Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капли глазные
Дозасы
1%
Саудалық атауы
Цикломед
Әсер етуші зат
Циклопентолат
Мақсаты
Рефрактометрия алдында циклоплегия және мидриаз, көз түбін зерттеу үшін
Өндіруші
СЕНТИСС ФАРМА Пвт.Лтд.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат – циклопентолат гидрохлориді 10.00 мг,
қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, натрий хлориді,
натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз ерітінді.
Цикломед ересектерге арналған:
• рефрактометрия алдында циклоплегия және мидриаз, көз түбін зерттеу үшін
• ирит, иридоциклит, кератит, хориоидит кезіндегі синехияның профилактикасында
• көздің алдыңғы бөлігінің қабыну аурулары кезінде иридо-көз бұршағы жабысуларының профилактикасы үшін (эписклерит, склерит, кератит, иридоциклит, увеит) жергілікті миотиктермен біріктірілген кешенді терапия құрамында (алмастырып емдеу).
Цикломед балаларға рефракция мен көз түбін зерттеу үшін көрсетілген.
Циклопентолат гидрохлориді - синтетикалық үшінші амин, атропинге ұқсас әсері бар және офтальмологияда жергілікті қолдануға арналған м-холинорецепторлардың блокаторы болып табылатын мускаринге қарсы қосылыс. Ол мидриаздық әсерге ие, көзішілік сұйықтықтың ағуын қиындатады, көзішілік қысымды жоғарылатады, аккомодацияның салдануын тудырады. Жүйелік әсер еткенде сілекей, асқазан, бронх, тер бездерінің, ұйқы безінің секрециясын азайтады, АІЖ, өт жолдарының және өт қабының бұлшықет тонусын төмендетеді, тахикардияны тудырады, AV өткізгіштігін жақсартады. Жоғары дозада ми қыртысын қоздырады.
Ол тез әсер етеді, бірақ атропинге қарағанда ұзаққа созылмайды. Ең жоғары әсер инстилляциядан кейін 75 минуттан кейін дамиды. Аккомодацияның толық қалпына келуі әдетте 6 - дан 24 сағатқа дейін, жеке жағдайларда бірнеше күннен кейін болады.
Дозалау режимі
Рефрактометрия және көз түбін тексеру
1 тамшыдан тамызу ұсынылады, содан кейін 10 минуттан кейін қайталау керек. Ең жоғары циклоплегияға алғаш тамызғаннан кейін 45 минуттан кейін жетеді және 30 минутқа созылады.
Тамызғаннан кейін 45-ші және 75-ші минут арасында зерттеу жүргізу ұсынылады.
8 жастан асқан балалар мен жасөспірімдер
Көзге 1-2 тамшы тамызып, қажет болған жағдайда ресімді 5-10 минут ішінде қайталау ұсынылады.
Қатты пигментті нұрлы қабығы бар пациенттерге препараттың жоғарырақ концентрациясы қажет болуы мүмкін.
Цикломедті препарат құрамындағы бензалконий хлоридінің құрамына байланысты 8 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Қажетті нәтижеге жету үшін әрдайым ең төменгі концентрация мен тамшылардың санын қолдану қажет. Көзден ағып шығатын дәріні дереу шаю керек.
Көздің қабыну аурулары
Күніне 3-4 рет 1 тамшыдан тамызу керек.
Иридо-көз бұршағы жабысуының профилактикасы
Цикломедтің 1 тамшысын, 6 сағаттан кейін 2% пилокарпиннің 1 тамшысын тамызу ұсынылады; емдеу әр 24 сағат сайын қайталанады.
Циклопентолат нұрлы қабығы күңгірт пигментті адамдарда тиімділігі аз. Бұл жағдайда дозаны сәйкесінше өзгерту керек.
8 жастан асқан балалар мен жасөспірімдер
Препаратты балаларда көз түбін зерттеуден және рефракцияны анықтаудан басқа көрсеткіштер бойынша қолдануды растайтын деректер жоқ.
Балалар
Препарат құрамында бензалконий хлориді болуына байланысты 8 жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Енгізу әдісі және жолы
Тек жергілікті офтальмологиялық қолдануға арналған.
Тамшылатқыш ұшы мен ерітіндінің ластануын болдырмау үшін мұқият болу керек және құты пипеткасының ұшын қабақтарға, жанындағы немесе басқа беткейге тигізбеу керек.
Құтыны пайдаланбаған кезде оны тығыздап жабыңыз.
