Ципрофлоксацинді анаменезде хинолондарды немесе құрамында фторхинолон бар дәрілік заттарды қолдануға елеулі жағымсыз реакциялар байқалған пациенттерде қолданудан аулақ болу керек («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Бұл пациенттерді ципрофлоксацинмен емдеуді, егер емдеудің балама нұсқалары болмаса және қаупі мен пайдасына мұқият бағалау жүргізілген жағдайда ғана бастау керек.
Ауыр инфекциялар және грамоң және анаэробты патогендер туғызған аралас инфекциялар
Ципрофлоксацинмен монотерапия ауыр инфекцияларды және грамоң немесе анаэробты патогендер туғызуы мүмкін инфекцияларды емдеуге сай келмейді. Осындай инфекциялар кезінде ципрофлоксацинді сай келетін бактерияға қарсы басқа дәрілермен бір мезгілде енгізу қажет.
Стрептококк инфекциясы
Ципрофлоксацин жеткіліксіз тиімділігіне орай стрептококк инфекцияларын емдеуге ұсынылмайды.
Жыныс жолдарының инфекциясы
Гонококкты уретрит, цервицит, орхоэпидидимит және кіші жамбас ағзаларының қабыну ауруларын фторохинолонға төзімді Neisseria gonorrhoeae туғызуы мүмкін. Сондықтан ципрофлоксацинді гонококкты уретритті немесе цервицитті емдеу үшін Neisseria gonorrhoeae ципрофлоксацин-резистентті штаммдары болмаған жағдайда ғана тағайындау керек. Орхоэпидидимит пен кіші жамбас мүшелері қабыну ауруларын емдеу үшін Neisseria gonorrhoeae ципрофлоксацин-резистентті штаммдарсыз, клиникалық жағдайларды қоспағанда, ципрофлоксацинмен эмпирикалық емдеуді басқа бактерияға қарсы препаратпен (мысалы, цефалоспорин) бірге қарастырған жөн. Егер тек 3 күн емделуден соң клиникалық жақсару басталмаса ғана, ем қайта қаралу керек.
Несеп шығару жолдарының инфекциясы
Несеп шығару жолдарының инфекцияларымен байланысты ең көп таралған Escherichia coli патогенінің фторхинолондарға төзімділігі Еуропалық Одақтың түрлі елдерінде өзгеріп отырады. Емдеуді тағайындайтын дәрігерлерге фторхинолондарға Escherichia coli резистенттілігінің жергілікті таралуын ескеруге кеңес беріледі.
Әйелдерде климакс алдындағы кезеңдегі асқынбаған цистит кезінде қолдануға болатын ципрофлоксациннің бір реттік дозасының, ұзаққа созылатын емдеуге қарағанда, аз тиімділікпен астасатыны күтіледі. Оны фторхинолондарға Escherichia coli төзімділігі дәрежесінің артуына қатысты тіптен ескеру керек.
Интраабдоминальді инфекциялар
Ципрофлоксациннің операциядан кейінгі интраабдоминальді инфекцияларды емдеу тиімділігі туралы деректер шектеулі.
Саяхатшылар диареясы
Ципрофлоксацинді таңдауда сапарлап барған елдердегі тиісті микроорганизмдердің ципрофлоксацинге төзімділігі туралы ақпарат ескерілу керек.
Сүйектер мен буындар инфекциялары
Микробиологиялық зерттеу нәтижелеріне қарай ципрофлоксацинді микробқа қарсы басқа препараттармен біріктірілімде қолдану керек.
Сібір ойық жарасының өкпедегі түрі
Дәрігер сібір ойық жарасын емдеудің ұлттық және/немесе халықаралық хаттамасына сәйкес әрекет етуі тиіс.
Балалар мен жасөспірімдер
Балалар мен жасөсіпірімдерде ципрофлоксацин қолдануды қолжетімді ресми нұсқауларға сәйкес жүзеге асырған жөн.
Ципрофлоксацинмен емдеуді балалар мен жасөсіпірімдерде муковисцидоз және (немесе) ауыр инфекцияларды емдеу тәжірибесі бар дәрігерлер ғана бастауы тиіс. Буындармен және (немесе) қоршаған тінмен байланысты болжамды жағымсыз әсерлеріне орай, пайда/қаупін мұқият бағалаудан кейін ғана емдеуді бастау керек.
