Әсер ету механизмі
Бендазол организмде эндогенді интерферонның өндірілуін индукциялайды, иммуномодуляциялайтын әсерге ие (организмнің иммундық жауабын қалпына келтіреді). Өндірілуі әртүрлі ағзалардың жасушаларында интерферонмен индукцияланатын ферменттер вирустардың репликациясын тежейді.
Альфа-глутамил-триптофан (тимоген) иммунитеттің Т-жасушалық тобының құрылымдық-функционалдық жағдайын қалпына келтіре отырып, бендазолдың иммуномодуляциялайтын әсерінің синергисі болып табылады.
Аскорбин қышқылы иммунитеттің гуморальді буынын белсендіреді, капиллярлардың өткізгіштігін қалпына келтіреді, осылайша қабынуды азайтады, және антиоксидантты қасиеттері көрініс береді, қабыну үдерісі қатар жүретін оттегі радикалдарын бейтараптандырады, организмнің инфекцияға төзімділігін арттырады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Препарат этиотропты және иммуностимуляциялайтын емдеу дәрісі болып табылады, А және В тұмауы қоздырғыштарына, сондай-ақ жедел респираторлық ауруларды тудыратын басқа да вирустарға қатысты жанама вирусқа қарсы әсері бар.
In vitro зерттеулерде препарат жаңа коронавирустық инфекцияның (COVID-19) қоздырғышы болып табылатын SARS-CoV-2 вирусының көбеюін (репликациясын) бәсеңдетеді (тежейді). Қоздырғыштың тежелу дәрежесі препарат концентрациясының ұлғаюымен артады (доза-әсерге тәуелділік көрсетілген).
Тұмау мен ЖРВИ негізгі клиникалық симптомдарының айқындылығын төмендетеді, сондай-ақ аурудың ұзақтығын қысқартады және оның асқынбаған ағымына ықпал етеді.
Вирусты және бактериялық сипаттағы респираторлық инфекцияларына организмнің жергілікті иммундық төзімділігін арттыра отырып, мұрын жұтқыншақ шырышында - инфекцияның кіру қақпаларында А (sIgA) секреторлы иммуноглобулин құрамын арттырады.
Профилактикалық әрекет кезінде препарат туа біткен иммунитет жасушаларының (нейтрофильді гранулоциттер және моноциттер) әлеуетті метаболизмдік белсенділігін арттырады, бұл инфекция дамыған жағдайда олардың ферментативтік (тотығу) белсенділігін күшейту, катиондық ақуыздарды синтездеу және фагоцитоздаушы жасушалар санының артуы есебінен бактериялық және вирустық агенттерді сіңіру және бұзылуына қабілетін арттырады. Бұл ретте туа біткен иммунитет жасушаларының метаболизмдік белсенділігінің бастапқы жағдайы инфекциялық агенттер болмаған кезде қалыпты мәндер шегінде бола отырып өзгермейді.
Клиникалық тиімділік және қауіпсіздік
1 фазадағы клиникалық зерттеуде дені сау еріктілерде «Цитовир-3» капсуласының клиникалық-зертханалық қауіпсіздігі мен төзімділігіне бағалау жүргізілді.
Жүргізілген зерттеу дені сау еріктілерде «Цитовир-3» дәрілік затын, капсуланы, қабылдаудың зерттелетін сызбасының қауіпсіздігі мен жақсы жағымдылығын көрсетті (объективті тексеру деректері, қан мен несептің жалпы клиникалық талдауы, қанның негізгі биохимиялық көрсеткіштері, электрокардиография, қосымша иммунологиялық көрсеткіштер және жағымсыз құбылыстардың үздіксіз мониторингі бойынша).
Сондай-ақ зерттелетін препаратты 14 күн ішінде қабылдау организмнің инфекциялық агенттерге иммунорезистенттілігін күшейту түріндегі бірқатар иммунологиялық көрсеткіштерге оң әсері тіркелді. Алынған нәтижелер зерттелетін дәрілік затты курстық қабылдау аясында вирусиндукцияланған интерферон көрсеткіштері төмен субъектілердің үлесі төмендегенін көрсетті. Осымен бір мезгілде вирусиндуцияланған интерферонның орташа титрлері бар зерттеу субъектілері тұлғаларының үлесі 14,3% өсті. «Цитовир-3» дәрілік препаратын қабылдау, сондай-ақ бастапқы деректермен салыстырғанда, препаратты қабылдау аяқталғаннан кейін сарысудың жалпы интерферонының титрлері төмен еріктілер үлесінің төмендегенін көрсетті. Сондай-ақ, фагоциттеуші моноциттердің (моноциттердің фагоциттік индексі) салыстырмалы мөлшерінің ұлғаюының клиникалық маңызды оң динамикасы көрсетілді.
«Цитовир-3» дәрілік затын қолдану бүкіл зерттеу барысында гранулоциттердің стимуляцияланған NST-белсенділігі медианасының үдемелі ұлғаюын көрсетті. Нейтрофилдердің катиондық ақуыздарын сандық анықтау кезінде осы микробицидтік көрсеткіштің біртіндеп ұлғаюы анықталды (осы көрсеткіштің медианасының екі есе ұлағаюы).
Зерттелетін препараттың полиморфонуклеарлы нейтрофильді гранулоциттер мен моноциттердің базальді белсенділігіне дені сау еріктілердегі осы жасушалар қауымдарының микробицидтілігінің стимуляцияланған параметрлерінің жоғарылауы аясында айқын стимуляциялаушы әсерінің болмауы «Цитовир-3» препаратында, капсулада туа біткен иммунитет жасушаларының метаболизмдік параметрлерін көтермелеуден тұратын иммуномодуляциялайтын фармакологиялық белсенділіктің бар екенін көрсетеді, олар тек патогендердің (вирустар, бактериялар, зеңдер, қарапайымдар) әсерінен жүзеге асырылуы мүмкін және дені сау адамдардың иммундық гомеостазын өзгертпейді.
Зерттеу барысында туындаған зерттелетін қауіпсіздік параметрлеріндегі барлық анықталған өзгерістер жағымды болып табылады және зерттелетін препаратты қабылдаудың зерттелетін сызбасына байланысты болады.
«Цитовир-3» препаратының капсулалардың клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі балаларда тұмау мен ЖРВИ профилактикасында «Цитовир-3», капсула, және «Арбидол», 100 мг капсула препараттары топтарындағы 3 фазадағы ашық, салыстырмалы, рандомизацияланған зерттеуде бағаланды.
Интегралды және жеке бағалау, сондай-ақ клиникалық зерттеуді орындау барысында алынған деректерді статистикалық өңдеу нәтижелері бойынша зерттелетін препараттарды қабылдаған балалар топтарында респираторлық инфекциялармен сырқаттанушылықтың тұмау және басқа ЖРВИ бойынша интегралдық эпидемиялық жағдайды көрсететін жалпы көрсеткіштермен салыстырғанда төмендеуі анықталды. «Цитовир-3» капсуласы курстық қабылдау кезеңінде тұрақсыз эпидемиялық жағдай және тұмау мен ЖРВИ ауруының маусымдық көтерілуі кезеңінде (2016 ж. қараша – 2017 ж. мамыр) 6 жастан бастап балаларды респираторлық инфекциялардан қорғай отырып, жоғары және клиникалық маңызды профилактикалық тиімділік (препаратты қабылдау кезеңінде респираторлық аурудың бірде-бір жағдайы болған жоқ) көрсеткені анықталды.
Сондай-ақ, зерттеуде «Цитовир-3» препараты капсуласы 6 жастан бастап балаларда бір реттік оңтайландырылған профилактикалық курсты (тәулігіне 1 рет 12 күн ішінде 1 капсуладан) қолданған кезде кейінгі үш апта бойы профилактикалық тиімділігін сақтайтындығы көрсетілген.
Қорғалушылық индексінің шамасы зерттелетін «Цитовир-3» капсулалары осы көрсеткіш бойынша «Арбидол» 100 мг капсуласы салыстыру препаратынан 70%-дан астам басым болып, рандомизацияланған қатысушыларды респираторлық инфекциялардан анағұрлым маңызды қорғауды қамтамасыз етеді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Зерттелетін «Цитовир-3» препараты, капсулалар бір реттік оңтайландырылған профилактикалық курсты қолдану кезінде сілекейдегі секреторлық IgА мөлшерінің статистикалық сенімді және клиникалық маңызды жоғарылауына ықпал ете отырып, стимуляциялаушы белсенділікке ие.
«Цитовир-3» дәрілік препараты, капсулалар зерттеу жүргізу барысында осы жас тобындағы балаларда жақсы жағымдылықпен және қауіпсіздікпен сипатталды.
Алынған деректер тұрақсыз эпидемиялық жағдай және тұмаумен және ЖРВИ сырқаттанушылықтың маусымдық жоғарылауы кезеңінде мектепке дейінгі және орта мектеп білім беру мекемелерінің ұйымдастырылған балалар ұжымдарында респираторлық аурулардың профилактикасы үшін «Цитовир-3» препаратын, капсулаларды қолдану мүмкіндігі мен орындылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Бас әскери-медициналық басқармасының Әскери-медициналық академиясы «Кавказ-1: Солтүстік Кавказдағы федералды әскерлердің біріккен тобының жауынгерлік іс-әрекеті жағдайында жоғарғы тыныс алу жолдарының жедел инфекциялық аурулар мен пневмонияның алдын-алудың заманауи әдістерін жасау» ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу барысында нақты нозологиялық формалармен сырқаттанушылық деңгейі бойынша «Цитовир-3» капсулаларын қолданудың тиімділігі зерттелді.
