Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капли глазные и ушные
Саудалық атауы
Ципровид-DF®
Әсер етуші зат
Дексаметазон в комбинации с противомикробными препаратами
Мақсаты
Ересектердегі және 8 жастан асқан балалардағы көз және оның қосалқыларының бактериялық қабыну аурулары
Өндіруші
ТОО "DOSFARM"
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір мл препараттың құрамында
белсенді заттар: 3,0 мг ципрофлоксацинге баламалы ципрофлоксацин гидрохлориді, 1,0 мг дексаметазон
қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, гидроксипропилбетациклодекстрин, маннитол, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссізден ақшыл-сары түске дейінгі мөлдір ерітінді
Ципровид-DF® дәрілік препараты ципрофлоксацинге сезімтал бактериялардың штаммдарынан туындаған келесі инфекциялық ауруларды емдеуге қолданылады:
Ересектердегі және 8 жастан асқан балалардағы көз және оның қосалқыларының бактериялық қабыну аурулары
- көздің мөлдір қабығының ойық жарасы
- көздің беткейлік инфекциялары
- жедел және жеделге жуық конъюнктивит
- кератит
- алдыңғы увеит
- блефарит және қабақтың басқа қабыну аурулары
- көздің және оның қосалқыларының жарақаттарынан кейін және көз алмасына жасалған операциялар кезіндегі инфекциялық асқынулар профилактикасы және емдеу.
Ересектер мен балалардағы құлақтың бактериялық қабыну аурулары
- тимпаностомиялық түтікшесі бар пациенттердегі ортаңғы жедел отит (ОЖОТ)
- жедел сыртқы отит (ЖСО).
Бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды назарға алу керек.
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Әсер ету механизмі
Ципровид-DF препараты офтальмологиялық және оториноларингологиялық тәжірибеде жергілікті қолдануға арналған. Ципровид-DF препаратының емдік әсері ципрофлоксациннің микробқа қарсы әсеріне және дексаметазонның қабынуға қарсы әсеріне негізделген. Препараттың уыттылығы аз.
Дексаметазон – негізінен қабынуға қарсы және иммуносупрессиялық агент ретінде пайдаланылатын синтетикалық глюкокортикостероид. Жергілікті қолданғанда дексаметазонның емдік белсенділігі қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және пролиферацияға қарсы әсеріне негізделген. Ол капиллярлардың өткізгіштігі мен пролиферациясын, жергілікті экссудацияны, жасушалық инфильтрацияны, фагоцитарлық белсенділікті, коллагеннің шөгуін және фибробласттардың белсенділігін төмендетеді, тыртық тіндердің пайда болуын бәсеңдетеді. Осылайша, дексаметазон қабынудың негізгі симптомдарын – гиперемия, ауырсыну, ісіну және жергілікті гипертермияны азайтады.
Препарат құрамында бактерияға қарсы дәрі ретінде фторхинолон (ципрофлоксацин) бар. Ципрофлоксациннің бактерицидтік әсері бактериялық ДНҚ репликациясы, транскрипциясы, репарациясы және рекомбинациясы үшін қажетті II типті топоизомераза (ДНҚ гиразасы) мен IV топоизомеразаның тежелуінің нәтижесі болып табылады.
Кортикостероидтардың (дексаметазон) әсер ету механизмі толық зерттелмеген. Алайда, кортикостероидтар цитоплазмадағы рецепторлармен байланысып, кортикостероидтарға сезімтал гендердің кортикостероидқа сезімтал элементтерімен кейіннен байланысып, ядроға ауысатыны белгілі. Кортикостероидтар қабынуға қарсы ақуыздардың транскрипциясын жоғарылататыны белгілі, сонымен қатар көптеген қабыну гендерінің экспрессиясын тежейді. Дексаметазонның қабынуға қарсы әсері бар, ол гидрокортизонға қарағанда шамамен 25 есе күштірек.
Резистенттілік механизмі
In vitro ципрофлоксацинге төзімділік ДНҚ гиразада да, IV топоизомераза да нысана - сайтты мутациялау арқылы сатылы үдеріс жолымен қол жеткізілуі мүмкін. Нәтижесінде пайда болатын ципрофлоксацин мен басқа фторхинолондар арасындағы туындайтын айқаспалы резистенттілік дәрежесі ауытқымалы. Жеке-дара мутация клиникалық тұрақтылыққа әкелмеуі мүмкін, бірақ бірнеше мутация әдетте класс ішіндегі көптеген немесе барлық белсенді заттарға клиникалық тұрақтылыққа әкеледі.
Фторхинолондарға сезімталдық класс ішіндегі әртүрлі белсенді заттардың физика-химиялық қасиеттеріне және тасымал жүйелерінің әр белсенді затқа жақындығына байланысты. In vitro тұрақтылығының барлық механизмдері әдетте клиникалық изоляттарда байқалады. Басқа антибиотиктердің белсенділігін жоятын резистенттілік механизмдері, мысалы, өту кедергілері (көбінесе Pseudomonas aeruginosa -да кездеседі) және ағып кету механизмдері ципрофлоксацинге сезімталдыққа әсер етуі мүмкін. Qnr гендерімен кодталған плазмидке негізделген тұрақтылық туралы хабарланды.
Сезімталдықты бақылау нүктелері:
• қазіргі уақытта микробқа қарсы препараттарға сезімталдықты тестілеу жөніндегі Еуропалық комитет (EUCAST) белгілеген ең төмен тежегіш концентрацияны (ЕТТК) бақылау нүктелері антибиотикті пероральді немесе вена ішіне енгізгеннен кейін жүйелі түрде қол жеткізуге болатын препарат концентрациясын назарға алады. Бұл «сезімталдық/резистенттілік» бақылау нүктелері (мг/л-дегі S/R) клиникалық тиімділікті болжау үшін күнделікті клиникалық зертханалық тәжірибеде қолданылады. Алайда, ципрофлоксацин жергілікті қолдану түрінде қолданылған кезде, құлақта жоғарырақ концентрацияға қол жеткізуге болады, ал дәрінің белсенділігіне осы енгізу орнындағы физика-химиялық сипаттамалар әсер етеді. EUCAST бақылау нүктелері жергілікті антибиотикке жарамсыз, бірақ төменде келтірілген нұсқаулар жалпы қолдануға жарамды.
Ципрофлоксацинге ұсынылатын EUCAST S/R нүктелері (10.0-2020.01.01 нұсқасы)
Микроорганизмдер — Сезімталдық (S) — Резистенттілік (R)
Staphylococcus species — S ≤ 0.001 мг/л — R > 1 мг/л
Haemophilus influenzae — S ≤ 0.06 мг/л — R > 0.06 мг/л
Moraxella catarrhalis — S ≤ 0.125 мг/л — R > 0.125 мг/л
Pseudomonas aeruginosa — S ≤ 0.001 мг/л — R > 0.5 мг/л
• Алынған тұрақтылықтың таралуы географиялық тұрғыда және уақыт өте келе жекелеген түрлер үшін өзгеруі мүмкін, сондықтан резистенттілік туралы жергілікті ақпарат, әсіресе ауыр инфекцияларды емдеуде қажет. Қажет болса, егер резистенттіліктің жергілікті таралуында агенттің кем дегенде инфекцияның кейбір түрлерінде пайдасы күмәнді болса, маманнан кеңес алу керек.
Жергілікті отиттік қолдану
Тимпаностомиялық түтікшелері бар жедел ортаңғы отит (ОЖОТ)
Әдеттегі сезімтал түрлері
Аэробты грамоң микроорганизмдер: Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал) Streptococcus pneumoniae
Аэробты грамтеріс микроорганизмдер: Haemophilus influenzae Moraxella catarrhalis Pseudomonas aeruginosa
Жүре пайда болған тұрақтылығы болуы мүмкін түрлер
Аэробты грамоң микроорганизмдер: Staphylococcus aureus (метициллинге тұрақты)
Жедел сыртқы отит (ЖСО)
Әдеттегі сезімтал түрлері
Аэробты грамоң микроорганизмдер: Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал) Аэробты грамтеріс микроорганизмдер: Pseudomonas aeruginosa
Жүре пайда болған тұрақтылығы болуы мүмкін түрлер
Аэробты грамоң микроорганизмдер: Staphylococcus aureus (метициллинге тұрақты)
Жоғарыда келтірілген ақпарат Еуропаның әртүрлі орталықтарында жүргізілген микробиологиялық бақылаудың зерттеулеріне және АҚШ пен Канададағы клиникалық зерттеулерде алынған мәліметтерге негізделген.
Дозалау режимі
Жергілікті офтальмологиялық қолдану
Ересектер және 8 жастан асқан балалар
Көздің мөлдір қабығының ойық жарасы
Препаратты келесі уақыт аралықтары арқылы, тіпті түнгі уақытта да енгізу керек.
Алғашқы тәулікте зақымданған көзге алғашқы 6 сағаттың ішінде 2 тамшыдан әр 15 минут сайын, содан соң күннің қалған уақытында зақымданған көзге 2 тамшыдан әр 30 минут сайын тамызады.
Екінші тәулікте зақымданған көзге сағат сайын 2 тамшыдан тамызады.
Үшінші күннен бастап он төртінші күнге дейін зақымданған көзге 2 тамшыдан әр 4 сағат сайын тамызады.
Егер пациент 14 күннен артық емдеуді қажет ететін болса, дозалану режимі емдеуші дәрігердің шешімі бойынша белгіленеді.
Көздің беткейлік инфекциялары
Әдеттегі доза зақымданған көзге (көздерге) күніне 4 рет 1-2 тамшыны құрайды.
Ауыр инфекцияларда, дозалануы алғашқы екі күн ішінде сергек жүрген кезеңде әр 2 сағат сайын 1-2 тамшыны құрауы мүмкін.
Көз және оның қосалқыларының бактериялық қабыну аурулары:
Конъюнктива қалтасына әр төрт-алты сағат сайын 1-2 тамшы тамызады. Алғашқы 24-48 сағатта инстилляцияны әр екі сағат сайын жасауға болады.
Емдеу курсы:
- жедел бактериялық конъюнктивит, блефаритте – 5-тен 14 күнге дейін
- кератитте – 2-4 апта
- көз алмасының тесілуімен хирургиялық араласулардан кейінгі қабыну ауруларының профилактикасы үшін – 5 күннен 1 айға дейін.
Егер препарат 10 күннен ұзақ пайдаланылса, пациенттің көзішілік қысымына мониторинг өткізу керек.
Кез келген көрсетілім үшін емнің 21 күндік ең жоғары ұзақтығы ұсынылады.
Балалар
8 жастан асқан балалар үшін офтальмологиялық қолдану кезіндегі дозалануы ересектердегімен бірдей. Препараттың құрамында бензалконий хлориді болуына байланысты, 8 жасқа толмаған балаларда қолдануға болмайды.
Жергілікті отиттік қолдану
Құлақтың бактериялық қабыну аурулары:
Ересектер және егде жастағы адамдар
Тимпаностомиялық түтікшелер қойылған жедел ортаңғы отит бар пациенттерге және жедел сыртқы отит бар пациенттерге арналған тамызу жөніндегі әртүрлі нұсқаулықтарға сәйкес, 7 күн бойы күніне екі рет зақымданған құлаққа (құлақтарға) төрт тамшыдан тамызыңыз.
Егде жастағы және басқа ересек пациенттер арасындағы қауіпсіздігі мен тиімділігінің ешқандай жалпы айырмашылықтары байқалмады.
Балалар жасындағы пациенттер.
Осы дәрінің 6 айлық және одан үлкен сәбилерде тимпаностомиялық түтікшелер қойылған жедел ортаңғы отитті емдеу үшін және 1 жастағы мен одан асқан балаларда жедел сыртқы отитті емдеу үшін қауіпсіз әрі тиімді екені дәлелденді. Ципровид-DF® препаратын балаларда ересектердегідей дозада қолдануға болады.
Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр және бүйрек функциясының (жеңілден орташа дәрежеге дейін) бұзылуы жүйелі қолданудан кейін ципрофлоксацин немесе дексаметазон фармакокинетикасына ықпал етпеді.
Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде ципрофлоксацин/дексаметазон көзге немесе құлаққа тамызатын дәрісін жергілікті қолданудан кейін қан плазмасында ципрофлоксацин мен дексаметазон концентрацияларының аздап жоғарылауын байқауға болады. Алайда, жергілікті отиттік енгізуден кейін ципрофлоксацин немесе дексаметазонның жүйелі әсер етуі төмен болғандықтан, бауыр және бүйрек функциясының бұзылуы тудырған жүйелі концентрациялардың кез келген жоғарылауы ұсынылған дозаларын пероральді немесе вена ішіне енгізуден кейін балаларда немесе ересектерде жағымдылығы жақсы болатын қан плазмасындағы концентрацияларынан бәрібір едәуір төмен болады. Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерде Ципровид-DF® препаратының дозасын түзету талап етілмейді.
