Бұл препаратты әрдайым қатаң түрде дәрігердің нұсқауы бойынша қабылдау керек.
Дозалау режимі
Ересектер
Депрессия
Ципралекс® әдетте тәулігіне бір рет 10 мг дозада қабылданады. Дәрігер дозаны тәулігіне 20 мг-ға дейін арттыра алады.
Үрейлі бұзылу
Ципралекс® препаратының бастапқы дозасы бірінші апта бойы – тәулігіне бір рет 5 мг, содан кейін дозаны тәулігіне 10 мг дейін арттырады. Дәрігер одан әрі дозаны ең жоғары тәулігіне 20 мг-ға дейін арттыра алады.
Әлеуметтік мазасыз бұзылулар
Ципралекс® әдетте тәулігіне бір рет 10 мг дозада қабылданады. Дәрігер сіздің емделуге реакцияңызға байланысты дозаны тәулігіне 5 мг-ға дейін төмендетуі немесе дозаны барынша тәулігіне 20 мг-ға дейін арттыруы мүмкін.
Жалпыланған мазасыз бұзылулар
Ципралекс® әдетте тәулігіне бір рет 10 мг дозада қабылданады. Дәрігер дозаны тәулігіне 20 мг-ға дейін арттыра алады.
Обсессивті-компульсивті бұзылыс
Ципралекс® әдетте тәулігіне бір рет 10 мг дозада қабылданады. Дәрігер дозаны тәулігіне 20 мг-ға дейін арттыра алады.
Егде жастағы пациенттер (65 жастан асқан)
Ципралекс® препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы - тәулігіне бір рет 5 мг. Дәрігер дозаны тәулігіне 10 мг дейін арттыра алады.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақ болу қажет.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр аурулары бар пациенттер тәулігіне 10 мг жоғары дозаны қабылдамауы тиіс. Препаратты дәрігер тағайындағандай қабылдаңыз.
CYP2C19 изоферментінің белсенділігі әлсіз пациенттер
Мұндай генотипі бар пациенттер тәулігіне 10 мг-ден жоғары дозаны қабылдамауы тиіс.
Енгізу әдісі мен жолы
Ципралекс® препаратын тамақтануға қарамастан қабылдауға болады. Таблеткаларды сумен ішіп, жұту керек. Таблеткаларды шайнауға болмайды, өйткені олардың ащы дәмі бар.
Қажет болса, таблетканы теңдей дозаларға бөлуге болады. Мұны істеу үшін таблетканы сызығын жоғары қаратып тегіс жерге қою керек. Содан кейін таблетканы суретте көрсетілгендей сұқ саусағыңызбен таблетканың шетін басу арқылы сындыру керек.
Емдеу ұзақтығы
Пациенттің жағдайдың жақсарғанын сезгенше бірнеше апта өтуі мүмкін. Тіпті жақсару басталғанға дейін біраз уақыт қажет болса да, Ципралекс® қабылдауды жалғастыру керек.
Алдымен дәрігермен кеңеспестен препараттың дозасын өзгертпейді.
Ципралекс® препаратын дәрігер тағайындағандай ұзақ қабылдауды жалғастыру керек. Егер пациент емдеуді ертерек тоқтатса, симптомдар қайтадан пайда болуы мүмкін. Емдеуді жақсартуды сезінгеннен кейін кем дегенде 6 ай бойы жалғастыру ұсынылады.
Емдеу курсын аяқтаған кезде, әдетте, бірнеше апта бойы Ципралекс® препаратының дозасын біртіндеп төмендету ұсынылады.
Ципралекс® препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін, әсіресе бірден тоқтатқаннан кейін, пациент тоқтату симптомдарын сезінуі мүмкін. Бұл симптомдары Ципралекс® препаратын қабылдауды тоқтатқан кезде жиі білінеді. Егер Ципралекс® ұзақ уақыт бойы қолданылса немесе доза тым тез төмендесе, мұндай симптомдардың даму қаупі артады. Пациенттердің көпшілігінде симптомдар жеңіл түрде көрінеді және 2 апта ішінде өздігінен кетеді. Алайда, кейбір пациенттерде олар ауыр немесе ұзақ (2-3 ай немесе одан ұзақ) түрде өтуі мүмкін. Егер пациент Ципралекс® препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін тоқтатудың ауыр симптомдары байқалса, дәрігерге қаралу керек; дәрігер препаратты қайта қабылдауды бастауға және оны біртіндеп тоқтатуға кеңес береді.
Тоқтату симптомдары мыналарды қамтиды: бас айналу (тұрақсыздық немесе тепе-теңдікті жоғалту сезімі), шаншу, күйдіру сезімі немесе сирек электр тогының соғуы, оның ішінде бас аймағында, ұйқының бұзылуы (шынайы түс көру, түнгі үрейлер, ұйықтай алмау), мазасыздық сезімі, бас ауыруы, әлсіздік (жүрек айну), терлеу (түнгі терлеуді қоса), мазасыздық немесе қозу сезімі, тремор (діріл), сананың шатасуы немесе бағдардан адасу сезімі, эмоционалды қозу немесе ашушаңдық, диарея (жиі сұйық нәжіс), көру қабілетінің бұзылуы, дірілдейтін немесе пульсациялы жүрек ырғағы (жүректің жиі соғуы).
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Препараттың өткізіп алған дозасының орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамау керек. Егер пациент препараттың дозасын қабылдауды ұмытып кетсе және ол ұйықтар алдында есіңізге түссе, дереу осы дозаны қабылдау керек. Келесі күні әдеттегідей препаратты қабылдауды жалғастыру керек. Егер пациент өткізіп алған дозаны түнде немесе келесі күні есіне түсірсе, өткізіп алған дозаны қабылдамау керек, бірақ препаратты әдеттегідей қабылдауды жалғастырады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Бұл препаратты әрдайым дәрігердің нұсқауы бойынша қолданыңыз. Егер сіз бір нәрсеге сенімді болмасаңыз, дәрігермен кеңесіңіз.
