Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для приема внутрь
Дозасы
10г/100мл
Саудалық атауы
ЦИТИКОЛИН-САНТО®
Әсер етуші зат
Цитиколин
Мақсаты
Инсультпен байланысты неврологиялық және когнитивтік бұзылуларды
Өндіруші
Химфарм
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
100 мл препараттың құрамында
белсенді зат – 10.450 г натрий цитиколині
(цитиколинге баламалы (10.000 г)
қосымша заттар: сұйық кристалды емес сорбитол, глицерин (глицерол), метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий цитрат дигидраты, натрий сахарині, калий сорбаты, лимон қышқылы моногидраты 50 % ерітіндісі, натрий гидроксидінің 0.1 М ерітіндісі, «Құлпынай 546» тағамдық хош иістендіргіші, тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән хош иісі бар мөлдір түссіз немесе сәл боялған сұйықтық.
• инсультпен байланысты неврологиялық және когнитивтік бұзылуларды
емдеуде
• бассүйек-ми жарақаттарымен байланысты неврологиялық және
когнитивтік бұзылыстарды емдеуде
Әсер ету механизмі
Цитиколин нейрон жарғақшаларының құрылымдық фосфолипидтерінің биосинтезін стимуляциялайды, бұл магнитті-резонанстық спектроскопияны қолданып жүргізілген зерттеулерде расталған. Цитиколин осы әсері арқылы иондық-алмасу сорғылары мен оларға қосылған рецепторлардың жұмысы сияқты жарғақшалар функциясын жақсартады, олардың модуляциясы жүйке сигналдарын беру кезінде қажетті болып табылады
Өзінің жарғақшаны тұрақтандыру қабілетінің арқасында, цитиколин ми ісінуінің реабсорбциясына ықпал етеді.
Эксперименттік зерттеулерде цитиколин жарғақшалық жүйелердің бұзылуын болдырмай және глутатион сияқты антиоксиданттық қорғаныс жүйелерін сақтай отырып, бос радикалдардың түзілуін азайтып, кейбір фосфолипазалардың (A1, A2, C және D) белсенуін тежейтінін көрсетті.
Цитиколин нейрондартың энергетикалық қорын сақтайды, апоптозды тежейді және ацетилхолин синтезін стимуляциялайды.
Эксперимент жүзінде, цитиколин мидың фокальді ишемиясы модельдерінде профилактикалық нейропротекторлық әсер беретіні де расталды.
Клиникалық зерттеулерде, цитиколин ишемиялық инсульттан кейін пациенттің функцияларын қалпына келтіруді жақсартатыны расталды, бұл нейровизуализация тестілерінде мидың зақымдануының азаюымен өзара байланысты.
Бассүйек-ми жарақаттары бар пациенттерде цитиколин қалпына келуді жеделдетеді және жарақаттан кейінгі синдромның ұзақтығы мен айқындығын азайтады.
Цитиколин зейін қою мен сана деңгейін жоғарылатады, сондай-ақ амнезия, мидың ишемиясымен байланысты когнитивтік және неврологиялық бұзылулар кезінде жағымды әсер береді.
Дозалау режимі
Ересектер
Ересектер үшін ұсынылатын дозасы симптоматиканың ауырлығына қарай күніне 500 мг-ден 2000 мг-ге дейін (100 мг = 1 мл) құрайды. Ұсынылатын қабылдау жиілігі 6-8 апта бойы күніне 2 - 3 рет.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Балаларда қолданылу тәжірибесі деректерінің шектеулілігіне байланысты препаратты тек, егер күтілетін емдік пайдасы кез келген ықтимал қаупінен асып түсетін болса ғана қолданған жөн.
Егде жастағы адамдар
Егде жастағы пациенттерде дозасын түзету қажет емес.
Енгізу әдісі және жолы Ішуге қабылдауға арналған
Препаратты ашқаннан кейін сұйылтпай бірден ішуге немесе қабылдар алдында 1/2 стақан (120 мл) сумен сұйылтуға болады.
Препаратты пипетка-дозатордың көмегімен қолдану алгоритмі:
• Пипетка-дозаторды поршенін толық түсіріп құтыға салыңыз.
• Поршенін кері тартып, пипетка-дозатордың шкаласына қарай отырып, препараттың қажетті дозасын сорып алыңыз.
• Ерітіндіні сұйылтпай ішке қабылдаңыз немесе оны бөлме температурасындағы бір стақан судың (120 мл) жартысымен алдын ала сұйылтыңыз.
Әрбір қолданғаннан кейін пипетка-дозаторды сумен жуып-шаю ұсынылады.Сұйылтқан жағдайда, дайындалған ерітінді сақтауға келмейді және дайындағаннан кейін бірден қолдану ұсынылады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Дәрілік затты қабылдауды өткізіп алғанның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуына нұсқау
Қатысты емес
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.
• әсер етуші зат цитиколинге, немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• парасимпатикалық жүйке жүйесінің тонусы жоғарылауында
• фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактозаны немесе сахароза-изомальтозды сіңірудің бұзылуы бар адамдарға
Өте сирек
• елестеулер
• бас ауыруы, бас айналуы
• артериялық гипертензия, артериялық гипотензия
• ентігу
• жүрек айнуы, құсу, кейде диарея
• гиперемия, есекжем, бөртпе, пурпура
• қалтырау, ісіну
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Препараттың құрамында сұйық кристалды емес сорбитол (20,000 г) бар, сондықтан сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза немесе сахароза-изомальтоза сіңірілуінің бұзылуы бар пациенттерге ЦИТИКОЛИН-САНТО препаратын қабылдауға болмайды.
Сонымен қатар, сорбитол орташа іш жүргізетін әсер етеді.
Құрамында қосымша заттар метилпарагидроксибензоат (0.145г) пен пропилпарагидроксибензоаттың (0.025г), болуына байланысты, препарат-
ты қабылдаған кезде аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін (мүмкін, кешеуілдеген) және өте сирек жағдайларда - бронх түйілуі.
Препараттың құрамында қосымша зат ретінде натрий цитраты (0,600 г) бар. Сондықтан тұзсыз диета ұстанатын пациенттерге тағайындағанда сақ болу керек.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Балаларда қолданылу тәжірибесі жоқ, сондықтан препаратты, егер күтілетін емдік пайдасы ықтимал қаупінен асып түсетін болса ғана тағайындайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
ЦИТИКОЛИН-САНТО® көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқаруға әсер етпейді.
Жүкті әйелдерде және бала емізу кезеңінде цитиколинді қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. ЦИТИКОЛИН-САНТО® препаратын жүктілік кезінде және лактация кезеңінде, айқын қажеттілігі болған, яғни күтілетін емдік пайдасы кез келген ықтимал қаупінен жоғары болған жағдайлардан басқасында пайдаланбаған дұрыс.
ЦИТИКОЛИН-САНТО® L-дигидроксифенилаланиннің әсерін күшейтеді.
Құрамында меклофеноксат бар дәрілік препараттармен бір мезгілде тағайындамау керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25ºС-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.