Енгізу әдісі және жолы
Көз және құлаққа тек жергілікті қолдану үшін.
Жергілікті офтальмологиялық қолдану
Құты ішіндегісінің ластануын болдырмау үшін тамшуырдың ұшын көзге немесе кез келген басқа беткейге тигізбеу керек. Қолданғаннан кейін құтыны тығыз жабу керек.
Тамызғаннан кейін мұрын-көз жасы жолының окклюзиясы немесе қабақты жабу ұсынылады. Бұл офтальмологиялық қолдану кезінде жергілікті қолданылатын дәрілік препараттың жүйелі сіңуін және жағымсыз әсерін төмендетеді.
Жергілікті қолданылатын бірнеше офтальмологиялық препараттарды қолданғанда, тамызулар арасындағы кемінде 5 минут аралықты сақтау қажет. Ең соңында көз жақпамайларын жағу керек.
Жергілікті отиттік қолдану
Қолданар алдында құтыны жақсылап сілку керек. Суық препаратты тамызу нәтижесінде пайда болатын бас айналуды болдырмау үшін тамшылатқыш құтыны қолда бірнеше минут ұстау қажет. Пациент ауыратын құлағын жоғары қаратып жатуы керек, содан кейін тамшыларды құлақ қалқаның тартып ұстап тамызу керек. Тимпаностомиялық түтікшелері бар жедел отитпен ауыратын пациенттерде тамшылардың ортаңғы құлаққа енуін жеңілдету үшін ішке қарай итеріп, құлақ бүртігін 5 рет ары-бері тарту керек. Пациент препараттың тамшылары құлаққа жақсы баруы үшін ауыратын құлақты жоғары қаратып шамамен 5 минут жатуы керек. Басқа құлағы үшін де осы қажет болса, сол емшараны қайталаңыз.
Тамшылатқыш құтының ұшының ластануын болдырмау және бактериялық қауіпті азайту үшін сақ болыңыз, құлақ қалқанына, сыртқы есту жолына және айналасындағы аймақтарға немесе басқа беткейлерге тамшылатқыш құтының ұштығын тигізбеңіз. Егер құты пайдаланылмаса, емдеу курсы аяқталғанға дейін оны тығыз жабық ұстау қажет.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Препаратты қолдану тәсіліне қатысты күмән туындаса, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Егер емдеуден кейін жақсару басталмаса немесе симптомдар өршіп кетсе немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу қажет.
Препаратты тек нұсқаулықта көрсетілген көрсетілімдер бойынша қолданыңыз.
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- вирустық (мысалы, желшешек, қарапайым герпес) және зеңді отиттік инфекциялар
- 8 жасқа дейінгі балалар (офтальмологияда қолданған кезде)
Жиі
- көздің мөлдір қабығындағы шөгінділер, көздегі жайсыздық, көз гиперемиясы
- құлақтың ауыруы
- дисгевзия
Жиі емес
- кератопатия, нүктелі кератит, мөлдір қабық инфильтраттары, көздің қарығуы, көру өткірлігінің төмендеуі, қабақтардың ісінуі, анық көрмеу, көздің ауыруы, көздің құрғауы, көздің ісінуі, көздің қышынуы, жастың көп ағуы, көзден бөлінділер шығуы, қабақ жиектерінде қабықшалардың пайда болуы, қабақтың қабыршақтануы, конъюнктиваның ісінуі, қабақ эритемасы
- кандидоз
- парестезия (құлақтың шаншуы), көзден жас ағуы
- оторея, құлақтың бітелуі, құлақтағы жайсыздық, құлақтың қышынуы, құлақтағы зеңдік инфекция
- қызаруы
- жүрек айнуы, құсу
- терінің қабыршақтануы
- құрылғы окклюзиясы (тимпаностомиялық түтікшенің бітелуі), ашушаңдық, қажу
Сирек
- көзге уыттылық, кератит, конъюнктивит, мөлдір қабық эпителийінің ақауы, диплопия, көз гипестезиясы, астенопия, көздің тітіркенуі, көздің қабынуы, теріскен
- аса жоғары сезімталдық
- бас айналуы, бас ауыруы
- гипоакузия (дыбыстарға төмен сезімталдық), құлақтағы шуыл, құлақ қалқанында дәрілік препарат қалдықтарының болуы
- мұрынның қосалқы қойнауларының гиперсекрециясы, ринит
- диарея, іштің ауыруы
- дерматит, эритематозды бөртпе
Белгісіз
- бұлыңғыр көру
- құлақ қалқанының ісінуі
- сіңірдің зақымдануы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Офтальмологиялық қолдану
Симптомдары: препараттың жергілікті артық дозалануында немесе бір құтының ішіндегісін абайсызда жұтып қойған жағдайда нүктелі кератиттің, эритеманың, көз жасының көп бөлінуінің, қабақтың ісінуі мен қышынуының туындау әсерін күту керек.
