Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капли глазные
Дозасы
1 %
Саудалық атауы
Цирелакс
Әсер етуші зат
Циклопентолат
Мақсаты
Ересектер мен 8 жастан асқан балаларда мидриаз және циклоплегия индукциясы үшін
Өндіруші
Уорлд Медицин Илач Сан.ве Тидж. А.Ш.
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - циклопентолат гидрохлориді 10 мг,
қосымша заттар: бензалконий хлориді, бор қышқылы, динатрий эдетаты, калий хлориді, натрий карбонаты/хлорсутек қышқылы, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз ерітінді.
- ересектер мен 8 жастан асқан балаларда мидриаз және циклоплегия индукциясы үшін.
Әсер ету механизмі
Циклопентолат гидрохлориді, үштік синтетикалық амин болып табылады, әсері жағынан атропинге ұқсас. М-холинорецепторларды бөгейді, холинергиялық синапстар медиаторы – ацетилхолиннің әсеріне кедергі келтіреді.
Қарашық сфинктерінде және цилиарлы бұлшықетте орналасқан м-холинорецептор бөгелуінің нәтижесінде қарашықты кеңейтетін бұлшықет тонусының басымдығы және қарашықты тарылтатын (мидриаз) бұлшықеттің босаңсуы есебінен қарашықтың кеңеюі жүреді. Цилиарлы бұлшықеттің босаңсуы есебінен бір мезгілде аккомодация салдануы (циклоплегия) туындайды.
Жылдам әсер етеді, бірақ атропинге қарағанда ұзақтығы кемдеу. Ең жоғары әсері инстилляциядан кейін 75 минуттан соң дамиды. Аккомодация әдетте 6-24 сағаттан соң, жекелеген жағдайларда – бірнеше күннен кейін толық қалпына келеді.
Дозалау режимі
Ересектер, оның ішінде егде жастағы пациенттер:
Препараттың 1 тамшысын көзге тамызады; қажет болса тамызуды 10 минуттан кейін қайталауға болады.
8 жастан асқан балалар:
• Препараттың 1 тамшысын көзге тамызады; қажет болса, 10-30 минуттан кейін препаратты қайтадан тамызуға болады.
• Тамызғаннан кейін 30 минут ішінде кішкентай жастағы балаларды мұқият бақылау ұсынылады.
Енгізу әдісі мен жолы
Тек офтальмологияда жергілікті қолдануға арналған.
Барлық көзге тамызатын дәрілері сияқты, келесі қадамдарды ретімен орындаңыз:
-Қолыңызды мұқият жуыңыз.
-Ластануды болдырмау үшін көзге, қабақтарға, айналадағы тіндерге немесе кез келген басқа беткейге тамызғыш ұштығын тигізбеңіз.
- Көзге тамызатын дәрін тамызу үшін жоғары қараңыз және қабақты сәл төмен қарай тартыңыз.
-Циклопентолаттың көз жасы жолдары арқылы қан ағымына енуінен және пероральді қабылдау арқылы туындаған жүйелік әсерлерді болдырмау үшін, әсіресе балалар мен егде жастағы пациенттерде, әр тамызғаннан кейін 1 минут ішінде мұрын-көз жас арнасын қысып немесе қабақтарды ақырын жауу және артық препаратты бетінен сүрту ұсынылады.
Бұл офтальмологияда қолдану үшін дәрілік препараттардың жүйелі сіңуінің төмендеуіне және жүйелі жағымсыз әсерлердің азаюына әкелуі мүмкін. Жұтудан аулақ болуға көмектеседі, әсіресе балаларда, 4.4 бөлімін қараңыз.
-Құтыны қорғаныш қақпағымен мықтап жабыңыз.
- Препаратты пайдаланғаннан кейін қолды мұқият жуыңыз.
Басқа көзге тамызатын дәрілермен бір мезгілде қабылдаған жағдайда, тамызуды 15 минут аралықпен жүргізу керек.
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жабық бұрышты глаукома, глаукоманың дамуына бейімділік
- салданған илеус
- жүктілік және лактация кезеңі
- 8 жасқа дейінгі балалар
- мидың туа біткен немесе жүре пайда болған ауытқулары бар балалар, нейронның патологиялық дамуы бар, эпилепсия ұстамаларына бейімділігі бар балалар.