Жыныстық жетілмеген жануарларда ципрофлоксациннің салмақ көтеріп тұратын буындар артропатиясын тудыратыны көрсетілген. Балаларда ципрофлоксацин қолданудың рандомизацияланған салыстырмалы жасырын зерттеуінен алынған қауіпсіздік деректері (ципрофлоксацин: n = 335, орта жас = 6,3 жас; компараторлар: n = 349, орта жас = 6,2 жас; жас диапазоны = 1-ден 17 жасқа дейін) +42 күнге қарай 7,2% және 4,6% препаратпен байланысты болуы мүмкін артропатия жағдайлары анықталды (буындармен байланысты клиникалық белгілері мен симптомдары бойынша анықталды). Тиісінше, дәрілік артропатияның даму жиілігі бір жыл қадағалаудан соң 9,0% және 5,7% құрады. Уақыт өтуімен болжанатын дәрілік артропатия жағдайларының саны жағынан көбеюі топтар арасында статистикалық маңызды болмады. Буындармен және (немесе) қоршаған тінмен байланысты болжамды жағымсыз әсерлеріне орай, пайда/қаупін мұқият бағалаудан кейін ғана емдеуді бастау керек. Буындармен және (немесе) қоршаған тінмен байланысты болжамды жағымсыз әсерлеріне орай, пайда/қаупін мұқият бағалаудан кейін ғана емдеуді бастау керек.
Кистозды фиброз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары
P. aeruginosa туғызған кистозды фиброздың өкпелік өршуінен зардап шегетін науқас балалар үшін (5-17 жас). 1-ден 5 жасқа дейінгі балаларды емдеу тәжірибесі шектеулі.
Емдеуді буындар және/немесе айналасындағы тіндер тарапынан ықтимал жағымсыз құбылыстар болу мүмкіндігі себебінен дәрігердің мұқият бағалауы мен ұсынымдарынан кейін ғана бастау керек.
Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары және пиелонефрит
1-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер, несеп шығару жолдарының инфекцияларын ципрофлоксацин қолданып емдеу басқа емдеу әдістері мүмкін болмағанда қарастырылуы және микробиологиялық нәтижелеріне негізделуі тиіс.
Басқа ерекше ауыр инфекциялар
Ципрофлоксацин қолдану микробиологиялық зерттеу нәтижелері бойынша басқа инфекциялар болғанда немесе ресми нұсқауларға сай әлде «пайда-қауіп» арақатынасын мұқият бағалаудан кейін басқаша емдеуді қолдануға болмағанда немесе жалпыға ортақ ем тиімсіз болып шыққанда өзін-өзі ақтай алады.
Жоғарыда көрсетілгендерінен басқа, спецификалық ауыр инфекциялар жағдайында ципрофлоксацин қолдану клиникалық сынақтар барысында бағаланбады, ал клиникалық тәжірибесі шектеулі. Тиісінше, осындай инфекциялар бар пациенттерді емдеуге сақтықпен келу керек.
Аса жоғары сезімталдық
Кейбір жағдайларда аса жоғары сезімталдық пен аллергиялық реакциялар, оның ішінде анафилаксиялық және анафилактоидты реакциялар бір реттік дозадан кейін туындауы және өмірге қатерлі болуы мүмкін. Ондай реакциялар туындағанда ципрофлоксацин қабылдауды тоқтату және талапқа сай медициналық емдеу жүргізу керек.
Тұрақты, өмір сапасын нашарлататын және ықтимал қайтымсыз ауыр жағымсыз әсерлер.
Өте сирек жағдайларда хинолондар мен фторхинолондармен емделген пациенттерде өмір сүру сапасын нашарлататын тұрақты (айлар немесе жылдар) және жасына және бар қауіп факторларына байланыссыз әртүрлі, кейде организмнің бірнеше жүйелеріне (cүйек-бұлшықет, жүйке, психологиялық және т.б. сезім мүшелері) әсер ететін ықтимал қайтымсыз ауыр жағымсыз реакциялар туралы хабарланған. Ципрофлоксацинді ауыр жағымсыз реакцияның алғашқы белгілері немесе симптомдары пайда болған кезде дереу тоқтату керек, ал пациенттер емдеуші дәрігермен кеңескені жөн.
