Циклофосфамид-Келун-Казфарм препаратын ісікке қарсы препараттармен жұмыс істеу тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен ғана қолдану керек.
Препаратпен емдеу кезінде миелосупрессия дәрежесін бағалау үшін қан талдауын (әсіресе нейтрофилдер мен тромбоциттер құрамына назар аудара отырып) тұрақты жүргізу, сондай-ақ пайда болуы геморрагиялық циститтің дамуына әкелуі мүмкін эритроциттердің болуына несеп талдауын тұрақты жүргізу қажет.
Микро- немесе макрогематуриямен цистит белгілері пайда болған кезде Циклофосфамид-Келун-Казфарм препаратымен емдеуді тоқтату керек.
Лейкоциттер саны 2500/мкл дейін және/немесе тромбоциттер саны 100000/мкл дейін төмендеген кезде Циклофосфамид-Келун-Казфармамен емдеуді тоқтату керек.
ЦиклофосфамидКелун-Казфарм препаратымен емдеу барысында инфекция пайда болған жағдайда емдеу уақытша тоқтатылуы немесе препараттың дозасы төмендетілуі тиіс.
Геморрагиялық циститтің дамуын болдырмау үшін циклофосфамидтің жоғары дозаларын қолданғанда месна препараты тағайындалады.
Емдеу кезеңінде алкогольдік ішімдіктерді қабылдаудан бас тарту керек.
Егер жалпы анестезиямен жүргізілген операциядан кейінгі алғашқы он күн ішінде науқасқа Циклофосфамид-Келун-Казфарм тағайындалса, бұл туралы анестезиологқа хабарлау керек.
Науқасқа адреналэктомия жүргізгеннен кейін орын басу емі үшін қолданылатын глюкокортикостероидтардың да, Циклофосфамид-Келун-Казфарм препаратының да дозаларына түзету жүргізу қажет.
Препаратты жүрек, бауыр және бүйректің ауыр аурулары, адреналэктомия, подагра (анамнезінде), нефроуролитиаз, сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі, сүйек кемігін ісік жасушаларымен инфильтрациялау, алдыңғы сәулемен емдеу немесе химиотерапия кезінде ерекше сақтықпен қолдану керек.
Арнайы ескертулер
Егер циклофосфамид өмірге қауіп төндіретін жағдайларды емдеу үшін қолданылмаса, осы жерде және басқа бөлімдерде сипатталған циклофосфамидтің уыттылық көріністері мен олардың ұзақ мерзімді салдарлары үшін қауіп факторлары қарсы көрсетілімдер болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда әрбір нақты жағдайда қауіп мен күтілетін пайданың арақатынасын бағалау қажет.
Ісікке қарсы барлық дәрілер сияқты, циклофосфамидті, әдетте, бұрын сәулемен емделген әлсіреген және егде жастағы пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Сонымен қатар, иммундық жүйесі әлсіреген, қант диабетіне, бауырдың немесе бүйректің созылмалы ауруларына, бұрыннан жүрек ауруына шалдыққан науқастардың хал-жағдайын мұқият бақылау керек. Қант диабеті бар пациенттерде циклофосфамидпен емдеу кезеңінде глюкоза метаболизмін де мұқият бақылау керек. Жедел порфириясы бар пациенттерді емдеу кезінде сақ болу керек, өйткені циклофосфамидтің порфирогенді әсері бар.
Миелосупрессия, иммуносупрессия, инфекциялар
• Циклофосфамидпен емдеу миелосупрессияны және иммундық жауаптың айтарлықтай басылуын туындатуы мүмкін.
• Циклофосфамидпен индукцияланған миелосупрессия лейкопенияны, нейтропенияны, тромбоцитопенияны (қан кету қаупінің жоғары болуымен байланысты) және анемияны туындатады.
• Ауыр иммуносупрессия ауыр инфекцияларға, кейде өлімге әкелді. Сепсис және сепсистік шок туралы да айтылды. Циклофосфамидті қолданумен байланысты тіркелген инфекцияларға пневмония, сондай-ақ басқа бактериялық, зеңдік, вирустық, протозойлық және паразиттік инфекциялар кірді.
• Латентті инфекциялардың реактивациясы мүмкін. Әр түрлі бактериялық, зеңдік, вирустық, протозойлық және паразиттік инфекциялардың реактивациясы туралы хабарланды.
• Инфекциялар кезінде тиісті ем жүргізу керек.
• Кейбір жағдайларда нейтропения кезінде емдеуші дәрігердің шешімімен микробқа қарсы профилактика жүргізілуі тағайындалуы мүмкін.
