Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капли ушные
Дозасы
3 мг/мл
Саудалық атауы
Ципромед
Әсер етуші зат
Ципрофлоксацин
Мақсаты
Ципрофлоксацинге сезімтал бактериялардың штамдарынан туындаған жедел сыртқы отитте
Өндіруші
СЕНТИСС ФАРМА Пвт.Лтд.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – ципрофлоксацин 3 мг,
қосымша заттар: бензалконий хлориді, сүт қышқылы,пропиленгликоль
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссізден ақшыл-сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.
Ересектер мен 1 жастан асқан балалар
Ципромед дәрілік препараты келесі жағдайларда көрсетілген
• ципрофлоксацинге сезімтал бактериялардың штамдарынан туындаған жедел сыртқы отитте
• жедел және созылмалы ортаңғы отитте
• хирургиялық араласуға дейін және одан кейін инфекциялық отиттің профилактикасы үшін, құлақ жарақаты кезінде, құлақ тінінің зақымдалуы қатар жүретін сыртқы есту жолынан бөгде затты шығарып алуда
Қолдану кезінде және одан кейін клиникалық және микробиологиялық деректерді тұрақты мониторингілеу үшін мүмкіндіктері бар отоларинголог дәрігердің (ЛОР) бақылауымен жүргізілуі тиіс.
Бактерияға қарсы препараттарды дұрыс қолдану туралы ресми нұсқауларды ескеру қажет.
Әсер ету механизмі
Фторхинолонды бактерияға қарсы агент ретінде әсер ету спектрі ауқымды. Ципрофлоксациннің бактерицидтік әсері бактериялық ДНҚ репликациясы, транскрипциясы, репарациясы және рекомбинациясы үшін қажет II типті топоизомераза (ДНҚ гираза) және IV топоизомераза тежеуінің нәтижесі болып табылады. Соның салдарынан ДНҚ репликациясы мен жасуша ақуыздарының синтезі бұзылады, ол бактериялар метаболизмінің бұзылысын туғызады. Ципромед көбейіп жатқан микроорганизмдерге де, тыныштық күйіндегілеріне де әсер етеді.
PK / PD арақатынасы
Жергілікті қолдану үшін фармакодинамикалық арақатынастары сипатталмаған. Жергілікті қолдануға арналған дәрілік түрлерді пайдаланған кезде in situ концентрациясы плазмадағы концентрацияға қарағанда әлдеқайда жоғары.
Резистенттілікті қалыптастыру механизмі
In vitro ципрофлоксацинге тұрақтылық ДНҚ гиразасында да, сондай-ақ топоизомераза IV де нысана-сайттың мутациясы жолымен сатылы үдеріспен алынуы мүмкін. Ципрофлоксацин мен басқа фторхинолондар арасындағы айқаспалы төзімділік дәрежесі ауытқымалы болады. Жекелеген мутация клиникалық тұрақтылыққа әкелмеуі мүмкін, бірақ бірнеше мутация әдетте осы класстың көптеген немесе барлық белсенді заттарына клиникалық тұрақтылық әкеледі.
Сорғының өткізбеушілігі және / немесе белсенді заттың ағып кетуіне резистенттілік механизмдері фторхинолондарға сезімталдыққа әр түрлі әсер етуі мүмкін, бұл арада класы шегінде әртүрлі белсенді заттардың физикалық-химиялық қасиеттеріне және әр белсенді затқа тасымал жүйелерінің жақындығына байланысты. In vitro тұрақтылығының барлық механизмдері әдетте клиникалық изоляттарда байқалады. Басқа антибиотиктердің белсенділігін жоятын резистенттілік механизмдері, мысалы, өтудің бөгеттері (көбінесе Pseudomonas aeruginosa -да кездеседі) және ағып шығу механизмдері ципрофлоксацинге сезімталдыққа әсер етуі мүмкін.
Фторхинолондарға, атап айтқанда ципрофлоксацинге төзімділік пайда болуы үшін бес негізгі бактериялық механизмнің бірінде немесе бірнешеуінде генетикалық өзгерістер талап етіледі: а) ДНҚ синтезіне арналған ферменттер; б) қорғаныс ақуыздары; с) бактерияға қарсы дәрілер үшін бактериялық жасушалардың өткізгіштігі бұзылуы d) дәрілік заттың шығарылуы; е) ацетилтрансфераза аминогликозидтерінің плазмидтерімен байланысты резистенттілік.
Фторхинолондар (ципрофлоксацин) аминогликозидтерден, β-лактамдық антибиотиктерден, макролидтерден, тетрациклиндерден, сульфаниламидтерден, хлорамфениколдан өзінің химиялық құрамы мен әсер ету тәсіліне қарай ерекшеленеді. Сондықтан, осы препараттарға төзімді организмдер ципрофлоксацинге сезімтал болуы мүмкін.