Тендинит және сіңірдің үзілуі
Жалпы, ципрофлоксацинді анамнезінде сіңір аурулары/хинолондар қолданумен байланысты бұзылыстары бар пациенттерге қолдануға болмайды. Осыған қарамастан, өте сирек жағдайларда қоздырғыштың микробиологиялық зерттеуінен және «пайда/қауіп» арақатынасын бағалаудан кейін осы пациенттерге жекелеген ауыр инфекциялық үдерістерді емдеу үшін, атап айтқанда – стандартты ем тиімсіздігі немесе бактериялық төзімділігі жағдайында микробиологиялық зерттеулер нәтижелері ципрофлоксацин қолданылуын ақтаса, ципрофлоксацинді тағайындауға болады.
Ципрофлоксацинді қолданғанда емдеудің алғашқы 48 сағатында тендинит немесе сіңірдің (әсіресе, ахилл сіңірінің) кейде екі жақты үзілуі туындауы мүмкін. Тендинопатия қаупі егде жастағы пациенттерде немесе кортикостероидтарды бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде жоғары болуы мүмкін.
Тендиниттің қандай да бір белгілері (мысалы, ауырсынулы ісіну, қабыну) туындағанда ципрофлоксацин қолдануды тоқтату керек. Зақымданған аяқ-қолға тыныштық болуын қамтамасыз ету керек.
Миастения гравис бар пациенттер
Ципрофлоксацин миастения гравис бар пациенттерде абайлап қолданылады, өйткені симптомдар айқындылығы күшеюі мүмкін.
Аорта аневризмасы және аорта қатпарлануы және регургитация/ жүрек клапаны жеткіліксіздігі
Эпидемиологиялық зерттеулер, әсіресе егде жастағы пациенттерде аорта аневризмасы мен оның қатпарлануы, сондай-ақ фторхинолондарды қабылдағаннан кейін аорта және митральды клапандар регургитациясы қаупінің жоғарылағаны хабарланды.
Аорта аневризмасы мен қатпарлануы, кейде үзілумен (соның ішінде өліммен аяқталатын), сондай-ақ фторхинолондармен пациенттерде жүрек клапандары бірінің регургитациясы/жеткіліксіздігі жағдайлары туралы хабарланды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Сондықтан фторхинолондарды пайда мен қауіптің арақатынасын мұқият бағалап, қарағаннан кейін және мынадай пациенттерде басқа емдік нұсқаларды қарастырғаннан кейін ғана қолдану керек:
• отбасылық анамнезінде аневризмасы немесе жүрек клапанының туа біткен ақауы бар (мысалы, Марфан синдромы немесе Элерс-Данлос синдромы, Тернер синдромы, Бехчет ауруы, гипертония, ревматоидты артрит сияқты дәнекер тін аурулары кезінде)
• аневризмаға және/немесе қолқа қатпарлануына әкелуі мүмкін аурулары бар (мысалы, Такаясу артерииті немесе алып жасушалы артериит немесе белгілі атеросклероз немесе Шегрен синдромы сияқты қантамырлар аурулары)
• жүрек клапандарының регургитациясының/жеткіліксіздігінің дамуына бейім факторлары бар (мысалы инфекциялық эндокардит).
Жүйелік кортикостероидтарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде аорта аневризмасы, аорта қатпарлануы мен үзілуі қаупі де жоғарылауы мүмкін.
Егер іште, кеудеде немесе арқада кенеттен ауырсыну пайда болса, пациенттер шұғыл жәрдем бөлімшесіне дәрігерге дереу қаралуы тиіс.
Ентігу, жүрек қағу қайта басталуы немесе іштің немесе аяқтың ісінуі пайда болған жағдайда пациенттер дереу дәрігерге қаралуы керек.
Көру проблемалары
Егер көру проблемалары немесе басқа көру бұзылулары пайда болса, дереу офтальмологпен кеңесу керек.
Фотосезімталдық
Ципрофлоксацин фотосезімталдық реакцияларын туғызатыны дәлелденді. Ципрофлоксацин қабылдаған пациенттер емдеу кезінде қарқынды күн сәулесінен немесе ультракүлгін сәулеленуден аулақ болу керек.
