Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Лекарственный лак для ногтей
Дозасы
80 мг/г
Саудалық атауы
Ципоксил
Әсер етуші зат
Циклопирокс
Мақсаты
Матрикстің (тырнақ ұясының) қатысуынсыз және дерматофиттер және/немесе Циклопирокске сезімтал басқа зеңдерден туындайтын әлсізден орташа дәрежедегі онихомикозды емдеудегі бірінші…
Өндіруші
Лабораториоз СЕРРА ПАМИЕЗ, С.А.
Ел
Испания
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір грамм құрамында
белсенді зат - циклопирокс 80 мг,
қосымша заттар: этилацетат, изопропанол, метоксиэтен.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссізден ақшыл-сары түске дейін, этил ацетатына тән иісі бар өте ұшпа мөлдір ерітінді.
Матрикстің (тырнақ ұясының) қатысуынсыз және дерматофиттер және/немесе Циклопирокске сезімтал басқа зеңдерден туындайтын әлсізден орташа дәрежедегі онихомикозды емдеудегі бірінші кезектегі зат.
Циклопирокс, тырнаққа арналған Ципоксил дәрілік лактың белсенді ингредиенті, пиридон тобына жататын зат.
Циклопирокс дерматофиттерге (Trichophyton, Microsporum canis, Epidermophyton), ашытқыларға (Candida, Torulopsis, Trichosporum, Geotrichum), зеңдерге (Aspergillus,Scopulariopsis ) және актиномицеттерге, сондай-ақ кейбір грамоң және грамтеріс бактерияларға қатысты белсенділік танытатын кең ауқымды зеңге қарсы дәрі болып табылады.
Жоғарыда аталған түрлерге жатпайтын зеңдердің кез-келген басқа түрлерін олардың сезімталдық дәрежесін анықтау үшін in vitro зерттеу керек.
Ципоксил құрамында тырнаққа арналған лак негізінде 8 пайыз циклопирокс бар. Тырнаққа жаққаннан кейін еріткіштер (этилацетат және изопропил спирті) және үлбір құрайтын компонент (2-бутендио қышқылы бар метоксиэтан полимері, моноэтил эфирі) буланып, Циклопирокстың тырнаққа жабысуын қамтамасыз етеді.
Циклопирокстың зеңге қарсы белсенділігі зең жасушаларының кейбір заттардың (металл иондары, фосфат және калий иондары) сіңуін тежеуге негізделген.
Циклопирокс зең жасушаларында жиналады, онда ол жарғақша, митохондрия, рибосомалар және микросомалар сияқты белгілі бір құрылымдармен қайтымсыз байланысады.
Дозалау режимі
Ципоксил препараты тек ересектерге арналған.
Балаларда қолдану тәжірибесі жоқ.
Жергілікті қолдануға арналған.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Егер басқаша көрсетілмесе, Ципоксилді бірінші ай бойы екі күнде бір рет қолдану ұсынылады. Екінші айда қолдануды кем дегенде аптасына екі ретке дейін азайтуға болады; үшінші айдан бастап лак аптасына бір рет жағылады.
Препарат зақымдалған тырнаққа жұқа қабатпен жағылады, бұл тырнақтың белсенді ингредиентпен қанығуын қамтамасыз етеді.
Емдеуді бастар алдында зақымдалған тырнақтардың өсіп кеткен бөліктерін тырнаққа арналған тістеуікті, тырнаққа арналған егеуішті немесе қайшыны пайдаланып алып тастау ұсынылады.
Емдеу курсы бойы дәрілік лак тырнақтардан аптасына кем дегенде бір рет лакты кетіруге арналған құралмен толығымен алынып тасталуы керек, өйткені ұзақ емдеу кезінде бұл белсенді ингредиенттің енуіне кедергі келтіруі мүмкін. Бұл кезде зақымданған тырнақтың өскен бөліктерін де, өсу қарқынына қарай алып тастау ұсынылады.
Инфекция жұққан тырнақтарға арналған гигиеналық материалды, әсіресе егеуішті, қайта пайдалану ұсынылмайды, әсіресе сау тырнақтарға.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу клиникалық және микологиялық тұрғыдан тырнақтар сау болып көрінгенге дейін толық емделгенге дейін ұзартылуы керек. Емдеу ұзақтығы зақымдану дәрежесіне байланысты, бірақ алты айдан асырмау ұсынылады.
- белсенді компонентке немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері және жүйелік-ағзалық жіктемесіне және олардың туындау жиілігіне сәйкес жағымсыз реакциялардың жіктелуі (Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Препаратты ұзақ уақыт пайдалану жергілікті реакциялардың байқалуына әкеліп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайларда емдеуді тоқтатып, дәрігермен кеңесу керек. Өте сирек жағдайларда, Циклопирокспен тікелей байланыста болатын ауру тырнақтың айналасындағы терінің қызаруы және қабыршақтануы хабарланған.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Белгісіз.
Әр қолданғаннан кейін ерітіндінің булануын болдырмас үшін Циклопирокс лагы бар бөтелкені тығыз жабық сақтау керек. Тығын бөтелкеге жабысып қалмас үшін, бөтелкенің бұрандалы ойықтарына лак ерітіндісінің тиуін болдырмау керек.
Арнайы ескертулер
Циклопироксты тек тырнаққа жағу керек. Көзге және шырышты қабықтарға тигізіп алмау керек.
Аллергиялық реакциялар пайда болған жағдайда емдеуді тоқтатып, тиісті ем тағайындау керек.
Онихомикозды жергілікті емдеудің барлық әдістеріне бірнеше тырнақтар әсер етсе (> 5 тырнақ), немесе тырнақтың тырнақ табақшасының үштен екісінен көп бөлігі зақымдалса немесе қант диабеті және иммунитеттің әлсіреуі сияқты факторлар болса, жүйелік емді қосудың мүмкіндігін қарастыру керек.
Ауру тарихында инсулинге тәуелді қант диабеті немесе диабеттік нейропатиямен ауыратын пациенттерде аяқтағы зақымдалған тырнақты денсаулық саласындағы маман немесе өңдеу жасағанда пациенттің өзі қайтымсыз алып тастау қаупін мұқият қарастырған жөн.
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Ципоксил препаратын жүктілік және емшек емізу кезінде пациенттердің осы тобында клиникалық тәжірибенің болмауына байланысты қолдануға болмайды.
Анықталмаған.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейін препаратты 6 ай бойы пайдалану керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.