбциясы
- 18 жасқа дейінгі балалар (индигокармин бояғышы бар)
Келесі жағымсыз әсерлер болуы мүмкін:
- бас ауыруы, бас айналуы;
- жүрек айнуы, іштің ауыруы сияқты асқазан-ішек бұзылыстары;
- бет ісінуімен, ентігумен және қиындықпен жұтумен ауыр аллергиялық реакциялар;
- бөртпе, есекжем, акне сияқты (аллергиялық) тері реакциялары
Пайда болу жиілігі белгісіз.
Аталған жағымсыз әсерлердің кез келгені пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралыңыз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Егер сіз қажеттіден артық Циклодинон® препаратының үлкен дозасын қабылдасаңыз, бұл туралы өзіңіздің дәріргеріңізге хабарлаңыз. Ол қажет болғанда тиісті шараларды қабылдай алады.
Дәрілік препаратты қалай қолдану керектігі туралы дәрігерден кеңес алу бойынша ұсыныстар
Препаратты қолдану туралы сұрақтарыңыз туындаса, дәрігермен кеңесу ұсынылады.
Егер дәрілік затты қолданудан кеуденің ауыруы, етеккір алдындағы синдром, етеккір оралымы бұзылу сияқты симптомдар байқалатын болса дәрігермен кеңесу керек.Циклодинон® әйел организміндегі гормондық теңгерімді қалыпты етеді, гармонизациялау үдерісі 3 айға дейін созылуы мүмкін. Осы кезде етеккір оралымы бұзылуы мүмкін.
Осы дәрілік заттың құрамында лактоза бар. Галактозаға жақпаушылықтың, лактазаның толық тапшылығын немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясының сирек тұқым қуалайтын проблемалары бар пациенттер бұл дәріні қабылдамауы керек.
Арнайы ескертулер
Эстрогенге-тәуелді ісікпен, гипофиз ауруларымен ауырып жүрген немесе ауырған пациенттер препаратты қолданардың алдында дәрігерден кеңес алулары керек.
Дофамин агонистерін, дофамин антагонистерін, эстрогендер мен антиэстрогендерді қабылдайтын пациенттер препаратты қолдану алдында дәрігерден кеңес алулары керек.
Vitex Agnus Сastus препаратының белсенді компоненті гипоталамус-гипофиз жүйеге әсер етеді, сондықтан анамнезінде гипофиздің аурулары бар пациенттер препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесулері керек.Құрамында Vitex Agnus castus бар препараттарды қолдану, гипофиздің пролактин-секрециялайтын ісіктері кезінде ісіктер симптомдарын жасыруы мүмкін.
Қант диабетімен ауыратын науқастар
Циклодинон® 1 таблеткасында (бір реттік доза) 0,01 нан бірліктері (НБ) бар, ол қант диабеті бар науқастардың глюкоза деңгейлеріне әсер етпейді.
Педиатрияда қолдану
Препаратты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Циклодинон® препаратын балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолданбау керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ұсынылған дозаларда қолданғанда препарат автокөлік жүргізуге және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік немесе лактация кезінде қолдануға болмайды
Маңызды ескерту:
Тұрақты етеккір оралымы орнағанда жүкті болу ықтималдығы артуы мүмкін екендігін сіздерге ескертеміз.
Егер пациент басқа дәрілік заттар қабылдап жүрсе, бұл туралы емдеуші дәрігерге хабарлауы қажет. Кәдімгі изен жемістері экстрактісінің ықтимал дофаминергиялық және эстрогенді әсерлерінен дофамин агонистерінің және эстрогендердің әсері күшеюі және дофамин антагонистері мен антиэстрогендердің фармакологиялық әсерінің төмендеуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.