Дәрілік препарат стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Барлық дәрілік препараттар сияқты, Ципралекс® препараты жағымсыз реакциялар тудыруы мүмкін, бірақ олар барлық пациентте дамымайды.
Жағымсыз реакциялар әдетте бірнеше апта емделгеннен кейін жоғалады. Айта кету керек, көптеген әсерлер аурудың симптомдары болуы мүмкін, сондықтан емдеуді жалғастырған кезде олар жоғалады.
Жағымсыз реакциялардың жиілігін жіктеу үшін келесі терминология қолданылады: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін); жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін); сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін); өте сирек (< 1/10000); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде белгіленуі мүмкін емес).
Егер пациентте келесі симптомдардың кез келгені дамыған болса, дереу дәрігерге немесе жедел жәрдемге бару керек.
Жиі емес
- асқазан-ішектен қан кетуді қоса алғанда, әдеттен тыс қан кету
Сирек
- терінің, тілдің, еріннің, жұтқыншақтың немесе беттің ісінуі, есекжем немесе тыныс алу немесе жұту қиындықтары (ауыр аллергиялық реакция)
- жоғары температура, ажитация, сананың шатасуы, діріл және бұлшықеттің кенеттен жиырылуы – бұл симптомдар «серотониндік синдромы» деп аталатын сирек жағдайдың белгілері болуы мүмкін.
Жиілігі белгісіз
- несеп шығарудағы қиындықтар
- құрысулар (конвульсиялар)
- бауыр функциясының бұзылуының (гепатит) белгісі болып табылатын терінің және көз ағының сарғаюы
- «екі бағытты қарыншалық тахикардия» деп аталатын өмірге қауіп төндіретін жағдайдың симптомдары болуы мүмкін жүректің жылдам, тұрақсыз соғуы, талма
- өзіне зиян келтіру немесе өзін-өзі өлтіру туралы ойлар
- терінің немесе шырышты қабықтардың кенеттен ісінуі (ангионевроздық ісіну)
Жоғарыда сипатталғанға қосымша, келесі жағымсыз реакциялар туралы хабарланды:
Өте жиі
- жүрек айну
- бас ауыруы
Жиі
- мұрынның бітелуі немесе ринит (синусит)
- тәбеттің төмендеуі немесе жоғарылауы
- үрейлену, мазасыздық, ерекше түс көру, ұйықтаудағы қиындықтар, ұйқышылдық, бас айналу, есінеу, тремор, терідегі шаншу сезімі
- диарея, іш қату, құсу, ауыздың құрғауы
- шамадан тыс терлеу
- бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну (артралгия және миалгия)
- сексуальдық бұзылулар (кешіктірілген эякуляция, эрекция проблемалары, сексуальдық құмарлықтың төмендеуі; әйелдерде оргазмға жету қиын болуы мүмкін)
- қажу, жоғары температура
- дене салмағының артуы
Жиі емес
- есекжем, бөртпе, қышыну
- ұйқы кезінде тістерді шықырлату, ажитация, күйгелектік, үрейлі шабуылдар, сананың шатасуы
- ұйқының бұзылуы, дәм сезудің бұзылуы, есін жоғалту (талма)
- қарашықтардың ұлғаюы (мидриаз), көрудің бұзылуы, құлақтағы шуыл (тиннитус)
- шаштың түсуі
- шамадан тыс етеккірлік қан кету
- тұрақты емес етеккірлік қан кету
- дене салмағының төмендеуі
- жүректің жиі соғуы
- қолдың немесе аяқтың ісінуі
- мұрыннан қан кету
Сирек
- озбырлық, өзін өзі танымау, елестеулер
- жүректің баяу соғуы
Жиілігі белгісіз
- қандағы натрий деңгейінің төмендеуі (симптомдары бұлшықет әлсіздігі немесе сананың шатасуымен жүрек айну сезімі және дімкәстік болып табылады)
- төмен артериялық қысымға байланысты орныңыздан тұра алмайтын бас айналу (ортостаздық гипотензия)
- бауырдың функционалдық көрсеткіштерінің ауытқулары (қандағы бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы)
- қимыл қозғалыс бұзылулары (бұлшықеттердің еріксіз қимыл қозғалысы)
- ауырсындыратын эрекция (приапизм)
- ауытқулы қан кету белгілері, мысалы, теріден немесе шырышты қабықтардан (экхимоз) және қандағы тромбоциттердің төмен көрсеткіші (тромбоцитопения)
- организмде судың іркілуіне және қанның сұйылуына, натрий деңгейінің төмендеуіне (АДГ секрециясының бұзылуы) әкелетін антидиурездік гормонның (АДГ) жоғары секрециясы
- қандағы пролактин гормонының жоғары көрсеткіші;
- еркектерде немесе бала емізбейтін әйелдерде сүт бездерінен сүт бөліну
- мания
- осындай препараттарды қабылдаған пациенттерде сүйектердің сыну қаупінің жоғарылауы байқалды
- жүрек ырғағының өзгеруі (ЭКГ-да анықталатын «QT аралығының ұзаруы» деп аталады)
- босанғаннан кейін бірден қынаптан ауыр қан кету (босанғаннан кейінгі қан кету)
Сонымен қатар, ұқсас әсер ететін препараттар класына тән бірқатар жағымсыз реакциялар байқалуы мүмкін; мұндай реакцияларға мыналар жатады:
- қимыл қозғалыс мазасыздығы (акатизия)
- тәбеттің жоғалуы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz.