Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: янтарь қышқылы 0.300 г, рибоксин (инозин) 0.050 г, никотинамид 0.025 г, рибофлавин натрий фосфаты (рибофлавин) 0.005 г,
қосымша заттар: повидон, кальций стеараты, гипромеллоза, полисорбат 80,
ішекте еритін қабық: метакрил қышқылы және этилакрилат сополимері [1:1], пропиленгликоль 0.00291 ж. азорубин (кармуазин) (Е 122) 0.00007 г.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, қызыл түсті қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимада екі қабат көрінеді. Таблеткалардың ядросы сарыдан сары-қызғылт сары түске дейін.
Ересектерде кешенді емдеуде:
- ми инфарктісінің салдары
- басқа цереброваскулярлық аурулар (церебральді атеросклероз, гипертензиялық энцефалопатия)
- неврастения (қатты ашушаңдық, қажу, ұзақ ақыл-ой және физикалық күш салу қабілетінің жоғалуы)
– диабеттік полинейропатия
– 60 жастан астам егде жастағы пациенттерде ауқымды хирургиялық араласулардан кейін когнитивті бұзылыстар профилактикасы үшін
Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық әсерлері
Фармакологиялық әсерлер ЦИТОФЛАВИН препаратының құрамына кіретін компоненттердің кешенді әсеріне байланысты.
Янтар қышқылы- организм жасушаларында әмбебап энергия синтездейтін функцияны орындайтын Кребс циклінің эндогендік жасушаішілік метаболиті.
Флавинадениндинуклеотид коферментінің (ФАД) қатысуымен сукцинатдегидрогеназа митохондриялық ферментімен янтар қышқылы фумар қышқылына және одан әрі трикарбон қышқылдары циклінің басқа метаболиттеріне жылдам айналады. Аэробты гликолизді және жасушалардағы АТФ синтезін көтермелейді.
Кребс циклінде янтар қышқылы метаболизмінің соңғы өнімдері көміртектің қостотығы мен су болып табылады. Янтар қышқылы митохондрияларда электрондарды тасымалдауды белсендіру есебінен тіндік тыныс алуды жақсартады.
Рибофлавин (В 2 дәрумені) сукцинатдегидрогеназаны және Кребс циклінің басқа тотығу-тотықсындандыру реакцияларын белсендіретін флавиндік кофермент (ФАД) болып табылады.
Никотинамид (РР дәрумені), никотин қышқылының амиді. Никотинамид жасушаларда биохимиялық реакциялар каскады жолымен АТФ синтезін көтермелеуге және жасушалық тыныс алуға қажетті Кребс циклінің никотинамид-тәуелді ферменттерін белсендіре отырып, никотинамидадениннуклеотид (НАД) және оның фосфаты (НАДФ) түріне өзгереді.
Инозин-пуриннің туындысы, АТФ ізашары болып табылады. Негізгі нуклеотид-ферменттер – флавинадениндинуклеотид (ФАД) және никотинамидадениндинуклеотид (НАД) синтезін көтермелей отырып, Кребс циклі ферменттер қатарын белсендіретін қабілетке ие.
Осылайша, препараттың барлық компоненттері организмнің табиғи метаболиттері болып табылады және тіндік тыныс алуды көтермелейді. Фармокологиялық қасиетін және емдік тиімділігін анықтайтын препараттың құрамындағылардың метаболиттік энергияны түзетуі, антигипоксиялық және антиоксиданттық белсенділігі янтар қышқылының, инозиннің, никотинамидтің және рибофлавиннің өзара толықтырғыш әсеріне негізделген.
Дозалау режимі
Таблеткаларды тамақтануға дейін кемінде 30 минут бұрын, сумен (100 мл) іше отырып қабылдау керек. Қабылдау кезінде таблеткаларды шайнауға, бөлуге, сындыруға және ұсақтауға тыйым салынады. Таблеткалардың ішекте еритін қабығы препараттың ішектегі әсерін локализациялауға және асқазанды қорғауға мүмкіндік береді.