• Нейтропениялық қызба дамыған жағдайда антибиотиктер және/немесе зеңге қарсы дәрілер тағайындалуы керек.
• Сүйек кемігі функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде және ауыр иммуносупрессиясы бар пациенттерде циклофосфамидті сақтықпен қолдану (немесе мүлдем қолданбау) керек.
• Бұрыннан немесе қазір туындаған ауыр инфекциясы бар пациенттерде циклофосфамидпен емдеуді тағайындауға болмайды, не уақытша тоқтату, не препараттың дозасын төмендету керек.
• Негізінде, циклофосфамид дозасы жоғарылаған кезде шеткері қан мен тромбоциттердегі жасушалардың саны тезірек төмендеуі мүмкін және қалпына келтіруге кететін уақыт артуы мүмкін.
• Лейкоциттер мен тромбоциттер санының ең көп азаюы емдеудің 1 және 2 аптасында жетеді. Сүйек кемігінің қан түзуі салыстырмалы түрде тез қалпына келеді және шеткері қан жасушаларының саны, әдетте, шамамен 20 күннен кейін қалыпқа келеді.
• Ауыр миелосупрессияның дамуын, әсіресе бұрын химиотерапияны және/немесе радиотерапияны бір мезгілде қабылдаған және/немесе қабылдап жүрген пациенттерде күту керек.
• Емдеу процесінде барлық пациенттерге мұқият гематологиялық бақылау қажет.
• Лейкоциттердің санын дозаны әрбір енгізер алдында және емдеу кезінде ұдайы (егер жасушалар саны 3000 жасушадан/микролитрден (жасушалар/мм3) төмен түссе, емдеудің басында 5-тен 7 күнге дейінгі аралықпен және әрбір 2 күн сайын) анықтау керек. Ұзақ ем кезінде, әдетте, 14 күн аралығымен мониторинг жеткілікті болып табылады.
• Тромбоциттер санын және гемоглобин мөлшерін дозаны әрбір енгізер алдында және енгізгеннен кейін тиісті аралықтарға айқындаған жөн.
Несеп шығару жолдары және нефроуыттылық
• Циклофосфамидпен емдеуге байланысты геморрагиялық цистит, пиелит, уретрит және гематурия тіркелді. Қуықтың ойық жаралы зақымдануы/некроз, фиброз/контрактура, қайталама малигнизация дамуы мүмкін.
• Уроуыттылық кезінде емдеуді міндетті түрде тоқтату қажет болуы мүмкін.
• Фиброздың, қан кетудің немесе қайталама малигнизацияның дамуына байланысты цистэктомия қажет болуы мүмкін.
• Өліммен аяқталған уроуыттылық жағдайлары туралы хабарланды.
• Уроуыттылық циклофосфамидті қысқа мерзімде және ұзақ уақыт қолданғанда байқалуы мүмкін. Циклофосфамидті бір рет енгізгеннен кейін геморрагиялық циститтің дамуы туралы хабарланды.
• Алдыңғы немесе қатар жүретін сәулелену немесе бусульфанмен емдеу циклофосфамид-индукцияланған геморрагиялық цистит қаупін арттыруы мүмкін.
• Бастапқы кезеңде цистит, әдетте, асептикалық болып табылады. Екінші бактериялық колонизация орын алуы мүмкін.
• Емдеуді бастамас бұрын, несеп шығару жолдарының кез-келген обструкциясын жоққа шығару немесе түзету қажет («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
• Эритроциттердің немесе уро/нефроуыттылықтың басқа да белгілерінің болуына несеп тұнбасына жүйелі түрде талдау жүргізген жөн.
• Циклофосфамидті несеп шығару жолдарының белсенді инфекциялары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек (немесе мүлдем қолданбау керек).
• Қарқынды диурезді қамтамасыз ету үшін месна препаратымен адекватты терапия және/немесе қарқынды ылғалдандыру қуық тарапынан уытты реакциялардың жиілігі мен ауырлығын айтарлықтай төмендетуі мүмкін. Ем кезінде пациенттер қуықты үнемі босатып отыратынына көз жеткізу маңызды
• Гематурия, әдетте, циклофосфамидпен емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше күн ішінде басылады, бірақ сақталуы да мүмкін. Емдеу кезінде микро- немесе макрогематуриямен цистит пайда болғанда, емді хал-жағдайы қалыпқа келгенше тоқтату керек.
• Әдетте геморрагиялық циститтің ауыр түрлерінде препаратпен емдеуді тоқтату керек.