Белгісіз
- аса жоғары сезімталдық
- елестеулер, шатасқан жай-күй, бағдардан адасу, қозу, күйгелектік
- құрысулар, үйлесімсіздік, ретроградтық амнезия, тепе-теңдіктің бұзылуы, бас айналу, бас ауруы, қозғыштықтың жоғарылауы, ұйқышылдық
- жедел глаукома, мидриаз (препараттың ұзақ әсер етуі), фотофобия, аккомодацияның бұзылуы, көздің тітіркенуі, көрудің бұлыңғырлануы, көз гиперемиясы, көздің ауыруы
- құсу, жүрек айнуы, ауыздың құрғауы
- эритема
- қызба, шаршау
Кейбір жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Циклопентолаттың жағымсыз әсерлері тамызғаннан кейін 20-30 минут ішінде байқалады және әдетте өтпелі сипатқа ие болғанымен (4-6 сағаттан кейін жоғалады) 12-24 сағатқа созылуы мүмкін. Балалар мен қарт адамдарда құрамында атропин бар көзге тамызатын дәрілерге әртүрлі реакциялар бар.
Циклопентолат көзге тамызатын дәрісі жүйелік айналымға енеді және жүйелік әсер етуі мүмкін, әсіресе балалар мен егде жастағы пациенттерде.
Атропин импрегнациясының басқа белгілері кездеседі:
- беттің қызаруы, тахикардия, ауыздың құрғауы
- несептің іркілуі, әсіресе қуық асты безінің аденомасы бар егде жастағы пациенттерде
- артық дозалану жағдайларын қоспағанда, балалардағы қызба, сирек ауыр
- ас қорыту бұзылыстары: жүрек айнуы, құсу, іш қату (әсіресе егде жастағы пациенттерде).
Балалар
Даун синдромы, спастикалық салдану немесе мидың зақымдануы бар балаларда осы дәрілік заттар класын қолдану кезінде жүйелі уыттылықтың қаупі жоғары болды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Дәрігердің тағайындауларын дәл ұстанған кезде артық дозалану жағдайлары байқалмады.
Екі жағдай болуы мүмкін:
- көзге тамызатын дәрілерін қолданған кезде артық дозалану (әсіресе қайталап тамызған кезде);
- құтының ішіндегісін, әсіресе балалармен кездейсоқ жұтылғанда.
Симптомдары: беттің қызаруы, ауыздың құрғауы және мидриаз белгілері диагнозға көмектеседі. Жағдайдың ауырлығы жылу реттеу мәселелерімен, неврологиялық және психиатриялық уыттылықпен, оның ішінде құрысулармен, делириймен және тіпті комамен байланысты.
Емі: мамандандырылған жағдайларда симптоматикалық және демеуші.
Конъюнктивальді қалтаға тек қана жергілікті тамызуға арналған.
Көзге тамызатын дәрілерді периокулярлық немесе көзішілік инъекция түрінде қолдануға болмайды.
Аса жоғары сезімталдық жағдайында емді тоқтатыңыз.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек, өйткені кездейсоқ жұтып қойған жағдайда жедел уыттану қаупі бар.
Циклопентолаттың көз жасы жолдары арқылы қан ағымына енуінен туындаған жүйелік әсерлерді болдырмау үшін, әсіресе балалар мен егде жастағы пациенттерде, әр тамызғаннан кейін, 1 минутқа көздің ішкі бұрышын қысу және артық қалғаннын беттен сүрту ұсынылады.
Артық дозалануды болдырмау үшін қайта тамызудан аулақ болыңыз және белгілі бір уақыт аралығында ұсынылған ең жоғары дозадан асырмаңыз.
Балалар мен егде жастағы адамдарда уыттылық қаупі жоғары.
Пациенттерде, әсіресе бұрын атропинге (жергілікті және/немесе жүйелі) ауыр жүйелі реакциясы бар балаларда сақтықпен қолдану керек.
Циклопентолат тар иридокорнеальді бұрышы бар адамдарда сулы ылғалды шығару жолдарының механикалық обструкциясына байланысты глаукома жедел ұстамасын дамуытуы мүмкін.
Ашық бұрышты глаукома: циклопентолат көзге тамызатын дәрілерін бұрыштың ашық екенін тексергеннен кейін созылмалы глаукома кезінде пайдалануға болады.
Циклопентолаттың офтальмологиялық ерітіндісін орталық жүйке жүйесінің зақымдану симптомдары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, өйткені бұл препарат орталық жүйке жүйесінің бұзылуын тудыруы мүмкін, әсіресе кіші жастады балаларда.
Циклопентолат гипертермияны тудыруы мүмкін болғандықтан, оны пациенттерде, әсіресе ашық ауада жоғары температураға ұшырауы мүмкін немесе қызбасы бар балаларда сақтықпен қолданыңыз (4.8 бөлімін қараңыз).
Препаратты қуық асты безінің адемномасы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек (4.8 бөлімін қараңыз).
