Өте жиі
• тромбоцитопения, лейкопения, анемия, миелосупрессия. Цисплатинді жоғары дозада қолданғаннан кейін сүйек кемігі функциясының ауыр бәсеңдеуі мүмкін (агранулоцитоз және/немесе аплазиялық анемияны қоса)
• гипонатриемия
• нейроуыттылық
• бүйрек функциясының бұзылуы
• қызба
Жиі
• сепсис
• гиперурикемия
• отоуыттылық, құлақтың шыңылдауы
• өзекшелік некроз
• аритмия, брадикардия, тахикардия, терең веналар тромбозы, тромбоэмболия
Жиі емес
• жедел лейкоз (дозамен байланысты, бірақ жасына немесе жынысына байланысты емес)
• анафилактоидты реакциялар (мысалы, терідегі бөртпе, есекжем, эритема, аллергиялық қышыну, беттің ісінуі, тыныс алу кезіндегі сырыл, бронх түйілуі, тахикардия, гипотензия)
• гипертермия
• вазопрессиннің гиперсекрециясы (SIADH/Шварц-Барттер синдромы)
• гипомагниемия, гипокалемия, гипофосфатемия, гипокальциемия
• нейроуытты синдромдар (тремор, бұлшықет әлсіздігі, вегетативті нейропатия, миелопатия, Лермитт симптомы, көру жүйкесінің невриті, құрысулар).
• пайда болған дальтонизм, папилломатоз
• таздану
• сперматогенез және овуляция бұзылыстары, ауыр гинекомастия
Сирек
• гемолиздік анемия Кумбстың оң сынамасымен
• тетания және / немесе ЭКГ өзгерістері
• церебральді қан айналымының бұзылуы, сезінудің жоғалуы, дәм сезудің жоғалуы, церебральді артериит, энцефалопатия, ұйқы артериясының бітелуі, церебральді дисфункция (сананың шатасуы, анық сөйлемеу, есте сақтаудың төмендеуі, салдану), лейкоэнцефалопатия және қайтымды артқы лейкоцефалопатиялық синдром.
• кортикальді соқырлық
• миокард инфарктісі
• стоматит, ауыз қуысының мукозиті
• инъекция орнында жергілікті ісіну, ауырсыну және эритема, некроз және терінің жарасы және флебит
Өте сирек
• тромбоздық микроангиопатия (гемолиздік-уремиялық синдром)
• көру өткірлігінің жоғалуымен бір жақты ретробульбарлы неврит
• көрмей қалудың әртүрлі дәрежелері
• жүректің тоқтауы
• инъекция орнындағы экстравазациялар (целлюлит, фиброз және некрозды, ауырсынуды, ісінуді және эритеманы қоса, жергілікті жұмсақ тіндердің реакцияларына әкелетін)
Жиілігі белгісіз - қолда бар деректер бойынша, пайда болу жиілігін анықтау мүмкін болмады.
• инфекциялар (кейбір пациенттерде фатальді инфекциялық асқынулар)
• нейтропения
• қан амилазасы деңгейінің жоғарылауы, антидиуретикалық гормонның жеткіліксіз секреция синдромы
• сусыздану
• цереброваскулярлық инсульт, геморрагиялық инсульт, ишемиялық инсульт, агевзия, церебральді артериит
• анық көрмеу, көру жүйкесінің ісінуі, торлы қабық пигментациясы
• кереңдік, вестибулярлық уыттылық
• тромболизистік микроангиопатия (гемолиздік-уремиялық синдром), церебральді артериит, Рейно синдромы, өкпе артериясының эмболиясы
• өкпе эмболиясы
• құсу, жүрек айнуы, анорексия, ықылық, диарея
• бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы
• терідегі бөртпе
• бұлшықет түйілуі, миалгия
• жедел бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек жеткіліксіздігі (қандағы азот мочевинасы (АМК), креатинин, сарысудағы несеп қышқылы азотының көтерілуін және/немесе креатинин клиренсінің төмендеуін қоса), бүйрек шумақшалары тарапынан бұзылулар
• азоспермия
• астения, дімкәстік, инъекция орнындағы экстравазациялар (целлюлит, фиброз және некрозды, ауырсынуды, ісінуді және эритеманы қоса, жергілікті жұмсақ тіндердің реакцияларына әкелетін)
Нефроуыттылық
Дозаға тәуелді және жинақталған бүйрек жеткіліксіздігі, оған қоса жедел бүйрек жеткіліксіздігі цисплатиннің дозаны шектейтін бастапқы уыттылығы болып табылады және емдеу басталғаннан кейін 7-14 күннен соң пайда болады, бірақ қайтымды болуы мүмкін. Нефроуыттылық аминогликозидті антибиотиктермен күшеюі мүмкін.