• Циклофосфамидті қолдану нефроуыттылықпен, соның ішінде тубулярлы некрозбен де байланысты болды.
• Организмдегі жалпы су мөлшерінің артуымен, жедел сумен уыттануымен және АГАЕСС-ге (антидиурездік гормонның адекватты емес секреция синдромы) ұқсас синдроммен байланысты гипонатриемия циклофосфамидті қолдануға байланысты тіркелді. Өліммен аяқталған жағдайлар туралы хабарламалар бар.
Кардиоуыттылық: жүрек ауруларына шалдыққан пациенттерде қолдану
• Перикардиальді жалқықпен және жүрек тампонадасымен қатар орын алуы мүмкін миокардит және миоперикардит циклофосфамидпен емдеу аясында тіркелген және кейде өліммен аяқталған, ауыр іркілісті жүрек жеткіліксіздігіне әкеп соққан.
• Гистопатологиялық зерттеу негізінен геморрагиялық миокардитті көрсетті. Гемоперикард геморрагиялық миокардитке және миокард некрозына байланысты салдарлы пайда болды.
• Циклофосфамидті 20 мг/кг-нан кем бір реттік дозада қолданған кезде жедел кардиоуыттылық тіркелді.
• Циклофосфамидті қамтитын емдеу схемаларын қолданғаннан кейін кардиоуыттылықтың басқа белгілері бар және жоқ пациенттерде суправентрикулярлық аритмиялар (оның ішінде фибрилляция және жүрекшелердің дірілдеуі), сондай-ақ қарыншалық аритмиялар (оның ішінде қарыншалық тахиаритмиялармен байланысты QT аралығының айқын ұзаруы) тіркелді.
• Циклофосфамидтің кардиоуыттылық қаупі жоғарылауы мүмкін, мысалы, егде жастағы пациенттерде және жүрек тұсында алдында сәулемен ем алған және/немесе басқа кардиоуытты бұрыннан немесе бір мезгілде ем алған пациенттерде циклофосфамидті жоғары дозаларда қолданғаннан кейін («Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз) туындауы мүмкін.
• Кардиоуыттылықтың даму қаупі факторлары бар пациенттерде және бұрыннан жүрек ауруына шалдыққан пациенттерде ерекше сақтық қажет.
Өкпе уыттылығы
• Циклофосфамидпен емдеу кезінде және одан кейін пневмонит және өкпе фиброзы тіркелді. Сондай-ақ, өкпенің вена окклюзиялық ауруы және өкпе уыттылығының басқа түрлері туралы хабарланды. Тыныс алу жеткіліксіздігіне әкелетін өкпе уыттылығы тіркелген.
• Циклофосфамидті қолданумен байланысты өкпе уыттылығы жағдайларының жиілігі төмен болғанымен, осындай жағдайға шалдыққан пациенттер үшін болжам қолайсыз.
• Пневмониттің кеш пайда болуы (циклофосфамидпен емдеу басталғаннан кейін 6 айдан астам) әсіресе өлімнің жоғары деңгейімен байланысты болуы мүмкін. Пневмонит циклофосфамидпен емделгеннен кейін бірнеше жылдан кейін де дамуы мүмкін.
• Жедел өкпе уыттылығы циклофосфамидтің бір реттік дозасынан кейін тіркелді.
Салдарлы малигнизация
• Кез-келген цитоуытты ем сияқты, циклофосфамидпен емдеу салдарлы ісіктер мен ісікке дейінгі жағдайлардың пайда болу қаупімен, ұзақ мерзімді салдарлармен байланысты.
• Несеп шығару жолдарының обыры және миелодисплазиялық жағдайлар қаупі жоғары, кейбір жағдайларда жедел лейкозға дейін дамиды. Циклофосфамидті немесе циклофосфамидті қамтитын емдеу схемаларын қолданғаннан кейін хабарланған басқа қатерлі жаңа түзілімдер, қалқанша безінің обыры және саркомалар болды.
• Кейбір жағдайларда салдарлы қатерлі жаңа түзілімдер циклофосфамидпен емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше жылдан соң дамыды. Сондай-ақ, құрсақішілік әсерден кейін қатерлі ісіктің дамуы туралы хабарланды.
• Егер геморрагиялық циститтің профилактикасы жүргізілсе, қуықтың обыры қаупін едәуір азайтуға болады.
Бауырдың вена окклюзиялық ауруы
• Циклофосфамид қабылдайтын пациенттерде бауырдың вена окклюзиялық ауруы (БВОА) туралы хабарланды.