Емі: арнайы антидоты жоқ. Көзді сумен шаю, препаратты тоқтату және симптоматикалық ем тағайындау керек.
Отиттік қолдану
Симптомдары
Сыртқа қолданылатын отиттік өнімдерді есту жолында ұстап тұру мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, ототопиялық жолмен артық дозалану іс жүзінде болмайды. Алайда, артық дозалануға әкелетін ципрофлоксацин / дексаметазонды кездейсоқ пероральді қабылдау немесе ұзаққа созылатын отиттік ем гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті безі (HPA) осінің басылуын тудыруы мүмкін. Балалардағы өсу жылдамдығының төмендеуі және / немесе қан плазмасындағы кортизол концентрациясының бәсеңдеуі едәуір артық дозаланғаннан немесе ұзақ емдеуден кейін (мысалы, бірнеше ай) айқын болуы мүмкін.
Ципрофлоксацин/дексаметазонды қолданудың жағымсыз реакциялары уақытша (бірнеше күннен бір аптаға дейін) және ұзақ мерзімді салдарсыз оңай қайтымды болады.
Емі
Жедел артық дозаланғанда емдеу әдетте демеуші және жүйелі еммен жүзеге асырылады және бастапқыда құсу мен асқазанды шаюды қамтуы мүмкін.
Дәрілік препарат отиттік және офтальмологиялық қолдануға ғана арналған, ингаляцияға немесе инъекцияға арналмаған.
Көру тарапынан бұзылулар
Жанаспалы линзаларды пайдаланатын пациенттер Ципровид-DF® препаратын тек линзаларды шешіп қолдануы тиіс және оларды препаратты тамызғаннан кейін 15 минуттан соң тағып алуға болады.
Кортикостероидтарды жүйелік және жергілікті қолдану кезінде көру бұзылуларын байқауға болады. Егер пациентте бұлыңғыр көру немесе көрудің басқа бұзылулары сияқты симптомдар байқалса, пациентті офтальмологқа жіберіп, катарактаны, глаукоманы немесе жүйелі және жергілікті кортикостероидтарды қолданудан кейін мәлімделген орталық серозды хориоретинопатия (CSCR) сияқты сирек ауруларды қамтуы мүмкін болжамды себептерін бағалау мүмкіндігін қарастыру керек.
Мөлдір қабықтың ойық жарасы бар және ципрофлоксацин/ дексаметазон көзге тамызатын тамшылары жиі енгізілетін пациенттерде көзде жергілікті ақ преципитаттар (дәрілердің қалдықтары) байқалды, олар ципрофлоксацин / дексаметазон көзге тамызатын тамшыларын ұзақ уақыт қолданудан кейін жоғалды. Преципитаттар ципрофлоксацин/ дексаметазон көзге тамызатын тамшыларын одан әрі қолдануға кедергі жасамайды және қолайсыз әсерін тигізбейді, сауығу үдерісінің клиникалық ағымына ықпал етпейді. Преципитаттар ципрофлоксацин/дексаметазонмен емді бастағаннан кейін 24 сағаттан 7 күнге дейінгі уақытта пайда болды. Преципитаттар ем басталғаннан кейін 13 және одан көп күннің ішінде жоғалды.
Бензалконий хлориді
Препарат құрамында бензалконий хлориді бар, ол әдетте препараттарда консервант ретінде пайдаланылады. Бензалконий хлориді көздің тітіркенуін, көздің құрғау симптомдарын туғызатыны және көз жасы үлбірі мен мөлдір қабықтың беткейіне әсер етуі мүмкін екені хабарланған. Көздің құрғау синдромы бар пациенттерде және мөлдір қабықтың зақымдануы болуы мүмкін пациенттерде сақтықпен пайдалану керек. Пациенттер препаратты ұзақ қолданған жағдайда бақылауға алынуға тиіс.
Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзаларды түссіздендіре алады. Линзаларды препаратты тамызар алдында алып тастау керек және оларды препаратты қолданудан кейін 15 минуттан ерте кимеу керек. Бензалконий хлориді офтальмологиялық қолдану кезінде ириттерді тудыруы мүмкін. Офтальмологиялық қолдану кезінде 8 жасқа толмаған балаларға қолдануға болмайды.
Бензалконий хлориді отитте қолданғанда тері реакцияларын туындатуы мүмкін.
Құлақтың бактериялық қабыну аурулары:
Егер толық емдеу курсынан кейін оторея сақталса немесе егер алты ай ішінде отореяның екі немесе одан көп көрінісі болса, холестеатома, бөгде дене немесе ісік сияқты негізгі ауруды жоққа шығару үшін одан әрі тексеру өткізу ұсынылады.
Бактерияға қарсы басқа препараттармен болған жағдайдағы сияқты, осы өнімді ұзақ уақыт қолдану бактериялық штаммдар, ашытқылар мен зеңдерді қоса, сезімтал емес организмдердің шектен тыс көбеюіне әкелуі мүмкін. Асқын инфекция пайда болғанда қолдануды тоқтату және тиісті емді бастау керек. Егер бір апта емделуден кейін кейбір белгілер мен симптомдар сақталса, ауру мен емдеуді қайта бағалау үшін одан әрі тексеру жүргізу ұсынылады.
Жүйелі хинолондар алған пациенттерде кейбіреуі бірінші дозадан кейін туындаған аса жоғары сезімталдықтың күрделі, ал кейде өлімге ұшырататын (анафилаксиялық) реакциялары хабарланды. Кейбір реакциялар жүрек-қантамырлық коллапс, естен тану, ангионевроздық ісіну (көмей, жұтқыншақ немесе бет ісінуін қоса), тыныс жолдарының обструкциясымен, ентігу, есекжем және қышынумен қатар жүруі мүмкін.
Осы өнім тері бөртпесінің немесе аса жоғары сезімталдықтың кез келген басқа белгілері алғаш пайда болғанда тоқтатылу керек. Аса жоғары сезімталдықтың күрделі жедел реакциялары кідіріссіз емдеуді шұғыл талап етуі мүмкін. Клиникалық көрсетілімдер бойынша оттегімен және тыныс жолдарымен басқару жолға қойылу керек.
Сіңірлердің қабынуы мен үзілуі, ципрофлоксацинді қоса, фторхинолондармен жүйелі ем кезінде, әсіресе, егде жастағы және қазіргі уақытта кортикостероидтармен емделіп жүрген пациенттерде туындауы мүмкін. Сондықтан Ципровид-DF®-пен емдеуді сіңірлер қабынуының бірінші белгілерінде тоқтату керек.
Кортикостероидтар бактериялық, вирустық немесе зеңді инфекцияларға төзімділікті төмендетуі және олардың туындауына ықпал етуі, сондай-ақ антибиотиктің тиімсіздігін ажыратуды қиындатып, инфекцияның клиникалық белгілерін бүркемелеуі мүмкін немесе өнім құрамындағы заттарға аса жоғары сезімталдық реакциясын бәсеңдетуі мүмкін.
Балалар жасындағы пациенттер.
Офтальмологиялық қолдану кезінде 8 жасқа толмаған балаларға қолдануға болмайды. Қолда бар шектеулі деректер бойынша, ересек пациенттермен салыстырғанда балаларда қауіпсіздік бейінінің айырмашылығы жоқ. Алайда, әдетте, балаларда офтальмологиялық қолдану кезінде препаратқа ересек пациенттердегіден күрделірек реакциялар туындайды.
Ципровид-DF® қауіпсіздігі мен тиімділігі тимпаностомиялық түтікшелер қойылған пациенттерде 6 айға толмаған балаларда жедел ортаңғы отит және 1 жасқа толмаған балаларда жедел сыртқы отит кезінде анықталмады. Осы балаларда қолданылуына жол берілмейтіндей қауіпсіздігінің кінәраттары немесе ауру үдерісіндегі өзгешеліктері болмаса да, балалардың осы нақты қосалқы топтарында клиникалық тәжірибесінің жеткіліксіз екенін ескере отырып, ерекше жағдайларда Ципровид-DF® препаратымен емдеуді тағайындаушы дәрігердің пайдасы мен қаупінің арақатынасын өте мұқият бағалағаннан кейін балалардың осы қосалқы тобында пайдалануға болады.