Мочевина, креатинин және несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауынан, сондай-ақ креатинин клиренсінің төмендеуінен көрініс табатын нефроуыттылық препаратты қолдану үшін күрт шектеуші фактор болып табылады. Бұл нефроуыттылық қайта енгізгеннен кейін айқынырақ болуы мүмкін.
Бүйрек функциясының көрсеткіштері қосымша дозаларды енгізер алдында қалыпқа келтірілуі керек. Адекватты гидратация бүйрек асқынуларының дәрежесі мен жиілігін төмендетеді.
Клиникалық маңызды нефроуыттылық көбінесе 50 мг/м2-ден жоғары бір реттік дозаларды жылдам инфузиялау кезінде пайда болады. Бүйректің зақымдануы ауыр металдармен улануға, яғни түтікшелі дегенерациямен және интерстициялық ісінумен жүретін өзекшелік некрозға ұқсас. Цисплатинді венаішілік гидратациямен 6-8-сағаттық инфузия арқылы және маннитол енгізу нефроуыттылықты төмендету үшін қолданылады. Алайда, бұл процедуралар кезінде бүйректің уыттылығы сақталуы мүмкін. Бүйрек жеткіліксіздігі әдетте жеңіл және орташа дәрежеде өтеді және препараттың қалыпты дозасында қайтымды болады (қалпына келтіру әдетте 2-4 апта ішінде басталады). Цисплатиннің жоғары немесе қайталанатын дозалары бүйрек функциясы бұзылуының ауырлығы мен ұзақтығын арттыруы және тұрақты бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін (кейбір жағдайларда өліммен аяқталады). Препаратты құрсақ ішіне енгізгеннен кейін бүйрек жеткіліксіздігі туралы да хабарланды.
Гиперурикемия
Несеп қышқылының максималды жоғарылауы осы дозаны қабылдағаннан кейін 3-5 күннен соң пайда болады және 50 мг/м2-ден жоғары дозалардан кейін айқынырақ болады. Аллопуринолмен емдеу несеп қышқылының деңгейін төмендетуде тиімді.
Гематоуыттылық
Сүйек кемігінің максималды бәсеңдеуі енгізілгеннен кейін 18-23 күннен соң басталады. Гематологиялық көрсеткіштер пациенттердің көпшілігінде шамамен 39-шы күні қалыпқа келеді (62 күннің 13-і). Сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі цисплатин қабылдаған пациенттерді инфекция мен пирексияға сезімтал етуі мүмкін. Инфекциялық асқынулар кейбір пациенттерде өлімге әкелді.
Лейкопения және тромбоцитопения жоғары дозаларда айқынырақ (>50 мг/м2).
Нейтропения және фебрильді нейтропения пайда болуы мүмкін.
Сүйек кемігінің/гематологиялық уыттылықтың инфекциялық асқынулары қызба мен сепсисті қамтуы мүмкін.
Цисплатин қабылдаған пациенттерде, көбінесе потенциалды лейкемогенді заттармен бірге тағайындалған кезде жедел миелолейкоз және миелодисплазиялық синдромдардың пайда болуы сирек хабарланған.
Анемия лейкопения мен тромбоцитопения сияқты бірдей жиілікте және аралықта пайда болады. Цисплатин қызыл қан түйіршіктерінің сезімталдығын жоғарылататыны көрсетілген, бұл Кумбс бойынша оң тікелей гемолиздік анемияға әкелуі мүмкін. Бұл әсердің жиілігі, ауырлығы және басқа гематологиялық уыттылыққа қатысты салыстырмалы маңыздылығы анықталмаған, бірақ цисплатин қабылдаған және гемоглобин деңгейінің түсініксіз төмендеуін бастан өткерген пациенттерде кез келген гемолиздік процесті ескеру қажет. Емдеуді тоқтатқаннан кейін гемолиздік процесс қайтымды болады.
Қапталған эритроциттерді ауыстырып құюды қажет ететін ауыр анемияның жиі пайда болуы цисплатинді қамтитын біріктірілген химиотерапиямен емделген пациенттерде байқалды.
Асқазан-ішек жолы
Айқын жүрек айнуы және құсу цисплатин қабылдаған барлық дерлік пациенттерде кездеседі және кейде соншалықты күшті болады, сондықтан препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Жүрек айнуы мен құсу әдетте емдеуден кейін 1-4 сағат ішінде пайда болады және 24 сағатқа дейін созылады. Құсу, жүрек айнуы және/немесе анорексияның әртүрлі дәрежелері емдеуден кейін бірнеше күн бойы сақталуы мүмкін және белгілі бір дәрежеде профилактикалық құсуға қарсы терапиямен тоқтатылуы мүмкін.
