Төменде аталған жағымсыз реакциялар былайша жіктелген: «өте жиі» (>10), «жиі» (>1/100, <1/10), «жиі емес» (>1/1000, <1/100), «сирек» (>1/10 000, <1/1000), «өте сирек» (<10 000), «жиілігі белгісіз».
Цифранның вена ішіне енгізілуіне ең көп жиі кездесетін жағымсыз реакциялар: жүрек айну, құсу, диарея, трансаминазалардың қысқа мерзімді жоғарылауы, бөртпе.
Клиникалық зерттеулер және постмаркетингтік қадағалау нәтижесінде анықталған және жиілік санаттары бойынша ретке келтірілген жағымсыз реакциялар төменде тізбеленген.
Жиі (≥ 1/100-ден <1/10 дейін)
- жүрек айну, диарея
Жиі емес (≥ 1/1000-нан <1/100 дейін)
- зеңдік асқын инфекциялар
- эозинофилия
- тәбеттің төмендеуі
- психомоторлық аса жоғары белсенділік / қозу
- бас ауыру, бас айналу, ұйқының бұзылуы, ұйқы бұзылыстары
- жүрек айну, іштің ауыруы, диспепсия, метеоризм
- трансаминазалардың, билирубиннің жоғарылауы
- бөрту, қышыну, есекжем
- қаңқа-бұлшықет ауырулары (аяқ-қолдың, арқаның, кеуденің ауыруы), артралгиялар
- бүйрек жеткіліксіздігі
- астения, қызба
- қанда сілтілі фосфатазаның жоғарылауы
Сирек (≥ 1/10000-нан <1/1000 дейін)
- лейкопения, анемия, нейтропения, лейкоцитоз, тромбоцитопения,
тромбоцитемия
- аллергиялық реакция, аллергиялық ісіну/ангионевроздық ісіну
- гипергликемия, гипогликемия
- сананың шатасуы және бағдардан жаңылу, мазасыздық, депрессия
(суицидтік ойлар/суицид әрекеттері ықтималды шарықтау шегі болады), елестеулер
- парестезиялар, дизестезиялар, гипостезиялар, тремор, құрысу ұстамалары (эпилепсиялық статусты қоса), бас айналу
- көру қабілетінің бұзылуы (мысалы, диплопия)
- құлақтың шыңылдауы, естудің нашарлауы, естімей қалу
- тахикардия
- қан тамырларының кеңеюі, гипотония, синкопе
- ентігу, соның ішінде демікпелік
- колит (өте сирек өліммен аяқталу мүмкіндігімен)
- бауыр жеткіліксіздігі, холестаздық сарғаю, гепатит
- жарыққа сезімталдық реакциялары
- миалгиялар, артрит, бұлшықет тонусының көтерілуі және түйілулер
- бүйрек жеткіліксіздігі, гематурия, кристаллурия, тубулоинтерстициальді нефрит
- ісінулер, тершеңдік (гипергидроз)
- амилазаның жоғарылауы
Өте сирек (<1/10000)
- гемолиздік анемия, агранулоцитоз, панцитопения (өмірге қауіпті), сүйек кеміктік депрессия (өмірге қатерлі)
- анафилаксиялық реакция, анафилаксиялық шок, сарысу құю ауруы
- психоздық реакциялар (суицидтік ойлар/суицид әрекеттері ықтималды шарықтау шегі болып табылады)
- бас сақинасы, жүріс-тұрыс үйлесімінің бұзылуы, иіс сезу түйсігінің бұзылыстары, бассүйекішілік гипертензия
- түс ажырату қабілетінің бұрмалануы
- васкулит
- панкреатит
- бауыр некрозы (өте сирек өмірге қатерлі бауыр жеткіліксіздігіне дейін үдейді)
- петехиялар, эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз (өмірге қауіп төндіретін)
- бұлшықет әлсіздігі, тендинит, сіңірлердің үзілуі (көбінесе ахилл сіңірінің), миастения симптомдарының өршуі
Белгісіз (қолда бар деректер бойынша жиілігін бағалау мүмкін емес)
- маниялар, гипоманияны қоса
- шеткері нейропатия және полинейропатиялар
- қарыншалық аритмия, дірілдеу (көбінесе QT аралығы ұзаруының қауіп факторлары бар пациенттерде хабарланды)
- жедел экзантематозды пустулез (AGEP), эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен (DRESS) болатын дәрілік препаратқа реакция
- К дәрумені антагонистерін қабылдаған пациенттерде халықаралық қалыптасқан қатынастың артуы,
- антидиуретикалық гормонның жеткіліксіз секреция синдромы (SIADH)- гипогликемиялық кома
* Қауіптің бұрын болған факторларына қарамастан, кейбір жағдайларда хинолондар мен фторхинолондарды қолдануға байланысты ағзалар мен сезім мүшелері (тендинит, сіңірдің жарылуы, артралгия, аяқ-қолдардың ауырсынуы, жүріс-тұрыстың бұзылуы, парестезиямен, депрессиямен, шаршаумен, есте сақтау қабілетінің бұзылуымен, ұйқының бұзылуымен және есту, көру, дәм сезу және иіс сезу бұзылыстарымен байланысты нейропатия) жүйесінің әртүрлі, кейде бірнеше кластарына әсер ететін ұзақ (айлар немесе жылдар бойы) мүгедектікке алып келетін және потенциалды қайтымсыз күрделі дәрілік заттарға реакциялардың өте сирек жағдайлары тіркелген.
** Кейде жарылуымен асқынған (оның ішінде өліммен аяқталған) аневризма мен қолқаның қатпарлану, сондай-ақ жүрек клапандарының кез келгенінің регургитация / жеткіліксіздік жағдайлары фторхинолондарды қабылдайтын пациенттерде тіркелген.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлері) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz