Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
25 мг
Саудалық атауы
Циннаризин Софарма
Әсер етуші зат
Циннаризин
Мақсаты
Шығу тегі қантамырлық лабиринттік және вестибулярлық бұзылуларды симптоматикалық емдеу
Өндіруші
АО СОФАРМА
Ел
Болгария
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында:
белсенді заттар: циннаризин 25 мг,
қосымша заттар: лактоза моногидраты; бидай крахмалы; повидон К 25; магний стеараты; сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы; микрокристалды целлюлоза.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек, екі беті дөңес, ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар.
• шығу тегі қантамырлық лабиринттік және вестибулярлық бұзылуларды симптоматикалық емдеу
• Меньер ауруы
• кинетоздер профилактикасы және емдеу.
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық әсерлер
Циннаризин, бірқатар вазоконстрикторлық субстанциялар мен кальций иондарының вольтажға тәуелді баяу кальций өзектерін бөгеу арқылы жасушаларға инфлюксін тежей отырып, мидағы және шеткері қанайналымды жақсартады. Мидың қантамырлық тегіс бұлшықеті жасушаларына қатысты жоғары аффинитетке ие. Эритроциттердің деформабильділігін азайтады және қанның реологиялық қасиеттерін жақсартады, жасушалардың гипоксияға төзімділігін арттырады.
Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі
Нистагм және вестибулярлық бұзылулардың басқа да құбылыстарын бәсеңдетеді, лабиринт қозғыштығын азайтады. Белгілі антигистаминдік әсер береді.
Дозалау режимі
Дозалау
Вестибулярлық бұзылыстарда (бас айналу, жүрек айну, құсу, құлақтың шуылдауы және нистагм):
Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер
Күндізгі доза 75 мг (3 таблетка), 1 таблеткадан күніне 3 рет.
Ұсынылған дозадан асыруға болмайды.
Кинетоз ("жол" ауруы) профилактикасында:
Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер
Жол жүрерден 2 сағат бұрын 1 таблетка (25 мг) және жолда болатын әр 8 сағат сайын 1 таблеткадан.
Ересектерге Циннаризин Софарма ең жоғары тәуліктік дозасы 225 мг (9 таблетка) аспауы тиіс.
Бас айналуға циннаризиннің әсері дозаға тәуелді болып табылады, сондықтан қажет болған жағдайда дозасын біртіндеп арттыру керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Таблеткалар тамақтанғаннан кейін жеткілікті мөлшерде сумен қабылданады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер анықтайды.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Егер Сіз бір дозаны қабылдауды өткізіп алсаңыз, оны мүмкіндігінше тезірек қабылдаңыз. Егер келесі дозаның уақыты келіп қалса, ұмытылған дозаны өткізіп жіберіп, оны әдеттегідей қабылдаңыз. Қабылдауды ұмытқанның орнын толтыру үшін екі еселенген дозаны қабылдамаңыз. Емдеуші дәрігердің тағайындауын сақтай отырып, дәрілік препаратты қабылдауды жалғастырыңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер сізде осы препаратты қолдануға қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, дәрігерге немесе фармацевтке хабарласыңыз.
• белсенді немесе кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық
• эритематоздық қызыл жегі
• жүктілік және лактация кезеңі
• тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
• 12 жасқа дейінгі балалар.
Жиі – ұйқышылдық, жүрек айну, салмақтың артуы
Жиі емес – гиперсомния, летаргия, асқазандағы жайсыздық, құсу, іштің ауыруы, диспепсия, ауыздың құрғауы, гипергидроз (қатты терлеу), лихеноидты кератоз, шаршау.
Жиілігі белгісіз - дискинезия, экстрапирамидтік бұзылулар, паркинсонизм, тремор, қызыл жалпақ теміреткі, жеделге жуық терінің қызыл жегісі (лихен планус және лупус тәрізді тері симптомдары), бұлшықеттің сіресуі.
Аса жоғары сезімталдық реакцияларының дамуы мүмкін.
Егде жастағы пациенттерде препаратты ұзақ уақыт қабылдағанда, кейде депрессиялық реакциялармен үйлесімде болатын экстрапирамидтік бұзылулардың пайда болуы немесе айқындылығының артуы мүмкін. Мұндай жағдайларда препаратты тоқтату ұсынылады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: құсу, сомноленттілік, гипотония, тремор, кома.
Емі: артық дозаланған жағдайда жылдам шығарылуы үшін шаралар қолданылады (асқазанды шаю, белсенді көмір). Симптоматикалық дәрілер қолданылады.
Арнайы антидот жоқ.
Арнайы ескертулер
Циннаризин (антигистаминдер сияқты) «асқазан жайсыздығын» туғызуы мүмкін. Таблеткаларды тамақтан кейін қабылдау асқазанның шырышты қабығының тітіркенуін төмендетеді.
Паркинсон ауруынан зардап шегетін пациенттерге, циннаризинді, тек оның артықшылықтары жағдайдың нашарлау мүмкіндігі қаупінен асатын болса ғана тағайындау керек.
65 жастан асқан пациенттерге, балаларға, анамнезінде немесе клиникалық симптоматикасында экстрапирамидтік бұзылулар бар болса, мұқият бекіту қажет.
Гипотонияға бейім адамдарда емдеу барысында артериялық қысым мәнін бақылауға алу қажет.
Дәрілік препараттың бір таблеткасының құрамында 63,12 мг лактоза моногидраты бар. Сирек тұқым қуалайтын мәселелері, галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге дәріні қолданбаған дұрыс.
Дәрілік препараттың құрамында қосымша зат ретінде бидай крахмалы бар. Бидай крахмалының құрамында глютен болуы мүмкін, бірақ ол тек азғантай мөлшерде болады және сондықтан, целиакиясы бар адамдар үшін қауіпсіз болып саналады.
Егер Сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізіп жүрсеңіз, жүкті болдым деп ойласаңыз немесе жүктілікті жоспарлаған болсаңыз, препаратты қолданар алдында емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.
Жүктілік
Жүкті әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты жақсы бақыланатын клиникалық зерттеулердің болмауына байланысты препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Бала емізу
Емшек сүтіне ену туралы мәліметтердің болмауына байланысты оны бала емізіп жүрген кезінде қолдануға болмайды. Егер препаратты қолдану қажет болса, бала емізуді тоқтату керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Циннаризин Софарма әсіресе емдеудің басында ұйқышылдық туындатуы мүмкін, пайда және қауіпті дәл бағалау кезінде жүргізушілер мен машина операторларына осыны ескеру және мұқият тағайындау керек.
- циннаризинді алкогольмен, ОЖЖ депрессанттарымен, транквилизаторлармен немесе үшциклді антидепрессанттармен бір мезгілде қолдану олардың өзара әсерлерінің үдеуін төмендетеді.
- өзінің антигистаминдік әсерлерінің арқасында циннаризин тері сынамалары кезінде аса жоғары сезімталдыққа жалған теріс нәтижелерді тудыруы мүмкін. Бұл циннаризинмен емдеуді тестілер жүргізілгенге дейін кемінде 4 күн бұрын тоқтату қажеттілігіне негіз болады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Препаратты 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.