Препаратты тәуліктің таңертеңгі және күндізгі уақытында (18 сағаттан кешіктірмей) қабылдау ұсынылады.
Ми инфарктісінің, басқа цереброваскулярлық аурулардың, неврастенияның салдарларын кешенді емдеуде препараттың 2 таблеткасын тәулігіне 2 рет 8-10 сағат аралықпен қабылдайды. Емдеу ұзақтығы - 25 күн. Курсты 1 ай аралықпен қайталау ұсынылады.
Диабеттік полинейропатияны кешенді емдеуде препараттың 2 таблеткасын тәулігіне 2 рет, 75 күн ішінде 8-10 сағат аралықпен қабылдайды. Препаратты қолдануды «ЦИТОФЛАВИН® вена ішіне енгізуге арналған ерітінді» препаратымен емдеу курсы аяқталғаннан кейін келесі күні бастайды.
Егде жастағы пациенттерде ауқымды хирургиялық араласулардан кейін когнитивті бұзылыстар профилактикасы үшін препараттың 2 таблеткасын 25 күн бойы 8-10 аралықпен тәулігіне 2 рет қабылдайды.
«Цитофлавин® ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар» препаратын қолдануды бастау операция (хирургиялық араласу) басталғаннан кейін 144 (±4) сағаттан соң, яғни «Цитофлавин® вена ішіне енгізуге арналған ерітінді» препаратымен емдеу курсы аяқталғаннан кейін келесі тәулікке ұсынылады.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Егер Сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, дәрігермен кеңесіңіз.
- әсер етуші затқа және қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезiндегі қажетті сақтандыру шаралары
ЦИТОФЛАВИН® препаратын қолдануды бастар алдында емдеуші дәрігермен кеңесіңіз, егер:
- сізде асқыну сатысындағы ас қорыту ағзаларының аурулары (эрозиялар, асқазан және/немесе он екі елі ішектің ойық жаралары, гастриттер және дуодениттер) (өршу сатысында))
- артериялық гипотензия
- нефролитиаз
- қатар жүретін подагра
- гиперурикемия
Гипертониялық аурулар кезінде гипотензивті препараттардың дозаларын түзету қажет болуы мүмкін.
Қант диабетімен ауыратын науқастарда емдеу қандағы глюкоза концентрациясын бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Несеп сары түске қарқынды боялуы мүмкін.
Жағымсыз реакциялардың жиілігі былайша жіктелген:
- өте жиі (≥1/10);
– жиі (≥ 1/100 – < 1/10);
– жиі емес (≥ 1/1000 – < 1/100);
– сирек (≥ 1/10000 – < 1/1000);
– өте сирек (< 1/10000);
- белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: өте сирек – бас ауыруы
Асқазан-ішек бұзылулары: өте сирек –эпигастрий аумағының ауыруы, эпигастрий аумағындағы жайсыздық, жүрек айнуы
Тері және теріасты шелі тарапынан бұзылулар: өте сирек – қышыну, есекжем, бөртпе
Қан тамырлары тарапынан бұзылулар: өте сирек – гиперемия
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар: өте сирек – транзиторлы гипогликемия, гиперурикемия, қатар жүретін подаграның өршуі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препараттың артық дозалануы туралы мәліметтер жоқ.
Арнайы ескертулер
Пациенттердің ерекше топтары
Педиатрияда қолдану
ЦИТОФЛАВИН® препаратын пациенттердің осы тобында клиникалық зерттеулердің болмауына байланысты 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Препаратты жүктілік кезінде және бала емізу кезінде пациенттердің осы топтарында клиникалық зерттеулердің болмауына байланысты қолдануға болмайды.
Янтар қышқылы, инозин және никотинамид басқа дәрілік препараттармен үйлесімді. Рибофлавин кейбір антибиотиктердің (тетрациклиндер, эритромицин, линкомицин) белсенділігін төмендетеді, стрептомицинмен үйлеспейді. Этанол, трициклді антидепрессанттар, өзекшелік секреция блокаторлары рибофлавиннің сіңуін төмендетеді, ал тиреоидты гормондар оның метаболизмін тездетеді.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.