Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: меглюмин акридонацетаты акридонсірке қышқылына шаққанда 150.00 мг, келесі үлгіде алынған: акридонсірке қышқылы 150.00 мг, N-метилглюкамин (меглюмин) 146.00 мг,
қосымша заттар: повидон К 30, кальций стеараты, гипромеллоза, полисорбат 80;
ішекте еритін қабық: метакрил қышқылы және этилакрилат сополимері [1:1], пропиленгликоль (1.79 мг).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, сары түсті ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимасының ядросы сары түсті.
Ересектерде кешенді емдеуде
- тұмау және жедел респираторлық аурулар
- герпестік инфекция
6 жастан бастап балаларда кешенді емдеуде:
- тұмау және жедел респираторлық аурулар
- герпестік инфекция
6 жастан бастап балаларда профилактика үшін:
- тұмау және жедел респираторлық аурулар
Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық әсерлері
ЦИКЛОФЕРОН ерте интерферонның төмен молекулалы индукторы болып табылады, ол енгізілген сәттен бастап бір тәулік ішінде альфа – және гамма - интерферон өндірілуін тудыратын вирусқа қарсы, иммуномодуляциялық, қабынуға қарсы және т.б. оның биологиялық әсерінің спектрін айқындайды.
Препаратпен интерферон синтезін көтермелеу тиісті геннің транскрипциясы деңгейінде жүреді және оның трансляция жылдамдығының жоғарылауы, IFNα мРНҚ – ны тұрақтандыру немесе мРНҚ-рибосома кешені, сондай-ақ бұрын синтезделген интерферонның шығарылуы сияқты транскрипциядан кейінгі процестерге әсеріне байланысты емес.
Препараттың иммунорегуляторлық қасиеттері көбінесе интерферон жүйесі арқылы, атап айтқанда альфа және гамма интерферонын белсендіру арқылы байланысты болады. Оның өндірілуі жоғарылаған кезде Циклоферон иммунитеттің Т-жасушалық байланысын қалпына келтіруге ықпал етеді: СD3+ (Т-лимфоциттер), СD4+ (Т-хелпер) субпопуляцияларының деңгейін, сондай-ақ СD16+ (NK-жасушалар), CD8+, CD72+ және иммунорегуляторлық индекстің санын қалыпқа келтіреді.
Вирустық инфекциялардағы препараттың тікелей әсері вирустың репликациясының бұзылуы, вирустық ДНҚ немесе РНҚ-ның капсидтерге инкорпорациясын бөгеуі, ақаулы вирустық бөлшектер санының көбеюі, жасушалардағы ақуыздардың вирус-индукцияланған синтезінің төмендеуі болып табылады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
ЦИКЛОФЕРОН герпес вирустарына, тұмауға және басқа да жедел респираторлық ауру қоздырғыштарына қатысты тиімді. Тікелей вирусқа қарсы әсерге ие, инфекциялық процестің ерте кезеңдерінде (1-5 тәулік) вирустың репродукциясын тежейді, вирустық тұқым инфекциясын азайтады, ақаулы вирустық бөлшектердің пайда болуына әкеледі. Вирустық және бактериялық инфекцияларға қатысты организмнің спецификалық емес төзімділігін арттырады.
Дозалау режимі
Препарат жас мөлшеріне қарай дозада қабылданады:
6 жастағы балаларға: бір қабылдауға 150 мг (1 таблетка), ең жоғары тәуліктік доза – 150 мг (1 таблетка);
7-11 жастағы балаларға: бір қабылдауға 300-450 мг (2-3 таблетка), ең жоғары тәуліктік доза – 450 мг (3 таблетка);
ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: бір қабылдауға 450-600 мг (3-4 таблетка), ең жоғары тәуліктік доза – 900 мг (6 таблетка).
Қайталау курсын бірінші курс аяқталғаннан кейін 2-3 аптадан кейін жүргізген жөн.
Ересектерде
- Тұмау мен жедел респираторлық ауруларды емдеу кезінде препаратты 600 мг-ден (4 таблетка) 1, 2, 4, 6, 8-тәулікте қабылдайды. Емдеуді аурудың алғашқы симптомдары кезінде бастау керек.
Тұмаудың ауыр ағымында бірінші күні 600 - 900 мг (4-6 таблетка), содан кейін жасқа байланысты дозада қабылданады. Қажет болса, қосымша симптоматикалық ем жүргізіледі (ыстық түсіретін, ауыруды басатын, қақырық шығаратын дәрілер). Емдеу курсы – 20-30 таблетка.
- Герпестік инфекция кезінде препаратты 300-600 мг-ден (2-4 таблетка) 1, 2, 4, 6, 8, 11, 14, 17, 20, 23-тәулікте қабылдайды. Емдеу аурудың алғашқы симптомдары пайда болған кезде тиімді. Емдеу курсы – 20-40 таблетка.
6 жастан бастап балаларда
- Тұмау және жедел респираторлық аурулар кезінде, сондай-ақ тұмау мен жедел респираторлық аурулардың шұғыл спецификалық емес профилактикасы үшін (тұмаумен немесе басқа этиологиядағы ЖРА ауырған науқастарда тікелей байланыс кезінде, тұмау эпидемиясы кезінде) препаратты жасына байланысты дозаларда 1, 2, 4, 6, 8, 11, 14, 17, 20, 23-тәулікте қабылдайды. Емдеу курсы жағдайдың ауырлығына және клиникалық симптомдардың ауырлығына байланысты 5-тен 10 қабылдауға дейінді құрайды.
- Герпестік инфекция кезінде препарат емнің 1, 2, 4, 6, 8, 11, 14-тәулігінде жасқа байланысты дозада қабылданады. Емдеу курсы жағдайдың ауырлығына және клиникалық белгілердің айқындылығына байланысты өзгеруі мүмкін.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке тәулігіне бір рет тамақтанудан 30 минут бұрын, шайнамай, дене салмағының 10 мг/кг шаққанда ½ стақан сумен іше отырып қабылдау керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Егер препараттың кезекті дозасын қабылдауды өткізіп алған болса, онда алғашқы мүмкіндік кезінде уақыт аралығын және дозаны екі еселеуді есепке алмай басталған сызба бойынша курсты жалғастырған жөн.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға хабарласу бойынша ұсынымдар
Егер Сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, дәрігермен кеңесіңіз.
- әсер етуші затқа және қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі
- 6 жасқа дейінгі балалар
- бауырдың ауыр аурулары
- бауыр жеткіліксіздігі
Жағымсыз реакциялардың жиілігі былайша жіктелген:
- өте жиі (≥1/10);
– жиі (≥ 1/100 – < 1/10);
– жиі емес (≥ 1/1000 – < 1/100);
– сирек (≥ 1/10000 – < 1/1000);
– өте сирек (< 1/10000);
- жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес).
Тері және тері асты шелі тарапынан бұзылулар: сирек-тері бөртпелері түріндегі аллергиялық реакциялар, нейродермиттің өршуі.
Асқазан-ішек бұзылулары: сирек-созылмалы гастриттің өршуі.
Бауыр мен өт жолдары тарапынан бұзылулар: сирек-созылмалы холециститтің өршуі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препараттың артық дозалануы туралы мәліметтер жоқ.
ЦИКЛОФЕРОН® препаратын қолдануды бастар алдында емдеуші дәрігермен кеңесіңіз, егер:
- сізде қалқанша безінің ауруы болса
- асқыну сатысындағы ас қорыту ағзаларының аурулары (эрозиялар, асқазан және/немесе он екі елі ішектің ойық жаралары, гастриттер және дуодениттер)
- анамнездегі аллергиялық реакциялар
Арнайы ескертулер
Пациенттердің ерекше топтары
Педиатрияда қолдану
ЦИКЛОФЕРОН® препаратын пациенттердің осы тобында клиникалық зерттеулердің болмауына байланысты 6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
ЦИКЛОФЕРОН® көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
ЦИКЛОФЕРОН ® препаратын жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде пациенттердің осы топтарында клиникалық зерттеулердің болмауына байланысты қолдануға болмайды.
ЦИКЛОФЕРОН® аталған ауруларды емдеу кезінде қолданылатын барлық дәрілік препараттармен (интерферондар, химиотерапиялық, симптоматикалық дәрілік заттар және т.б.) үйлесімді.
Интерферондар мен нуклеозидтердің аналогтарының әсерін күшейтеді. Химиотерапияның, интерферонотерапияның жағымсыз әсерлерін азайтады.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.