Жүйелік абсорбцияны азайту үшін емшара кезінде және одан кейін 2-3 минут ішінде (әсіресе балаларда) мұрын-көз жасы нүктесін басу ұсынылады, бұл мүмкін болатын жүйелік жағымсыз әсерлерді азайтады.
Егер жергілікті қолдануға арналған бірнеше офтальмологиялық препарат қолданылса, препараттарды әрбір енгізу арасында кемінде 5 минут аралығы сақталуы тиіс. Көз жақпамайын ең соңынан қолдану керек .
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Осы дәрілік препаратты қолдану туралы сізде кейбір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• глаукома, глаукомаға күдік немесе көздің алдыңғы камерасы бұрышының анатомиялық тар болуы
• жүктілік және лактация кезеңі
• 8 жасқа дейінгі балалар (препараттың құрамында бензалконий хлориді болуына байланысты)
Белгісіз
• аса жоғары сезімталдық
• елестеулер, сананың шатасуы, бағдарсыздық, қозу, күйгелектік, жедел психоз
• ретроградты амнезия, тұрақсыздық, бас айналуы, бас ауыруы, ұйқышылдық, атаксия, құрысулар
• көз қарығу, препараттың ұзақ әсер етуі (мидриаз), көздің тітіркенуі, бұлыңғыр көру, көздің ауыруы, гиперемия, конъюнктивит, блефароконьюнктивит, көзішілік қысымның жоғарылауы
• брадикардия, тахикардия, вазодилатация
• артериялық гипертензия, вазодилатация, васкулит (лейкоцитокластық васкулитті қоса)
• құсу, жүрек айнуы, ауыз құрғауы
• несеп іркілу
• эритема, тері бөртпесі
• жүрістің бұзылуы, қызба, шаршау
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары.
Жергілікті қолданғаннан кейін, әсіресе балаларда жүйелік уыттылық пайда болуы мүмкін. Симптомдары: тамырдың кеңеюі, ауыздың құрғауы, терінің қызаруы және құрғауы (балаларда бөртпе пайда болуы мүмкін), бұлыңғыр көру, тамырдың жиі және жүйесіз соғуы, қызба, нәрестелердегі іш кебулер, іш қату, несептің іркілуі, кейде ашушаңдық пен сананың шатасуы, құрысулар, елестеулер және жүйке-бұлшықет үйлесімділігінің болмауы.
Ауыр улану орталық жүйке жүйесінің тежелуімен, комамен, қан айналымының бұзылуымен, тыныс алу жеткіліксіздігімен және өліммен сипатталады.
Емі
Артық дозалануды зақымдалған аймақты жылы сумен шаю арқылы басуға болады
Әдетте пациент емдеуді тоқтатқаннан кейін өздігінен сауығады. Ауыр уытты көріністерде физостигминді антидот ретінде тағайындау ұсынылады. Емі симптоматикалық және демеуші болуы керек.
Балаларда
Антидот ретінде вена ішіне 0,5 мг физостигминді баяу енгізу керек. Егер уытты әсерлер сақталса және холинергиялық симптомдар пайда болмаса, емдеуді әр 5 минут сайын ең жоғары 2,0 мг дозаға дейін қайталау керек.
Жасөспірімдер мен ересектер
Антидот ретінде вена ішіне 2,0 мг физостигминді баяу енгізу керек. Егер уытты әсерлер сақталса, 1-ден 2 мг-ға дейінгі екінші дозаны 20 минуттан кейін енгізуге болады
Тек жергілікті офтальмологиялық қолдануға арналған.
Егде жастағы адамдарға және көзішілік қысымы жоғары адамдарға тағайындау кезінде сақ болу керек. Жабық бұрышты глаукоманың жедел даму қаупін ескере отырып, қолданар алдында көздің алдыңғы камерасының бұрышын тексеру ұсынылады.
Цикломед көзішілік қысымды жоғарылатуы мүмкін. Кейбір пациенттерде, әсіресе егде жаста, анықталмаған глаукоманың болуы мүмкін екенін ескеру қажет. Глаукома ұстамасын болдырмау үшін емдеуді бастамас бұрын көзішілік қысымды анықтап, көздің алдыңғы камерасының бұрышының тереңдігін бағалау керек.
Атропинді енгізгеннен кейін бұрын ауыр жүйелік реакциялары болған пациенттерде, әсіресе балаларда сақтықпен қолданыңыз.
