Жиілігін анықтау келесілерге сәйкес анықталады:
Өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100 - < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 - < 1/100 дейін), сирек ( ≤1 / 10,000 ден ≤1 / 1,000 дейін), өте сирек (< 1/10 000, жеке-дара жағдайларды қоса), жиілігі белгісіз – қолда бар деректер бойынша туындау жиілігін анықтау мүмкін болмаған.
Инфекциялық және паразиттік аурулар
Жиі – инфекциялар
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте жиі – тромбоцитопения, лейкопения, анемия, миолосупрессия. Цисплатиннің жоғары дозаларын қолданғаннан кейін сүйек кемігін қатты басу мүмкін (агранулоцитоз және / немесе аплазиялық анемияны қоса);
Жиі - веналық тромбоэмболия (мүмкіндігінше тезірек дәрігерге қаралу қажет егер: сізде қатты ауырсыну немесе аяқтарыңызда ісіну, кеудеде ауырсыну немесе тыныс алуда қиындықтар бар болса (венадағы қауіпті тромбтарды көрсетуі мүмкін);
Жиі емес – жедел лейкоз;
Жиілігі белгісіз - Кумбс сынағы оң болған гемолиздік анемия
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Жиі емес - анафилаксиялық реакциялар (беттің қызаруы мен ісінуі, бронх түйілуі, өкпеде ысқырықпен демалу, тахикардия, артериялық қысымның төмендеуі);
Өте сирек – есекжем, терідегі дақты-папулезді бөртпе
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар
Жиі емес – гипомагниемия;
Өте жиі – гипонатриемия
Жиілігі белгісіз – сусыздану, гипокалиемия, гипофосфатемия, гиперурикемия, гипокальциемия, тетания;
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиілігі белгісіз – цереброваскулярлық бұзылу, геморрагиялық инсульт, ишемиялық инсульт, агевзия, церебральды артерит, Лермитт симптомы, миелопатия, вегетативті нейропатия
Сирек - құрысулар, шеткері нейропатия, лейкоэнцефалопатия, қалпына келетін артқы лейкоэнцефалопатия синдромы;
Көру мүшелері тарапынан бұзылулар
Жиілігі белгісіз –бұлыңғыр көру, түстерді ажырату қабілеті өзгеруі, кортикальды соқырлық, көру жүйкесінің невриті, көру жүйкесі дискісінің ісінуі, торқабық пигментациясы
Есту ағзасы және лабиринттік бұзылулар
Жиі емес - отоуыттылық;
Жиілігі белгісіз – кереңдік
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бузылулар
Жиі - аритмия, брадикардия, тахикардия, терең тамырлар тромбозы, тромбоэмболия;
Сирек – миокард инфаркті;
Өте сирек - жүрек тоқтауы
Жиілігі белгісіз – тромболитикалық микроангиопатия (гемолизді-уремиялық синдром), церебральді артериит, Рейно синдромы, өкпе артериясы эмболиясы.
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Сирек – стоматит;
Жиілігі белгісіз - жүрек айнуы, құсу, анорексия, ықылық ату, диарея
Бүйрек және несеп шығару жолдары, жыныс мүшелері және сүт безі тарапынан бұзылулар
Жиі емес - сперматогенездің бұзылуы;
Жиілігі белгісіз - бүйректің жедел жеткіліксіздігі, бүйректің уытты зақымдануы (оның ішінде тубулярлық), мочевина, несеп қышқылы, қан плазмасындағы креатинин деңгейінің жоғарылауымен және / немесе креатинин клиренсінің төмендеуімен көрінеді
Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар
Өте жиі – қызба;
Жиілігі белгісіз - алопеция, астения, дімкастық, сусыздану, бұлшықет спазмы, платина қызылиек сызығы, инъекция орнында экстравазация (жұмсақ тіндердің жергілікті уыттылығымен бірге жүреді: қызару, ісіну, ауырсыну, целлюлит, фиброз, некроз)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz.
немесе
«Ұлттық фармакоқадағалау ғылыми орталығы» ДКЕҰ
http://www.drugsafety.ru