Әсер ету механизмі
Қалқанша маңы безінің негізгі жасушаларының беткейінде орналасқан кальцийге сезімтал рецепторлар - паратироид гормоны (ПТГ) секрециясының негізгі реттегіштері болып табылады. Цинакальцет рецептордың жасушадан тыс кальцийге сезімталдығын арттыра отырып, ПТГ деңгейін тікелей төмендететін кальцимиметикалық әсерге ие. ПТГ деңгейінің төмендеуі қан сарысуындағы кальцийдің төмендеуімен қатар жүреді.
ПТГ деңгейінің төмендеуі цинакальцет концентрациясымен байланысты. Тепе-теңдік жағдайына жеткеннен кейін қан сарысуындағы кальций концентрациясы препаратты қабылдау арасындағы барлық аралықта тұрақты деңгейде қалады.
Салдарлы гиперпаратиреоз
Ересектер
Алты айға созылатын үш клиникалық зерттеу (салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын) диализдегі бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысы бар, салдарлы гиперпаратиреоздың бақыланбайтын түрі бар пациенттерді (1136 пациент) қамтыды. Демографиялық және бастапқы сипаттамалар диализдегі салдарлы гиперпаратиреозы (ГПТ) бар пациенттердің популяциясына тән болды. Үш клиникалық зерттеулерде интактілі паратиреоид гормоны (иПТГ) концентрациясының орташа бастапқы көрсеткіштері цинакальцет пен плацебо топтарында 733 және 683 пг/мл (77,8 және 72,4 пмоль/л) құрап, сәйкесінше пациенттердің 66% зерттеуге кіріспес бұрын D дәруменін және >90% фосфатты байланыстыратын дәрілерді қабылдады. Цинакальцет қабылдаған пациенттерде стандартты емді қабылдаған плацебо тобындағы пациенттермен салыстырғанда қан сарысуындағы иПТГ, кальций және фосфор, кальций-фосфор өнімі (CA х Р) деңгейінің айтарлықтай төмендеуі байқалды және нәтижелер барлық үш зерттеуде салыстырмалы болды. Осы зерттеулердің әрқайсысында бастапқы соңғы нүктеге (иПТГ деңгейі ≤250 пг/мл (≤26,5 пмоль/л) бар пациенттердің үлесі) плацебо қабылдайтын пациенттермен 4 %, 7% және 6% салыстырғанда цинакальцет қабылдаған пациенттер 41%, 46% және 35% қол жеткізді. Цинакальцет қабылдаған пациенттердің шамамен 60% - ы иПТГ ≥30% төмендеуіне қол жеткізді және бұл әсер бастапқы иПТГ деңгейлерінің барлық спектрінде байқалды. CA х P, кальций және фосфор сарысу деңгейлерінің орташа төмендеуі сәйкесінше 14%, 7% және 8% құрады.
Емнің 12 айында иПТГ мен Сa x Р деңгейінің төмендеуі сақталды. Цинакальцет иПТГ немесе Cа х Р бастапқы деңгейіне, диализ режиміне (гемодиализбен салыстырғанда перитонеальді диализ), диализ ұзақтығына және D дәрумені қолданылғанына немесе қолданылмағанына қарамастан иПТГ, кальций және фосфор және Сa x Р деңгейін төмендетті.
ПТГ деңгейінің төмендеуі сүйек метаболизмі маркерлері (спецификалық сүйек сілтілі фосфатаза, N-телопептидтер, сүйек тінінің жаңаруы және сүйек фиброзы) деңгейінің шамалы төмендеуімен байланысты болды. Каплан-Мейер әдісін қолдана отырып, 6 және 12 айлық клиникалық зерттеулер нәтижелері бойынша жиналған мәліметтер пулына ретроспективті талдау жүргізу кезінде сүйек сынуы мен паратиреоидэктомия көрсеткіштері бақылау тобымен салыстырғанда цинакальцет тобында төмен болды.
Созылмалы бүйрек ауруы (СБА) және диализден тыс салдарлы гиперпаратиреозы бар пациенттерге қатысты алдын ала зерттеулер цинакальцет бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысы (БЖТС) және диализдегі салдарлы гиперпаратиреоз диагнозы қойылған пациенттердегідей ПТГ деңгейін төмендеткенін көрсетті. Алайда, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін диализ алдындағы кезеңде терапияның тиімділігі, қауіпсіздігі, тиімді дозалары мен мақсаттары анықталмаған. Осы зерттеулер диализдегі емес және цинакальцет қабылдайтын СБА бар пациенттерді диализдегі және цинакальцет қабылдайтын бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысы бар пациенттермен салыстырғанда кальцийдің бастапқы концентрациясының төмендеуіне және/немесе бүйректің қалдық қызметіне байланысты гипокальциемияның даму қаупі жоғары болатынын көрсетті.