Шектік концентрациялары
Төменде ципрофлоксацинге сезімталдықты тестілеудің бактерияға қарсы дәрілерге сезімталдықты анықтау жөніндегі Еуропалық комитет (EUCAST) бекіткен қайта жаңғыртылатын критерийлері келтірілген. Ципрофлоксацин үшін клиникалық жағдайлардағы ЕТТК шектік мәндері (мг/л) келтірілген: алғашқы сан — ципрофлоксацинге сезімтал микрорганизмдер үшін, екіншісі — резистенттілер үшін. Сонымен қатар, олардың жергілікті емдеу кезінде маңыздылығы күмәнді екенін ескерте кету керек.
Staphylococcus ≤ 1 мг/л, ≥ 1 мг/л
Pseudomonas aeruginosa ≤ 0,5 мг/л, ≥ 1 мг/л
Ципрофлоксацинге сезімталдық: төменде бактерияға қарсы белсенділік ауқымы келтірілген.
Микроорганизмдердің сезімтал (әдеттегі) түрлері
Аэробты грамоң микроорганизмдер: Staphylococcus aureus (метициллинсезімтал) Аэробты грамтеріс микроорганизмдер Pseudomonas aeruginosa
Жүре пайда болған резистенттілік дамуы мүмкін түрлері
Аэробты грамоң микроорганизмдер: Staphylococcus aureus
Ципрофлоксацинге бұрыннан резистентті түрлері
Аэробты грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің арасында жоқ
Дозалау режимі
Ересектер
Ересектерге күніне 2 рет 4 тамшы дозада Ципромедті құлақ жолына тамызу ұсынылады.
Препаратты турунда арқылы қолдануды қажет ететін пациенттер үшін бірінші рет енгізу дозасын екі есе арттыруы мүмкін (яғни ересек пациенттер үшін 8 тамшыға дейін).
Балалар
1 жаста және одан үлкен балаларға күніне 2 рет құлақ өзегіне 3 тамшыдан Ципромед тамызу ұсынылады.
Препаратты турунда арқылы қолдануды қажет ететін пациенттер үшін бірінші рет енгізу дозасын екі есе арттыруы мүмкін (яғни балалар үшін 6 тамшыға дейін).
1 жасқа дейінгі балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Егде жастағы пациенттер
65 жаста және одан үлкен пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қауіпсіздік пен тиімділік туралы деректер жоқ, сондықтан пациенттердің мұндай тобында препаратты қолдану ұсынылмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қауіпсіздік пен тиімділік туралы деректер жоқ, сондықтан пациенттердің мұндай тобында препаратты қолдану ұсынылмайды
Қолдану тәсілі
Тек сыртқа қолдануға арналған.
Пациентке суық ерітіндіні тамызу нәтижесінде пайда болатын жағымсыз сезімдерді болдырмау үшін бөтелкені қолында бірнеше минут ұстау арқылы ерітіндіні жылытуға кеңес беру керек.
Пациент ауыратын құлағын жоғары қаратып жатуы керек, содан кейін тамшы тамызылады. Тамшының есту жолына ағып кетуіне мүмкіндік беру үшін бұл позицияны шамамен 5 минут бойы ұстау керек. Қажет болса, екінші құлаққа қайталаңыз.
Тамшылатқыш ұшы мен ерітіндінің ластануын болдырмау үшін, тамызу кезінде құты тамшылатқышының ұшымен құлақ қалқанына, сыртқы есту жолына немесе басқа беткейге тиіп кетпеу үшін абай болу керек. Құтыны пайдаланбаған кезде оны мықтап жабу керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Осы дәрілік препарат қолдану туралы Сізде кейбір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
• ципрофлоксацинге, басқа хинолондарға немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
Жиі емес
• бас ауыруы
• құлақтың ауыруы, құлық толып қалуы, оторея, қышынуы, құлақтың шыңылдауы
• дерматит
• гипертермия
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозалану жағдайлары туралы хабарламалар болған жоқ. Кездейсоқ немесе әдейі ішке қабылдау нәтижесінде адамдарда артық дозалану туралы деректер жоқ. Осы препараттың қасиеттеріне байланысты артық дозаланғанда немесе құтының ішіндегісін кездейсоқ жұтып қойған жағдайда уытты әсерлер күтілмейді.
Қолдану кезінде басқа терапиялық шаралардың қажеттілігін уақтылы анықтау мүмкіндігі болуы үшін мұқият медициналық бақылау қажет.
Хинолонмен жүйелі ем қабылдаған пациенттерде аса жоғары сезімталдықтың ауыр, кейде өлімге әкелетін реакциялары (анафилаксиялық реакциялар), кейбір жағдайларда бірінші дозаны қабылдағаннан кейін хабарланды. Кейбір реакциялар жүрек-қантамырлары коллапсымен, естен танумен, шаншумен, Квинке ісінуімен, ентігумен, есекжеммен және қышумен бірге жүрді. Тек бірнеше пациенттердің анамнезінде аса жоғары сезімталдық реакциясы болған. Ципрофлоксацинмен емдеу аллергиялық реакциялардың кез келген белгілерін алғаш анықтаған кезде дереу тоқтатылуы тиіс.
Аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары шұғыл емдеуді қажет етуі мүмкін. Егер клиникалық көрсетілімдер болса, оттегі терапиясын жүргізіп және тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету керек.
Хинолондарды, соның ішінде ципрофлоксацинді қабылдайтын кейбір пациенттерде орташа және ауыр түрдегі фотоуыттылық байқалуы мүмкін. Шамадан тыс күн сәулесінен аулақ болу керек. Фотоуыттылық дамыған кезде фторхинолонмен емдеуді дереу тоқтату керек.
Ципромедті ұзақ уақыт қолдану зеңдік инфекциясының дамуына және жүргізілген емге резистентті суперинфекцияға әкелуі мүмкін. Егер суперинфекция пайда болса, тиісті терапияны бастау керек.
Фторхинолондармен, соның ішінде ципрофлоксацинмен жүйелі терапияда, әсіресе егде жастағы пациенттерде және кортикостероидтарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде сіңірдің қабыну және үзілу жағдайлары болуы мүмкін. Сондықтан сіңірдің қабынуының алғашқы белгілерінде ципрофлоксацинмен емдеуді дереу тоқтату керек.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Ципрофлоксациннің қауіпсіздігі мен тиімділігі, құлақ тамшылары бақыланатын клиникалық зерттеулерде 1 жастан асқан балаларда анықталды. 1 жасқа дейінгі балаларда қолдану деректері өте шектеулі болғанына қарамастан, жедел сыртқы отит кезінде препаратты 1 жасқа дейінгі пациенттерде қолдану ұсынылмайды. Негізінде өте шектеулі деректер, емдеуші дәрігер препаратты 1 жасқа дейінгі балаларға тағайындау кезінде қолданудың клиникалық пайдасын белгілі және мүмкін белгісіз қауіптермен салыстыруы керек.
Қосымша заттар
Бензалконий хлориді
Препараттың құрамында консервант ретінде қолданылатын бензалконий хлориді бар, ол сыртқа қолданылғанда тері реакцияларын тудыруы мүмкін.
Пропиленгликоль
Препараттың қосымша заттарының құрамында терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін пропиленгликоль бар.
Педиатрияда қолдану
Бақыланатын клиникалық зерттеулерде құлаққа тамызатын дәрі, ципрофлоксациннің қауіпсіздігі мен тиімділігі 1 жаста және одан үлкен балаларда анықталды. 1 жасқа дейінгі балаларда өте шектеулі қолдану деректері болса да, жедел сыртқы отит кезінде препаратты 1 жасқа дейінгі пациенттерде қолдану ұсынылмайды. Емдеуші дәрігер өте шектеулі деректерді негізге ала отырып, препаратты 1 жасқа дейінгі балаларға тағайындау кезінде қолданудың клиникалық пайдасын белгілі және мүмкін белгісіз қауіптермен салыстыруы керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын және потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе аз әсер етеді.
Жүкті әйелдерде ципрофлоксацинді жергілікті қолдану қауіпсіздігі туралы деректер жоқ.
Қолда бар деректеррепродуктивті функцияға тікелей уытты әсері анықталмады.
Сақтық шарасы ретінде, егер шаранаға потенциалды қаупі терапиялық әсердің пайдасынан асып кетсе, жүктілік кезеңінде Ципромедті қолданудан бас тартқан жөн.
Пероральді қабылдаған кезде, 500 мг дозаны бір рет қабылдағаннан кейін емшек сүтіне ципрофлоксациннің түскені туралы хабарланды. Жергілікті қолданғаннан кейін препараттың емшек сүтінде анықталғаны туралы деректер жоқ. Емшек еметін нәресте үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды.
Бала емізетін әйелге препаратты жергілікті тағайындау кезінде сақ болу керек.
Дәрілік заттардың дәрілік өзара әрекеттесуіне және ципрофлоксацин ерітіндісінің құлаққа тамызатын дәрісіне арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.
Алайда, кейбір хинолондарды жүйелі қолдану қан плазмасындағы теофиллин концентрациясын жоғарылатады, кофеин метаболизмін бұзады, пероральді антикоагулянт, варфарин мен оның туындыларының әсерін күшейтеді, сонымен қатар циклоспоринді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде қан сарысуындағы креатинин деңгейінің қысқа мерзімді жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін.
Препаратты жергілікті қолданғаннан кейін ципрофлоксациннің төмен жүйелік концентрациясын ескере отырып, басқа дәрілік препараттармен дәрілік өзара әрекеттесуі екіталай.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Құтыны ашқаннан кейін қолдану кезеңі 45 тәулік.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.