Циклопентолаттан туындаған психоздық реакциялар, мінез-құлық бұзылулары және ОЖЖ басқа бұзылыстары антихолинергиялық препараттарға сезімталдығы жоғары пациенттерде пайда болуы мүмкін. Балалар мен егде жастағы адамдарға сақтықпен қолдану керек, дегенмен реакциялар кез-келген жаста болуы мүмкін.
Гипертермия қаупіне байланысты Цикломедті пациенттерде, әсіресе қоршаған ортаның жоғары температурасына ұшырауы мүмкін немесе қызбасы бар балаларда сақтықпен қолдану керек.
Кейбір пациенттерде жарыққа жоғары сезімталдық байқалуы мүмкін. Сондықтан көзді жарқыраған жарықтан қорғау керек.
Препаратты қуық асты безінің гиперплазиясы және кәрілікке байланысты ақыл кемдігі болатын пациенттерде сақтықпен (әсіресе ұзақ уақыт қолданған жағдайда) қолдану керек.
Көру қабілеті анық болғанша пациенттерге автокөлікті басқаруға немесе күрделі техникамен, станоктармен немесе басқа күрделі жабдықтармен жұмыс істеу ұсынылмайды.
Арнайы сақтандырулар
Бензалконий хлориді
Препараттың құрамында бензалконий хлориді бар, сондықтан ирит болуы мүмкін. Жұмсақ жанаспалы линзалармен жанасудан аулақ болу керек, қолданар алдында жанаспалы линзаларды алып тастау керек және препаратты тамызғаннан кейін кем дегенде 15 минут күту керек. Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзалардың түсін өзгертеді. 8 жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды.
Балаларда қолдану
Даун синдромы, спазмдық сал ауруы немесе церебральды бұзылулары бар балалар циклопентолаттың жүйелі абсорбциясынан кейін, әсіресе орталық жүйке жүйесінің бұзылысына, сондай-ақ жүрек-өкпе және асқазан-ішек жолдарының уытты әсерлеріне бейім. Пациенттердің осы топтарында препаратты ерекше сақтықпен және аса қажет болған жағдайда ғана қолдану керек.
Циклопентолатты қолданудан туындаған апоплексия ұстамалары мен жедел психоздар балаларда жиі кездеседі. Циклопентолатты эпилепсиямен ауыратын балаларға сақтықпен қолдану керек.
Ашық көк көзді түсті балаларда сақтықпен қолдану керек (циклопентолаттың әсеріне жоғары сезімталдықпен сипатталады).
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Циклопентолат ұйқышылдықты, уақытша бұлыңғыр көруді және жарыққа сезімталдықты тудыруы мүмкін. Көру анық болғанша пациенттерге көлікті
басқаруға немесе күрделі техникамен, станоктармен немесе басқа күрделі жабдықтармен жұмыс істеу ұсынылмайды.
Циклопентолат көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне күшті әсер етеді.
Жүкті әйелдерде циклопентолатты қолдану туралы деректер жоқ немесе шектеулі деректер бар. Циклопентолатты жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.
Циклопентолат пен оның метаболиттері емшек сүтімен шығарылатыны-шығарылмайтыны белгісіз. Нәресте үшін қауіптің болуын жоққа шығаруға болмайды. Шешім қабылдау керек: емшекпен емізудің балаға пайдасын, емделудің әйелге пайдасымен салыстыру арқылы ескере отырып, баланы емізуді тоқтату немесе циклопентолатпен емдеуді тоқтату.
Циклопентолаттың мидриаздық әсері (қарашықтың кеңеюі) пилокарпин сияқты типтегі көзге тамызатын дәріні жергілікті енгізу арқылы басылады.
Циклопентолат миотиктердің глаукомаға қарсы әсерін карбахол немесе пилокарпин сияқты тікелей немесе жанама холинергиялық әсер арқылы тежей алады.
Циклопентолаттың әсерін амантадин, кейбір гистаминге қарсы препараттар, фенотиазин класындағы психозға қарсы және трициклді антидепрессанттар сияқты мускаринге қарсы қасиеттері бар басқа дәрілерді бір мезгілде қолдану арқылы күшейтуге болады.
Өзара әрекеттесу бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ.
Егер жергілікті қолдануға арналған бірнеше офтальмологиялық препарат қолданылса, препараттарды әрбір енгізу арасында кемінде 5 минут аралығы сақталуы тиіс. Көз жақпамайын ең соңынан қолдану керек.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Құтыны ашқаннан кейінгі қолданылу кезеңі 1 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.