Пациенттерде ұйқышылдық, көрудің бұлыңғырлануы және жарыққа сезімталдық байқалуы мүмкін. Пациенттерге көрудің бұлыңғырлануы басылғанға дейін машина жүргізбеуі және/немесе басқа қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналыспауы керектігі туралы ескерту керек.
Цирелакс нұрлы қабықтары қара-пигментті адамдарда аз тиімді. Бұл адамдарда препаратты пайдаланған кезде қалдық аккомодация 2 – 4 диоптрийге жетуі мүмкін.
Фотофобия туындаған кезде көзді УК-жарықтан қорғау үшін күнге қарсы көзілдірік кию қажет. Егер инстилляциядан кейін 36 сағат ішінде фотофобия және/немесе көздің қарауытуы сақталса, дәрігермен кеңесу керек.
Даун синдромы бар пациенттерге және жабық бұрышты глаукоманың дамуына бейім пациенттерге препаратты тағайындау кезінде сақ болу қажет.
Паралитикалық ішектің бітелуі, қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы, коронарлық жеткіліксіздігі немесе жүрек жеткіліксіздігі және атаксиясы бар пациенттерде сақтық таныту керек.
40 жастан асқан пациенттерде препаратты қолдану көзішілік қысымды бақылауды және қажет болған жағдайда гониоскопияны жүргізуді талап етеді.
Қосымша зат
Препарат құрамында ириттерді, көздің тітіркенуін, құрғақ көз синдромы симптомдарын және көзжасы үлбіріне және мөлдір қабық беткейіне әсер етуі мүмкін бензалконий хлориді бар. Құрғақ көз синдромы бар пациенттерде және мөлдір қабықтың зақымдану қаупіне ұшыраған пациенттерде сақтықпен пайдалану керек. Ұзақ қолданған кезде пациенттерді бақылау қажет.
Препараттың жұмсақ жанаспалы линзалармен жанасуын болдырмау; қолданар алдында жанаспалы линзаларды алып тастаңыз және препаратты тамызғаннан кейін кем дегенде 15 минут күтіңіз. Жұмсақ жанаспалы линзаларда жиналуы мүмкін, жұмсақ жанаспалы линзаларды түссіздендіреді.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Спастикалық салдану немесе мидың зақымдануы бар балаларда сақтықпен қолдану керек.
Балаларда аккомодацияның жартылай тұрақты немесе тұрақты спазмы бар болса циклоплегия үшін атропин сульфатының инстилляция курсын пайдаланғаны дұрыс.
Балаларда және итжидек алкалоидтарына жоғары сезімталдығы бар адамдарда ерекше сақтықпен пайдалану керек, өйткені жүйелі уыттылықтың ұлғаюына әкелуі мүмкін.
Конъюнктива гиперемиясымен немесе конъюнктива қабынуымен пациенттерге қабынған конъюнктива шырышты қабығы арқылы жүйелік сіңірілу қаупінің жоғарылауына байланысты сақтықпен қабылдау ұсынылады.
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Цирелакс препаратымен емдеу кезінде жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін автокөлікті басқаруға және басқа қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысу ұсынылмайды.
Препаратты жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.
Циклопентолат және/немесе оның метаболиттерінің емшек сүтіне өтетін-өтпейтіні белгісіз. Емшек сүтімен қоректенетін бала үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Емшек сүтімен қоректендіруді уақытша тоқтатудан немесе емдеуден, пайдасы әйел үшін емнің пайдасына қатысты бала үшін емшек сүтімен қоректендірудің пайдасын ескере отырып, бас тарту туралы шешім қабылдау керек.
Өзара әрекеттесуге зерттеулер жүргізілген жоқ.
Жергілікті қолдануға қарамастан, бұл дәрілік зат назарға алынуға тиіс жүйелік әсерлерді тудыруы мүмкін.
Назарға алынуға тиіс біріктірілімдер
Басқа атропинді препараттар (имипраминді антидепрессанттар, атропинді H1-антигистамин препараттарының көпшілігі, антихолинергиялық паркинсонға қарсы препараттар, атропинді спазмолитиктер, дизопирамидтер, фенотиазинді нейролептиктер және клозапин).
Атропиннің жағымсыз реакцияларын қосу, мысалы, несептің іркілуі, іш қату, ауыздың құрғауы және т.б.
Бірнеше офтальмологиялық препараттарды қолданған кезде қолдану арасында 15 минут аралықты сақтау керек. Көзге арналған жақпамайларды ең соңында қолдану керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейін қолдану кезеңі 28 күн.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 2 C-8 C температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Құтыны ашқаннан кейін препаратты 25 C-ден аспайтын температурада сақтау және 28 күн ішінде пайдалану керек.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.