Құрысулар
Ципрофлоксациннің, басқа хинолондар сияқты, құрысуларға түрткі болатыны немесе құрысуға дайындық шегін төмендететіні белгілі. Эпилепсиялық статус жағдайлары туралы хабарланды. Ципрофлоксацин құрысулардың туындау мүмкіндігіне бейімдейтін ОЖЖ бұзылыстары бар пациенттерде абайлап қолданылу керек. Құрысулар туындағанда ципрофлоксацин қабылдау тоқтатылады.
Шеткері нейропатия
Ципрофлоксацин қабылдаған пациенттерде полиневропатия жағдайлары байқалды (жеке немесе біріккен күйде туындаған ауыру, ашытуды сезіну, сенсорлық бұзылыстар немесе бұлшықет әлсіздігі сияқты неврологиялық симптомдар негізінде).
Қайтымсыз жай-күйлердің дамуын болдырмау мақсатында невропатия симптомдары, атап айтқанда, ауырсыну, ашытуды сезіну, шаншу сезімі, ұю және/немесе әлсіздік болған пациенттерге ципрофлоксацин енгізуді тоқтату керек.
Психиатриялық реакциялар
Психоздық реакциялар тіпті ципрофлоксацинді алғаш қабылдаудан кейін де туындауы мүмкін . Сирек жағдайларда депрессия немесе психоз суицидпен немесе суицидке талпынумен аяқталатын суицидтік әрекеттер/ойларға дейін үдеуі мүмкін. Ондай жағдайларда ципрофлоксацин қабылдау тоқтатылу керек.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар
QT аралығын ұзартатын белгілі қауіп факторлары бар пациенттерде, ципрофлоксацинді қоса, фторхинолондар қолданғанда сақтық таныту керек, мысалы:
• туа біткен QT аралығының ұзару синдромы;
• QT аралығын ұзартатын препараттармен бір мезгілде қолдану (мысалы, IA немесе III класты аритмияға қарсы препараттар, трициклді антидепрессанттар, макролидтер, антипсихотиктер);
• түзетілмеген электролиттік теңгерімсіздік (мысалы, гипокалиемия, гипомагнезиемия);
• жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия).
Егде жастағы пациенттер мен әйелдер түзетілген QT аралығын ұзартатын препараттарға сезімтал болуы мүмкін. Сондықтан пациенттердің осы топтарында фторхинолондарды, соның ішінде ципрофлоксацинді қолданғанда сақ болу керек.
Дисгликемия
Басқа хинолондар сияқты, қандағы глюкоза концентрациясының өзгеруі, соның ішінде гипогликемия және гипергликемия жағдайлары тіркелді, қант диабетімен ауыратын пациенттерде жиі кездеседі, пероральді гипогликемиялық дәрілермен (мысалы, глибенкламид) немесе инсулинмен қатар емделеді. Гипогликемиялық кома жағдайлары туралы хабарланды. Қант диабетімен ауыратын барлық пациенттерде қандағы глюкоза концентрациясын мұқият бақылау ұсынылады.
Асқазан-ішек жолдары
Емдеу барысында немесе одан кейін ауыр және тұрақты диарея туындауы (тіпті, емдеуден кейін бірнеше аптадан соң) дереу емдеуді талап ететін антибиотикпен астасқан (өліммен аяқталу мүмкіндігімен өмірге қауіпті) колитті көрсетуі мүмкін. Ондай жағдайларда ципрофлоксацин қабылдауды дереу тоқтату және тиісті ем қолдануды бастау қажет. Осы жағдайда перистальтиканы бәсеңдететін дәрілік заттарды қолдануға болмайды.
Бүйрек және несеп шығару жүйесі
Ципрофлоксацин қолданумен байланысты кристаллурия туралы мәлімделді (4.8 бөлімін қараңыз). Ципрофлоксацин қабылдап жүрген пациенттер жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішу және несептің шамадан тыс сілтіленуінен сақтану керек.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Ципрофлоксацин негізінен бүйрек арқылы өзгеріссіз шығарылатындықтан, ципрофлоксациннің жинақталуына байланысты жағымсыз реакциялар жиілігінің жоғарылауын болдырмау үшін бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету керек.
Гепатобилиарлы жүйе
Ципрофлоксацин қолдану кезінде пациенттің өміріне қатерлі бауыр некрозы мен бауыр жеткіліксіздігінің даму жағдайлары хабарланды. Бауыр ауруының қандай да бір симптомдары (анорексия, сарғаю, несептің қараюы, қышыну немесе алдыңғы құрсақ жақтауының ширығуы сияқты) пайда болған жағдайда емдеуді тоқтату керек.
Глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығы
Ципрофлоксацин қолдану кезінде глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар пациенттерде гемолиздік реакциялар мәлімделді. Ықтималды пайдасы зор қаупінен асып кететін жағдайларды қоспағанда, осы пациенттер ципрофлоксацин қолданудан сақтану керек. Ондай жағдайда гемолиздің пайда болу мүмкіндігін қадағалау керек.
Резистенттілік
Ципрофлоксацинмен емдеу курсы кезінде немесе одан кейін клиникалық тұрғыда анықталған асқын инфекциямен немесе онсыз резистентті бактериялар бөлінуі мүмкін. Ұзаққа созылатын емдеу курстары кезінде және ауруханаішілік инфекцияларды және/немесе Staphylococcus және Pseudomonas түрлері туғызған инфекцияларды емдеуде ципрофлоксацинге төзімді бактериялар бөлінуінен болатын белгілі бір қауіп бар.
Р450 цитохромы
Ципрофлоксацин CYP1А2 бәсеңдетеді, сондықтан да осы ферментпен метаболизденетін, бір мезгілде тағайындалған заттардың (мысалы, теофиллин, клозапин, оланзапин, ропинирол, тизанидин, дулоксетин) қан сарысуындағы концентрациясының жоғарылауын туғызуы мүмкін. Ципрофлоксацин мен тизанидинді бір мезгілде тағайындаға болмайды. Сондықтан осы заттарды ципрофлоксацинмен бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерді артық дозалануының клиникалық белгілерін анықтау үшін мұқият қадағалау керек, сондай-ақ қан сарысуындағы концентрацияларын (мысалы, теофиллиннің) анықтау қажет болуы мүмкін.
Метотрексат
Ципрофлоксацин мен метотрексатты бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды.
Зертханалық талдау нәтижелеріне әсері
Ципрофлоксацин микобактериялар өсіріндісінің көбеюін бәсеңдету арқылы Mycobacterium tuberculosis үшін сеппе нәтижелеріне in vitro ықпал етуі мүмкін, бұл ципрофлоксацин қабылдап жүрген пациенттерде сеппе талдауының жалған-теріс нәтижелеріне әкелуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Келесі жағдайларда сақтықпен қолдану керек:
Ми қантамырларының айқын атеросклерозы, ми қанайналымының бұзылуы, психикалық аурулар (депрессия, психоз), эпилепсия, мидың органикалық зақымдануы немесе инсульт, құрысуға бейімділік шегінің төмендеуі (немесе анамнездегі құрысу ұстамалары), бүйрек және/немесе бауырдың айқын жеткіліксіздігі, егде жас, бұрын жүргізілген хинолондармен емдеу кезінде сіңірлердің зақымдануы, QT аралығының ұзаруы немесе «пируэт» типті аритмияның дамуы қаупінің жоғарылауы (мысалы, QT аралығының туа біткен ұзару синдромы, жүрек аурулары (жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия), электролиттік теңгерімсіздік (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия кезінде), QT аралығын ұзартатын дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану (соның ішінде антиаритмиялық IA және III класты, трициклді антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер), CYP450 цитохромының 1A2 изоферменттері тежегіштерімен бір мезгілде қолдану (оның ішінде теофиллин, метилксантин, кофеин, дулоксетин, клозапин, ропинирол, оланзапин), миастения gravis, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы.
Педиатрияда қолдану
Балалар мен жасөсіпірімдерде ципрофлоксацин қолдануды қолжетімді ресми нұсқауларға сәйкес жүзеге асырған жөн.
Ципрофлоксацинмен емдеуді балалар мен жасөсіпірімдерде муковисцидоз және (немесе) ауыр инфекцияларды емдеу тәжірибесі бар дәрігерлер ғана бастауы тиіс. Буындармен және (немесе) қоршаған тінмен байланысты болжамды жағымсыз әсерлеріне орай, пайда/қаупін мұқият бағалаудан кейін ғана емдеуді бастау керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ципрофлоксацин бас айналуын және жарыққа жоғары реакция беруді тудыруы мүмкін, машиналарды басқару кезінде зейін қою қабілеті және психомоторлық реакциялар шапшаңдығы төмендейді.