Отоуыттылық
Отоуытты жағымсыз әсерлер цисплатиннің бір реттік >50 мг/м2 дозасын қабылдаған пациенттерде байқалды. Отоуыттылық балаларда айқынырақ болуы мүмкін. Есту қабілетінің бұзылуы бір жақты немесе екі жақты болуы және қайталанатын дозаларда жиірек және ауыр болуы мүмкін; дегенмен, сирек жағдайларда цисплатиннің бастапқы дозасынан кейін кереңдік туралы хабарланды. Цисплатинмен емдеуге дейін немесе одан кейін бассүйектің сәулеленуі отоуыттылықты күшейтуі мүмкін. Аудиограммадағы ауытқулардың жалпы жиілігі 24% құрайды, бірақ үлкен айырмашылықтар бар. Бұл ауытқулар әдетте емдеуден кейін 4 күн ішінде пайда болады және таза дыбыс шегінде кем дегенде 15 децибелді жоғалтудан тұрады.
Аудиограммадан ауытқулар 4000-8000 Гц диапазонында жиі кездеседі. Қалыпты сұхбаттасу қабілетінің төмендеуі сирек жағдайларда орын алады. Отоуыттылық қайтымды ма, жоқ па белгісіз.
Нейроуыттылық
Нейроуытты симптомдар әдетте 4-7 айлық емдеуден кейін пайда болады; дегенмен, бір рет қабылдағаннан кейін неврологиялық симптомдар да хабарланды. Симптомдар мен белгілер әдетте емдеу кезінде дамығанымен, сирек жағдайларда олар цисплатиннің соңғы дозасын қабылдағаннан кейін пайда болуы мүмкін. Нейропатия емдеуді тоқтатқаннан кейін нашарлауы мүмкін. Нейроуыттылық симптомдары пайда болған жағдайда цисплатинмен емдеуді дереу тоқтату керек. Осы уақытқа дейін жинақталған тәжірибе кейбір пациенттерде шеткері нейропатия қайтымсыз болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Бұлшықеттің кенеттен және қысқа мерзімді құрысулары туралы хабарланды. Бұл әдетте цисплатиннің салыстырмалы түрде жоғары жинақталған дозасын алған және салыстырмалы түрде дамыған дәрежеде шеткері нейропатиясы бар пациенттерде байқалады.
Қан сарысуындағы электролит теңгерімінің бұзылуы
Қан сарысуындағы электролиттердің төмен деңгейі өзекшелердің зақымдалуымен байланысты болуы мүмкін. Гипокальциемияға және гипомагниемияға шалдыққан пациенттерде тетания жағдайлары туралы хабарланды. Қан сарысуындағы электролит деңгейі әдетте қосымша электролиттерді енгізу және цисплатинді тоқтату арқылы қалпына келеді.
Көздегі уыттылық
Сирек жағдайларда цисплатинді қамтитын біріктірілген ем кезінде көрмей қалудың әртүрлі дәрежесі туралы хабарланды. Көп жағдайда көру цисплатин қабылдауды тоқтатқаннан кейін бірден қалпына келді. Цисплатиннің жоғары дозалары және ұсынылғаннан жиірек қабылдау жиілігі бар схемаларды қолданғаннан кейін көру қабілетінің бұзылуы және түс ажыратудың өзгеруі туралы хабарланды.
Стероидтер маннитолмен немесе онсыз қолданылған; алайда, тиімділігі құжатталмаған.
Анафилаксия
Кейде бұрын цисплатин алған пациенттерде цисплатинмен емдеуге қатысты салдарлы реакциялар туралы хабарланған. Ерекше қауіпке ұшыраған пациенттер - бұл бұрыннан немесе отбасылық анамнезінде атопиясы бар пациенттер. Беттің ісінуі, ентігу, тахикардия, гипотензия және есекжеммен жүретін спецификалық емес макулопапулезді типтегі тері бөртпесі енгізілгеннен кейін бірнеше минут ішінде пайда болуы мүмкін. Ауыр реакцияларды адреналинмен, кортикостероидтармен немесе антигистаминдермен бақылауға болатын сияқты.
Өкпенің уыттылығы
Цисплатинді блеомицинмен немесе 5-фторурацилмен біріктіріп қабылдаған пациенттерде өкпе уыттылығы туралы хабарланды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz немесе
АКҰ «Ұлттық ғылыми фармакологиялық қадағалау орталығы»
http://www.drugsafety.ru