• Дененің жалпы сәулелендірумен, бусульфанмен немесе басқа препараттармен бірге циклофосфамидтен тұратын сүйек кемігін трансплантациялауға дайындық шеңберіндегі циторедуктивті ем БВОА пайда болу қаупінің негізгі факторы болып табылады («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз). Циторедуктивті ем кезінде клиникалық синдром әдетте трансплантациядан кейін 1-2 аптадан кейін дамиды және дене салмағының кенеттен артуымен, ауыр гепатомегалиямен, асцитпен және гипербилирубинемиямен/сарғаюмен сипатталады.
• Сондай-ақ, циклофосфамидпен ұзақ мерзімді төмен дозалы иммуносупрессивті ем алатын пациенттерде БВОА, алайда, біртіндеп дамитыны хабарланды.
• БВОА асқынуы ретінде гепаторенальді синдромның |және көп ағзалық жеткіліксіздіктің дамуы мүмкін. БВОА өліммен аяқталған жағдайы туралы хабарланды.
• Жоғары дозалы циторедуктивті терапияның БВОА даму қаупін арттыру факторларына мыналар жатады:
• бауыр функциясының қазір орын алған бұзылуы;
• іш аумағына сәулемен ем алған және
• тиімділіктің төмен көрсеткіштері.
Гендік уыттылығы
• Циклофосфамид ерлер мен әйелдердің соматикалық және жыныстық жасушаларына қатысты гендік уыттылығы және мутагендікті көрсетеді. Нәтижесінде әйелдер жүкті болудан аулақ болу керек, ал еркектер циклофосфамидпен емдеу кезінде ұрпақ өрбітуден аулақ болу керек.
• Сонымен қатар, ер адамдар ем аяқталғаннан кейінгі алғашқы 6 айда ұрпақ өрбітуден аулақ болу керек.
• Жануарларды зерттеуде алынған мәліметтер дамудың фолликулалық кезеңінде ұрық жасушасына әсер ету имплантация мен жүктілік деңгейінің төмендеуіне және бұзылу қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін екенін көрсетеді. Бұл әсерді циклофосфамид ұрпақ өрбітуден кейін емді тоқтатудың қосымша жоспарланған жүктілігі кезінде ескеру керек. Адамдарда фолликулдардың дамуының нақты ұзақтығы белгісіз, бірақ 12 айдан асады.
• Жыныстық белсенді әйелдер мен ер адамдар осы уақыт аралығында контрацепцияның тиімді әдістерін қолдануы керек («жүктілік кезінде және бала емізу кезінде қолдану» бөлімін қараңыз).
Фертильділікке әсері
• Циклофосфамид оогенезді және сперматогенезді бұзады. Бұл екі жыныстың пациенттерін бедеулікке әкелуі мүмкін.
• Шамасы, бедеуліктің дамуы циклофосфамидтің дозасына, емдеу ұзақтығына және емдеу кезіндегі жыныстық функцияның жағдайына байланысты.
• Циклофосфамидке байланысты бедеулік кейбір пациенттерде қайтымсыз болуы мүмкін.
Әйел пациенттер
• Эстроген өндірісінің төмендеуімен және гонадотропин секрециясының жоғарылауымен байланысты өтпелі немесе тұрақты аменорея циклофосфамидпен ем қабылдаған әйелдердің едәуір бөлігінде дамиды.
• Атап айтқанда, егде жастағы әйелдерде аменорея тұрақты болуы мүмкін.
• Циклофосфамидпен емдеуге байланысты олигоменорея туралы да хабарланды.
• Препубертатты кезеңде циклофосфамид қабылдаған қыздарда екінші жыныстық белгілер, әдетте, қалыпты дамып, тұрақты етеккір анықталған.
• Препубертатты кезеңінде циклофосфамидпен ем қабылдаған қыздарда кейіннен жүктілік пайда болды.
• Циклофосфамидпен ем қабылдаған, емдеу аяқталғаннан кейін аналық бездердің қызметі сақталған қыздарда мерзімінен бұрын менопаузаның даму қаупі жоғары болды (етеккірдің 40 жасқа дейін тоқтауы).
Еркек пациенттер
• Циклофосфамидпен емдеуді бастар алдында ер адамдарға шәуһетті консервациялау туралы шешім қабылдау ұсынылады.
• Циклофосфамидпен ем қабылдаған еркектерде олигоспермия немесе азооспермия дамуы мүмкін, бұл әдетте гонадотропин секрециясының жоғарылауымен байланысты, ал сол кезде тестостерон секрециясы қалыпты деңгейде болады.