Арнайы ескертулер
Жүктілік
Ципрофлоксацин мен дексаметазон біріктірілімін пайдаланумен жануарларда тұқым өрбіту зерттеулері және жүкті әйелдерде талапқа сай немесе жақсы бақыланатын зерттеулер жүргізілмеген, бірақ жергілікті қолданудан кейін дексаметазон мен ципрофлоксациннің жүйелі әсері төмен болдады деп күтілуде. Ципровид-DF® препаратын бұл анық қажет болған және әлеуетті пайдасы шарана үшін әлеуетті қауіпті ақтайтын жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Бала емізу
Ципрофлоксацин мен кортикостероидтар, класс ретінде, пероральді қабылдаудан кейін сүтпен бөлініп шығады. Адамдарда жергілікті қолданудың емшек сүтінен анықталатын мөлшерде түзілуіне жеткілікті жүйелі сіңірілуіне әкелу мүмкіндігі белгісіз. Емізулі сәби үшін қаупін жоққа шығаруға болмайды. Препаратты емшек емізу кезінде қолдану ұсынылмайды.
Фертильділік
Адамдардағы фертильділікке Ципровид-DF® ықпал ету деректері жоқ. Жануарларда жүргізілген өзекті тері зерттеулері дексаметазонның жоғары дозаларда ұзақ уақыт қолданудан кейін аталық жыныс ағзаларына әсер ететінін көрсетті. Адамға арналған әдеттегі тәуліктік пероральді дозасынан алты есе асып кететін дозаларда егеуқұйрықтар мен тышқандарға жүргізілген тұқым өрбіту зерттеулерінде фертильділіктің бұзылу белгілері анықталмады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді.
Уақытша анық көрмей қалу немесе көрудің басқа бұзылулары болуы мүмкін, олар машиналарды басқару немесе пайдалану қабілетіне ықпал етуі мүмкін. Егер тамызған кезде көзі анық көре алмай қалса, пациент автокөлікті басқару немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеуден бұрын көру қалпына келгенше күту керек.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Офтальмологиялық препараттармен дәрілік өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеулер жүргізілмеген. Дексаметазонның және ципрофлоксациннің препаратты жергілікті офтальмологиялық енгізуден кейінгі жүйелі концентрациясы төмен екенін ескерсек, басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесудің орын алу ықтималдығы аз.
Егер біреуден артық жергілікті офтальмологиялық дәрілік заттар пайдаланылса, дәрілерді 5 минуттан кем емес аралықпен енгізу керек. Көз жақпамайлары ең соңынан енгізілуі тиіс.
Жергілікті отиттік қолдану кезінде басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеген.
Жергілікті отиттік енгізуден кейін ашық тимпаностомиялық түтікшелер қойылған педиатриялық пациенттерде дозаны енгізуден кейін 6 сағат өткен соң қан плазмасында ципрофлоксацин (25 пациенттің тек 4-де ≥ 0,50 нг/мл) мен дексаметазон (24 пациенттің 14-де ≥0,05 нг/мл) концентрацияларының төмен болуы байқалды. Ципрофлоксацин немесе дексаметазон үшін ақуыздармен байланысуы немесе қатар жүретін дәрілік препараттармен Р450 метаболизмінің тартылуы арқылы дәрілік заттар арасындағы клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесудің жергілікті отиттік енгізуден кейін екі біріктірілім үшін де ықтималдығы аз деген қорытынды жасалды.
Алайда кейбір хинолондарды жүйелі қолдану пероральді антикоагулянттардың, варфариннің, варфарин туындыларының әсерін күшейтетіні және бір мезгілде циклоспорин алатын пациенттерде қан сарысуында креатинин деңгейінің уақытша жоғарылауымен байланысты болатыны көрсетілді.
Ципрофлоксацинді пероральді қолдану Р450 цитохромының CYP1A2 және CYP3A4 изоферменттерін тежейтінін және метил ксантин қосылыстарының (кофеин, теофиллин) метаболизмін өзгертетінін көрсетті. Ципровид-DF®-ті жергілікті отиттік енгізуден кейін қан плазмасындағы ципрофлоксациннің концентрациясы төмен және қатарлас дәрілік препараттармен Р450 метаболизмін қамтитын өзара әрекеттесудің қан плазмасындағы метилксантин қосылыстары деңгейінің клиникалық маңызды өзгерістеріне әкелу ықтималдығы аз.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейінгі қолданылу кезеңі - 28 тәулік.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.