Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для внутривенного и внутримышечного введения
Дозасы
1000мг/4мл
Саудалық атауы
ЦИТИКОЛИН-САНТО®
Әсер етуші зат
Цитиколин
Мақсаты
Мидың қанайналымы бұзылулармен байланысты неврологиялық және когнитивті бұзылуларды емдеу
Өндіруші
АО Химфарм
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір ампуланынң ішінде
белсенді зат - 522.5 мг немесе 1045.0 мг натрий цитиколині
(цитиколинге баламалы) (500.0 мг) немесе (1000.0 мг)
қосымша заттар: 1 М хлорсутек қышқылы немесе 1 М натрий
гидроксидінің ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сәл боялған сұйықтық
• мидың қанайналымы бұзылулармен байланысты неврологиялық және когнитивті бұзылуларды емдеу.
• бас жарақаттарына байланысты неврологиялық және когнитивті бұзылуларды емдеу.
Цитиколин нейрон жарғақшаларының құрылымдық фосфолипидтерінің биосинтезін стимулациялайды, бұл магнитті-резонанстық спектроскопия деректерімен расталған. Цитиколиннің осындай әсер ету механизміне байланысты иондық-алмасу сорғылары мен рецепторлардың жұмысы сияқты жарғақшалардың механизмдер функциясын жақсартады, олардың модуляциясы жүйке импульстерін қалыпты жүргізу үшін қажет.
Нейрондардың жарғақшаны тұрақтандыру қабілетіне байланысты цитиколин мидың ісінуін азайтуға ықпал ететін ісінуге қарсы қасиеттерді көрсетеді.
Эксперименталды зерттеулер цитиколин жарғақшалық жүйелердің бұзылуын болдырмай және глутатион сияқты антиоксиданттық қорғаныс жүйелерін сақтайды, бос радикалдардың түзілуін азайтады, кейбір фосфолипазалардың (A1, A2, C және D) белсендірілуін тежейтінін көрсетті.
Цитиколин нейрондық энергияның қорын сақтайды, апоптозды тежейді және ацетилхолин синтезін стимулациялайды.
Цитиколиннің сондай-ақ мидың фокальді ишемиясында профилактикалық нейропротекторлық әсер ететіні эксперименттік түрде расталды.
Клиникалық зерттеулерде цитиколин ми қан айналымының жедел ишемиялық бұзылулары бар пациенттерде функционалдық қалпына келтіруді нақты жоғарылататыны көрсетілді, бұл нейровизуализация деректері бойынша мидың ишемиялық зақымдану көлемінің ұлғаюын баяулатуымен сәйкес келеді.
Бассүйек-ми жарақаттары бар пациенттерде цитиколин қалпына келтіруді тездетеді және жарақаттан кейінгі синдромның ұзақтығы мен қарқынын азйтады.
Цитиколин зейін қою және сананың деңгейін арттырады, сондай-ақ амнезия білінулерін, мидың ишемиясына байланысты когнитивті және неврологиялық бұзылыстардың айқындығын азайтады.
Дозалау режимі
Ересектер
Ересектер үшін ұсынылатын доза симптоматиканың ауырлығына қарай тәулігіне 500-ден 2000 мг дейін құрайды.
Вена ішіне баяу инъекция түрінде (енгізілетін дозаға байланысты 3-5 минут ішінде) немесе вена ішіне тамшылатып құю арқылы (минутына 40-60 тамшы) тағайындайды.
Инсульт пен бассүйек-ми жарақатының жедел кезеңінде емдеуді препаратты вена ішіне күн сайын, аурудың ауырлығына қарай екі апта бойы 1000–2000 мг дозада енгізуден бастайды, одан кейін күніне 1-2 инъекция (500-2000 мг) бұлшықетке енгізуге немесе 45–90 күнге дейінгі курспен ішке қабылдауға ауысады. Препараттың дозасы мен қабылдау курсы емдеуші дәрігердің ұсынысы бойынша өзгертілуі мүмкін.
Ең жоғары тәуліктік доза – 2000 мг.
Емдеу мерзімі аурудың ағымына байланысты және оны дәрігер анықтайды.
Қажет болған жағдайда препаратпен емдеуді ішуге арналған ерітінді түрінде жалғастыру керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Балаларда қолдану тәжірибесі шектеулі: сондықтан, препаратты күтілетін емдік пайдасы кез келген болуы мүмкін қауіптен асып кеткен жағдайда ғана қолдануға болады.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес.
Енгізу әдісі және жолы
Вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді.
Вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді тек бір рет қолдануға арналған. ЦИТИКОЛИН-САНТО® препаратын ампуланы ашқаннан кейін бірден қолдану керек. ЦИТИКОЛИН-САНТО® препаратының қалдығын жою қажет. Препарат 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен, сондай-ақ 5% глюкоза ерітіндісімен үйлесімді.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Қатысты емес
Емдеу ұзақтығы
Емдеу мерзімі аурудың ағымына байланысты және оны дәрігер анықтайды.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары
сезімталдық
• парасимпатикалық жүйке жүйесінің жоғары тонус жағдайы (ваготония)
Өте сирек
• елестеулер
• қатты бас ауыруы, вертиго.
• артериялық гипертензия, артериялық гипотензия.
• ентігу.
• жүрек айнуы, құсу, диарея.
• аллергиялық реакциялар, оның ішінде бөртпе, гиперемия, экзантема, есекжем, пурпура, қышыну
• қалтырау, ісіну.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Препараттың уыттылығы төмен болуына байланысты артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.
Емі
Симптоматикалық.
Препаратты вена ішіне қолданған жағдайда баяу (енгізілетін дозаға байланысты 3-5 минут ішінде) енгізу керек.
Вена ішіне тамшылату арқылы қолданған жағдайда құйылу жылдамдығы минутына 40–60 тамшы болуы тиіс.
Тұрақты бассүйекішілік қан құйылу жағдайында дозаны тәулігіне 1000 мг асырмаған және вена ішіне құю жылдамдығын (минутына 30 тамшы) арттырмаған жөн.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Балаларда қолдану тәжірибесі шектеулі: сондықтан, препаратты күтілетін емдік пайдасы кез келген ықтимал қауіптен артқан жағдайда ғана тағайындауға болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Натрий цитиколині көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүкті әйелдерде цитиколинді пайдалану туралы жеткілікті деректер жоқ. Препаратты жүктілік кезінде ана үшін күтілетін пайдасы ұрыққа төнетін әлеуетті қауіптен асатын болғанда ғана тағайындауға болады.
Лактация кезеңінде препаратты қолдану қажет болған жағдайда, емшек сүтіне цитиколиннің бөлінуі туралы деректер жоқ болғандықтан, бала емізуді тоқтату туралы мәселені шешу керек.
ЦИТИКОЛИН-САНТО® препараты, вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді, бір ампуласының ішінде - 500 мг/ 4 мл дозасы үшін 24 мг немесе 1,04 ммоль натрий және 1000 мг/ 4 мл дозасы үшін 47,6 мг немесе 2,06 ммоль натрий бар. Натрий тұтынуды шектейтін диетаны ұстап жүрген пациенттерге осыны ескеру қажет.
Натрий цитиколині леводопаның әсерін күшейтеді.
Натрий цитиколинін құрамында центрофеноксин және меклофеноксат бар дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындауға болмайды.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 15°С-ден 30°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.