• Бұл пациенттерде, әдетте, потенция мен либидо бұзылмайды.
• Препубертатты кезеңінде циклофосфамидпен ем қабылдаған ұлдарда қайталама жыныстық белгілердің дамуы қалыпты болуы мүмкін, бірақ олигоспермия немесе азооспермия да орын алуы мүмкін.
• Белгілі бір дәрежеде аталық без атрофиясы болуы мүмкін.
• Кейбір пациенттерде циклофосфамид индукцияланған азооспермия қайтымды болып табылады, дегенмен ол ем аяқталғаннан кейін бірнеше жыл бойы сақталуы мүмкін.
• Циклофосфамидпен емдеу нәтижесінде уақытша бедеулік пайда болған ер адамдар кейіннен ұрпақты болу қабілетін қалпына келтірді.
Анафилаксиялық реакциялар, басқа алкилдеуші дәрілермен айқаспалы сезімталдық
• Циклофосфамидті қолдануға байланысты анафилаксиялық реакциялардың дамуы, оның ішінде өліммен аяқталған жағдайлар туралы хабарланды.
• Басқа алкилдеуші дәрілермен айқаспалы сезімталдық болуы мүмкін екендігі хабарланды.
Ойық жаралар жазылуының нашарлауы
• Циклофосфамид ойық жаралар жазылуын бұзуы мүмкін.
Алопеция
• Доза жоғарылағанда алопеция айқынырақ болды деп хабарланды.
• Алопеция шаштың толық жоғалуына дейін үдеуі мүмкін.
• Препаратпен емделгеннен кейін немесе емдеуді жалғастырған кезде шаш өседі деп күтілуде, бірақ құрылымы мен түсі бойынша ерекшеленуі мүмкін.
Жүрек айнуы және құсу
• Циклофосфамидті қолдану жүрек айнуын және құсуды туындатуы мүмкін.
• Жүрек айнуы және құсу профилактикасы мен емдеу үшін қазіргі уақыттағы антиэметикалық дәрілерді қолдану жөніндегі ұсынымдарды назарға алу керек.
• Алкогольді тұтыну циклофосфамид тудыратын жүрек айнуы мен құсуды арттыруы мүмкін.
Стоматит
• Циклофосфамидті қолдану стоматит (оральді мукозит) туындатуы мүмкін.
• Қазіргі уақытта стоматиттің профилактикасы мен емдеу шаралары бойынша ұсынымдарды ескеру қажет.
Вена маңына инъекциялар
• Циклофосфамидтің цитоуытты әсері оны белсендіргеннен кейін ғана пайда болады, ол негізінен бауырда жүреді. Сондықтан кездейсоқ вена маңына инъекция жасағанда тіндердің зақымдану қаупі төмен.
• Циклофосфамидті кездейсоқ инъекция кезінде инфузияны дереу тоқтату керек, ал қоршаған тіндерге енген циклофосфамид ерітіндісін (экстраваскулярлық) иненің көмегімен аспирациялау керек. Қажет болса, басқа шаралар қабылдауға болады.
Адреналэктомиясы бар пациенттерде қолдану
Бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі бар пациенттерге циклофосфамидтің немесе басқа цитоуытты препараттардың уыттылығымен қатар жүретін стресс жағдайында кортикостероидты орын басу емнің дозасын арттыру қажет болуы мүмкін.
Бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде циклофосфамид дозасын азайту керек.
Сүйек кемігін трансплантациялау алдында пациенттерде циклофосфамидті қолдану тиісті тәжірибесі бар және сүйек кемігін аллогенді трансплантациялауды жүргізу мүмкіндігі бар персонал бар онкология және гематология бөлімшелерінде ғана жүргізілуі тиіс.
Егде жастағы пациенттер, әлсіреген пациенттер. Барлық бластомаға қарсы дәрілер сияқты, әдетте, циклофосфамидті егде жастағы пациенттерге және радиациялық емнен өткен денсаулығы нашар пациенттерге абайлап қолдану керек. Иммундық жүйесі әлсіреген, қант диабетіне, созылмалы бауыр және бүйрек ауруларына, сондай-ақ бұрыннан бар жүрек ауруларына шалдыққан пациенттерді де мұқият тексеру керек. Диабеттік белгілер кезінде циклофосфамидпен емдеу барысында глюкоза алмасуын мұқият тексеру керек.
Циклофосфамидтің порфириндік әсеріне байланысты жедел порфириясы бар пациенттерді емдеу кезінде сақ болу қажет.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлікті басқару және басқа механизмдермен жұмыс істеу кезінде сақ болу керек.