ЕСКЕРТУ: ТЕНДИНИТ ПЕН СІҢІРЛЕРДІҢ ҮЗІЛУІН, ШЕТКЕРІ НЕЙРОПАТИЯНЫ, ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ ТАРАПЫНАН ӘСЕРЛЕРДІ ЖӘНЕ МИАСТЕНИЯ АУЫРЛЫҒЫНЫҢ ӨРШУІН ҚОСА, АУЫР ЖАҒЫМСЫЗ РЕАКЦИЯЛАР
• ЦИПРОНАТИН препаратын қоса, фторхинолондар, төменде сипатталғандай, мүгедектікке алып келетін қайтымсыз жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін:
• Тендинит (сіңірдің қабынуы) және сіңірдің үзілуі
• Шеткері нейропатия
• Орталық жүйке жүйесіне әсері
Осы реакциялардың кез келгені бар пациенттерде ЦИПРОНАТИН препаратын қолдануды дереу тоқтату және фторхинолондарды қолданбау керек.
• ЦИПРОНАТИН препаратын қоса, фторхинолондар, гравис миастениясы (бұлшықет әлсіздігіне алып келетін ауру) бар пациенттерде бұлшықет әлсіздігін ушықтыруы мүмкін. Анамнезінде гравис миастениясы болған пациенттерде ЦИПРОНАТИН препаратын қолданбау керек.
• ЦИПРОНАТИН препаратын қоса, фторхинолондар тобы елеулі жағымсыз реакциялармен байланысты болғандықтан, оны келесі көрсетілімдер бойынша, басқа баламалары болмаған жағдайда пайдалануға болады.
• Несеп шығару жолдарының асқынбаған инфекцияларында
• Созылмалы бактериялық бронхиттің өршуінде
Аневризма және қолқаның қатпарлануы, сондай-ақ, жүрек клапандарының жеткіліксіздігі
Эпидемиологиялық зерттеулерде, әсіресе, егде жастағы пациенттерде аневризма және қолқаның қатпарлануы қаупінің жоғарылағаны, сондай-ақ, фторхинолондарды қабылдағаннан кейінгі қолқа және митральді клапанның регургитациясы туралы хабарланды. Фторхинолондарды қабылдағанда аневризма және қолқаның қатпарлануының, кейде үзілумен асқынған (соны ішінде, өлімге соқтырған), сондай-ақ, жүрек клапандарының кез келгенінің регургитациясы /жеткіліксіздігі жағдайлары тіркелді.
Сәйкесінше, аневризма немесе жүрек клапандарының туа біткен ақауына қатысты отбасылық анамнезі ауыр пациенттерде, аневризмасы және/немесе қолқаның қатпарлануы, не болмаса, анамнезінде жүрек клапандарының жеткіліксіздігі болған пациенттерде, сондай-ақ, басқа қауіп факторлары немесе бейімділік жағдайлары болған жағдайда, фторхинолондарды пайдасы мен қаупінің арақатынасын мұқият бағалаудан кейін және басқа емдеу мүмкіндіктерін қарастырғаннан кейін ғана қолдану керек
- аневризма және қолқаның қатпарлануы кезінде екі жағдайда да, сондай-ақ, жүрек клапандарының регургитациясы/жеткіліксіздігі (мысалы, Марфан синдромы немесе Элерс-Данлос синдромы, Тернер синдромы, Бехчет ауруы, гипертензия, ревматоидтық артрит сияқты дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар) кезінде, сондай-ақ,
-аневризма және қолқаның қатпарлануы кезінде (мысалы, Такаясу артерииті немесе алыпжасушалы артериит, немесе белгілі атеросклероз, немесе Шегрен синдромы сияқты қантамырлардың аурулары), сондай-ақ,
-жүрек клапандарының жеткіліксіздігі кезінде (мысалы, инфекциялық эндокардит).
Аневризма және қолқаның қатпарлануы, сондай-ақ, сондай-ақ, үзілуі қаупі жүйелі кортикостероидтармен бір мезгілде ем қабылдап жүрген пациенттерде жоғары болуы мүмкін.
Кенеттен, іш, кеуде немесе арқа ауырған жағдайда, пациенттерге дереу дәрігердің шұғыл көмегіне жүгінуге кеңес беру керек.