EVOLVE (Evaluatioп Of Cinacalcet Therapy to Lower Cardiovascular Events -жүрек-қан тамырлары оқиғаларының жиілігін төмендету үшін цинакальцет терапиясын бағалау) зерттеуі жалпы өлім қаупінің төмендеуін және диализдегі ГПТ және СБА бар 3883 пациенттерде плацебомен салыстырғанда цинакальцет гидрохлоридін қолданғанда салдарлы жүрек-қан тамырлары асқынуларын бағалайтын рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын клиникалық зерттеуді білдіреді. Зерттеу, негізгі мақсат- миокард инфарктісін, тұрақсыз стенокардияға, жүрек жеткіліксіздігіне немесе шеткері тамыр ауруларына байланысты ауруханаға жатқызуды қоса алғанда, жалпы өлім немесе жүрек-қан тамырлары оқиғалары қаупін төмендету көрсеткішіне жете алмады (ҚҚ 0,93; 95% СА: 0,85, 1,02; p = 0,112). Қайталама талдаудағы бастапқы сипаттамаларға түзетулер енгізілгеннен кейін, бастапқы біріктірілген соңғы нүкте үшін ҚҚ 0,88; 95% СА: 0,79, 0,97 құрады.
Қалқанша маңы безінің карциномасы және бастапқы гиперпаратиреоз
Негізгі зерттеуде 46 пациент (қалқанша маңы безінің карциномасы диагнозы қойылған 29 пациент және паратироидэктомия нәтиже бермеген немесе қарсы көрсетілген бастапқы гиперпаратиреозы бар 17 пациент) 3 жылға дейін цинакальцет қабылдады (қалқанша маңы безінің карциномасы бар пациенттер үшін орта есеппен 328 күн және бастапқы гиперпаратиреозбен ауыратын пациенттер үшін 347 күн).
Цинакальцет тәулігіне 2 рет 30 мг-дан тәулігіне 4 рет 90 мг-ға дейінгі дозада қолданылды. Терапияның негізгі мақсаты қан сарысуындағы кальций концентрациясын ≥1 мг/дл (≥ 0.25 ммоль/л) төмендету болды. Қалқанша маңы безінің карциномасы бар пациенттерде кальцийдің орташа концентрациясы 14,1 мг/дл-ден 12,4 мг/дл-ге дейін (3,5 ммоль/л-ден 3,1 ммоль/л-ге дейін) төмендесе, бастапқы гиперпаратиреозы бар пациенттерде қан сарысуындағы кальций концентрациясы 12,7 мг/дл-ден 10,4 мг/дл-ге дейін төмендеді (3.2 ммоль/л-ден 2.6 ммоль / л-ге дейін). Қалқанша маңы безінің карциномасы бар 29 пациенттің 18-де (62%) және бастапқы гиперпаратиреозы бар 17 пациенттің 15-де (88%) қан сарысуындағы кальций концентрациясының ≥1 мг/дл (≥ 0.25 ммоль/л) төмендеуіне қол жеткізілді.
Ұзақтығы 28 аптаға созылған плацебо-бақыланатын зерттеуге қан сарысуындағы кальцийдің түзетілген жалпы концентрациясы >11,3 мг/дл (2,82 ммоль/л), бірақ ≤12,5 мг/дл (3,12 ммоль/л) негізінде паратироидэктомия жүргізу критерийлеріне сәйкес келген, алайда бұл араласу орындалмаған бастапқы ГПТ бар 67 ересек пациенттер қосылды. Цинакалцеттің бастапқы дозасы тәулігіне 2 рет 30 мг құрады және ол қан сарысуындағы кальцийдің түзетілген жалпы концентрациясының қалыпты диапазонын сақтау үшін титрленді. Цинакальцет қабылдаған пациенттердің едәуір саны қан сарысуындағы кальцийдің жалпы концентрациясына ≤10,3 мг/дл (2,57 ммоль/л) және плацебо қабылдаған пациенттермен салыстырғанда қан сарысуындағы кальцийдің жалпы концентрациясының ≥ 1 мг/дл (0,25 ммоль/л) төмендеуіне жетті (сәйкесінше 0% - бен салыстырғанда 75,8% және 5,9% - бен салыстырғанда 84,8%).