Зерттеу нәтижелерін талдау «Цитовир-3» препаратының капсуланың бронх-өкпе патологиясының барлық қарастырылған түрлеріне қатысты айқын профилактикалық әсерін көрсетті: жедел пневмония, бронхит және ЖРВИ. Соңғысына қатысты препарат ең үлкен белсенділікті көрсетті. «Цитовир-3» препаратын капсулаларын әскери қызметшілерде қолдану коиндукторлы интерфероногенді белсенділік есебінен жедел респираторлық вирустық инфекциялармен сырқаттанушылықты 3,8 есе төмендетуге мүмкіндік берді.
Жүргізілген зерттеу негізінде зерттелетін «Цитовир-3» препаратының әскерлердің жауынгерлік қызметі жағдайында тыныс алу ағзаларының инфекциялық ауруларына қатысты жеткілікті жоғары қауіпсіздігі мен профилактикалық тиімділігі туралы қорытынды жасалды.
Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Бас әскери-медициналық басқармасы Әскери-медициналық академиясының ғылыми-зерттеу жұмысында «Цитовир-3» дәрілік препаратын, капсулалар тұмау және пневмококк вакциналарымен бірге ұйымдасқан ұжымдарда жедел респираторлық инфекциялар мен пневмониямен сырқаттанушылықты төмендету мақсатында қолданудың эпидемиологиялық тиімділігі анықталды.
«Пневмо 23» және «Гриппол» вакцинациясы аясында әскерлерде жедел респираторлық инфекциялар мен ауруханадан тыс пневмонияның профилактикасы үшін «Цитовир-3» препаратын, капсулалар қолданудың жоғары эпидемиологиялық тиімділігі анықталды, бұл салыстыру препараты ремантадиннің тиімділігінен едәуір асып түсті. Жүргізілген ҒЗЖ есебінің қорытындыларында ұйымдастырылған ұжымдарда пневмококк және тұмау вакциналарын енгізумен бірге «Цитовир-3» капсулаларын қолдану ұсынылды. Бұл ретте осы дәрілерді бірге қолданғаннан кейінгі бірінші айда респираторлық инфекциялардан қорғау негізінен Цитовир-3 капсуласының жалпы нығайтушы, иммуностимуляциялайтын және вирусқа қарсы әсері есебінен жүзеге асырылады, ал поствакциналық иммунитетті өндіргеннен кейін (2-3 аптадан кейін) вакциналардың қорғағыш әсері қосылады, бұл препаратты қабылдау басталғаннан кейінгі бірінші айда респираторлық инфекциялармен сырқаттанушылықты 3,3 есеге төмендетуге мүмкіндік береді (эпидемиологиялық тиімділік – 69,8%).
Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ресденсаулық «Астрахань мемлекеттік медицина академиясы» ЖКБ МБМ орындаған «Балалардағы гематологиялық аурулар кезіндегі герпесвирусты жұқтырудың клиникалық-иммунологиялық ерекшеліктері және оларды «Цитовир-3» препаратымен түзету мүмкіндігі» ғылыми-зерттеу жұмысында I және II типті қарапайым герпес вирустары, цитомегаловирус, Эпштейн-Барр вирустарын жұқтыру аясында балалардағы гематологиялық аурулардың клиникалық және иммунологиялық ерекшеліктері зерттелді және оларды «Цитовир-3» капсуласы дәрілік препаратымен иммунитеті реттеу мүмкіндігі жүргізілді.
Балалардағы герпесвирустық инфекциялармен астасқан гематологиялық синдромдарды кешенді терапияға «Цитовир-3» препаратын, капсулаларды қосқан кезде анемиялық синдромның клиникалық көріністерінің азаюы байқалады, гемограмма көрсеткіштерінің қалыпқа келуі жеделдейді, қатар жүретін қайталама респираторлық аурулардың жиілігі төмендейді, сондай-ақ ИФА серопозитивті нәтижелерінің жиілігі, тиісті вирустарға ПТР теріс нәтижесі, адаптивті вирусқа қарсы қорғаныстың күшеюіне әкелетін цитокин спектрінің белсенділігі төмендейді.
«Цитовир-3» капсуласын алған балалар тобында герпесвируспен инфекцияланған анемияны, тромбоцитопенияны және қайталанатын лимфаденопатияны түзетудің анағұрлым жылдам оң динамикасы есебінен қайталанатын жедел респираторлық вирустық инфекциялар жиілігінің төмендеуі байқалды.
Қауіпсіздік
«Цитовир-3» препаратын, капсулаларды қолданудың клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерін орындау барысында алынған нәтижелер қауіпсіздік пен тиімділіктің тіркеуден кейінгі мониторингін ескере отырып (едәуір қолдану көлемінде) оны балаларда (оның ішінде иммундық жүйенің патологиясы және созылмалы аурулары бар) пайдалану қауіпсіздігінің жоғары бейінін дәлелдеді.