Қатты ентігу, алғаш туындаған жүрек соғысының жиілеуі сондай-ақ, құрсақ қуысының немесе аяқтардың ісінуі дамыған жағдайда, пациенттерге дереу медициналық көмекке жүгінуге кеңес беру керек.
Тендинит пен сіңірлердің үзілуін, шеткері нейропатияны және орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылуларды қоса, қайтымсыз болуы ықтимал және мүгедектікке шалдықтыратын ауыр жағымсыз реакциялар
Ципронатинді қоса, фторхинолондарды қолдану, мүгедектікке шалдықтыратын және қайтымсыз болуы ықтимал ауыр жағымсыз реакциялармен байланысты болды. Анағұрлым жиі кездескен жағымсыз реакциялар тірек-қимыл аппараты мен шеткері жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар (тендинит, сіңірлердің үзілуі, сіңірлердің ісінуі немесе қабынуы, шаншу немесе ұю, қол мен аяқтың ұюы, бұлшықеттердің ауыруы, бұлшықет әлсіздігі, буындардың ауыруы, буындардың ісінуі), артралгия, миалгия, шеткері нейропатия және орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар (елестеулер, мазасыздық, депрессия, суицидке бейімділік, ұйқысыздық, қатты бас ауыруы және сананың шатасуы) болып табылады.
Аталған реакциялар Ципронатинді қабылдауды бастағаннан кейін бірнеше сағат немесе аптаның ішінде туындауы мүмкін. Жағымсыз реакциялар барлық жас топтарындағы пациенттерде, сондай-ақ, осының алдында қауіп факторлары болмаған пациенттерде туындаған.
Кез келген ауыр жағымсыз реакцияның алғашқы белгілері немесе симптомдары жағдайында, Ципронатинді қабылдауды дереу тоқтату керек. Ципронатинді қоса, фторхинолондарды, анамнезінде фторхинолондарды қабылдаумен байланысты ауыр жағымсыз реакциялар болған пациенттерде қолданбау керек.
Созылмалы бактериялық бронхиттің өршуі, созылмалы синуситтің өршуі, созылмалы іріңді ортаңғы отит, қатерлі сыртқы отит және несеп шығару жолдарының асқынбаған инфекциялары
Препаратты созылмалы бактериялық бронхиттің өршуі, созылмалы синуситтің өршуі, созылмалы іріңді ортаңғы отит, қатерлі сыртқы отит және несеп шығару жолдарының асқынбаған инфекциялары кезінде, емдеудің басқа әдістері тиімсіз болған жағдайда қолдану керек. Бұдан өзге, несеп шығару жолдарының инфекциялары кезінде қоздырғыштың сезімталдығы микробиологиялық зерттеулер арқылы расталуы тиіс.
Қолданылуы — Тәуліктік мг дозасы — Емнің жалпы ұзақтығы (бастапқыда ципрофлоксацинмен парентеральді емдеуді қоса)
Төменгі тыныс жолдарының инфекциялары, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының өршуі — Тәулігіне екі рет 500 мг - 750 мг — 7 - 14 күн
Жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары — Созылмалы синуситтің өршуі — Тәулігіне екі рет 500 мг - 750 мг — 7 - 14 күн
Созылмалы іріңді ортаңғы отит — Тәулігіне екі рет 500 мг - 750 мг — 7 - 14 күн
Қатерлі сыртқы отит — Тәулігіне екі рет 750 мг — 28 күннен 3 айға дейін
Несеп шығару жолдарының асқынбаған инфекциялары — Тәулігіне екі рет 250 мг - 500 мг — 3 күн
Пременопауза кезеңіндегі әйелдерде бір реттік 500 мг дозасын қолдануға болады
Ауыр инфекциялар және/немесе грамоң немесе анаэробты бактериялардан туындаған ауыр инфекциялар
Ципрофлоксацинмен монотерапия ауыр инфекцияларды және грамоң немесе анаэробты патогендерден туындаған болуы мүмкін инфекцияларды емдеу үшін жарамсыз. Ондай инфекциялар кезінде Ципронатинді сәйкесінше бактерияға қарсы басқа препараттармен бірге қолдану керек.
Стрептококк инфекциялары (Streptococcus pneumoniae қоса)
Тиімділігінің жеткіліксіз болатындығына байланысты, Ципронатинді стрептококтық инфекцияларды емдеуде қолдану ұсынылмайды.
Жыныс жолдарының инфекциялары
Гонококтық уретрит, цервицит, эпидидимоорхит және кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары фторхинолондарға төзімді Neisseria gonorrhoeae изоляттарынан туындауы мүмкін. Сондықтан, гонококтық уретритті немесе цервицитті емдеу үшін Ципронатинді тек, егер ципрофлоксацинге төзімді Neisseria gonorrhoeae барын жоққа шығаруға мүмкіндік болса ғана қолдану керек.
Эпидидимоорхит және кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары кезінде ципрофлоксацинмен эмпирикалық емді тек, бактерияға қарсы басқа қолайлы препаратпен (мысалы, цефалоспорином) біріктіріп және тек, ципрофлоксацин-резистентті Neisseria gonorrhoeae штамдарының бар-жоқтығы анықталған жағдайда ғана қолдануға болады. Егер 3 күн емдеуден соң клиникалық жақсару басталмаса, емдеуді қайта қарастыру керек.
Несеп шығару жолдарының инфекциялары
Несеп шығару жолдарының инфекцияларымен байланысты анағұрлым көп таралған патоген Escherichia coli фторхинолондарға резистенттілігі орналасқан аймағына байланысты ауытқып тұрады. Ем тағайындаған дәрігерлерге, Escherichia coli фторхинолондарға резистенттілігінің жергілікті таралуын ескеру ұсынылады.
Ципрофлоксациннің климакс алдындағы кезеңдегі әйелдерде асқынбаған цистит кезінде қолдануға болатын бір реттік дозасы, ұзағырақ емдеуге қарағанда, тиімділігінің аз болуымен астасады деп күтіледі. Мұны, әсіресе, Escherichia coli фторхинолондарға резистенттілік дәрежесінің артуына қатысты ескеру керек.
Интраабдоминальді инфекциялар
Ципрофлоксациннің операция алдындағы интраабдоминальді инфекцияларды емдеудегі тиімділігі жөніндегі деректер шектеуны.
Саяхатшылар диареясы
Ципрофлоксацинді таңдағанда, барған елдегі сәйкесінше микроорганизмдердің ципрофлоксацинге резистенттілігі туралы ақпаратты ескеру керек.
Сүйектер мен буындардың инфекциялары
Ципрофлоксацинді микробиологиялық зерттеулердің нәтижелеріне байланысты, микробқа қарсы басқа препараттармен біріктіріп қолдану керек.
Сібір жарасының өкпелік түрі
Адамда қолданылуы in vitro жағдайлардағы сезімталдық туралы деректерге және жануарлардағы эксперименттер деректеріне, сондай-ақ, шектеулі клиникалық деректерге негізделген. Дәрігер сібір жарасын емдеудің ұлттық және/немесе халықаралық хаттамасына сәйкес әрекет етуі тиіс.
Балалар мен жасөспірімдер
Балалар мен жасөспірімдерде ципрофлоксацинді қолдануды қолжетімді ресми ұсынымдарға сәйкес жүзеге асыру керек.
Ципронатинмен емдеуді тек, балалар мен жасөспірімдердегі муковисцидозды және(немесе) ауыр инфекцияларды емдеуде тәжірибесі бар дәрігерлер жүргізуі тиіс.
Ципрофлоксацин жыныстық тұрғыдан жетілмеген жануарларда салмақ түсетін буындардың артропатиясын туғызатыны көрсетілген. Ципрофлоксациннің балаларда қолданылуының қауіпсіздігіне жүргізілген рандомизацияланған салыстырмалы жасырын зерттеуден алынған деректерден (ципрофлоксацин: n = 335, орташа жас шамасы = 6,3 жас; компараторлар: n = 349, орташа жас шамасы = 6,2 жас; жас аралығы = 1-ден 17 жасқа дейін), препаратпен байланысты болуы мүмкін артропатияның (клиникалық белгілер және буындармен байланысты симптомдар бойынша анықталған) +42 күнге қарай 7,2% және 4,6 % жағдайлары анықталды. Сәйкесінше, бір жыл қадағалаудан кейін дәрілік артропатияның даму жиілігі 9,0% және 5,7 % құрады. Уақыт өте келе болжамды дәрілік артропатия жағдайлары санының артуы топтар арасында статистикалық тұрғыдан елеулі болмады. Буындармен және(немесе) оның айналасындағы тінмен байланысты жағымсыз әсерлер болуы мүмкін болғандықтан, емдеуді тек, пайдасы / қаупін мұқият бағалаудан кейін ғана бастау керек.
Муковисцидоз кезіндегі төменгі тыныс жолдарының инфекциялары
Клиникалық зерттеулер 5-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді қамтыды. 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды емдеу тәжірибесі шектеулі болып табылады.
Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары және пиелонефрит
Несеп шығару жолдарының инфекцияларын ципрофлоксацинді қолданып емдеу мүмкіндігін, басқаша емдеуге мүмкіндік болмаған кезде қарастыру керек, бұл жағдайда емдеу микробиологиялық зерттеудің нәтижелеріне негізделуі тиіс. Клиникалық зерттеулер 1-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді қамтыды.
Басқа спецификалық ауыр инфекциялар
Ципрофлоксацинді қолдану, микробиологиялық зерттеу нәтижелері бойынша басқа инфекциялар болған, ресми ұсынымдарға сәйкес немесе «пайдасы-қаупі» арақатынасын мұқият бағалаудан кейін, басқа емді қолдануға болмайтын немесе, жалпы қолданыстағы ем тиімсіз болып шыққан жағдайда талапқа сай болуы мүмкін.
Клиникалық зерттеулер барысында, жоғарыда көрсетілгеннен өзге спецификалық ауыр инфекциялар жағдайында ципрофлоксациннің қолданылуы зерттелмеген, ал клиникалық тәжірибесі шектеулі. Сәйкесінше, ондай инфекциялары бар пациенттерді емдегенде сақ болу керек.
Аса жоғары сезімталдық
Кей жағдайларда аса жоғары сезімталдық пен аллергиялық реакциялар, соның ішінде анафилаксиялық және анафилактоидтық реакциялар, бір реттік дозасынан кейін туындауы мүмкін және өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Ондай реакциялар туындаған жағдайда, Ципронатинді қабылдауды тоқтату және талапқа сай медициналық ем жүргізу керек.
Сүйек-бұлшықет жүйесі
Жалпы алғанда, ципрофлоксацинді анамнезінде хинолондармен емдеумен байланысты сіңірлердің аурулары /бұзылулары болған пациенттерге қолданбау керек. Осыған қарамастан, аса сирек жағдайларда, қоздырғышын микробиологиялық зерттеуден және «пайдасы/қаупі» арақатынасын бағалаудан кейін ол пациенттерге жекелеген ауыр инфекцияларды емдеу үшін, әсіресе, стандартты ем тиімсіз болған немесе бактериялық резистенттілік жағдайында, микробиологиялық зерттеулердің нәтижелері ципрофлоксациннің қолданылуын ақтап шығатын болса, ципрофлоксацин тағайындалуы мүмкін.
Ципрофлоксацинді қолданғанда тендинит немесе сіңірлердің (әсіресе, ахилл сіңірінің), кейде екіжақты үзілуі емдеудің алғашқы 48 сағаты ішінде туындауы мүмкін. Егде жастағы пациенттерде немесе кортикостероидтарды бір мезгілде қолданып жүрген пациенттерде тендинопатия қаупі арта түсуі мүмкін.
Тендиниттің қандай-да бір белгілері (мысалы, ауырсынумен ісіну, қабыну) туындаған жағдайда, Ципронатинді қолдануды тоқтату керек. Зақымданған аяқ-қолдың тыныштығын қамтамасыз ету керек.
Гравис миастениясының өршуі
Фторхинолондар жүйке-бұлшықетті бөгейтін белсенділікке ие және гравис миастениясы бар пациенттерде бұлшықет әлсіздігін ушықтыруы мүмкін. Маркетингтен кейінгі кезеңде, гравис миастениясы бар пациенттерде фторхинолондарды қолданумен байланысты өлім жағдайлары мен өкпені жасанды желдету қажеттілігін қоса, ауыр жағымсыз құбылыстар жағдайлары туралы хабарланды. Гравис миастениясы бар пациенттерде фторхинолондарды қолданбау керек.
Көрудің бұзылулары
Көру нашарлаған немесе өзге қандай-да бір әсері туындаған жағдайда, дереу окулист-дәрігерге жүгіну керек.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар
QT аралығының ұзаруын/ Torsades de pointes туғызуға қабілетті препараттармен біріктіріп қолданғанда QT аралығының ұзаруы / Torsades de pointes қаупі арта түсуі мүмкін. Сондықтан, Ципронатинді ондай препараттармен қолданбау керек.
QT аралығы ұзаруының төмендегідей белгілі қауіп факторлары бар пациенттерде ципрофлоксацинді қоса, фторхинолондарды қолданғанда сақтық таныту керек, мысалы:
-туа біткен QT аралығының ұзаруы синдромы;
-QT аралығын ұзартатын препараттармен, (мысалы, аритмияға қарсы IA немесе III класты препараттар, трициклдық антидепрессанттар, макролидтер, антипсихотиктер) бір мезгілде қолдану;
-түзетілмеген электролит дисбалансы (мысалы, гипокалиемия, гипомагнезиемия);
- жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия). Егде жастағы пациенттер мен әйелдер QT аралығын ұзартатын препараттарға сезімталырақ болуы мүмкін. Сондықтан, аталған топтарда ципрофлоксацинді қоса фторхинолондарды қолданғанда сақтық таныту керек.
Гипогликемия
Басқа хинолондармен жағдайдағы сияқты, гипогликемия қант диабеті бар пациенттерде жиірек, көбінесе егде жастағы пациенттерде білінді. Қант диабеті бар пациенттердің барлығына қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.
Асқазан-ішек жолы
Емдеу кезінде немесе емдеуден кейін (тіпті, емдеуден кейін бірнеше аптадан соң) ауыр және тұрақты диареяның туындауы дереу емдеуді қажет ететін антибиотикпен астасқан колитті (өмірге қауіпті, өлімге соқтыруы мүмкін) білдіруі мүмкін. Ондай жағдайларда ципрофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтату және тиісінше ем қолдануды бастау қажет. Бұл жағдайда, перистальтиканы бәсеңдететін дәрілік заттарды қолдануға болмайды.
Фотосезімталдық
Ципрофлоксацин фотосезімталдық реакциясын туғызатыны дәлелденді. Ципрофлоксацинді қабылдап жүрген пациенттерге емделу кезінде өткір күн сәулесінен немесе ультракүлгін сәуледен қорғану керек.
Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ)
Ципрофлоксацин, басқа хинолондар сияқты, құрысуларды туғызатыны немесе құрысуға дайындық шегін төмендететіні белгілі. Эпилепсия статусы жағдайлары туралы хабарланды. Құрысулардың туындауы мүмкіндігіне бейімдейтін ОЖЖ бұзылыстары бар пациенттерде Ципрофлоксацинді сақтықпен қолдану керек. Құрысулар туындаған жағдайда, ципрофлоксацинді қабылдауды тоқтатады.
Психоздық реакциялар, тіпті, ципрофлоксацинді алғаш қабылдаудан кейін де туындауы мүмкін. Сирек жағдайларда депрессия немесе психоз суицид әрекеттеріне / суицидпен немесе суицидке әрекеттенумен аяқталған ойларға дейін үдеуі мүмкін. Ондай жағдайларда ципрофлоксацинді қабылдауды тоқтату керек.
Ципрофлоксацинді қабылдаған пациенттерде, полинейропатия жағдайлары (бөлек-бөлек немесе бірге туындаған ауыру, ашыту сезімі, сенсорлық бұзылыстар немесе бұлшықет әлсіздігі сияқты неврологиялық симптомдардың негізінде) байқалды.
Нейропатия симптомдары, атап айтқанда, ауыру, ашыту сезімі, шаншу сезімі, ұю және/немесе әлсіздік бар пациенттер қайтымсыз жай-күйлердің дамуының алдын алу мақсатында, Ципронатинді қабылдауды тоқтатуы керек.
Бүйрек және несеп шығару жүйесі
Ципрофлоксацинді қолданумен байланысты кристаллурия туралы хабарланды. Ципрофлоксацинді қабылдап жүрген пациенттер сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдауы және несептің шамадан тыс сілтіленуінен сақтануы керек.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Ципрофлоксацин организмнен, негізінен, бүйрек арқылы өзгеріссіз күйде шығарылатындықтан, ципрофлоксациннің жинақталуы салдарынан жағымсыз дәрілік реакцияларды артуын болдырмау мақсатында бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттер үшін дозасына түзету жүргізу қажет.
Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясы төмендейтіндіктен, дозасын түзеткенде сақтық таныту керек. Бүйрек және бауыр функциясының бұзылуы болған жағдайда, дозасын сақтықпен төмендету керек.
Гепатобилиарлық жүйе
Ципрофлоксацинді қолданғанда бауыр некрозы мен пациенттің өміріне қауіп төндіретін бауыр жеткіліксіздігі дамыған жағдайлар туралы хабарланды. Бауыр ауруының қандай-да бір симптомдары (анорексия, сарғаю, несептің қараюы, қышыну немесе алдыңғы құрсақ қуысының ширығуы сияқты) пайда болған жағдайда, емдеуді тоқтату керек.
Глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығы
Ципрофлоксацинді қолданғанда глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар пациенттердегі гемолиздік реакциялар туралы хабарланды. Бұл пациенттер, ықтимал пайдасы ықтимал қаупінен асып түсетін жағдайлардан басқасында, ципрофлоксацинді қолданбауы керек. Мұндай жағдайда гемолиздің пайда болуы мүмкіндігін қадағалау керек.
Резистенттілік
Ципрофлоксацинмен емдеу курсы кезінде немесе емдеуден кейін клиникалық тұрғыдан анықталған суперинфекциямен немесе онсыз резистентті бактериялар бөлініп шығуы мүмкін. Ұзақ емдеу курстары кезінде және ауруханаішілік инфекцияларды және/немесе, Staphylococcus және Pseudomonas түрлерінен туындаған инфекцияларды емдегенде ципрофлоксацинге резистентті бактериялардың бөлініп шығуының белгілі бір қаупі бар.
Р450 цитохромы
Ципрофлоксацин CYP1А2 бәсеңдетеді және сондықтан да, бір мезгілде тағайындалған, осы фермент арқылы метаболизденетін заттардың (мысалы, теофиллин, клозапин, оланзапин, ропинирол, тизанидин, дулоксетиннің) қан сарысуындағы концентрациясының жоғарылауын туғызуы мүмкін. Ципрофлоксацин мен тизанидинді бір мезгілде қолдануға болмайды. Сондықтан, артық дозалануының клиникалық белгілерін анықтау үшін, аталған заттарды ципрофлоксацинмен бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерді мұқият қадағалау керек, сондай-ақ, қан сарысуындағы концентрацияларын (мысалы, теофиллиннің) анықтау қажет болуы мүмкін.
Метотрексат
Ципрофлоксацин мен метотрексатты бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.
Зертханалық талдаулардың нәтижелеріне әсері
Ципрофлоксацин in vitro, микобактериялар өсіріндісінің көбеюін бәсеңдету жолымен, Mycobacterium tuberculosis екпесі нәтижелеріне ықпал етуі мүмкін, бұл ципрофлоксацинді қабылдап жүрген пациенттерде екпе талдауының жалған теріс нәтижелеріне алып келуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолданылуы
Балаларда қолданғанда ұсынылатын дозалары кестеде берілген
Қолданылуы — Тәуліктік мг дозасы — Емнің жалпы ұзақтығы (бастапқыда ципрофлоксацинмен парентеральді емдеуді қоса алғанда)
Муковисцидоз — Ең жоғарғы бір реттік 750 мг дозасымен тәулігіне екі рет 20 мг/кг — 10 - 14 күн
Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары, пиелонефрит — Ең жоғарғы бір реттік 750 мг дозасымен тәулігіне екі рет 10 - 20 мг/кг — 10 - 21 күн
Сібір жарасының өкпелік түрінің жанасудан кейінгі профилактикасы мен емін, пероральді жолмен емдеуге мүмкіндік болған жағдайда, клиникалық тұрғыдан талапқа сай болса, күдікті немесе расталған жанасудан кейін барынша тезірек бастау керек. — Ең жоғарғы бір реттік 500 мг дозасымен тәулігіне екі рет 10 – 15 мг/кг — Bacillus anthracis жұқтырылғаны расталған сәттен бастап 60 күн
Басқа ауыр инфекциялар — Ең жоғарғы бір реттік 750 мг дозасымен тәулігіне екі рет 20 мг/кг — Инфекцияның типіне байланысты
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ципронатин жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакцияларды туғызуы және сол себепті, көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетін бұзуы мүмкін.